Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психиатрия kaz,,, - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.63 Mб
Скачать

VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау

44- б а п . Психиатриялық жәрдемнің толық және сапалы

көрсетілуінің мемлекттік кепілдіктері

  1. Мемлекет меншік нысандарына қарамастан психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдар, оның ішінде жеке жұмыс істейтін психиатр-дәрігерлер көрсететін психиатриялық жәрдемнің толық және сапалы болуына:

Психиатрөдәрігерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесі мен психиатриялық практикамен айналысу құқығына лицензиялар беру;

Емдеудің және психиатриялық жәрдем көрсетудің әдістері мен құралдарының біріңғай жүйесін қолдану;

Психиатр-дәрігерлер мен психоневрологиялық ұйымдарыдың кәсіби қызметін мемлекеттік бақылау жүйесі;

Психиатриялық және психоневрологиялық емдеу ұйымдары жанындағы құқықтық көмек пен заң көмегінің жүйесі арқылы кепілдік береді.

  1. Психиатр-дәрігерлердің, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың кәсібі қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, жергілікті өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.

45- б а п . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде заңдылықтың

және адам құқықтарының сақталу кепілдіктері

Психиатриялық ж»әрдем көрсету кезінде заңдылықтың және адам құқықтарының сақталуын қадағалауды Қазақстан Респуликасының Прокуратура органдары жүзеге асырады.

46- б а п . Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік

Осы Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

47- б а п . Халықаралық шарттар

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар мен осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

Алматы,

1997 жылғы сәуірдің 16-сы.

Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі

  1. Дәрігерлік мамандыққа және жынысына сәйкес киімде болу: байыпты, ұқыпты, жарасымды, формада, яғни халат және қалпақ кию керек. Халат науқастың сізге медицина қызметкері ретінде қарауымен қатар, оның ауруханада екендігін ескертетіні есіңізде болсын. Міндетті түрде қалпақ кию керек, өйткені науқас қозу жағдайында шашыңызға жармасуы мүмкін. Әйелдерде қалпақ шаш түйреуішін жасырып тұрады. Егер ол науқас қолына тисе қауіп тууы мүмкін. Сондай-ақ сырға, моншақ, алқа т.б. тақпау керек, өйткені оны науқас жұлып алуы мүмкін.

  2. Өзіңізді байсалды ұстауыңыз керек. Қауіптеніп тұрғаныңызды байқатпаңыз, асып-саспаңыз, жан-жаққа жалтақтамаңыз. Сондай-ақ бөлімнің ішінде қатты сөйлеуге, күлуге рұқсат берілмейді.

  3. Жан-жағыңызға деген қызығушылығыңызды байсалдылықпен, ұстамдылықпен көрсетіңіз. Науқасқа ұзақ және телміріп қарамаңыз. Науқастың көзінше көргеніңізді және естігеніңізді талқыламаңыз.

  4. Бөлімге артық зат әкелмеңіз - портфельдерді, сүмкелерді, кітаптарды оқу бөлмесіне тастап кетіңіз. Қалталарыңыздан қаламның немесе тарақтың ұшы шығып тұрмауын қадағалаңыздар. Бөлімшеде еш нәрсе ұмытпаңыз, кетер алдында тексеріңіз.

  5. Науқастардан хат, өтініш, ешқандай зат алмаңыз. Егер де науқас сізге бір нәрсе берген болса, оны өзіңіздің оқытушыларыңызға тапсырыңыз. Науқастың ешқандай тілегін, сұранысын орындамаңыз - хат салу, туысқандарына хабарлама, телефонмен сөйлестіру сияқты және т.б. Осы өтініштерін өз оқытушыңызға хабарлаңыз.

  6. Персонал рұқсатынсыз науқасты бөлімшеден кафедраға әкелмеңіз.

  7. Кездесу күндерінде бөлімшеде науқастың жақындары мен туған-туыстары болады, оларға науқас жөнінде ешқандай ақпарат бермеңіз.

  8. Бөлімшеден шығарда немесе кірерде есіктің ашық қалмауын қадағалаңыз.

  9. Дәрігерлік құпия туралы заң психиатриялық стационарда көргеніңізді жариялауға тыйым салады.