
- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
19 Тарау.
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Пайда болуы мен дамуына негізгі себеп инфекциялар болып табылатын, ал психопатологиялық көрінісі әдеттегі экзогенді типтегі реакциялармен анықталатын психоздар инфекциялық психоздар деп аталады.
Экзогенді тип реакцияларына келесі синдромдар жатады: астениялық, делириоздық, корсаковтық, эпилептиформды қозу (қарауытқан жағдай) кататония, галлюциноздық синдромдар. Мұндай психопатологиялық симптоматикамен жалпы инфекциялар (сүзек, безгек, туберкулез және т.б.) өтуі мүмкін немесе ол мида орналасқан инфекцияның клиникалық көрінісі болуы мүмкін. Менингит кезінде басым ми қабықтары, энцефалит кезінде ми затының өзі, менингоэнцефалит кезінде комбинирленген зақымдалу байқалады. Кейбір жалпы инфекциялар энцефалитпен (мысалы, іріңдік инфекция, тұмау, малярия) немесе менингитпен (мысалы, туберкулез) асқынуы мүмкін.
Инфекциямен күресудегі кеңестік медицина жетістіктерінің арқасында біздің елде инфекциялық аурулармен ауыру күрт төмендеп, осыған сәйкес инфекциялық психоздардың да кездесу жиілігі едәуір азайды.
Инфекциялық психоздарды шынайы ғылыми зерттеу XIX ғасырдың аяғында басталды, бұған микробиологияның дамуы мен медицинадағы нозологиялық бағыттың пайда болуы ықпал етті.
XX ғасырдың басында К.Бонгеффердің экзогенді типті реакцияларының концепциясы пайда болды, мұның мәні әртүрлі экзогенді зияндылықтарға бұзылыстардың ұқсас психикалық формаларымен жауап реакциясын мойындау болып табылады.
Инфекциялық психоздардың таралуы
Әртүрлі авторлардың берген мәліметтері бойынша инфекциялық психоздардың еліміздің жеке облыстары бойынша кездесу жиілігі жөніндегі статистикалық мәліметтер, инфекциялық психоздарды диагностикалау айырмашылығы және психикалық аурулардың пайда болуында инфекциялық факторлардың рөлін бірдей бағалаумауға байланысты күрт ауытқулармен ерекшеленеді (психиатриялық ауруханаға түскен науқастардың 0,1 ден 20 %-на дейін). Инфекциялық психоздар мен басқа да психикалық аурулардың сандық арақатынасы аз дәрежеде белгілі бір кезеңдегі нақты ауданның эпидемиологиялық сипатына тәуелді.
Психикалық бұзылыстардың клиникалық көріністері.
Инфекциялық аурулар кезінде және одан кейінгі кезеңде бақыланатын психотикалық емес бұзылыстар ішінде жиі кездесетіні астениялық бұзылыс болып табылады. Науқастар өте тез және жеңіл шаршайды, бас ауыруына, әлсіздікке, сылбырлыққа шағымданады. Ұйқысы беткей болып, қорқынышты түс көрулермен бірге жүреді. Көңіл-күйінде тұрақсыздық (көңіл-күйі көбінесе төмен, мұңаюға бейім келеді), тітіркенгіштік, ашушаңдық байқалады. Науқастардың қимылы баяу және сылбыр.
Жедел инфекциялық психоздарға сана бұзылуы, соның ішінде оның күңгірттенуі: делириоздық немесе аментивті синдром, сирек - сананың қарауытқан күңгірттенуі тән. Сана бұзылысы жиі дене температурасы жоғары шегіне жеткенде пайда болады, олардың структурасында айқын есту және көру галлюцинацияларымен бірге жедел сезімдік сандырақ бақыланады. Бұл құбылыстар безгектік кезең өткен соң жойылады.
Инфекциялық психоз дене қызуы қалпына келгеннен кейін де дамуы мүмкін. Ауыр инфекцияның жедел кезеңі өткен соң гиперестезия және эмоциональды әлсіздік көрінісімен терең астенияға ауысатын аментивті синдром байқалуы мүмкін.
Созылыңқы және созылмалы инфекциялық психоздарға мыналар тән: амнестикалық корсаков синдромы (ес бұзылыстарының біртіндеп қалпына келуіне тенденциямен), галлюцинарторлы-параноидты синдром, формальды ашық сана фонындағы кататоно-гебефрендік синдромдар. Соңғы екі синдром сол сәтте шизофрения симптоматикасынан қиын ажыратылады. Бұл кезде шизофренияға тән тұлғалық өзгерістердің (аутизм, тұлғаның эмоциональды кедейленуі және т.б.) немесе инфекциялық психоздарға (эмоциональды лабильділік, ес бұзылысы және т.б.) тән тұлғалық өзгерістердің дифференциальды-диагностикалық мәні жоғары. Мұнда барлық симптомдардың комплекстерін, сонымен қатар диагностика үшін маңызды серологиялық және басқа да лабораториялық мәліметтерді де ескеру қажет.
Ми тіні мен оның қабықтарының тікелей зақымдалуына байланысты пайда болған инфекциялар кезінде (нейротропты инфекциялар: құтыру, эпидемиялық кенелік және жапондық масалық энцефалиті, менингит), жедел кезеңнің келесідей клиникалық көрінісі бақыланады: қатты бас ауыруы жиі, жиі құсу, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі және басқа да неврологиялық симптомдар фонында (Керниг симптомы, диплопия, птоз, сөйлеудің бұзылуы, парездер, диэнцефальды синдром белгілері және т.б.) есеңгіреу, сананың онейроидты күңгірттенуі (қиял тәрізді), сандырақтық және галлюцинарторлы бұзылыстармен бірге қимылдық қозу дамиды.
Энцефалит кезінде психоорганикалық синдром симптомдары байқалады. Есте сақтау қабілеті және интеллектуальды өнімділік төмендеп, психикалық үрдістерің, әсіресе интеллектуальды үрдістердің инерттілігі, белсенді зейіннің ауысуының қиындауы және оның тарылуы, аса лабильділік және ұстамсыздықпен эмоциональды–еріктік бұзылыстар байқалады. Психоорганикалық синдром жиі созылмалы регредиентті ағымды болады. Энцефалит кезіндегі психикалық бұзылыстар неврологиялық бұзылыстармен бірге жүреді. Әдетте табанды және күшті бас ауырулары, аяқ-қолдардың орталықтық және перифериялық салдары мен парездері, гиперкинетикалық бұзылыстар, сөйлеудің және бас-ми нервтері қызметінің бұзылысы, эпилептиформды ұстамалар байқалады. Дене қызуы жиі өте жоғары көрсеткіштерге дейін көтеріледі (39-40°С). Вазовегетативті бұзылыстар байқалады (артериалдық қысымның тербелістері, гипергидроз).
Инфекциялық психоздар созылмалы ағыммен жүргенде олардың клиникасындағы психикалық бұзылыстардың әрқилылығымен органикалық синдром типтес тұлғалық өзгерістерге алып келеді.
ЖИТС (жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы) кезіндегі психикалық бұзылыстар. ЖИТС-тің клиникалық көрінісінде осы дерттің басқа да көріністерімен қатар диагностика, емдеу және жүргізу тактикасы үшін маңызды болып табылатын психикалық бұзылыстардың ерекше орны бар.
ЖИТС-пен науқастардың преморбидтік тұлғалық ерекшеліктері жиі психопатиялық айрықшалықпен сипатталады, олардың ішінде жиі истериялық тұлға ерекшеліктері байқалады (мәнерлілікпен, мимикасы мен жесттарының театральдылығымен). Әртүрлі сексуальды бұрмаланыстар байқалады. ЖИТС-ті жұқтыру факті жөніндегі ақпаратты әдетте науқастар сәйкес бағаламайды, айқын реактивті психопатологиялық күйлер бақыланбаған.
ЖИТСпен науқастанудың алғашқы кезеңдерінде инфекцияның соматикалық көріністерінің пайда болуымен қатар, зейін жинақтау, есте сақтаудың қиындауы және эмоциональды тұрақсыздық сияқты бұзылыстармен неврастения тәрізді синдром жиі байқалады.
Ал ауру дамуының соңғы сатыларында амнестикалық бұзылыстар айқынырақ бола бастайды. Бұл фиксациялық амнезияны еске түсіреді, өткен өмірінің оқиғаларына қатысты ес сақталған, өзіне сын көзқарас төмендеген, өз мүмкіндіктері мен жеке басын асыра бағалауға тенденциямен аса бағалы идеялар пайда болады. Ойлау байымдылыққа бейімделеді. Эмоциональды ұстамсыздық байқалады.
Клиникалық психопатологиялық көрінісі динамизммен, психикалық жағдайының уақытша жақсаруы кезеңдерімен ерекшеленеді, бірақ аурудың дамуы мен үдеуіне байланысты психикалық бұзылыстар айқын психоорганикалық синдром дәрежесіне дейін жетеді.