
- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
Эндокриндi аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар гуморальды реттеу бұзылыстарымен байланысты, олар iшкi секреция бездерi функциясының бұзылыстары кезінде пайда болады және клиникалық көрiнiстерінiң полиморфизмiмен ерекшеленеді.
Осы аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстардың пайда болу механизмi гормональды өзгерiстермен және оған байланысты зат алмасу, қантамырлық және басқа да бұзылыстармен байланысты. Морфологиялық субстракты әртүрлi интенсивтiліктегі және таралу дәрежесімен энцефалопатия болып табылады. Шекаралық психикалық бұзылыстар патогенезiнде психожарақаттаушы факторлар әсерімен тығыз байланыс байқалады.
Эндокриндi аурулар кезіндегі психика бұзылысының ерекшелігі негiзгi аурудың ауырлық дәрежесі мен даму сатысына байланысты. Осылайша психикалық бұзылыстар мен эндокриндi бездер функциясының арасындағы байланыс заңдылығы түсіндіріледі, мұның диагностикалық мәні зор.
Эндокриндi аурудың бастапқы кезеңiнде (Блейлер бойынша «эндокриндiк психосиндром») психопатия тәрiздi синдром бақыланады, бұл жағдайға психикалық белсенділіктің әртүрлi дәрежедегi төмендеуi (аса шаршағыштықпен және пассивтілікпен астения жағдайынан апатико-абулиялық синдромға дейін) тән.
Инстинкттер мен (жыныстық, тағамдық және т.б.) әуестіктердің күшеюі немесе төмендеуi, тұрақсыз көңiл-күй байқалады.
Аурудың әрi қарай дамуы және ауырлық дәрежесінің үдеуінде психопатия тәрiздi синдром психоорганикалыққа ауысады, бұл кезде түсіну мен критиканың дөрекі бұзылыстарымен, эмоциональды сылбырлықпен және топастықпен жүретін мнестико-интеллектуальды бұзылыстар бақыланады.
Бүкiл эндокриндi ауруларға басқа синдромның алмасуы мен дамуына негіз болып табылатын астениялық синдром тән. Осы фонда ауру дамуының кез-келген кезеңiнде жедел психоздар дамуы мүмкiн, олар әдетте науқас жағдайы ауырлағанда және эндокринді бездер функциясының үдемелі декомпенсациясы кезінде дамиды. Кейде олар ешқандай себепсiз пайда болады. Бұл психоздар сана күңгірттенуі синдромдарымен көрiнедi (аменция, делирий). Депрессивтi, депрессивтi-параноидты синдромдар, және де шизофрения тәрiздi симптоматикалар басымдылығымен психоздар байқалуы мүмкiн. Аталған психоздардың ағымы созылыңқы болуы мүмкiн. Уақыт өте психотикалық жағдайлар қайталануы мүмкiн.
Эндокриндi аурулар кезіндегі психоздар бүкiл психопатологиялық синдромдармен көрiніс беруі мүмкiн.
Жиі эндокриндi аурулар кезіндегі психоздар органикалық үрдіс көрінісін алады, бiрақ дамуының кейбір сатыларында шизофренияға ұқсас болып келеді (клиникасы мен созылыңқы ағымы бойынша да «шизофрения тәрізді» болып келеді).
Бұл жағдайларда эндокриндi аурулармен науқастардағы эмоциональдылықтың сақталуы ажырату белгісі болып табылады.
Емi, профилактикасы, сараптама
Эндокриндi аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстардың емi және профилактикасы соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстардың еміне ұқсас.
Науқастар реадаптациясында басты рөлдi психотропты препараттар, психотерапия және орын басушы гормональды терапия атқарады. Эндокриндi аурулар кезінде психикалық бұзылыстарды басынан өткiзген науқастардың медициналық және әлеуметтік-еңбектiк реабилитациясының эффективтiлiгi мына шаралар кешенін уақытында өткiзуге байланысты: бұзылған функцияның қалыптасуына және компенсациясына бағытталған патогенетикалық ем, уақытша еңбекке қабілетсіздіктің қажетті мерзімін сақтау, дәрігерлік-кеңестік комиссия қорытындысына қарай еңбекке орналастыру.
Эндокриндi аурулар және соматогендi психоздар кезіндегі әлеуметтік және клиникалық болжам психопатологиялық синдромдардың болуымен ғана негiзделмейді. Мұндай науқастардың еңбекке жарамдылығы келесі медициналық және әлеуметтік факторлармен анықталады: назологиялық, психотикалық синдром сипатымен, тұлғалық өзгеріс дәрежесімен, ем эффективтiлiгiмен, клиникалық бұзылыстар динамикасымен.