
- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
А) кататониялық ступор
Б) реактивті ступор
В) депрессивті ступор
Г) есеңгіреу
Д) транс
145. 14 жастағы жасөспірім психожарақаттаушы ситуацияға түсті және ұзақ уақыттық күйзелістерден кейін «барлығына қолын сілтеп: қалай болса – солай болсын» деді. Өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайға жеткенде өзінен күштірек балалардың ықпалына түсті және олардың кез-келген талаптарын, соның ішінде өз намысын таптайтындарын да орындай бастады.
Жүріс-тұрыс реакциясының қандай типі?
А) пассивті наразылық реакциясы
Б) активті наразылық реакциясы
В) бас тарту реакциясы
Г) имитация реакциясы
Д) эмансипация реакциясы
146. 16 жастағы жасөспірімде наркотик қабылдағаннан кейін қозу, эйфория, іс-әрекетке талпыныс, ұйқысыздық пайда болды. Препаратты қайталап қолданғанда шамадан тыс дозасын қабылдады. Тітіркенгіштік, агрессивтілік пайда болды, жүріс-тұрысы сексуальды, импульсивті. Жекелеген галлюцинациялар орын алды. Беттің бозаруы, тахикардия, қарашық кеңеюі, тұмаурату және жөтел, артериялық қысым жоғарылауы бақыланды.
Төменде аталған заттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) кокаиннің
Б) героиннің
В) эфедриннің
Г) барбамилдің
Д) марихуананың
147. 15 жастағы жасөспірімде наркотик қабылдағаннан кейін эйфория, адекватсыз ұстамсыз күлкімен, сөзшеңдікпен, секеңдеген жүріспен оғаш жүріс-тұрыс бақыланды. Тәбеті жоғарылаған, сексуальды тежеусізденген, кезеңмен агрессивті. Беті гиперемияланган, склералары инъецирленген . Пульс жиілеген, ауыз қуысында құргақтық. Қарашықтары кеңейген, жарыққа реакция әлсіреген.
Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) кокаиннің
Б) героиннің
В) эфедриннің
Г) барбамилдің
Д) гашиштің
148. 15 жастағы жасөспірімде үш жыл бұрынғы бас-ми жарақатынан кейін, әсіресе сабақ уақытында аса шаршағыштық, оқу материалдарын есте сақтау қиындығы, агрессиялық ұстамалар бақыланды. Бас ауыруына, бас айналуына шағымданады. Ыстықты, транспортты көтере алмайды, бір қызмет түрінен екіншісіне ауысқанда қиындық сезінеді.
Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін?
А) пароксизмальды синдром
Б) жарақаттық астения
В) жарақаттық энцефалопатия
Г) жарақаттық деменция
Д) амнестикалық синдром
149. 15 жастағы жасөспірім, ата-анасын ”ауыстырып қойғандығына” сенімді. Оның айналасындағылар ”бөтен адамдар”. Олар оны ”сынаққа алып”, ”роботқа айналдырғысы”, келеді, өйткені олар қазірдің өзінде оны ”басқарады”, ”өз ойларын салады”. Оның ойлары “өзге елден” “әсер етуші” “бөтен, бөгде адамдармен қондырылған”. Ызалы, өзіне бағытталған сөздерге агрессиямен жауап береді.
Аталған дәрілік препараттар комбинациясының қайсысын тағайындаған дұрыс болып табылады?
А) аминазин+амитриптилин
Б) галоперидол+мелипрамин
В) галоперидол+аминазин
Г) трифтазин+паркопан
Д) тизерци+седуксен
150. 16 жастағы жасөспірімде жасаурағыштық, әлсіздік, қалтырау бақыланады. Бір тәуліктен соң тремор, қарашықтар кеңеюі пайда болды. Ол жиі түшкіреді, жөтеледі, тұмаурату, жас ағуы, гипергидроз. Психикалық статусында үрей, мазасыздық, ұйқысыздық. Екі тәуліктен кейін шайнау кезінде бұлшық еттегі ауру сезімі, жүрек соғысы мен тыныстың жиілеуі бақыланды, бұлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, АҚ-ң жоғарылауы пайда болды. Субъективті: денесіндегі сырқыраған ауру сезімінің, әсіресе буындарындағы ауру сезімінің күшейгенін сезінеді. Білек буыны аймағында көптеген инъекциялар ізі.
Аталған болжам диагноздың қайсысы болуы мүмкін?
А) гашишті наркомания, абстинентті синдром
Б) апиындық наркомания, абстинентті синдром
В) кокаиндік наркомания, абстинентті синдром
Г) ОЖЖ стимуляторлыран қолдануга байланысты наркомания, абстинентті синдром
Д) полинаркомания, абстинентті синдром
151. 16 жастағы жасөспірімде жасаурағыштық, әлсіздік, қалтырау бақыланады. Бір тәуліктен соң тремор, қарашықтар кеңеюі пайда болды. Ол жиі түшкіреді, жөтеледі, тұмаурату, жас ағуы, гипергидроз. Психикалық статусында үрей, мазасыздық, ұйқысыздық. Екі тәуліктен кейін шайнау кезінде бұлшық еттегі ауру сезімі, жүрек соғысы мен тыныстың жиілеуі бақыланды, бұлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, АҚ-ң жоғарылауы пайда болды. Субъективті: денесіндегі сырқыраған ауру сезімінің, әсіресе буындарындағы ауру сезімінің күшейгенін сезінеді. Білек буыны аймағында көптеген инъекциялар ізі.
Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) кокаиннің
Б) ОЖЖ стимуляторларының
В) барбитураттардың
Г) морфиннің
Д) гашиштің
152. 16 жастағы жасөспірімде жасаурағыштық, әлсіздік, қалтырау бақыланады. Бір тәуліктен соң тремор, қарашықтар кеңеюі пайда болды. Ол жиі түшкіреді, жөтеледі, тұмаурату, жас ағуы, гипергидроз. Психикалық статусында үрей, мазасыздық, ұйқысыздық. Екі тәуліктен кейін шайнау кезінде бұлшық еттегі ауру сезімі, жүрек соғысы мен тыныстың жиілеуі бақыланды, бұлшық еттердің фибриллярлы дірілдері, АҚ-ң жоғарылауы пайда болды. Субъективті: денесіндегі сырқыраған ауру сезімінің, әсіресе буындарындағы ауру сезімінің күшейгенін сезінеді. Білек буыны аймағында көптеген инъекциялар ізі.
Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?
А) интоксикациялық
Б) жедел респираторлы бұзылыс
В) аллергиялық
Г) абстинентті
Д) үрейлі- фобиялық
153. 32 жастағы ер адам, денсаулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) фобофобия
Б) канцерофобия
В) танатофобия
Г) клаустрофобия
Д) агорофобия
154. 32 жастағы ер адам, денсаулығына мүлдем шағымы жоқ деуге болады, туысының өлімінен кейін үнемі өлім қорқынышын сезінеді. Өзінің күдіктерінің негізсіздігін түсіне тұра, ол ойларынан құтыла алмайды. Әртүрлі мамандардың тексеруінен өтті, көптеген инструментальды және лабораторлы зерттеулер жасады, жақындарын жанынан аластатпайды. Зерттеулер нәтижесі аздап сабырға келтіреді, бірақ ұзаққа созылмайды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) неврастения
Б) жабысқақтық неврозы
В) тұлғаның невротикалық дамуы
Г) истериялық невроз
Д) реактивті жағдай
155. 42 жастағы ер адам, жанұясын жоғалтқан жол-көлік апатынан кейін, ұзақ уақыт өзіне келе алмай жүрді. Оны ұзақ уақыт жабысқақ естеліктер, осы қайғыға қатысты жақындарының опат болуына байланысты мұңмен бірге жүретін жан түршіктірер түстер мазалады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) обсессивті-компульсивті бұзылыс
Б) диссоциативті бұзылыс
В) жарақаттан кейінгі стресстік бұзылыс
Г) соматизацияланған бұзылыс
Д) истериялық қарауытқан бұзылыс
156. 19 жастағы қыз бала күйеуімен жанжалдасқаннан кейін, туыстарының көз алдында диванга құлады, көздері айналды, артынан қолдарында тоникалық тырысулар пайда болды, олар 5 минутқа созылып, ірі сілтемелі клоникалық тілін тістеусіз тырысуларға ауысты. Еріксіз зәр жіберу бақыланған жоқ. Ұстама кезінде қарашықтың жарыққа реакциясы сақталған. Ұстама кезінде ол ыңырсыды, конфликтті ситуацияны бейнелейтін жеке сөздерді қайталады. Ұстама 30 минутқа созылды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) «самайлық эпилепсия» ұстамасы
Б) генерализацияланған тырысулық ұстама
В) джексондық ұстама
Г) истериялық ұстама
Д) абсанс
157. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) жабысқақтық неврозы
Б) фобиялық невроз
В) баяу ағымды шизофрения
Г) реактивті күй
Д) қатерлі шизофрения
158. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап науқаста айтарлықтай себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар мазақпен ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып ”өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін” көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспеді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталды, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональды суық, дұшпаншыл көзқараста.
Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы-сандырақтық
Б) дисморфоманиялық
В) галлюцинаторлы
Г) вербальды иллюзиялар
Д) Кандинский-Клерамбо
159. 23 жастағы бозбала. 17 жасынан құрдастарының ортасында алкоголь қолдануды бастады. Бастапқы кезде спиртті ішімдікті шамадан тыс қабылдағаннан кейін өзін нашар сезінді, жүрегі айныды, құсты. Кейіннен ”бейімделіп, жүрегі айнымайтын болды”. Соңғы жылдары жиі ішкісі келіп тұрады ”ләззат сезінемін, проблемалардан құтылу үшін қабылдаймын” дейді. Бұрынғысымен салыстырғанда спиртті ішімдіктің көп мөлшерін көтере алады, кейде ішкенінің мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтқан, жұмысында да ішетін болды, бірақ ертесіне “неге олай жасадым” деп өз-өзін кінәлайды. Көп ішкен кезінде келесі күні барлығын есіне ала алмайды. Мінез-құлқы өзгерді, тітіркенгіш, жиі шаршайды, ұйқысы нашар.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) тұрмыстық маскүнемдік
Б) алкогольді эпизодты қолдану
В) алкоголизм 1-ші сатысы
Г) алкоголизм 2-ші сатысы
Д) алкоголизм 3-ші сатысы
160. 23 жастағы бозбала. 17 жасынан құрдастарының ортасында алкоголь қолдануды бастады. Бастапқы кезде спиртті ішімдікті шамадан тыс қабылдағаннан кейін өзін нашар сезінді, жүрегі айныды, құсты. Кейіннен ”бейімделіп, жүрегі айнымайтын болды”. Соңғы жылдары жиі ішкісі келіп тұрады ”ләззат сезінемін, проблемалардан құтылу үшін қабылдаймын” дейді. Бұрынғысымен салыстырғанда спиртті ішімдіктің көп мөлшерін көтере алады, кейде ішкенінің мөлшерін бақылау қабілетін жоғалтқан, жұмысында да ішетін болды, бірақ ертесіне “неге олай жасадым” деп өз-өзін кінәлайды. Көп ішкен кезінде келесі күні барлығын есіне ала алмайды. Мінез-құлқы өзгерді, тітіркенгіш, жиі шаршайды, ұйқысы нашар.
Төменде аталғандардың барлығы алкоголизмнің бастапқы сатысын сипаттайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) құсу рефлексінің болмауы
Б) полимсесттер
В) физикалық тәуелділік
Г) психикалық тәуелділік
Д) мөлшерлік бақылауды жоғалту
161. 72 жастағы ер адамда сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрінетін эмоциональды дәрменсіздік бақыланады. Оның көңіл-күйі үнемі болмашы себептерге байланысты тербелістермен сипатталады. Жасаурағыштық бақыланады, ал көңіл-күйі көтеріңкі болғанда– сентиментальды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А)дисфория
Б) рух әлсіздігі
В) гипертимия
Г) эйфория
Д) амбиваленттілік
162. 27 жасар ер адамда, иісті газбен уланганнан кейін, есте сақтау бұзылысы бақыланды. Естен шыққан сәттерді науқас ойдан құрастырылған естеліктермен толықтырады, шын мәнінде болмаған оқиғаларды “есіне алады”. Сонымен қатар, әңгімелесу кезінде, шын мәнінде болған, бірақ бұрмаланған, уақыты немесе орны бойынша дұрыс құрастырылмаған оқиғалар жөнінде айтады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) ретроградты амнезия
Б) фиксациялық амнезия
В) парамнезиялар
Г) конградты амнезия
Д) үдемелі амнезия
163. 37 жастағы ер адамда конфликтті ситуация нәтижесінде қарқынды қозу және вазовегетативті көріністермен, сананың алдымен күрт тарылып, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған іс-әрекет мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональды реакция дамыды. Аталған реакция қозу кезеңінің толық амнезиялануымен, терең ұйқымен аяқталды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) сананың аментивті бұзылысы
Б) сананың делириозды бұзылысы
В) истериялық қозу
Г) сананың қарауытқан бұзылысы
Д) дисфория жағдайы
164. 35 жастағы әйел, сатушы. Бала кезінен күдікшілдікпен, ұяңдықпен ерекшеленген. Тапсырмаларға өте ұқыпты қараған. Ерлермен қарым-қатынастан, әсіресе өзі танымайтын ер адамдардан үнемі алшақ жүруге тырысқан. Жұмысында таныс емес ер адам қолынан ұстап алғаннан кейін ”оның тазалығы жөнінде” күдік пайда болды, таныс емес ер адамдармен таңдаусыз контакттардан кейінгі салдар жөнінде көп оқығандықтан бұл күдігі мерез ауруын жұқтыру қорқынышына ұласты. Өз күйзелістерінің негізсіздігін түсінеді, дегенмен олардан құтылуға күш-жігері жетпейді.
Төмендегі аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) обсессивті-фобиялық
Б) контрастты жабысқақтықтар
В) жабысқақ көз алдына келтірулер
Г) невроз тәрізді
Д) психопатия тәрізді
165. 17 жастағы жасөспірім, наркология бөлімінде тері астында жәндіктердің жорғалауына шағыммен жатыр. Қарау кезінде дертті сезімдердің орналасқан жерінде көптеген тырнақ іздері бар. Туыстарының айтуы бойынша, науқас екі жыл наркотикалық заттарды қабылдайды.
Төменде аталған препараттардың қайсысы аталған бұзылысты шақыруы мүмкін?
А) героин
Б) кокаин
В) гашиш
Г) барбитураттар
Д) морфин
166. 17 жастағы жасөспірім, көшедегі жүргінші адамды тонауға әрекет жасағаны үшін полиция қызметкерлерімен жеткізілді. Контакт бар, сұрақтарға ниетсіз жауап береді. Қарау кезінде көптеген көктамырлық иньекциялар анықталды. Наркотиктер қолданғанын табанды түрде теріске шығарады. Сол күні кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық пайда болды, ”ыстық толқындар” сезінеді. Жас ағуы, ринорея, дене температурасының жоғарылауы, тыныс жиілеуі, бұлшық еттік спазмдар, дененің әр жерінде ауру сезімдері бақыланды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) токсикоманиялық абстиненция
Б) кокаиндік психоз
В) героиндік абстиненция
Г) гашиштік абстиненция
Д) апиындық мастану
167. Төменде аталған наркоманиялардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығына толеранттылықтың өсуі тән:
А) кокаиндік
Б) апиындық
В) гашиштік
Г) барбитураттық
Д) метадондық
168. 17 жастағы жасөспірім, мастану дәрежесін анықтау мақсатында медициналық куәландыруға жеткізілді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы мен құрғақтығы бақыланды. Қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. Жүрісі тербелмелі, Ромберг позысында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасын қиындықпен орындайды. Сұрақтарға ниетсіз, үзілістен кейін жауап береді. Наркотик қабылдағанын теріске шығарады. Көктамырлар жолымен көктамырішілік иньекциялардың бірнеше ізі бар. Алкоголь иісі жоқ. Раппопорт пробасы теріс.
Төменде аталған психоактивті заттардың ішінен қайсысын қолданған?
А) кокаинді
Б) героинді
В) гашишті
Г) барбитураттарды
Д) эфедронды
169. 17 жастағы жасөспірім, мастану дәрежесін анықтау мақсатында медициналық куәландыруға жеткізілді. Объективті: тері жабындыларының бозаруы мен құрғақтығы бақыланды. Қарашықтары тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. Жүрісі тербелмелі, Ромберг позысында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасын қиындықпен орындайды. Сұрақтарға ниетсіз, үзілістен кейін жауап береді. Наркотик қабылдағанын теріске шығарады. Көктамырлар жолымен көктамырішілік иньекциялардың бірнеше ізі бар. Алкоголь иісі жоқ. Раппопорт пробасы теріс.
Төменде аталған мастану түрлерінен қайсысы болуы мүмкін?
А) апиындық мастану
Б) алкогольді мастану
В) кокаиндік мастану
Г) токсикоманиялық мастану
Д) эфедриндік мастану
170. 16 жастағы жасөспірімге келіп жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігері пациентте әлсіздік, тремор, қалтырау, қарашықтар кеңеюі, жасаурағыштық, тұмаурату, жиі түшкіру, жөтел бақылады. Пациент мазасыз, үрейшіл, аяқ-қолдарының бұлшық еттерін уқалауға тырысады, өйткені бүкіл денесінің, әсіресе бел және аяқ қолдарының буындарындағы айқын сырқырап ауыруына шағымданады. Қарау кезінде шынтақ буыны аймағында көктамырлар жолымен көптеген нығыздалулар және көктамырішілік инъекциялардан кейінгі майда қан құйылулар анықталды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) жедел респираторлы вирусты инфекция
Б) гашиштік наркомания
В) апиындық наркомания
Г) эфедрондық наркомания
Д) кокаиндік наркомания
171. 16 жастағы жасөспірімге келіп жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігері пациентте әлсіздік, тремор, қалтырау, қарашықтар кеңеюі, жасаурағыштық, тұмаурату, жиі түшкіру, жөтел бақылады. Пациент мазасыз, үрейшіл, аяқ-қолдарының бұлшық еттерін уқалауга тырысады, өйткені бүкіл денесінің, әсіресе бел және аяқ-қолдарының буындарындағы күшті сырқырап ауыру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде шынтақ буыны аймағында көктамырлар жолымен көптеген нығыздалулар және көктамырішілік инъекциялардан қалған майда қан құйылулар анықталды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) кокаиндік абстиненция
Б) жедел респираторлы вирусты инфекция
В) апиындық абстиненция
Г) гашиштік абстиненция
Д) апиындық мастану
172. 20 жасар бозбалада медикаменттерді қабылдағаннан кейін мотивсіз сөйлеу жылдамдауымен көңілділік бақыланды, артынан ол орын және уақыт бойынша бағдардың бұзылысымен, сахна тәріздес иллюзиялар мен галлюцинациялардың ағынымен есеңгіреу жағдайына ауысты. Бала табанды түрде “бір жаққа жоғалып кеткен темекіні” іздейді. Бозарған бет фонында қызару, еріндері алқызыл, жеке бұлшық ет топтарының еріксіз қозғалыстары мен тырысулық дірілдері бақыланады. Жүрісі оғаш, еркін емес.
Қандай затпен интоксикацияның белгісі болуы мүмкін?
А) опиаттармен
Б) кокаинмен
В) холинолитиктермен
Г) барбитураттармен
Д) психостимуляторлармен
173. 17 жасар бозбалада медикаменттерді қабылдағаннан кейін мотивсіз сөйлеу жылдамдауымен көңілділік бақыланды, артынан ол орын және уақыт бойынша бағдардың бұзылысымен, сахна тәріздес иллюзиялар мен галлюцинациялардың ағынымен есеңгіреу жағдайына ауысты. Бала табанды түрде “бір жаққа жоғалып кеткен темекіні” іздейді. Бозарған бет фонында қызару, еріндері алқызыл, жеке бұлшық ет топтарының еріксіз қозғалыстары мен тырысулық дірілдері бақыланады. Жүрісі оғаш, еркін емес.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) опиаттармен жедел улану
Б) кокаинмен жедел улану
В) холинолитиктермен жедел интоксикация
Г) барбитураттармен жедел интоксикация
Д) психостимуляторлармен жедел интоксикация
174. Бұзылған сана критерияларына төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) қоршаған әлемнен ажырау
Б) бағдарлау бұзылысы
В) эмоциональды адекваттылық
Г) психика дезинтеграциясы
Д) сана бұзылысы кезеңінің амнезиялануы
175. Психикалық автоматизм синдромының құрамына төменде аталған симптомдардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы кіреді:
А) псевдогаллюцинациялар
Б) шынайы галлюцинациялар
В) соңына түсу сандырағы
Г) әсер ету сандырағы
Д) психикалық автоматизмдер
176. Депрессия еміне төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы қолданылады:
А) психотерапия
Б) электротырысулық терапия
В) нейролептиктер
Г) антидепрессанттар
Д) қатаң бақылау
177. 30 жастағы ер адам, бас-ми жарақатына байланысты емделіп жатыр. Госпитализацияның үшінші күнінде психикалық жағдайы өзгерді. Үрейшіл, мазасыз, ұйқысы бұзылды. Қоршаған ортаны қате қабылдайды, персоналдарға, емдік процедураларға күдікпен қарады. Артынан уақыт бойынша, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды бағдарлау бұзылды. Үйімде жатырмын деп есептейді, қозған, мазасыз, тоқтамастан бір нәрсені іздейді, ауадан қармайды, өзінен дәкені алып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. Бөлімшеден қашуға тырысады. Жолдастарының дауыстарын естиді.
Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы қозу
Б) кататониялық қозу
В) реактивті қозу
Г) аментивті қозу
Д) делириозды қозу
178. 42 жастағы ер адам төсекте байланыссыз былдырлап жатты, хаосты қимылдар жасайды, көрпесін тартқылайды. Қоршаған ортадан ажыраған, сұрақтарға жауап бермейді. Осы күйден шыққаннан кейін ешнәрсе есінде қалмады. Артынан, бірнеше апта деңгейінде әлсіздік, адинамия, есте сақтау бұзылысы бақыланды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) делириозды
Б) онейроидты
В) кататониялық
Г) аментивті
Д) қарауытқан
179. Психотикалық синдромдарға төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:
А) кататониялық
Б) обсессивті-фобиялық
В) маниакальды
Г) депрессивті
Д) амнестикалық
180. Психотикалық емес синдромдарға төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:
А) фобиялық
Б) обсессивті
В) ипохондриялық
Г) амнестикалық
Д) психопатиялық
181. Ойлаудың сандық бұзылыстарына төменде аталған бұзылыстардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:
А) жабысқақтықтар
Б) резонерлік
В) персеверациялар
Г) ментизм
Д) стереотипиялар
182. Сандырақ түзілуінің динамикасына төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) сандырақтық идеялар
Б) сандырақтық көңіл-күй
В) сандырақтық қабылдау
Г) сандырақтық пікір
Д) саналы іс-әрекеттер
183. Кататониялық ступорға төменде аталған симптомдардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) құрсақтық поза
Б) каталепсия
В) негативизм
Г) вербигерациялар
Д) пассивті бағынушылық
184. Кататониялық қозуға төменде аталған симптомдардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) мутизм
Б) импульсивтілік
В) сөздік стереотипиялар
Г) вербигерациялар
Д) қимылдық стереотипиялар
185. Гебефрениялық қозуға төменде аталған симптомдардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) алаңғасарлық жүріс-тұрыс
Б) ступор
В) мотивсіз көңілділік
Г) негативизм
Д) қозудың оғаштығы
186. Эпилепсияға төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) ұстамалар
Б) дисфориялар
В) эмоциональды-еріктік кедейлену
Г) сананың қарауытқан бұзылысы
Д) концентриялық деменция
187. Шизофренияға төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) эмоциональды төмендеу
Б) ерік төмендеуі
В) интеллектуальды төмендеу
Г) есте сақтау қабілетінің төмендеуі
Д) амбиваленттілік
188. Психопатияларға төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) көріністердің тотальдылығы
Б) көріністердің тұрақтылығы
В) тұлға қорының дисгармониясы
Г) әлеуметтік дезадаптация
Д) бұзылыстар қайтымдылығы
189. Органикалық психоздармен салыстырғанда, инволюциялық меланхолияның инициальды көріністеріне төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) үрейлі күту
Б) ипохондриялық
В) бұзылған сана эпизодтары
Г) Котар синдромы
Д) егде жас
190. Маниакальды-депрессивті психоздың депрессивті фазасымен салыстырғанда, инволюциялық меланхолияның көріністеріне төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) кеш басталуы
Б) үрейдің болуы
В) Котар синдромы
Г) тұлға өзгерістерінің болмауы
Д) сандырақ идеялар
191. Абайсыз сөз, дәрігер немесе оның көмекшілерінің дұрыс емес жүріс-тұрысы ненің себебі болуы мүмкін?
А) науқас наразылығы ның
Б) науқастың жалпы күйінің нашарлауының
В) ятрогенияның
Г) конфликтті ситуацияның
Д) дәрігер авторитетінің төмендеуіне
192. Науқас 47 жаста, шизофрения ұстамасынан кейін реабилитацияның бірінші сатысын өтуі қажет.
Қандай емдік шараларды бірінші кезекте жүргізген дұрыс?
А) медицина қызметкерлері мен науқастардың белсенді қарым-қатынасы
Б) реадаптация
В) қалпына келтіру терапиясы
Г) реабилитация
Д) диагноз қою
193. Төменде аталған әдістемелердің ішінен қайсысын дәрігер мен науқас арасындағы жайсыз қарым-қатынас дамуы кезінде қолданған дұрыс?
А) психикалық желдету әдісі
Б) науқастың тұлгалық ерекшеліктері
В) коррекциялық сынақ әдісі
Г) дәрігердің тұлғалық ерекшеліктері
Д) науқас туыстарының ықпалы
194. Төменде аталған фаторлардан қайсысы медицина қызметкерінде профессиональды деформация түзілуіне ықпал етеді?
А) медицина қызметкерінде парыз сезімінің болмауы
Б) медицина қызметкерінің тұлғалық ерекшеліктері
В) медицина қызметкерінің квалификациясының төмендігі
Г) науқас ауруының ағымының ерекшеліктері
Д) медицина қызметкерінде психогениялардың болуы
195. Төменде аталған позициялардың қайсысына сүйеніп медициналық этика және деонтология проблемаларын қарастырған дұрысырақ?
А) бөлек, мақсаттар мен міндеттерге сүйеніп
Б) науқас психологиясына сүйеніп
В) диалекттік қарым-қатынаспен
Г) медициналық орта психологиясына сүйеніп
Д) науқастың әлеуметтік статусына сүйеніп
196. Соматикалық ауру төменде аталған сипаттамалардың қайсысымен тығыз байланысты?
А) жадымен
Б) ерік қызметімен
В) ішкі мүшелермен
Г) эмоциональды сферамен
Д) ем сипатымен
197. Медициналық этика медицинаның қандай аспектін зерттейді?
А) деонтологиялық
Б) адамгершіліктік
В) профессиональды
Г) моральды-адамгершіліктік
Д) психологиялық
198. ”Психикалық желдету” әдісін науқасқа қолданғанда төменде аталған нәтижелердің қайсысына қол жеткізу маңыздырақ?
А) науқас шағымдарының сипатын анықтау
Б) ауру симптомдарын нақтылау
В) науқастың өзінің негізгі шағымдарын айтуға мүмкіндігі
Г) дәргердің синдром мен диагнозды құрастыру мүмкіндігі
Д) зерттеу және ем тағайындау
199. Науқас жан-жағына жалтақтайды, терезеден біреу шақырып тұр дейді, оларға жауап береді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) рефлекторлы (функциональды) иллюзиялар
Б) шынайы есту галлюцинациялары
В) психосенсорлы бұзылыстар
Г) псевдоғаллюцинациялар
Д) парейдолиялық иллюзиялар
200. Истерия кезінде төменде аталған бұзылған сана синдромдарының қайсысы кездеседі?
А) делирий
Б) онейроид
В) аменция
Г) қаруытқан жағдай
Д) есеңгіреу
201. 16 жастағы боз бала үйінен шығуды қойды, мектепке бармайды, ешнәрсемен айналыспайды, шағымданбайды, өзін науқас деп санамайды. 8 сыныпқа дейін үздік оқыған, тәртіпті болған, ата-анасына жақын. 8 сыныптан бастап себепсіз дөрекіленді, тәртіпке көнбейді, оқуына қызығушылығын жоғалтты, қаңғырады, алкогольді шектен тыс қолданады. Ата-анасына суып кетті, немқұрайды, агрессивті.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) шизоидты психопатия
Б) тұрақсыз психопатия
В) истериялық психопатия
Г) қозғыш психопатия
Д) шизофрения
202. 80 жастағы науқас есте сақтау қабілетінің нашарлауына шағымданып түсті. Ұмытшақ, жақын уақыт аралығында болған оқиғаларды нашар есіне түсіреді. Сонымен қатар өзінің бұрынғы өткенін, соғыс жылдарының оқиғаларын ұсақ-түйегіне дейін жақсы есіне алады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) антероградты амнезия
Б) фиксациялық амнезия
В) ретроградты амнезия
Г) үдемелі амнезия
Д) конградты амнезия
203. Кандинский-Клерамбо синдромына ойлау бұзылысының төменде аталған бұзылыстарының қайсысы ТӘН?
А) мегаломаниялық сандырақ
Б) резидуальды сандырақ
В) өзін-өзі кінәлау сандырағы
Г) әсер ету сандырағы
Д) ұлылық сандырағы
204. 18 жастағы науқас дәрігермен әңгімелесу кезінде ата-анасына махаббат, үйірлік сезінетінін, және сонымен қатар мотивсіз ыза мен жеккөрініш сезімі бар екендігін айтады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) эмоциональды лабильділік
Б) рух әлсіздігі
В) амбиваленттілік
Г) дисфория
Д) амбитенденттілік
205. 28 жастағы науқас, алкоголизммен зардап шегеді, үш күндік салынып ішуден кейін үрей, мазасыздық сезінді. Ұйықтай алмайды, өйткені ұйқыға кетер сәтте “қорқынышты бейнелерді” көреді, олар “тыжыраяды, күледі”, “оған тілдерін көрсетеді”. Қорқыныштан көзін ашқанда «елестер» жоғалады. Көзін жаба салысымен “қорқынышты бейнелер”қайта пайда болады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) рефлекторлы (функциональдые) иллюзиялар
Б) гипнопомпиялық галлюцинациялар
В) оптикалық иллюзиялар
Г) гипногогиялық галлюцинациялар
Д) көру галлюцинациялары
206. 37 жастағы науқас, баяу ағымды шизофрениямен зардап шегеді, шаршағыштықпен қатар, әлсіздікке және “барлығына” қызығушылықтың төмендеуіне шағымданады, кезеңмен пайда болатын ”басының ішіндегі” аса жағымсыз сезімдерді байқайды. Алдымен күйдіру, артынан ”миындағы желмен үрлегендей желпу” сезімі пайда болады. Басының ішінде барлығы ”былқылдайды және қозғалады”.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) гипестезия
Б) сенестопатия
В) психосенсорлы бұзылыстар
Г) парестезиялар
Д) псевдогаллюцинациялар
207. 37 жастағы науқас, ұзақ уақыттан бері алкогольді шектен тыс қолданады, кезекті салынып ішуден кейін өзін жайсыз сезінген. Үрейленіп, ұйықтай алмаған, пәтерде біреу жүрген тәрізді көрініп кезеңмен төсектен тұрып, бөлмеде ары-бері жүрген. Ас бөлмесіне кіргенде “бұрышта ұзын халат киген адамды анық” көрген. Оны шап беріп ұстап, халат ұстап тұрғанына көзі жеткен. Ызамен оны жерге лақтырып, ұйықтайтын бөлмеге кетті. Бөлмеде тұсқағаздардан гүлдер “өсіп, қозғала” бастағанын байқаған.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) көру иллюзиялары
Б) аффективті иллюзиялар
В) парэйдолиялық иллюзиялар
Г) гипнопомпиялық галлюцинациялар
Д) көру галлюцинациялары
208. 29 жастағы науқас, бірнеше жыл бұрын бас-ми жарақатын алған, кезеңмен пайда болатын қолдары “ұзарып, еденге дейін түсетін, басы ұлғайып, дәп қазір жарылатындай” сезімдерге шағымданады. Осы сезімдері өте айқын болуына қарамастан, науқас қолдары мен басының көлемдерінің қалыпты екенін көре біледі.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) деперсонализация
Б) дереализация
В) психосенсорлы бұзылыстар
Г) парэйдолиялар
Д) псевдоғаллюцинациялар
209. 30 жастағы науқас әйел, азпрогредиентті шизофренияға байланысты көп жылдар бойы ем қабылдаған, өзінің өзгергендігі сезіміне шағымданады. Өзін “өзін жоғалтқандай, ақымақтанып, сезім толықтығын жоғалтқандаймын” деп сипаттайды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) дереализация
Б) деперсонализация
В) психосенсорлы бұзылыстар
Г) сенестопатиялар
Д) дене схемасының бұзылысы
210. Күйеуін жоғалтқан 30 жастағы әйел, оның суретімен сөйлеседі, күйеуінің жүрген қадамдарын, өз жұмысы жөнінде “әңгімелегенін”, жылы сөздер “айтқанын” “естиді”.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) функциональды галлюцинациялар
Б) психогенді галлюцинациялар
В)императивті галлюцинациялар
Г) комментирлеуші галлюцинациялар
Д) рефлекторлы галлюцинациялар
211. 28 жастағы науқас, бірнеше жыл бұрын бас-ми жарақатын алған, соңғы жыл деңгейінде құлағының жанынан “дауыс естиді”, олар оның жасаған істері мен басында пайда болған ойларға қатысты ескертулер жасайды. “Дауыс” кейде оны мақтайды, бірақ жиі “сөгеді”. “Дұрыс ойламайсың, дұрыс жасамайсың” дейді. Бұл науқаста тітіркендіру шақырады, ол “дауыспен” сөз таластыруға тырысады, ақталады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) комментирлеуші галлюцинациялар
Б) императивті галлюцинациялар
В) рефлекторлы галлюцинациялар
Г) антагонисттік галлюцинациялар
Д) сахна тәрізді галлюцинациялар
212. 20 жасар бозбала ұстама тәрізді, реттілігін жоғалтқан, басының ішіндегі жүйесіз өтіп жатқан ойлар ағынының ауыр жағдайын басынан кешіруде. Бұл сәтте ол әдеттегі жұмысын жалғастыра алмайды, әңгімеге қосыла алмайды. өз күйін толық түсіндіруде қиналады. Ойлары “секіреді, қиылысады, бір-бірімен шатасады” дейді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) ойлау үзілістері
Б) ойлар ағыны
В) аутистикалық ойлау
Г) ойлаудың жылдамдауы
Д) символдық ойлау
213. 20 жасар бозбала ұстама тәрізді, реттілігін жоғалтқан, басының ішіндегі жүйесіз өтіп жатқан ойлар ағынының ауыр жағдайын басынан кешіруде. Бұл сәтте ол әдеттегі жұмысын жалғастыра алмайды, әңгімеге қосыла алмайды. өз күйін толық түсіндіруде қиналады. Оның ойларын әлдекім «басқарып» тұрғандай сезім болады, оларды біресе жылжып, біресе тоқтауға “мәжбүрлейді”.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) идеаторлы автоматизм
Б) сенсорлы автоматизм
В) моторлы автоматизм
Г) аутистикалық ойлау
Д) ойлау жылдамдауы
214. Науқас 25 жаста, өзінің жан күйзелтетін өзгерісін, өз “Мендігін”, “сезімдер толықтығын, өзінің тұтастығын жоғалтуды” сезінеді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) дереализация
Б) психосенсорлы бұзылыс
В) деперсонализация
Г) дене схемасының бұзылысы
Д) сананың айрықша күйі
215. 19 жастағы науқас қоршаған әлемнің өзгергендік сезіміне шағымданады. Айнала “шынайылығын жоғалтқан, бөтендік” сезімін тудырады дейді. Барлығы “жасанды, шынайы емес” тәрізді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) психосенсорлы бұзылыс
Б) дереализация
В) деперсонализация
Г) сананың айрықша күйі
Д) метаморфопсия
216. 27 жастағы науқас бөлімшеде аяқтарын алшақ басып жүреді, осы кезде оғаш қимылдар жасайды. Басын шалқайтып, қолдарын артқа қарай қанат тәрізді жазып ерсі иіледі. Бетінде кернелген, ашулы және қаһарлы түрде қозғалған қастарымен жасанды күлкі.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) гипокинезия
Б) паракинезия
В) гиперкинезия
Г) негативизм
Д) каталепсия
217. ”Психопатияға” төменде аталған клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) тұлғаның жан-жақты бұзылыстарының тотальдылығы
Б) әлеуметтік адаптация бұзылысы
В) үнемі асоциальды жүріс-тұрыс
Г) психопатологиялық көріністердің тұрақтылығы
Д) интеллекттің сақталуы
218. ”Психиатриялық көмек жөніндегі…” ҚР Заңы келесі ережелердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығын қамтиды:
А) психикалық ауру диагнозын тек дәрігер-психиатр анықтайды
Б) психикалық науқастарға көмек, ереже бойынша, олардың келісімімен көрсетіледі
В) науқас диагноз және емдеу әдістері жөнінде ақпарат алуға құқылы
Г) психикалық науқастар құқығын шектеуге жол беріледі
Д) куәландыруды жүргізіп жатқан дәрігер өзін дәрігер-психиатр деп таныстыруы керек
219. ”Психиатриялық көмек жөніндегі…” ҚР Заңы төменде аталған жағдайлардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА шұғыл госпитализацияға науқастың жазбаша келісімінсіз тиым салады:
А) паранойяльды психопатия
Б) гашишті наркомания
В) императивті галлюцинация
Г) иіс сезу галлюцинациясы
Д) лакунарлы деменция
220. ”Психиатриялық көмек жөніндегі…” ҚР Заңы төменде аталған жағдайлардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА шұғыл госпитализацияға науқастың жазбаша келісімінсіз тиым салады:
А) тұрақсыз психопатия
Б) қозғыш психопатия
В) патологиялық мастану
Г) наркотикалық мастану
Д) апато-абулиялық синдром
221. ”Психиатриялық көмек жөніндегі…” ҚР Заңы төменде аталған жағдайлардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА шұғыл госпитализацияға науқастың жазбаша келісімінсіз тиым салады:
А) апиындық наркомания
Б) онейроидты
В) алкогольді шектен тыс қолдану
Г) истериялық психопатия
Д) тактильді галлюцинациялар
222. Төменде аталған психикалық бұзылыстардың қайсысы әлеуметтік қауіптілік тудырмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) обсессивті-фобиялық синдром
Б) патологиялық мастану
В) псевдореминисценциялар
Г) резонерлік
Д) обнубиляция
223. Төменде аталған психикалық бұзылыстардың қайсысы әлеуметтік қауіптілік тудырмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) нейролепсиялық синдром
Б) жабысқақ жағдайлар
В) дисфория
Г) криптомнезия
Д) эмоциональды лабильділік
224. Әлеуметтік қауіпті, соның ішінде суицидальды әрекеттер жасауға төменде аталған психикалық бұзылыстардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы әкелуі мүмкін:
А) параноидты синдром
Б) патологиялық мастану
В) истериялық синдром
Г) императивті галлюцинациялар
Д) дисфория
225. Әлеуметтік қауіпті, соның ішінде суицидальды әрекеттер жасауға төменде аталған психикалық бұзылыстардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы әкелуі мүмкін:
А) лакунарлы деменция
Б) псевдогаллюцинациялар
В) кататониялық синдром
Г) делириозды жағдай
Д) патологиялық аффект
226. Әлеуметтік-қауіпті науқаспен әңгімелесіп отырып дәрігер төменде аталған ережелерді ұстануы керек, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫН:
А) науқаспен өзін сенімді ұстау
Б) сабырлы дауыспен сөйлеу
В) науқас сандырағын теріске шығаруға тырысу
Г) науқасқа өзінің түсіністігін көрсете білу
Д) науқастың мүмкін талаптарын орындау
227. Халықаралық аурулар жіктеуі (ХАЖ-10) тұлға бұзылыстарының (психопатиялар) варианттарының БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығын қамтиды:
А) параноидты (паранойяльды психопатия)
Б) кезеңдік (рекуррентті психопатия)
В) ананкастты (психастениялық психопатия)
Г) асоциальды (тұрақсыз психопатия)
Д) гистриониялық (истериялық психопатия)
228. Психопатияларға төменде аталған бұзылыстардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ ешқайсысы тән емес:
А) агрессивті асоциальды жүріс-тұрыс
Б) төмен интеллектуальды деңгей
В) тұлға дисгармониясының тотальдылығы
Г) апатия, абулияи
Д) ұмытшақтыққа, амнезияға бейімділік
229. Невроздардың емі үшін төменде аталған дәрілік заттар қосындысының БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы қолданылады:
А) психотерапия және транквилизаторлар
Б) психотерапия және антидепрессанттар
В) физиоем және психотерапия
Г) электротырысулық терапия және антидепрессанттар
Д) үшциклды антидепрессанттар және ноотроптар
230. Невротикалық бұзылыстарды емдеуде төменде аталған әдістер мен дәрілік заттардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы қолданылады:
А) антидепрессанттар
Б) ұйқы депривациясы
В) аутогенді жаттығу
Г) рациональды психотерапия
Д) транквилизаторлар
231. Халықаралық аурулар жіктеуі (ХАЖ-10) төменде аталған невротикалық және стресстік бұзылыстардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығын қамтиды:
А) диссоциативті (истериялық невроз)
Б) экспансивті (маниакальды невроз)
В) үрейлі (фобиялық невроз)
Г) соматоформды (ипохондриялық невроз)
Д) обсессивті-компульсивті (жабысқақтық неврозы)
232. Шизофренияға төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) тұқым қуалау бейімділігі
Б) симптоматикасының полиморфтылығы
В) ремиссиясыз ағым
Г) тұлға ақауы
Д) сана бұзылысы
233. Шизоаффективті психозға (рекуррентті шизофрения) төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) егде жаста басталады (55-65 жас)
Б) онейроидты-кататониялық ұстамалар
В) аффективті ұстамалар
Г) сапалы ремиссия (интермиссиялар)
Д) тұлғаның жеңіл үдейтін ақауы
234. 23 жастағы студент жүріс-тұрысында оғаштық бақылана бастады. Баяу қимылдайтын болған, созып сөйлейді. Күн бойында бірнеше рет бірнеше секундқа мелшиіп қалады, осындай жағдайда ешнәрсені естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде қалмайды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) депрессивті ступор
Б) кататониялық ступор
В) кіші эпилепсиялық ұстама
Г) джексондық ұстама
Д) қарауытқан жағдай
235. Төменде аталғандардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы маниакальды-депрессивті психозға тән:
А) конституциональды бейімділік
Б) симптоматика полиморфизмі
В) фазалық ағым
Г) интермиссиялар
Д) аффективті ұстамалар
236. 35 жастағы науқас, дәрігер қабылдауында нақты, детальді түрде шағымдарын әңгімелейді. Осы кезде өз ауруының көріністеріндегі маңыздысын ажыратуда қиналады.
Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін?
А) персеверация
Б) байымдылық
В) стереотипиялар
Г) неологизмдер
Д) резонерлік
237. 37 жастағы әйел, жұмысындағы конфликттен кейін “дауысын жоғалтты». Сөйлемейді, тамағында «түйін» тәрізді жағымсыз нәрсе басып тұрғанын сезінген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) психопатия
Б) шизофрения
В) невроз
Г) эпилепсия
Д) псевдодеменция
238. 35 жастағы әйел, жұмысындағы конфликтен кейін “дауысын жоғалтты». Дәрігер қабылдауында демонстративті, сыбырлап сөйлейді. Тамағындағы спазмдарға байланысты сөйлей алмайтынына, тамақты жұта алмайтынына шағымданады. Әңгімелесу кезінде кезеңмен еңіреп жылайды, көпке дейін сабырға түсе алмайды. Зейіні жұмысындағы жағдайға фиксацияланған, басшылыққа “ауыр ауруға жеткізгендіктері” жөнінде хабарлауды өтінеді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) неврастения
Б) реактивті депрессия
В) истериялық невроз
Г) истериялық психоз
Д) псевдодеменция
239. 67 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулығына аса көңіл бөлетін болды. Үнемі өзінің артериялық қысымын бақылап отырады, тамырларындағы тартылу, қозғалу, шаншу, кернеу тәрізді жағымсыз сезімдерге шағымданып, жиі үйіне дәрігер шақыратын болды. Науқас өмірінде өз денсаулығына мазалану басым орын алатын болды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) неврастения
Б) невротикалық депрессия
В) ипохондриялық невроз
Г) жабысқақтық неврозы
Д) истериялық невроз
240. 67 жастағы науқас, гипертониялық кризден кейін өз денсаулығына аса көңіл бөлетін болды. Үнемі өзінің артериялық қысымын бақылап отырады, тамырларындағы тартылу, қозғалу, шаншу, кернеу тәрізді жағымсыз сезімдерге шағымданып, жиі үйіне дәрігер шақыратын болды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) ипохондриялық шизофрения
Б) инволюциялық депрессия
В) невротикалық күй
Г) қантамырлық психоз
Д) сенестопатиялық шизофрения
241. Шизофренияға төменде аталған бұзылыстардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) әуестік бұзылысы
Б) ойлау бұзылысы
В) жады бұзылысы
Г) ерік бұзылысы
Д) эмоция бұзылысы
242. Невроздарға төменде аталған синдромдардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) депрессивті
Б) ипохондриялық
В) обсессивті
Г) амнестикалық
Д) фобиялық
243. Классикалық депрессия емінде төменде аталған ем әдістерінің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы қолданылады:
А) психотерапия
Б) электротырысулық терапия
В) антидепрессанттар
Г) нейролептиктер
Д) қатаң бақылау
244. Екіншілік психопрофилактикаға төменде аталған іс-шаралардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы жатады:
А) диспансерлік бақылау
Б) сүйемелдеуші терапия жүргізу
В) психикалық ауруды ерте анықтау
Г) науқас мүгедектігіне жол бермеу
Д) ауру рецидивтерінің профилактикасы
245. Ауру жөніндегі аутогенді көзқарас негізінде төменде аталған критериялардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы болмайды:
А) дерттің ауырлығы
Б) дәрігердің ауру жөніндегі пікірі
В) науқастың ауру жөніндегі пікірі
Г) дәрігер квалификациясы
Д) дерттің психологиясын білу
246. Ауру жөніндегі ятрогенді көзқарас негізінде төменде аталған критериялардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы болмайды:
А) дәрігердің ауру жөніндегі пікірі
Б) дәрігер мен науқастың ауру жөніндегі пікірі
В) науқастың тұлгалық ерекшеліктері
Г) науқастың ауру жөніндегі пікірі
Д) ауру сипаты
247. Медицина қызметкерлерін профессиональды қызметке дайындау негізінде науқас психологиясын білу, медициналық ортада медициналық қызмет пен қарым-қатынастар сипатын білдіретін психологиялық дайындық жатыр. Дегенмен, көптеген медицина қызметкерлері психологияға негативті көзқараста.
Төменде аталған факторлардың қайсысы психологияға деген осындай көзқарас қалыптасуына ықпал етеді?
А) медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз психологиялық дайындығы
Б) зерттеудің қосымша әдістерінің рөлі мен мәнінің жоғарылауы
В) медикаментозды заттардың үлкен арсеналы
Г) медицинаның қазіргі уақыттағы жетістіктері
Д) емнің оперативті әдістерінің рөлінің жоғарылауы
248. Науқас әйел 47 жаста, өзінің соматикалық күйіне эмоциональды түрде шағымданады. Осы кезде науқастың өз дертінің белгілерін субъективті күшейтіп тұрғаны, дәрігердің зейінін өз жағдайына аударуға тырысуы байқалады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы аса мүмкін?
А) аггравация
Б) симуляция
В) диссимуляция
Г) анозогнозия
Д) ипохондрия
249. Галлюцинаторлы бұзылыстармен түскен 27 жастағы науқас, жүргізілген емнен кейін, “дауыстардың жоғалғанын” айтты. Дегенмен, науқастың сыртқы бейнесінен кезеңмен үрейшіл, мазасызданып, бірдеңеге құлақ түретіні байқалады. Бірақ дәрігердің сұрағына табанды түрде “дауыстар жоқ” деп жауап береді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) анозогнозия
Б) диссимуляция
В) симуляция
Г) аггравация
Д) гипернозогнозия
250. Бұрын жыныстық өміріне шағымы болмаған 30 жастағы әйел, жұбайына жыныстық суықтықты, оған деген сексуальды әуестіктің жоғалғанын байқаған.
Аталған сексуальды жүріс-тұрыстың себебі төменде аталған факторлардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?
А) жыныстық өмірді ерте бастау
Б) сексуальды қарым-қатынас жөнінде ақпараттың болмауы
В) интимді қатынастарға байланысты психогениялар
Г) жыныстық қатынастың жұбайлық өмірден басталуы
Д) әйелдің жыныстық жетілуі
251. Рациональды психотерапия негізінде төменде аталған факторлардың қайсысы болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) науқастың эмоциональды сферасына әсер ету
Б) екіншілік сигналды жүйе арқылы әсер ету
В) науқастың ерік саласына әсер ету
Г) біріншілік сигналды жүйеге әсер ету
Д) науқас тұлғасына әсер ету
252. Суггестивті психотерапия негізінде төменде аталған факторлардың қайсысы жатпайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) екіншілік сигналды жүйеге әсер ету
Б) науқас санасына әсер ету
В) науқастың ойына әсер ету
Г) біріншілік сигналды жүйеге әсер ету
Д) науқастың интеллектіне әсер ету
253. Патологиялық аффекттің қорытынды фазасына төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) психикалық күштің күрт әлсіреуі
Б) физикалық күштің күрт әлсіреуі
В) прострация, жасаған ісі мен айналаға немқұрайдылық
Г) болған жайт жөнінде естеліктің болмауы
Д) психикалық және физикалық күштің көтеріңкілігі
254. Патологиялық аффектке төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) психикалық жарақат әсерінен пайда болуы
Б) жедел және интенсивті психикалық жарақат әсері
В) сана күңгірттенуі
Г) жүріс-тұрыс мақсаттылығы
Д) әрекеттердің автоматтылығы
255. Патологиялық аффекттің дайындық фазасына төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) психикалық жарақаттың әсеріне байланыстылығы
Б) эмоциональды кернелістің үдеуі
В) болған жайтты критикалы бағалау қабілетінің сақталуы
Г) қоршаған ортаны қабылдаудың өзгеруі
Д) жағдайды бағалау қабілетінің бұзылуы
256. Патологиялық аффект жарылысы фазасына төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) сана күңгірттенуі
Б) ыза аффекті
В) күрт қозғалыстық қозу, агрессия
Г) иллюзорлы, психосенсорлы бұзылыстар
Д) прострация, жасаған ісіне немқұрайдылық
257. Айрықша жағдайларға төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) сыртқы ситуацияға байланысты пайда болу
Б) бұзылыстардың қысқа мерзімділігі
В) кенеттен пайда болу
Г) психикалық аурулармен зардап шекпейтіндерде пайда болады
Д) артынан өз әрекеттерінің мәнін түсіну
258. Айрықша жағдайларға төменде аталғандардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) патологиялық аффект
Б) патологиялық ұйқылы жағдай
В) ”қысқа тежелу” реакциясы
Г) патологиялық мастану
Д) истериялық қарауытқан жағдай
259. Айрықша жағдайлар төменде аталған ортақ клиникалық белгілермен сипатталады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫМЕН:
А) сыртқы ситуацияға байланысты кенеттен пайда болу
Б) ағымының қысқа мерзімділігі
В) сана бұзылысының болуы
Г) автоматты әрекеттердің болуы
Д) артынан өз әрекеттерінің мәнін түсіну
260. Патологиялық мастану төменде аталған белгілердің барлығымен сипатталады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫМЕН:
А) айқын аффективті кернеліспен
Б) бөліктік амнезиямен
В) пайда болу кенеттілігімен
Г) тотальды амнезиямен
Д) қимыл координациясының бұзылысымен
261. Сот-психиатриялық тәжірибеде қылмыстық іске байланысты төменде аталған жағдайлардан кінәсіз болып табылатыны, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) ”қысқа тежелу” реакциясы
Б) сананың қарауытқан бұзылысы
В) патологиялық аффект
Г) патологиялық ұйқышыл жағдай
Д) физиологиялық аффект
262. Патологиялық ұйқылы күй төменде аталған белгілермен сипатталады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫМЕН:
А) мидағы ұйқыдан сергектікке ауысу үрдісінің біркелкі еместігі
Б) дезориентировкамен сана күңгірттенуі
В) дертті күйзелістерді бейнелейтін әрекеттердің автоматтылығымен
Г) қорқынышты түстердің шынайы оқиғалармен шатасуы
Д) болып жатқан оқиғага адекватсыз реакциямен біртіндеп ояну
263. Церебральды атеросклероздың бастапқы сатысының ең жиі психикалық көріністеріне төменде аталған бұзылыстар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) неврастения тәрізді синдром
Б) психопатия тәрізді синдром
В) ипохондриялық синдром
Г) депрессивті синдром
Д) эпилептиформды пароксизм
264. Церебральды атеросклероздың екінші сатысының ең жиі психикалық көріністеріне төменде аталған бұзылыстар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) есте сақтау қабілетінің нашарлауы
Б) ойлау инерттілігі
В) ойлау байымдылығы
Г) рух әлсіздігі
Д) тотальды деменция
265. Апалликалық синдром кезінде төменде аталған белгілер бақыланады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А )психикалық және неврологиялық бұзылыстардың бірге жүгірісі
Б) декортикациялар
В) акинетикалық мутизм
Г) аффективті және сандырақтық психоздар
Д) фиксациялық амнезия
266. Корсаков синдромы кезінде төменде аталған белгілер бақыланады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) фиксациялық амнезия
Б) ретроградты амнезия
В) үдемелі амнезия
Г) парамнезиялар
Д) амнестикалық дезориентировка
267. Психоорганикалық синдром кезінде төменде аталған белгілер бақыланады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) есте сақтау қабілетінің төмендеуі
Б) аффективті тұрақсыздық
В) түсінудің қиындауы
Г) ой жинақтаудың бұзылысы
Д) аутизм
268. Психоорганикалық синдром кезінде төменде аталған варианттар бақыланады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) астениялық
Б) эйфориялық
В) эксплозивті
Г) апатиялық
Д) истериялық
269. Сексуальды перверсияларға төменде аталған бұзылыстар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) гомосексуализм
Б) мазохизм
В) копрофагия
Г) зоофилия
Д) некрофилия
270. Импульсивті құбылыстарға төменде аталған бұзылыстар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) клептомания
Б) дромомания
В) дипсомания
Г) пиромания
Д) дисморфомания
271. Психотропты препараттарға төменде аталған заттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) нейролептиктер
Б) транквилизаторлар
В) антидепрессанттар
Г) ұйықтататын
Д)ноотроптар
272. Тырысуға қарсы препараттарға төменде аталған заттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) дифенин
Б) карбамазепин
В) карбидин
Г) хлоракон
Д) метиндион
273. Эпилепсияға қарсы заттарға төменде аталған препараттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) бензонал
Б) финлепсин
В) клоназепам
Г) этаперазин
Д) триметин
274. Транквилизаторларға төменде аталған препараттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А)феназепам
Б) азафен
В) мебикар
Г) грандаксин
Д) гиндарин
275. Нейролептиктерге төменде аталған препараттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) пропазин
Б) рисполепт
В) сиднофен
Г) стелазин
Д) френолон
276. Психостимуляторларға төменде аталған препараттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) фенамин
Б) азафен
В) сиднокарб
Г) индопан
Д) сиднофен
277. Ноотропты заттарға және ГАМКергиялық заттарға төменде аталған заттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А)пирацетам
Б) пиразидол
В) аминалон
Г) фенибут
Д) пиридитол
278. Седативті заттарға аталған препараттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) натрий бромиді
Б) калий бромиді
В) аминазин
Г) валоседан
Д) валокормид
279. Үшциклды антидепрессанттарға төменде аталған заттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) имизин
Б) амитриптилин
В) азафен
Г) пиразидола
Д) фторацизин
280. Ұйықтататын заттарға төменде аталған препараттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) фенобарбил
Б) хлоралгидрат
В) дроперидол
Г) метаквалон
Д) нитразепам
281. Бутирофенон мен дифенилбутилпиперидин туындыларына төменде аталған препараттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) галоперидол
Б) дроперидол
В) френолон
Г) пимозид
Д) флуспирилен
282. Бензодиазепин туындыларына төменде аталған заттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) феназепам
Б) нозепам
В) лоразепам
Г) мепротан
Д) мезапам
283. Фенотиазин туындыларына төменде аталған заттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) аминазин
Б) метеразин
В) этаперазин
Г) хлозепид
Д) френолон
284. Наркотикалық анальгетиктерге төменде аталған заттар жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) омнопон
Б) кодеин
В) фентанил
Г) кодеин фосфаты
Д) триметин
285. Альцгеймер ауруының инициальды кезеңіне төменде аталған белгілердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) жасаурағыш-тітіркенген депрессия
Б) жадының үдемелі нашарлауы
В) өзінің күйіне критикалы көзқарастың сақталуы
Г) кеңістікті бағдарлаудың бұзылысы
Д) өзінің күйіне критикалы көзқарастың жоғалуы
286. Пик ауруының инициальды кезеңіне төменде аталған белгілердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) тұлғаның үдемелі бұзылысы
Б) аспонтандылық, бейғамдық, немқұрайдылық
В) өзінің күйіне критикалы көзқарастың сақталуы
Г) өзінің күйіне критикалы көзқарастың жоғалуы
Д) жадының дөрекі өзгерістері
287. Тырысусыз пароксизмальды ұстамаларға (психикалық эквиваленттерге) төменде аталған жағдайлар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) нарколепсиялық ұстама
Б) катаплексиялық ұстама
В) оперкулярлы ұстамалар
Г) дисфория
Д) амбулаторлы автоматизм
288. Эпилепсиямен науқастарда тұлға өзгерістері төмендегі аталған симптомдармен сипатталады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫМЕН:
А)мінез қасиеттерінің полярлылығы
Б) рух әлсіздігі
В) тұтқырлық, ойлау байымдылығы
Г) оптимизм, сауығуга деген сенім
Д) аффект тұрақсыздығы
289. Эпилепсияның медикаментозды терапиясының принциптері, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) ұстама типтері мен синдромдарға байланысты ем адекваттылығы
Б) тырысуга қарсы терапияның үздіксіздігі
В) монотерапия және ол тиімді болмағанда гана политерапия
Г) препараттардың жайсыз әсерлерін ескеру қажеттілігі
Д) балшықпен емдеу және жылу процедуралары
290. Продуктивті (позитивті) психопатологиялық симптоматикаға төменде аталған бұзылыстар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) галлюцинациялар
Б) жабысқақтықтар
В) деменция
Г) аса бағалы идеялар
Д) сандырақ
291. Негативті психопатологиялық симптоматикаға төменде аталған бұзылыстар тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А)ақыл аздығы (малоумия)
Б) ақыл кемістігі
В) жабысқақтықтар
Г) тұлға деңгейінің төмендеуі
Д) абулиялар
292. Соматогенді психоздардың клиникалық көрінісінің, эндогенді психоздардан айырмашылығы төменде аталған белгілермен сипатталады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫМЕН:
А) соматикалық аурулармен айқын байланыстың болуы
Б) синдромдардың астениялықтан сана бұзылысына дейінгі ауысу стереотипі
В) айқын астениялық фонның болуы
Г) соматикалық жағдай жақсара бастағанда психоздан жайлы болжаммен сауығу
Д) психозадан дефицитарлы симптоматиканың дамуымен шығу
293. Тікелей ми тіні мен қабықтарының зақымдануына байланысты инфекциялардың (нейротропты инфекция: құтыру, эпидемиялық кенелік, жапондық маса энцефалиті, менингит) жедел кезеңінің клиникалық көрінісінде келесі бұзылыстар бақыланады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) күшті бас аурулары, құсулар
Б) диплопия, птоз, сөйлеу бұзылысы, шүйде бұлшық етінің ригидтілігі
В) үдемелі амнезия дамуы
Г) есеңгіреу, сананың онейроидты күйінің дамуы
Д) галлюцинаторлы-сандырақтық бұзылыстармен қозғалыстық қозу
294. ЖИТС-мен науқастанудың инкубациялық және бастапқы кезеңінде төменде аталған бұзылыстардың барлығы бақыланады, БІРЕУІНЕН ӨЗГЕСІ:
А) астениялық
Б) үрейлі-жабысқақтық
В) депрессивті
Г) амнестикалық
Д) неврастения тәрізді
295. Ми мерезінің бастапқы сатысына төменде аталған бұзылыстардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН ӨЗГЕСІ:
А) астениялық
Б) ипохондриялық
В) психотикалық
Г) депрессивті
Д) эмоциональды лабильділік
296. Үдемелі салданудың бастапқы сатысына төменде аталған бұзылыстардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН ӨЗГЕСІ:
А) церебрастениялық
Б) сөйлеу артикуляциясының бұзылысы
В) әуестік бұзылыстары
Г) салданулық ақыл кемдігі
Д) тұлға өзгерістерінің үдеуі
297. Үдемелі салданудың ортаңғы сатысына төменде аталған бұзылыстардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН ӨЗГЕСІ:
А) тотальді деменцияның үдеуі
Б) тұлғаның дөрекіленуімен
В) психикалық қызметтің ыдырауы
Г) критиканың төмендеуімен
Д) есте сақтау қабілетінің төмендеуімен
298. Сексуальды әуестік бұрмалануларына (парафилиялар) төменде аталған бұзылыстардың барлығы тән, БІРЕУІНЕН ӨЗГЕСІ:
А)фетишизм
Б) вуайеризм
В) педофилия
Г) трансвистизм
Д) эксгибиционизм
299. Наркоманиялық синдром төменде аталған бұзылыстармен сипатталады, БІРЕУІНЕН ӨЗГЕСІМЕН:
А) психикалық және физикалық тәуелділікпен
Б) өзгерген реактивтілікпен
В) ағзаға токсикалық әсер етумен
Г) толеранттылықтың жоғарылауымен
Д) асоциальды жүріс-тұрыспен
300. Алкоголизмнің ортаңғы (екінші) сатысы төменде аталған бұзылыстармен сипатталады, БІРЕУІНЕН ӨЗГЕСІМЕН:
А) алкогольге компульсивті әуестікпен
Б) шынайы салынып ішулермен
В) псевдо (жалған) салынып ішулермен
Г) мастанудың амнестикалық формаларымен
Д) тұлға деградациясымен
ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ ЖӘНЕ ОНЫ КӨРСЕТКЕН
КЕЗДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНА БЕРІЛЕТІН
КЕПІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Осы Заң халыққа психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы құқықтық,әлеуметтік, экономикалық және ұйымдық негіздерді , соның ішінде азаматтардың сондай жәрдем көрсетілген кездегі құқұықтарына берілетін кепілдіктерді белгілейді.