
- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
Бас–ми жарақаты кезіндегі пайда болатын бұзылыстар, соның ішінде психикалық бұзылыстар оның ауырлық дәрежесіне, орналасуына, сонымен қатар, басқа да көптеген жағдайларға - бір уақытта басқа мүшелердің зақымдалуы, жалпы қан жоғалту, инфекциялар, интоксикациялар қосылуына және басқа да клиникасына әртүрлі симптоматика беріп, психикалық бұзылыстардың полиморфизмін көрсететін факторларға байланысты.
Бас-ми жарақатының жедел кезеңіндегі психозды ми гемодинамиканың жедел бұзылыстармен байланыстырады. Жарақаттық психоз көрінуінде, дамуында және ағымында капиллярлар өткізкізгіштігінің жоғарылауы нәтижесінде болатын ми ісінуінің едәуір маңызы бар.
Бас–ми жарақатының жабық және ашық түрлерінде де жедел кезеңінде жалпы милық симптомдар көрінеді. Ашық жарақаттың клиникалық көрінісі ми зақымдалуына, инфекциялық үрдістің, жиі іріңді менингоэнцефалит дамуына байланысты болады.
Бас-ми жарақатының жедел кезеңіндегі психоздар кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер бас миының ісінуімен және геморрагиялармен көрінеді. Бас-ми жарақатының алыс салдарының патоморфологиялық субстраты энцефалопатия болып табылады.
Емі, профилактикасы және сараптамасы
Бас–ми жарақаты кезінде ем кешенді болуы қажет және жарақаттан кейінгі жағдайға, оның сипатына, жарақаттан кейін қанша мерзім өткеніне, психопатологиялық симптоматикасына, сонымен қатар неврологиялық және соматикалық бұзылыстарға байланысты қатаң дифференцирленген болуы керек.
Бас–ми жарақатының бастапқы және жедел кезеңдерінде ми ісінуін жою, қозу жағдайын тоқтату және психоздың басқа да көріністерін жою үшін белсенді реанимациялық шаралар жүргізілуі тиіс. Дегидратациялық терапия жүргізіледі, транквилизаторлар қолданылады.
Бас-ми жарақатының алыс салдары кезеңіндегі психоздар емінде дегидратациялық, жалпы қуаттандырушы терапиядан басқа басты психопатологиялық синдромды ескере отырып нейролептиктер тағайындалады.
Психикалық бұзылыстардың профилактикасы бас–ми жарақатын алған сәттен бастап науқастарға дұрыс көмек көрсету болып табылады: стационарлау, қатаң төсектік режим, белсенді бақылау, дегидратациялық терапия жүргізу, бассүйекішілік қысымның көтерілуі кезінде - жұлын пункциясы, психоздың алғашқы симптомдары пайда болғанда - транквилизаторлар мен нейролептиктерді қолдану.
Бас-ми жарақатының алыс салдарымен науқастар үшін жұмыс және демалыс тәртібін сақтау, психикалық және физикалық зорығу жағдайын болдырмау, жылына 1-2 рет дегидратациялық терапия курсын өту, жалпы қуаттандырушы ем, интоксикацияның декомпенсациялаушы факторларының, жалпы аурулардың алдын-алу және болдырмау қажет. Психотерапия, тұрмыста және жұмыста қажет жағдай туғызу сияқты реабилитациялық шараларды кең түрде жүргізу қажет. Еңбекке қабілеттілігі шектелген адамдарды жұмысқа дұрыс орналастырудың маңызы зор.
Сараптама. Бас миының жарақаттық зақымдануынан кейінгі психикалық бұзылыстармен науқастар жиі заң бұзушы әрекеттер жасайды. Бас-ми жарақатынан кейінгі психикалық бұзылыстары бар және заң бұзған науқастар қабілетсіз деп танылады және психиатриялық ауруханаларда мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді. Психотикалық емес бұзылыстармен науқастар жиі қабілетті болып танылады және өздерінің іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылады. Қабілеттілік жағдайын анықтау әр нақты жағдайда сот- психиатриялық сараптама жағдайында жүргізіледі.
Сәулелік аурулар кезіндегі псхикалық бұзылыстар
Сәулелік аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстарды екі топқа бөлуге болады: жедел реактивті жағдайлар (кез-келген уақытта пайда болуы мүмкін және денсаулық пен өмірге қауіп тудырумен сипатталатын, әртүрлі тереңдік пен айқындылық дәрежесіндегі арнайы емес психикалық реакциялар) және енген радиацияның әсерінен болатын бұзылыстар. Тікелей сәулелену үрдісінде (сәулелік терапия) көптеген науқастарда жалпы әлсіздік, бас ауыруы, жүрек айнуы мен бас айналу және өзін- өзі нашар сезіну байқалады. Кейбір жағдайларда ес төмендеуі, тез шаршағыштық, эмоциональды тұрақсыздық, ұйқышылдық, әлсіздікпен астениялық жағдайдың клиникалық көріністері дамыды.
Кейбір жағдайларда сәулеленуден кейін 2 – 7 жыл аралығында ОЖЖ жағынан өзгерістер орын алған. Әртүрлі синдромдардың пайда болуы мен олардың ауырлық дәрежесі сәулелік әсердің суммарлы интенсивтілігімен анықталды. Жиі вегатативті – қантамырлық және эндокриндік регуляция бұзылыстары, астеновегетативті және церебрастениялық синдромдар, жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстары байқалып отырды. Сәлеленуден кейінгі алғашқы 2 жылда вегетативті-қантамырлық және эндокриндік бұзылыстар басым болды, ал кейбір жағдайларда айқын жалпы астенизациямен және невротикалық реакциялармен бірге жүрді. Сәулеленуден кейін 3 - 4 жыл өткен соң церебрастениялық бұзылыстардың біруақытта үдеуімен астенизацияның одан әрі тереңдей түсуі байқалды. Науқастар есте сақтау кабілетінің күрт төмендеуіне, тез шаршағыштық пен қажу жағдайына, ал кейде тіпті қарапайым ой еңбектеріне зейінін жұмылдыру мүмкінсіздігіне шағымданды. Көптеген науқастарда үнемі немесе кезеңмен бас ауыруы байқалған.
Науқастардың жалпы әлсіздігінің көрінісі ұлғая түскенде жүйке жүйесінің (бас – ми иннервациясының бұзылысы, қимыл сферасының бұзылыстары, оптико - вестибулярлы симптомдар және т.б.) органикалық зақымдануларының микросимптомдары байқалды.