
- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
21 Тарау.
СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР МЕН ЭНДОКРИНОПАТИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Соматикалық бұзылыстар және эндокринопатиялар кезіндегі психикалық бұзылыстар клиникалық көріністеріне байланысты әртүрлі – жеңіл астениялық жағдайлардан айқын психоздар мен ақыл кемдігіне дейінгі аралықта.
Соматогенді психоздар соматикалық аурулар ағымының әртүрлі кезеңінде дамиды. Соматогенді психоздар патогенезінде бірнеше факторлар, соның ішінде нақты аурудың ағымы және ауырлық дәрежесі де маңызды болып табылады. Бұл кезде гипоксияға, гиперсенсибилизацияға, «өзгерген негіз» фонындағы (экзогениялардан кейін, әсіресе бас-ми жарақаттарынан кейін, интоксикациялар және т.б. кейінгі) тамырлық және вегетативтік өзгерістерге үлкен мән беріледі.
Тұрғындардың жалпы иммунизациясы және оның ағза реактивтілігіне әсері, соматикалық аурулар мен соматогенді психоздарды емдеудегі жетістіктер айқын жедел психотикалық формаларының азаюына және созылыңқы баяу үдемелі формаларының көбеюіне әкелді. Аурудың клиникалық ерекшеліктерінің өзгерістері (патоморфоз) соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстардың 2 ½ есе азаюымен көрінді. Бір уақытта осы аурулар ағымы формаларының сандық арақатынысы өзгерді. Жеке соматогенді психоздардың (мысалы, аментивті жағдайлардың) және психоз дәрежесіне жетпейтін психикалық бұзылыстардың кездесуі азайды.
Соматогенді психоздар кезіндегі психопатологиялық симптоматиканың даму стериотипі астениялық бұзылыстардан басталуымен сипатталады, сонан соң симптоматика психотикалық көріністермен және эндоформды «ауыспалы» синдромдармен алмасады. Психоздардың нәтижесі – сауығу немесе психоорганикалық синдром дамуы болып табылады.
Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар
Психикалық бұзылыстар жиі кездесетін соматикалық ауруларға жүрек, бауыр, бүйрек аурулары, өкпе қабынуы, ойық жара аурулары, сирек – пернициозды анемия, алиментарлы дистрофия, авитаминоздар, операциядан кейінгі психоздар жатады.
Созылмалы соматикалық аурулар кезінде тұлға патологиясы белгілері көрінеді, ал жедел және жеделдеу кезеңдерінде психикалық өзгерістер өзіндік ерекшеліктерімен тұлғалық реакциялармен шектеледі.
Әртүрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомокомлекс астениялық синдром болып табылады. Бұл синдром әлсіздікпен, тез шаршаумен, тітіркенгіштікпен және айқын вегетативті бұзылыстармен сипатталады. Кейбiр жағдайларда астениялық синдромға фобиялық, ипохондриялық, апатиялық, истериялық және басқа да бұзылыстар қосылады. Кейде алдыңғы қатарға фобиялық синдром шығады. Мұндай науқастарға тән қорқыныш тұрақты, зардапты болып келедi, өз денсаулығы, болашағы үшін, әсіресе хирургиялық операциялар, күрделi құралдық зерттеулер алдында үрей туады. Жиі науқастарда кардио- немесе канцерофобиялық синдром дамиды. Жүрек-өкпе патологиясы бар науқастарда гипоксия жағдайында наркоздан кейiн эйфория байқалады. Эйфория адекватсыз жоғары көңiл-күймен, критиканың төмендеуiмен, психикалық қызметтің продуктивтiлiгiнiң жоғалуымен байқалады.
Соматогендi психоздар кезіндегі басты синдром сана күңгiрттенуi (көбiне делириозды, аментивтi, сирек қарауытқан күңгірттену жағдайы) болып табылады. Бұл психоздар ешқандай айқын психикалық бұзылыссыз жедел, аяқ астынан дамиды немесе астениялық невроз тәрiздi, аффективтi бұзылыстар фонында (делирий, аменция) дамиды. Жедел психоздар 2-3 күнге созылады, соматикалық аурулардың жайлы ағымында астениялық жағдайға ауысады. Олар сонымен қатар депрессивтi, галлюцинаторлы–параноидты синдромдардың, апатиялық ступордың клиникалық көрiнiстерiмен созылмалы психозға ауысуы мүмкін.
Депрессивтi, депрессивтi-параноидты синдромдар өкпенің ауыр ауруларында, созылмалы ағымындағы және қажуға алып келетін iшкі мүшелердiң қатерлi ісіктері мен басқа да ауруларында кейде галлюцинаторлы синдроммен бірге (жиі тектильдi галлюцинациялар) кездеседi.
Соматогенді психоздардан кейiн психоорганикалық синдром дамуы мүмкiн. Бұл симптомокомплекс көріністері уақыт өте басылады. Психоорганикалық синдромның клиникалық көрiнiсi интеллекттің қарқындылық дәрежесі әртүрлі бұзылыстарымен, өз жағдайына критикалық көзқарастың төмендеуiмен, аффективтi лабильдiлікпен көрiнедi. Бұл жағдайдың айқын дәрежесінде аспонтандылық, өзіне және өзiн қоршаған ортаға немқұрайдылық, едәуір мнестико-интеллектуальды бұзылыстар байқалады.
Жүрек патологиясымен науқастар арасында психоздар жиі миокард инфарктымен науқастарда кездеседi. Бұл психоздардың хабаршы белгілеріне үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективтi бұзылыстар, қозғалыстық қозу элементтерi, вегетативтi және цереброваскулярлы бұзылыстар жатады. Психоз хабаршыларының ішінде эйфория, ұйқы бұзылысы, гипногогиялық галлюцинацияларға суреттеме берілген. Бұндай науқастардың жүріс-тұрысы мен режимiнiң бұзылысы олардың соматикалық жағдайларын нашарлатады және летальды нәтижеге әкеп соқтырады. Жиі психоздар миокард инфарктының бiрiншi аптасында пайда болады.
Миокард инфаркты кезiнде пайда болатын психоздардың негiзгi патогенетикалық факторлары инфаркттың ыдырау өнімдерімен интоксикация, гемодинамика бұзылысы, соның ішінде церебральды гемодинамика бұзылысы, жүрек қызметiнiң бұзылысы нәтижесіндегі гипоксия болып табылады.
Миокард инфаркты кезiндегi психоз синдромдарының жиі кездесетіні сана бұзылысы, жиі делириозды тип бойынша бұзылуы болып табылады: науқастар қорқыныш үрей, сезінедi, орын және уақыт бойынша бағдарлары бұзылған, галлюцинациялар (көру және есту) пайда болады. Науқастар қозған жағдайда, бiр жаққа талпынып тұрады, критикасы жоқ. Бұл психоздың ұзақтығы бiрнеше күннен аспайды.
Әдетте үрей сезімімен депрессия жағдайы бақыланады, науқастар жабырқаулы, өзiнiң емделiп шығуына сенбейдi, интеллектуальды және қозғалыстық тежелу, ипохондриялық күйзелістерге бейімділік, түнгі уақыттағы қорқыныштар, ерте оянулар және үрей байқалады.
Миокард инфаркты кезіндегі үрдіспен тығыз байланысты жедел кезеңнiң психикалық бұзылыстары жоғалғаннан кейiн кардиофобия типi бойынша невротикалық реакциялар, тұрақты астениялық жағдайлар пайда болады, ослырға байланысты миокард инфарктымен науқастардың еңбекке қабілетсіздігі анықталады.
Соматогендi психоз диагностикасында оны шизофрениядан және басқа эндоформды психоздардан (маниакальды-депрессивтi, инвалюционды) ажырату қажет болады. Диагностиканың негiзгi критериялары: соматикалық аурулар мен соматогендi психоздар арасындағы тығыз байланыс, ауру дамуының өзіне тән стереотипi (синдромдардың астениялықтан сана бұзылуына ауысуы), айқын астениялық фон және соматогендi патология кезiндегi психоздан тұлға үшін жайлы шығу болып табылады. Бұл жеке алынған критериялар дефференциальды диагностикада айтарлықтай нақты мәлімет бермейді.
Емi және профилактикасы
Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстардың емi негiзгi ауруға бағытталған, кешенді және индивидуальды сипатта болуы керек. Терапия патологиялық ошаққа әсер етуге, дезинтоксикацияға, сондай-ақ иммунобиологиялық үрдістерді қалыптастыруға бағытталған. Науқастарға, әсіресе жедел психоз жағдайындағы науқастарға тәулік бойы қатаң медициналық бақылауды қамтамасыз ету керек. Астениялық және психоорганикалық синдромдарда массивті жалпы қуаттандырушы терапия, витаминдер және ноотроптар (пирацетам және ноотропил) тағайындалуы керек.
Соматогендi психикалық бұзылыстар профилактикасы негiзгi ауруды уақытында және белсенді емдеу, дезинтоксикациялық терапия және үрей жағдайы күшейіп, ұйқы бұзылыстары орын алғанда транквилизаторлар қолдану шараларынан тұрады.