Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психиатрия kaz,,, - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.63 Mб
Скачать

18 Тарау

БАС-МИ ЖАРАҚАТЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕЛІК ЗАҚЫМДАНУЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

Бас-ми жарақатына тікелей байланысты психикалық бұзылыстар сатылы түзіледі, психикалық синдромдардың полиморфизмімен және олардың регрессивті дамуымен (асқыну жағдайларын есепке алмағанда) сипатталады.

Өмір қарқынының жылдамдауына байланысты бас-ми жарақаты проблемасы және онымен байланысты психикалық бұзылыстар күннен-күнге актуальды сипат алуда.

Бас-ми жарақаттарын жабық және ашық деп бөлеміз. Ашық жарақат ми жарақаттарының 10 %-ын құрайды.

Жабық жарақаттарға мидың шайқалуы (commotio cerebri) және мидың соғылуы (contusio cerebri) жатады.

Бастың ашық жарақаттары енген және енбеген болып бөлінеді. Енген (ми затының бұзылуымен) жарақаттар бас сүйегінің жарақаттарында болады.

Бас-ми жарақаттарының, соның ішінде психопатологиялық белгілерді ерте анықтаудың маңызы зор, және нақты диагностикаға, мақсатты, сәйкес ем жүргізуге көмектеседі. Бас-ми жарақатынан кейін психикалық бұзылыстар дамуының 4 сатысын: алғашқы, жедел, реконвалесценция және алыс салдар кезеңдерін ажыратады.

Бас-ми жарақаты кезіндегі психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісі

Алғашқы кезең. Жарақат алғаннан кейін бірден науқас санасын жоғалтады (95% жағдайда), содан соң сана деңгейінің терең кома жағдайынан есеңгіреудің жеңіл дәрежесіне дейінгі тербелістері орын алады.

Жедел кезең. Бұл кезең сананың қалыпқа келуімен және жалпы милық бұзылыстардың жоғалуымен сипатталады. Жедел кезеңнің типті синдромдары адинамиялық, вегатативтік, вестибулярлы бұзылыстармен көрінетін астения болып табылады. Астенияның жеңіл түрлерінде науқас соматикалық сипаттағы шағым айтады, көңіл-күйі төмен, тітіркенгіш, ренжігіш,бос көңілді болып келеді. Жиі амнезиялар және ең алдымен ретроградты амнезия байқалады, бұл кезде ес бұзылысы жарақаттың ауырлығына байланысты жарақат алған сәтті ғана қамтып қоймай, оның алдындағы бірнеше күн, айлар, тіпті жылдардан тұратын мерзімді қамтуы мүмкін. Контузия кезінде неврологиялық бұзылыстардың ішінен салдану, парез түріндегі қимылдық бұзылыстар бақыланады, гипестезия және анестезия түріндегі сезімталдық өзгерістері байқалады, бас сүйек негізінің сүйектері сынған кезде бет нервісінің салдануы болады.

Бас-ми жарақатының ауыр асқынуларына бассүйекішілік қан құйылулар жатады, нәтижесінде жалпымилық және жергілікті симптомдармен ми компрессиясы орын алады. Бұл кезде симптомдар динамикасының ерекшелігі бастапқы кезең симптомдары жойылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң науқастың жағдайы қайтадан нашарлайды: белгілі бір аймақта локализацияланған бастың үдемелі күшті ауыруы пайда болады. Сана тежелуі және есеңгіреуі дамиды. Симптомдардың типті триадасы пайда болады: артериалдық және ликворлық гипертония, брадикардия. Көз түбінің іркілістік құбылыстары бақыланады. Джексоновский типіндегі тырысулық ұстамалар, салданулар, парездер, афатикалық бұзылыстар бақылануы мүмкін.

Жоғарыда суреттелген жағдайлар кезіндегідей психикалық бұзылыстар, бас-ми жарақатының сүйектер сынуымен асқынуларының нәтижесіндегі ми қантамырларының майлы эмболиясы салдары түрінде бассүйек ішілік қан құйылулар кезінде де бақылануы мүмкін.

Жабық бас-ми жарақатының жедел кезеңінің ұзақтығы тәуліктерден 2 айға және одан көп мерзімге созылады. Бұл кезеңдегі психикалық бұзылыстар бас-ми жарақатының ауырлық дәрежесіне (жеңіл, орташа, ауыр) байланысты жіктеледі. Жеңіл дәрежесінде сана секундтарға (минуттарға) сөнеді, сана сөнуі болмауы да мүмкін немесе обнубиляцияның жеңіл дәрежесі орын алуы мүмкін.

Науқас тар жедел кезеңде шағым айтпайды немесе жеке-жеке жалпымилық симптомдарға нұсқайды: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы.

Бас-ми жарақатының орташа ауырлық дәрежесінде науқас санасы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа жоғалады, артынан бір сағаттан 1-2 күнге дейін сана обнубиляциясы, одан әрі қарай антероретроградты амнезия орын алады. Жедел кезеңде бас ауруы, бас айналуынан басқа мнестико- интеллектуальды бұзылыстармен және адинамия құбылыстарымен айқын астения болады. Бас-ми жарақатының ауыр дәрежесінде бірнеше тәулікке созылатын сопор немесе кома бақыланады. Ретро-антероградты және фиксациялық амнезия тән. Жедел кезеңде психоорганикалық синдром көріністері байқалады.

Жедел кезеңде (жиі алғашқы күндерде немесе бір аптаның жартысында, сирек бір айдан кейін) сана қалпына келген соң жиі күңгірттену, делириозды немесе онейроидты тип бойынша сананың қарауытқан күңгірттенуі түрінде психоздар байқалады. Корсаков синдромы дамуы мүмкін (ең алдымен фиксациялық және ретроградты амнезия, аз дәрежеде – антероградты амнезия және конфабуляциялар) Жарақаттан кейінгі кататония түрінде көрінетін апалликалық синдром суреттелген, бұл кезде ми қыртысы қызметінің тоқтауы-декортикациямен байланысты психикалық және неврологиялық бұзылыстар бірігіпкөрініс береді. Сонымен қатар, акинетикалық мутизм бақыланады, бұл кезде қимылдың болмауы сөйлеудің тоқтауымен қосарланады. Сирек жағдайда аффективті (дисфорияға жақын көңіл - күйдің төмендеуі) және сандырақтық (сезімдік сандырақпен, вербальды галлюцинациялармен) психоздар байқалады. Ми контузиясы кезінде эпилептиформды ұстамалар жиілей түсіп, эпилептикалық статустың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Жарылыс толқынымен жарақаттану – бас-ми жарақатының ерекше түрі - ми шайқалуы және соғылуы, ми қанайналысының бұзылысымен жүреді. Бұл кезде сана жарылысты дыбыстық қабылдауға дейін кенеттен жоғалады. Сөнген сана кезеңі - бірнеше минуттан 5-6 сағатқа дейін созылады; сырттай бұл кезде науқас өлген адамға ұқсайды. Бұл науқастардың жүріс-тұрысы жарақаттанғандар жүріс-тұрысынан күрт ерекше. Жарылыс толқынымен жарақаттанғаннан кейін науқастар сылбыр, аз қозғалады, ажыраған. Сурдамутизм құбылыстары байқалады.

Ашық бас-ми жарақаттары кезінде бастапқы және жедел кезең симптоматикалары жабық бас-ми жарақаты кезіндегі белгілерден ерекшеленбейді.

Бас-ми жарақатының кейінгі салдары кезеңінде бақыланатын психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісі

Бас –ми жарақатының кеш кезеңідегі психопатологиялық синдромдар жарақаттан кейін бірнеше айлар, жылдар сақталады және олардың кейбір жеке белгілері сияқты толық кері дамуға ұшырамайды. Олар астениялық, психопатия тәрізді, пароксизмальды синдромдармен, аффективті, галлюцинаторлы-сандырақтық және паранойяльды психоздармен, және де ақыл кемдігі жағдайларымен көрінеді.

Жарақаттық астения (церебрастения). Астенияны бас-ми жарақатының алыс салдары кезеңінің «нағыз» бұзылысы деп атайды. Бұл кезеңге тән астенияның клиникалық көріністерінің ішінде тітіркенгіштік, әлсіздік, тез шаршау, бас ауруы, бас айналуы басым болады. Олар ыстықты, транспортты көтере алмайды, қызметтің бір түрінен екінші түріне ауысқанда қиындықтар туындайды.

Жарақаттық энцефалопатия (психопатия тәрізді синдром). Истериялық бұзылыстар, экплозивтілік, өткінші интеллектуальды - мнестикалық бұзылыстардан тұрады.

Пароксизмальды синдром ашық және ауыр бас-ми жарақатынан кейін пайда болатын жиі абортивті үлкен тырысулық ұстамалармен сипатталады. Жиі пароксизмдердің өзге түрлері бақыланады :абсанстар, кіші ұстамалар, қантамырлық- вегетативті ұстамалар, дистрофиялар.

Сенестопатиялар да жиі байқалады. Тырысулық ұстамаларынан кейін бірден сананың қарауытқан күңгірттенуі орын алуы мүмкін.

Астениялық, психопатия тәрізді, пароксизмальды синдромдардың дамуы регредиентті ағыммен жүреді, оның жылдамдығы баяу және суреттелген симптоматика ұзақ ондаған жылдар бойы бақыланады.

Алыс кезеңде жарақаттық психоздар бақылануы мүмкін, олар әдетте қайталамалы бас-ми жарақаты, улану, инфекция, психикалық жарақаттарға байланысты туындайды. Аффективті және галлюцинарторлы-сандырақтық психоздарды ажыратады.

Аффективті психоздар кезеңдік және бір реттік (сирек) депрессия немесе мания жағдайларымен көрінеді, бас- ми жарақатының жеңіл және ауыр дәрежесінің нәтижесі болып табылады. Депрессивті синдром көңіл-күйдің төмендеуімен, ипохондриялық және дисфориялық симптомдармен жүретін жабырқаулықпен көрінеді. Мания жағдайында көңіл-күйдің көтерілуі эксплозивтілікпен, аффективті күйлермен, даукестік жүріс-тұрыспен бірге жүреді. Айқын емес психоорганикалық синдром белгілері байқалады. Алғашқы ұстамалар кезінде сананың күңгірттенуі болады.

Аффективті психоздар бас-ми жарақатынан кейін, әртүрлі мерзімнен кейін, жиі 10-20 жылдан соң дамиды.

Психоздар әдетте кенеттен экзогениядан кейін (бастың жеңіл жарақаты, жеңіл инфекциялар және т.б.) пайда болады. Симптоматикасы жедел дамиды. Психикалық бұзылыстар диэнцефальды бұзылыстармен бірге жүреді. Психоз 3-4 айға созылады, ұстама ағымы регредиентті түрде өтеді.

Бас-ми жарақатының ауыр және орташа дәрежесінде галлюцинарторлы- сандырақтық психоздар байқалады. Психоз дебютінде сананың қарауытқан күңгірттенуі немесе вербальды галлюциноз синдромымен делириозды тип бойынша сана күңгірттенуі болады. Әрі қарай клиникасында аффективті- сандырақтық бұзылыстар басым болады. Сандырақ әрқашан күйзелістердің нақтылығымен көрінеді. Жарақаттық психоздар сандырақтық қызғанышпен (аса бағалы), даукестік тенденцияларымен көрінеді. Астения әлсіз дәрежеде көрінеді.

Жарақаттық ақылкемдігі бас-ми жарақатының алыс салдарының салыстырмалы түрде сирек кездесетін көрінісі, жиі бастың ашық жарақаты және бассүйек негізінің сынуымен мидың ауыр контузиясы нәтижесінде дамиды. Ақылкемдігі дисмнестикалық тип бойынша дамиды. Клиникалық көрінісінде сылбырлық, аспонтандылық, жігерсіздік немесе тітіркену ұсатамаларымен үзіліп тұратын эйфория болады.

Қарт адамдарда бас-ми жарақаты ішінен ми шайқалуы басым кездеседі. Бұл жағдайда жеңіл жарақаттардың өзінде әрқашан сана жоғалуы көрініс береді. Жедел кезеңінде жиі бас айналу байқалады. Жарақаттан кейін ес бұзылыстары айқын көрініс береді.