
- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
14 Тарау
ПСИХОПАТИЯЛАР
Психопатиялар – интеллект өзгерісінсіз, тұлғааралық қатынас және қоршаған ортаға адаптациялану бұзылыстарына алып келетін туа және жүре пайда болған мінез-құлықтың тұрақты бұзылыстарының тобы.
Психопатия кезіндегі психикалық дисгормония психикалық қасиеттердің бірінің басымдығымен және өзгелерінің дұрыс жетілмеуімен байланысты. Мысалы, аффективті стимулдармен шақырылатын өз жүріс-тұрысы мен реакциясын бақылаудың бұзылысы кезіндегі жоғары эмоциональды қозу; қоршаған ортаны адекватты бағалау жетіспеушілігі және шынайылық сезімін жоғалту кезіндегі үрейшілдік, сенімсіздік және күдікшілдік; қабілеттілік, мүмкіндік және т.б. болмаған жағдайдағы эгоцентризм, өзінің мәнді орын алатындығына аса көңіл аударту. Аталған психикалық қасиеттер психикалық тұрғыдан қалыпты адамға да тән, бұл кезде олар тепе-тең көрініс береді. Психикалық қасиеттердің тепе-теңдігі тұлғаның тұрақты, гормониялық құрылымын түзейді. Тұлға гормониялылығы мен дисгормониялылығы - психикалық жағдайларды квалификациялауда қолданылатын түсініктен әлдеқайда кең. Тұлғаның гармониялылығы физикалық немесе психикалық қасиеттерінің оптимальді қосылысы ретінде кейбір талаптарға жоғары дәрежеде сәйкес жауап беріп, өзгелеріне сәйкестігі төмен болуы мүмкін. Бірақ психопатиямен тұлғаларда бұл қасиеттер әлеуметтік адаптацияны қиындататын қасиеттермен бірге жүреді.
Психопатиялық күйлерді көптеген психикалық жағдайлар ішінен анықтау кезінде тұлғаралық қатынастар мен тұлғаның әлеуметтік адаптациясының бұзылуына алып келетін түрлері айрықша көрініп тұрады.
Клиникалық көрінісі
Психопатиялардың клиникалық көріністері келесі ерекшеліктерімен сипатталады. Осы дертке шалдыққандар тұлғалық қордың дисгармониясымен ерекшеленеді, ол айқын болған жағдайда әлеуметтік адаптация бұзылысы орын алады. Психопатиялық көріністер тотальды, яғни адам қызметінің барлық сферасында көрініс беріп отырады, және тұрақты.
Психопатия кезінде өмірлік адаптация мүмкіндігі екі жағдайға байланысты: тұлға дисгормониясының айқындылық дәрежесіне және сыртқы факторларға.
Психопатиялық тұлға өзіне қолайлы жағдайда қанағаттанарлық дәрежеде адаптациялануы мүмкін (компенсация жағдайы) және өзіне тән психопатологиялық көріністер, соның ішінде невротикалық көріністер айқын болғанда, қолайсыз жағдайларда (декомпенсация) дезадаптацияланады.
Психопатия басқа аурулардан, соның ішінде психикалық аурулардан да ерекшеленеді. Психопатия тұлғалық ерекшеліктермен, оның ұстанымдарымен тығыз интеграцияланған, ал аурулар, психикалық ауруларды қосқанда науқас тұлғасы үшін бөтен болып табылады. Психопатия динамикасы ауру динамикасымен салыстырғанда ерекше. Психопатия кезінде ремиссия жоқ. Психопатияны емдеуде тұлға корекциясына және тұлғаның өзіне, қоршаған ортасына қатынасын қайта құруға маңызды орын беріледі. Психопатияның таралу дәрежесіне баға беру қиынға соғады. Психопатиямен науқастар дәрігер бақылауына декомпенсация жағдайында немесе қоғамдық заңды бұзу жағдайларында түседі.
Психопатияны оқып, зерттеу соттық психиатрия дамуына тығыз байланысты. Алғаш рет психопатияны басқа психикалық бұзылыстардан бөліп қарау отандық психиатрлар И.М. Балинский және О.М. Чечоттан басталды. Олар жүргізген соттық-психиатриялық сараптама негізінде қылмысты іс жасаған кезде кей адамдар жан ауруының белгілерін байқамағандығы анықталған. Олардың жағдайы психопатиялық деп анықталды (И.М. Балинский және О.М. Чечоттың 1884 жылы Семенованың ісі бойынша қорытынды сараптамасында осылай болған). Бірақ бұл термин қазіргі қолданыстағы терминнен мазмұны бойынша ажыратылады. И.М. Балинский жеке О.М. Чечотт жан бұзылысының белгілері жоқ, бірақ дені сау деп те санауға келмейтін, тұлғаның жалпы психикалық толымсыздығының көрсеткіші ретінде «психопатия» және «психопатиялық жағдай» терминдерін қолданды. И.М. Балинский мен О.М. Чечоттың соттық – психиатриялық қорытындысы бойынша көптеген келіспеушіліктер болды. Семенованың ісіне аса назар қойған сол кездегі газет пен журналдардың беттерінде ‛‛Психопатия’’және‛‛Психикалық жағдай’’терминдері орын алды. Осы статьялардың бірінде Семеноваға ‛‛психопатка’’ деген атау берілді.
1891-1893 жылдары психопатиялық жетіспеушілікпен тұлғалар неміс психиатры Кохпен сипатталды. Э.Крепелиннің аурулар жүйесінде психопатиялар оның түрлерінің көрсетілуімен арнайы топқа бөлінді. Сонымен қатар олардың ерекшеліктері мен басқа аурулардан принципиальды айырмашылықтары келтірілді. Одан әрі психопатияның негізі мен жүйесін бағалауда екі тенденция байқалды. Бір жағдайларда психопатия жеке психикалық аурулар мен психикалық саулық жағдайлары арасындағы аралық күйлер, ал басқа жағдайларда - тұлғалық қасиеттердің өткірленуі ретінде қарастырылады. Аралық жағдайларда ауруға тән үдемелілік белгілері байқалмайды, және осымен қатар науқас тұлғасын сипаттайтын айқын белгілері бар. Осыға сүйене отырып психопатияның келесі варианттары ажыратылады: шизоидты, эпилептоидты, циклоидты. Психопатия анықтамасында жеке психикалық қасиеттердің шеткі көріністеріне бағытталу таза психологиялық жіктеудің пайда болуына және келесі «қоғам жауы», «интриганттар», «мифомандар» (өтірікшілер) сияқты варианттардың бөлініп шығуына себеп болды. Психопатияны екі жақты позициямен қарау олардың пайда болуының себептерін сәтті зерттеуге септігін тигізбеді және олардың клиникасының бір жақты айқындалуына алып келді.
Психопатияның болмысы мен клиникалық көрнісін зерттеуде белгілі кеңес психиатры П.Б.Ганнушкин үлкен еңбек жасады. Ол психопатияның негізгі критерияларын қалыптастырды, конституция типтері мен психопатия варианттарының өзара қатынасын қарастырды, психопатиялардың нақты клиникалық сипаттамасы берілді. Клиникалық суреттеуде ең алғаш осы аурудың психопатологиялық көріністерінің динамикасына көңіл аударды. Динамиканың фазалары мен сатылары бөлінді. Психопатияның психопатологиялық көріністерінің көп түрлілігі, динамикасындағы, пайда болу жағдайларындағы айырмашылықтар психопатияларды, психопатиялық күйлерді қосымша бөлуге негіз болды. Осылайша ядролық және шеткі психопатия пайда болды (О.В.Кербиков). Алғашқысы ерте балалық шақта дамиды, жиі айтарлықтай себептерсіз пайда болады, психикалық бұзылыстардың айқын көрінуімен ерекшеленеді және науқастарды тұрақты дезадаптацияға әкеледі. Шеткі психопатиялар, немесе тұлғаның патологиялық дамуы қолайсыз факторлар (эмоциональды жарақаттаушы) әсеріне байланысты дамиды. Патогенді факторлар психопатияның психопатологиялық көріністерінің ерекшеліктеріне де, сонымен қатар айқындылық дәрежесіне де әсерін тигізеді. Соңғы кездері акцентуацияланған тұлғалар түсінігі ажыратылды (К.Леонгард). Бұл тұлғалар психикасы сау адамдар мен психопатиялы тұлғалар арасында аралық орын алады. Оларда тұлғаның психопатиялық ақауы болмайды, бірақ өзінің ерекшеліктері жағынан дені сау адамдардан ажыратылады. Бұл ерекшеліктер (акцент) ауру көрінісі ретінде қарастырылмайды, бірақ өзінің психикалық айрықша түрлілігі бар және қиын жағдайларда адаптация бұзылысының, тұлға аралық қатынастар бұзылысының себебі болуы мүмкін. Психопатияның жалпы психопатологиялық көріністері тұлғаның дисгармониялық ерекшеліктеріне байланысты. Соңғысы осы бұзылыстардың құрылымын анықтайды.
Психопатияның түрлі формадағы клиникалық көріністерінің әрқилылығына қарамастан ортақ ерекшеліктерін атауға болады. Ереже бойынша психопатия кезінде галлюцинация түріндегі қабылдау бұзылысы байқалмайды. Дегенмен аффективті кернеу жағдайында жеке иллюзиялық бұзылыстар болуы мүмкін. Және де сенестопатия формасында түйсік бұзылысы бақылануы мүмкін. Бұл кейбір соматикалық ауруларда кездесетін сенестопатияға ұқсас. Психопатия ОЖЖ-нің органикалық зақымдануымен байланысты өзге психикалық аурулар немесе шизофрения кезінде бақыланатын интеллектуальді патологиямен бірге жүрмейді. Психопатиямен науқастар өзіндік «Менді» бағалауда айрықша пікірмен ерекшеленеді. Ақпаратты біржақты таңдауға тенденция бар, яғни тұлға ұстанымдарына сәйкес және ол үшін ерекше эмоциональды мәнге ие ақпаратты қабылдау. Бұл критерияларға қарсы немесе сәйкес келмейтін ақпараттар еленбейді және қабылданбайды. Осыған байланысты тұлға аралық қатынастардың мәнін түсінуде және өзін бағалауда, әсіресе өз қызығушылықтарына тиіп кеткенде обьективтілік болмайды және қателіктер жіберіледі. Осы негізде психопатиямен науқастардың салыстырмалы интеллектуальді жеткіліксіздіктері жөнінде айтылды. Психопатиямен науқастар өз қатесінен қажетті сабақ толық ала алмайды. Олар өздері үшін эмонациональды маңызы бар құбылыстар мен жағдайларды бағалауда толымсыздық көрсете отырып, психикалық дені сау адамдар тәрізді қабілеттер мен мүмкіндіктерді игереді.
Психопатиялық тұлғалардағы айқын бұзылыстар эмоцианалды – еріктік сферада байқалады. Эмоциональды реакциялар кейбір науқастарда аса айқын, ашу-ыза ұстамасымен және агрессивті әрекеттермен көрінеді, ал кейбіреулерінде - өзінің толымсыздығы сезімін күйзелумен, үреймен қорқынышпен көрінеді. Бұл мінез-құлқындағы ерекшеліктерден айналадағылар немесе олардың өздері зардап шегетін адамдарды психопаттар деп атауға негіз болды. Бұл аффективті көрністер қарапайым эмоцияға жатады, олар науқастың аффективті өмірінде үстемдік көрсетеді. Бұл жағдай кейбір мамандарға психопатияның негізгі белгісі жоғарғы эмоцияның жетілмегендігі және оны олиготимия деп квалификациялауға жол берді. Психопатия кезіндегі ерік бұзылысы оның жеткіліксіздігімен көрінеді, ал кейде аффективті стимулдармен, тұлғаның жалпы реттеуші және адаптациялық механизмдерінің төмендеуімен анықталатын аффективті реакциялар мен жүріс-тұрысты басқарудың толық болмауымен көрінеді. Психопатияның көптеген симптоматикаларының ішінен психопатияның кейбір варианттарына тән психопатологиялық көріністерді, сонымен бірге неврозда кездесетін психикалық бұзылыстарды көруге болады: бас ауыруы, шаршағыштық, ұйқы бұзылыстары және т.б. Невротикалық симптом әдетте декомпенсация жағдайымен бірге жүреді және жағымсыз факторлардың әсерінен болады, және де динамика ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. Тұлғаның психопатиялық қасиеттері жиі науқасты конфликттерге әкеліп соқтырады, конфликт психогенді реакция шақырады, нәтижесінде психопатия ағымы ауырлайды («психопатиялық цикл», Кербиков О.В., 1963). Психопатиялық тұлғаны декомпенсациялайтын факторларға соматикалық және инфекциялық аурулар, уланулар, эмоциональды стресстерді де жатқызуға болады.
Психопатияны жеке клиникалық топқа бөлгеннен бастап олардың көріністерін жүйеге келтіруге талпыныс үнемі жасалып келеді. Психоптиялардың әр кезеңде болжамды жіктеулері басты психикалық бұзылыстарының жеке формаларын бөлу арқылы клиникалық принципке негізделіп құрылды. Осы негізгі бұзылыстардың сипатына қарай олардың формаларының атауы анықталды.
Сонымен қазіргі уақытта психопатияның келесі түрлері ажыратылады: қозғыш (возбудимая), параноидты, шизоидты, психастениялық, истерялық, аффективті және т. б.
Қозғыш психопатия
Психопатияның бұл формасы науқас мүдделеріне сәйкес келмейтін, және науқастың ойынша оның құқығы тапталған жағдайларда тітіркену, наризалық және ашу көріністерімен күшті аффект күйімен ерекшеленеді. Науқас үшін эмоциональды маңызы жоқ жағдайларда оның аффективті реакциялары толығымен адекватты болуы мүмкін. Жоғарыда аталған жағдайларда жүріс-тұрыстары мен әрекеттері жеткілікті логикалық бағалаудан өтпейді, мүмкін болатын жайсыз салдары ескерілмейді. Кейде олар импульсивті болуы мүмкін. Психопатияның осындай түрімен науқастар айналадағылармен қақтығысқа жиі түседі және жиі агрессивті қылықтар жасайды. Осыған байланысты коллективте қарым–қатынасы нашар болады. Осы аталғандардың барлығы психопатиялық тұлғаларда декомпенсация шақыратын стресске себепші болады. Өзінің бұрыс қылықтарын және реакцияларын олар адекватты бағалай алмайды. Үнемі осы қылықтарын ақтайтын себептер табуға тырысады.
Науқас Қ.,30 жаста. Әкесінің ағасы ақ қызбадан (алкогольді делирий) қайтыс болды. Әкесі созылмалы алкоголизммен зардап шеккен, бірнеше рет психиатриялық ауруханаға түскен. Әкесі науқастың 14-жасында үйінен кетіп қалған. Мінезі ашуланшақ, шатақ адам болған, мас күйінде перверзді тенденция байқалған. Қазіргі уақытта бұзақылығы үшін сотталған.
Анасы - медбике, мінезі жұмсақ, ақкөңіл, баласының ауруханаға түскенін қатты уайымдайды.
Бала мерзімінде 1-ші жүктіліктен туылған. Емізулі кезеңде анасының айтуы бойынша бала мазасыз, жылауық және ұйқысы нашар болған. Кейде «көгеріп» кеткенге дейін жылау ұстамалары болған. Бала бақша тәрбиелеушілері оны қиын бала қатарына қосқан. Өте қозғалғыш, төбелес құмар болған. Өз құрдастарымен керісіп қалған жағдайда қатты айқайлап тырнап, тістеп алуға дейін баратын болған. Ескерту берген жағдайда еденге құлап, басын жерге ұрып және т.б. қылықтар көрсеткен. Үйде де осындай жағдайлар болған. Мектепке 7-жасында барған. Бастауыш кластарында үлгерімі нашар болған. Мұғалімдер интеллектуальды қасиеттері жаман емес, бірақ бір орында отыра алмайтын, сезімтал, ренжігіш бала ретінде мінездеме берген. Басқа оқушылармен басы қосылмайды, төбелеске шатасқан, осы себептен анасы мектепке бірнеше рет шақырылған. Бос уақытында өзінен кіші балалармен ойнаған. Осы кезеңдерде әкесінің алкоголизміне байланысты семьядағы қарым-қатынас нашарлай түскен. Әкесі мас болып әйелін, баласын сабап және оларды бірнеше рет үйінен қуып жіберген жағдайлар да болған. Науқас шешесімен бірге өзін бірнеше жыл тәрбиелеген әжесінің қолына кетуге мәжбүр болды. Аурудың бұзақылығы жоғары кластарда күшейе берген. Мұғалімдерге қарсы сөйлеген, сабақ кезінде басқа іспен айналысып отыратын болған, ескерту берсе орнынан тұрып есіктен шығып жүре беретін болған. Тәртібі жөнінде көп ескерту берген биология пәнінің мұғалімін өте жек көрген. Осы оқытушының бір ескертуінде ол орнынан тұрып, бөлме терезесін сындырған және үйірменің асыранды теңіз шошқасын басқа оқушылар алдында тұншықтырған. Науқас мұғалімдердің нариза келбеттерін көргенде үлкен ләззат алғандығын айтады. Осыдан кейін мектептен шығарылған, білімін ПТУ - да жалғастырған. Осы кезеңде анасы әкесімен қайта қосылған, әкесі бірден 14-жасар ұлын ішкілікке әуестендірген. Өзінің бос уақытын ауладағы бұзақылар арасында өткізген. Осы кезеңде аса ұшқалақ, төбелес құмар, ашушаң болып кеткен. 15 жасында оқушы балалардан ақша бопсалағаны үшін милиция есебіне алынған. Үйіне жиі мас болып келіп анасына қол жұмсаған және әкесіне өлтіремін деп ұмтылған.
Сексуальды әуестігі аса айқын болған. 14 жасынан бастап кезеңмен анонизммен айналысқан. 15-жасынан бастап жыныстық қатынасқа түскен. 16- жасында өзіне ескерту жасаған қарт кісіні соққыға жығып 3-жылға бас бостандығынан айырылған .
Мерзімін өтеп шыққан соң автобазада шофер болып жұмыс істеген. Жұмысында әкімшілік мүшелерімен қақтығысып, басқа жұмысқа ауысуға мәжбүр болған. Соңғы бесжылдықта 4- жұмыс орнын ауыстырған. Қазіргі уақытта гаражда слесарь болып жұмыс істейді.
1975 жылы үйленген, жарына сүйіп қосылған, 3-жасар қызы бар. Соңғы кездері маскүнемдікке салынып, тітіркенгіштік, ашушаңдық күшейген. Жанұясында ұрыс - керіс жиілеген. Әйелі мен анасының өтінішімен науқас клиникаға келіп түскен.
Соматикалық жағдайы: орта бойлы, дене бітімі - атлетикалық, аздап дене салмағы басым. Ішкі мүшелерінде патология жоқ.
Неврологиялық статусында бас миының органикалық бұзылысының белгілері байқалмайды. Вегетативті лабильділік, возомоторлық реакциялардың жеңіл көрінуі, алақан, табан гипергидрозы, қызыл дермографизм байқалады. Бас сүйегі рентгенограммасында және көз түбін зерттегенде патологиялық өзгеріс жоқ.
Психикалық жағдайы: науқастың уақыт, орын, өзіндік тұлғасы бойынша бағдары дұрыс. Сөйлескенде құнықсыз жауап береді, өзін сақ ұстайды. Жауаптары біртекті. Кезеңмен жандана түседі, өзінің тітіркенгіштігі, ашушаңдығы, ұстамсыздығы жөнінде белсенді әңгімелейді, өзін электрлеп қойғандай, бір сөз айтылса болды төбелеске ұмтыламын дейді. Өзінің әйелі мен анасы жөнінде тітіркене еске алады, олар өзін түсінбейді, әдейі менің ашуымды шақырады деп есептейді. Өзінің маскүнемдігін «аз ғана бой сергіткім» келеді деп түсіндіреді. Жұмысындағы нашар қатынасты оның өткен шағындағы асоциальды жүріс-тұрысына байланысты қалыптасып қалған қатынас деп қарайды. Өзін өз ісіне жауап бере алатын адам деп санайды, бірақ біршама ұстамсыздық және шамадан тыс ашуға берілу өміріме кедергі келтіреді дейді.
Асоциальды қылықтарына байланысты сұрақтар қойылғанда, қызарып қозып, дөрекі түрде жауап беруден бас тартады. Бөлімшеде алкоголизммен зардап шегетін науқастармен араласады. Кейде аурухана тәртібін сақтамай, медицина қызметкерлерімен шатасып қалады. Бақылау бөлмесіне жіберілген кезде агрессия көрсетіп, санитарға қол жұмсаған. Клиникаға келгеннен бері продуктивті психопатологиялық симптомдар байқалмаған. Интеллектуальды бұзылыстар байқалмайды. Өз жағдайына сыни көзқарас төмен. Кезекті қақтығыстан кейін өзінің табанды сұранысы бойынша ауруханадан шығарылған.
Параноидты (паранойяльді) психопатия
Психопатияның бұл түрімен науқастар аса бағалы және паранойяльды идеялар түзілуіне бейім келеді. Аса бағалы және паранойялды идеялар мазмұны әрқилы болуы мүмкін: қатынас, қызғаныш, реформаторлық, шығармашылдық және т.б. мұндай идеялар дамуына 2 фактор әсер етеді: бір жағынан, осы идеялардың туындауына ықпал ететін әртүрлі жағдайлар, екінші жағынан – тұлғаның өзіндік қоры.
Маңызды себептер науқасқа деген негізсіз теріс қатынас немесе осындай қатынастың кездейсоқ эпизодтары, жұбайлардың бірінің жарына адалдығына күдіктер, өз туындысын ұсынғанда қолдау таппау сияқты факттар болып табылады. Бұл факттар шындығында маңызды орын алады, бірақ психопатияның осы формасымен адамдар оларға шамадан тыс мән береді. Мұндай адамдар өз концепцияларына сәйкес келмейтін факттарды елемейді, өз нанымдарын дәлелдейтін факттарға фиксацияланады. Бұл адамдар психикалық үрдістерінің жоғары инерттілігімен, басым жағдайда тұлға аралық қатынастар мәселесіне байланысты эмоциональды жағымсыз күйзелістерге кідіріспен ерекшеленеді. Сонымен қатар, оларға өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін асыра бағалау тән. Аса бағалы, әсіресе паранойяльды идеялар науқас санасын жаулап алады. Келешекте ол идеялар эмоциональды қанығып, науқастың жүріс-тұрысы мен әрекеттеріне әсерін тигізеді. Бастапқыда олар аса бағалы идеялар түрінде көрініс беріп, коррекцияға көнеді, бірақ оларға сын көзқарас жиі уақытша болып табылады. Психопатиялық тұлғалардың проблемаларды бұрыс түсінулеріне байланысты шешімін таппаған тұлға аралық проблемалар аса бағалы және паранойяльды идеялардың сақталып қалуына келтіріп қоймай, олардың әрі қарай дамуына, жүйеленуіне және беріктеле түсуіне әкеліп соқтырады.
Науқас К., 43 жаста, дәрігер. Әкесі – офицер, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған. Әкесі мінезі жағынан ерікті, сенімді, ұстамды болған, қызына жылы көзбен қараған. Анасы уайымшыл, күмәншіл, әрқашан қызының денсаулығына аса мән берген, 3 жыл бұрын өмірден қайтқан. Науқас мерзімінде жанұяда бірінші бала болып дүниеге келген. Туыт асқынусыз өткен. Дамуы қалыпты. Қозғалғыш, тез тіл табысқыш болып өскен. 7 жасында мектепке барған. Әрқашан басқа оқушыларға басшылық етіп, үлгі болғысы келген, осыған байланысты құрбыларымен жиі келіспеушіліктер болған. Жоғары сыныпта үлгерімі нашарлаған, жүріс-тұрысы нашарлаған. Математика және химия пәнінің мұғалімдерімен қайшылықта болған. Ол оларды өзіне себепсіз ұсақ – түйекке бола түрткілеп, әдейі намысына тию үшін жасайды деп есептейді. Өз ойын дұрыс санап, сабақ үстінде мұғалімдермен сөзге келіп, қақтығысқан. Осы кезеңде биология пәнімен терең айналыса бастаған. Бос уақытын кітапханада өткізген, әртүрлі арнайы әдебиеттер оқып, зоопарктың зооүйірмесіне қатысқан. Оқытылатын пәндердің жартысының керегі жоқ, тек биолог болам деп есептеген. Жолдастарымен қатынаста тік, бірбеткей болған. Мектеп бітірген соң Ломоносов атындағы МГУ-дің биофак-не түскісі келген. Медицина институтына түскен.
Топтағы курстастарымен бірден қайшылықтар басталған, олардан тәртіпті талап еткен. «Жалқаулар мен сабақ жіберушілер» тарапына жиналыста сыни сөздер айтқан. Топтағы студенттер деканатқа хат жазып, оны басқа топқа ауыстыруын өтінгенде ол орталық газеттердің бірінің редакциясына институт қабырғасындағы орын алған ығыстыру шаралары жөнінде мақала жазған. Бұл қайшылық арнайы комиссия құрылып, көп уақыт қарастырылды.
Институтты бітірген соң аудандық ауруханаға жіберілді. Өз мамандығын, міндеттерін жақсы меңгерді, бірақ кіші және орта медицина қызметкерлеріне жоғары талап қоятын. 6 медбике оның талабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, артынан олар жұмыстан өз еріктерімен шығу жөнінде өтініш жазады.
1967 жылы күйеуге шығады. 1968 жылы қызы туылғаннан кейін күйеуімен қатынасы нашарлаған, оны өзімшіл деп есептеген. Ажырасуға құжаттарын өткізіп, артынан күйеуінің басқа әйелмен кездескенін естігенде күйеуінің жұмыс орнына келіп қызметтестерінің көзінше айқай-шу шығарған. Сотқа шағымданған. Осы кездерде ұйқысы, тәбеті бұзылған, бас ауыруы мазалаған. Күйеуі басқа қалаға кетіп, ажырасқан соң жағдайы қалыпқа келе бастады. Соңғы жылдары ауру анасымен, қызымен бірге тұрып, емханада жұмыс жасаған. Осыдан жарты жыл бұрын бөлімше меңгерушісімен қайшылықтар болған. Әкімшілікке арыз жазып, бөлімше меңгерушісінің тәртібін және ауруханалық қағаздарды дұрыс толтырмайтынын айтқан. Тексерген кезде бұл жағдай теріске шыққан. Кейін емхана әкімшілігіне жоғарғы инстанцияларға шағымымен барған, бас дәрігердің «алаяқты қолдап отырғандығын» айтып, кіналаған. Қайта тексерген кезде бұл шағымдары теріске шықты.
Соңғы айларда «бөлімшеде орын алған нашар атмосфера» туралы әртүрлі жауапты адамдарға 20 шақты хат жазып үлгерген. Тексеруші азаматтардың өзіне деген суық, формальды қатынастарын кінәлайды. Оның қарсыластары тексерушілермен байланыста деп есептейді. Обьективті және компетентті комиссияны талап етеді. Жұмыста әртүрлі ізіне түсушілер бар екендігін айтады: «кезекшілік әдейі ыңғайсыз уақытқа қойылады, мед. құжаттарын бүлдіреді, науқастардың амабулаторлы карталары ұрланады».
Бір күні бөлімше меңгерушісімен кезекті керістен кейін рұқсатсыз кіріп келген науқастың бетінен салып қалған. Психиатриялық ауруханаға тексерілуге жіберілген.
Соматикалық жағдайы: дене бітімі - астеникалық, дене массасы төмен. Тері жабындысы бозғылт. Ішкі мүшелердің патологиясы жоқ.
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ-нің органикалық зақымдануларының белгісі білінбейді. Терең және беткей сезімталдық бұзылмаған. Краниограмма және көз түбі өзгеріссіз.
Психологиялық жағдайы: бағдары дұрыс. Санасы анық. Өзін сақ ұстайды. Орындықтың шетіне тік қалыпта жайғасқан. Қолдары айқасқан, еріндерін бүрістіріп, маңдай астынан қарайды. Сұрақтарға қысқа, құлықсыз жауап береді. Бара-бара бет ажары жанданып, болған жағдайларын ашумен, тітіркеніп, көп сөзбен әңгімелейді. Өз күйзелістеріне беріліп кеткен.
Осы болған жағдайларды былай түсіндіреді: соңғы кезде бөлімше меңгерушісімен керістен кейінгі жағдайлар әсерінен қозғыш болып кеткендігін, осындай жағдайда кабинетте бөтен біреудің стол маңында жүргенін көріп, оны құжаттарын ұрлауға келген адам деп ойлағандығын айтады. Өткен ісіне өкінеді.
Көңіл-күйі төмендеген. Ұқысыздыққа, бас ауруына шағым айтады. Қабылдау бұзылыстары байқалмайды. Ауруханадан шығаруын өтінеді. Өзін ауру деп есептемейді.
Шизоидты психопатия.
Шизоидты психопатиямен адамдар тұйықтығымен, қарым-қатынасқа түспеушілігімен ерекшеленеді, айналасындағылармен контактқа түсуі өте қиын. Бұлар бала кезінде жиі үй жағдайында жалғыз, тыныш, байсалды ойындарды ойнағанды ұнатады, ешқашан өз күйзелістерімен ата-анасымен бөліспейді, құрбыларымен тіл табыса алмайды. Кейіннен жағдайлар мәжбүр еткенде ғана достық қатынас құрады, бірақ контакт формальді сипатта болады. Аса сезімталдық немесе эмоциялық суықтық қасиеттерінің бірінің басым болуына байланысты экспансивті және сенситивті шизоидтар деп ажыратылады. Сенситивті шизоидтар - тым өкпелегіш, кек ұстанғыш, сезімтал және өз тарапына бағытталған әділетсіздікті ұзақ уайымдап жүреді.
Экспансивті шизоидтар, керісінше, айналасындағы адамдарға қатысты эмоциональді «анесетезия» элементтерімен ерекшеленеді. Олар ешкімнің сөзіне құлақ аспайды, өзінің көзқарасы дұрыс деп есептейді және қарым-қатынаста өзін суық және жоғары ұстайды. Мамандық қатынаста құрғақ және ресми қатынаспен ерекшеленеді. Негізгі мінез сипаты айналадағыларға немқұрайлық болып табылады, бұл әсіресе жақын адамдарына қатысты жағдайда анық көрініс береді (ата-анасы, туыстары және т.б.).
Науқас К., 28 жаста, физик. Әкесі тарапынан әжесі психикалық аурумен зардап шегіп, психиатриялық ауруханада қайтыс болған. Әкесі тұйық, көп сөйлемейтін адам, қазір жанұясынан бөлек тұрады. Шешесі ақ көңіл, жарқын адам, мамандығы музыкант.
Науқас мерзімінде жанұяда бірінші бала болып дүниеге келген. Жүктілік кезінде ешқандай ауытқу болмаған. Бала кезінде тұйық, жайбасар болған. Тәрбиешілер оның ұқыпсыздығын, немқұрайлығын атап айтқан. Ауру киім ауыстыратын бөлмеде жартылай шешініп, отырып қалатын болған, әрқашан асқа кешігіп келетін және ебедейсіз болған. Бір орында отырып ойнайтын, тыныш ойындарды ұнататын. Мектепке дейінгі уақытта оқуды және есеп шығаруды білген. Мектепке 7 жасынан барған, жақсы оқыған. Дене тәрбиесі пәнін ұнатпаған, себебі икемсіз болған. Науқастың жүрісі икемсіз болған, сыныптастары оны мазақ еткен. 11 жасында физика пәніне аса әуестенген. Бос уақытының барлығын кітапханада, үйірмелерде өткізген. Бірнеше рет ересектерге физика пәнінен білімін көрсетіп, таңдандырған. Оқуында болған кез - келген жағымсыз жағдайларға уайымдайтын болған. Бір күні сирек кездесетін сөздік кітабын жоғалтып алғаны үшін бірнеше сағат бойы жылаған және ұзақ уақыт бойы көңіл-күйі түсіп жүрген. Осы кезде әке-шешесінің айырылысқанына мүлдем уайымдамаған. Бұл жөнінде естіген сәтте науқас біраз ұнжырғасы түсіп, аз уақыт өткен соң қолын бір сермеп, кезектегі олимпиадаға дайындала бастаған. 7 сыныпта физика-математикалық мектепке ауысқан. Жақсы оқыған. Сыныптастарымен қарым-қатынасы нашар болған, себебі, оны «мақтаншақ және мансапқұмар» деп санаған. Өзінің секірмелі жүрісінен ұялатын болған, әсіресе қыз балалардың көздерінде күшейіп кететін болған. Мектепті алтын белгіге бітіріп, институтқа түскен. Бірнеше уақыт бойы жатаханада тұрған, бірақ көп ұзамай үйіне қайтып келген. Жатақханадағы шуға үйрене алмаған, ешкіммен тіл табыса алмаған, ақшаны дұрыс жұмсай білмеген және т.б. себептер болған. Институтта екі курстастарымен достасқан, олармен жақсы араласақан, бірақ студенттік жиындарға қатысудан мүлдем бас тартқан. Институт бітірген соң аспирантураға қабылданып, кандидаттық диссертация қорғаған. ҒЗИ-на келіп жұмысқа орналасқан, қазір де сол жерде қызметте. Әріптестерімен қатынасы ұстамды, қызметке ғана байланысты. Осыдан екі жыл бұрын бір қызбен танысып, ұзақ уақыт көңіл білдіріп жүрген, бірақ үйленуге ұсыныс жасай алмаған. Үйлену ғылыми жұмысқа кедергі жасайды деп есептеген. Соңғы кездері екі ғылыми эксперименттің үзілуіне байланысты ұйқысы бұзылған, басы ауырып, көңіл- күйі төмендеген. Анасына демалып, емделгісі келетінін айтып, анасының ақылымен психиатрға көрінген.
Соматикалық жағдайы: дене бітімі астеникалық, дене салмағы аздап төмен, тері жабындысы бозғылт. Ішкі мүшелерінде патология жоқ.
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ-нің органикалық зақымдануы белгілері жоқ, краниограмма және көз түбін зерттегенде өзгеріс жоқ.
Психикалық жағдайы: бағдары жан-жақты дұрыс. Бөлімше ішінде жүрісі секірмелі, қолын кең ашып, сермеп жүреді. Қозғалысы жылдам, икемсіз. Әңгімелесуге құлықсыз. Сұраққа асықпай, біртекті, дәл жауап береді. Сөйлесу кезінде жұмсарып, ашыла бастайды. Көптеген невротикалық шағымдар айтады. Көңіл-күйі төмен. Өзінің жағдайын соңғы кездегі жұмысындағы сәтсіздіктермен байланыстырады. Бөлімшеде тек «саналы науқастармен» қарым-қатынас ұстайды. Кітап оқиды. Шахмат ойнайды. Көңіл күйі қалыптасып келе жатыр. Өзін жоғары бағалайды, өзіне айтылған сынды көтермейді. Интеллекті жоғары. Жақсы интеллектуальды қабілеті бірқатар тәжірибелік қарапайым мәселелерді игере алмаушылықпен, жеке ситуацияларды бағалаудағы пассивтілікпен, бірбеткейлікпен ұштасады. Продуктивті психопатологиялық симтоматика байқалмайды.
Психастениялық психопатия
Психастениялық тұлға ядросы үрейшілдік және өз-өзіне сенімсіздік болып табылады. Мұндай науқастарға бала кезінен ұялшақтық, әсершілдік, не істесе де дұрыстығына күмәндану тән. Мектепте тақтаға шығып сабақ айтқанда оқығанын ұмытып қаламын ба деп қорқады, ал қонақта, қателік жіберемін бе деп артық сөйлеуге қорқады. Есейгенде олар барлығына үнемі күмәнданады, өзіне, іс-әрекетінің дұрыстығына сенбейді, адамдармен қатынаста жасқаншақ, сенімсіз. Оларға тәуекелшілдік, спонтанды әрекет тән емес. Бір қадам жасар алдында, олар көп қиналып, ойланып бағалайды, оның дұрыстығына күдіктенеді.
Науқас М., 40 жаста, инженер. Тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Әкесінің мінезі жұмсақ болған, қызын жақсы көрген. Ол 5 жасқа келгенде қайтыс болған. Анасы сабырлы, сенімжі, ерікті кісі, қазіргі уақытта зейнетте, қызымен бірге тұрады. Анасының жүктілігі және босануы қалыпты болған. Кішкентай кезінде науқас қозғалғыш, ашық болған. Балабақшаға барған. Тәрбиешілер баланы үркек, анасы кешіккен жағдайда қатты уайымдап, жылап мазасызданатын болған дейді. 5 жасында аула итінен қатты қорыққан; ұзақ уақыт бойы ит көрсе бірнеше сағат бойы жылап, көмекке шақыратын болған.
Мектепке 7 жасынан барған. Жақсы оқыған, тәртіпті, ұқыпты болған. Мұғалімдер басқа оқушыларға оны үлгі еткен. Шешесі музыка мектебіне беріп, болашағына көп мән берген және оның консерваторияға түсуін армандаған. Жоғары кластарда үлгерімі нашарлаған. Тақтаға шығып сабақ айтуға қатты ұялған. Кейде жаттап алған материалды кластастары «мақтаншақ» деп ойлайды деп айтпаған. Бірнеше сағат бойы фортепианода күнделікті ойнап, емтиханға дайындалған. Емтихан алдында қатты уайымдап, түнімен ұйықтамай, қатты қорқып, ақырында емтиханға бармаған. Анасының өтінішімен, осы музыкалық мектептің ақырғы емтиханын тапсырды. Бірақ консерваторияға түсуге бас тартты. Жиі өзінің толымсыздығы жөніндегі ойларға шомыған.
Үлкен қиындықпен техникалық институтқа түсті. Әр емтихан алдында көп уайымдаған. Емтиханнан құлап қалмау үшін, таңертең оң аяғымен тұрып, институтқа тек жұп санды транспортпен барған, тек бір киімді ғана киген.
20 жасында тұрмысқа шыққан. Екі жыл өткен соң ұл туған. 1-ші жылы баласы жиі ауырған. Ауырғанына қатты мазасызданған. Үнемі емдеу мекемелеріне, мамандарға көрсеткен. Балада ешқандай патологиялық өзгерістер болмаған, бірақ ол баласын ауыр науқас деп есептеген. Физикалық жүктемелерден сақтандырған, дене тәрбиесінен босаттырып алған және бір нәрсеге ұшырайды деп қатты мазасызданатын. Жұмысында оған ұқыпты және жауапты қызметкер ретінде өте маңызды және нақтылықты қажет ететін жұмыстарды беріп отырған. Соңғы жылдары әдеттегі жұмыстарын жасау қиынға түскен: жұмысында кеш, ұзақ отыратын болған, өз есебін бірнеше рет қайта тексеретін болған.
Осы жылдың май айында баласы әскерге кетіп, қоштасқан кезде қиналып айырылысқан. Егер одан хат кешіксе, өзіне орын таппай, баласы бір нәрсеге ұшырап қалды ма деп, туыстарына айтып мазасызданған. Әскери бөлімге 3 рет телефон соғып, жағдайын сұраған. Соңғы жылдары науқастың еңбекке қабілеті төмендеген, ұйқысы бұзылған. Үнемі баласы туралы ойлар қинайды. Осы шағымдарымен стационарға жатып емделуге келді.
Соматикалық жағдайы: дене бітімі астеникалық, дене салмағы аздап төмен. Ішкі мүшелерінде өзгеріс жоқ.
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ-нің органикалық бұзылысы жоқ. Краниограмма және көз түбінде патологиялық белгі жоқ.
Психикалық жағдайы: науқастың бағдары жан-жақты дұрыс. Сұхбаттасуға құнықсыз. Бара-бара үйренісіп алған соң әртүрлі шағымдарын айтып, баласын еске алады. Науқастың айтуынша: «үнемі баласы бірденеге ұшырап: аварияға түсіп, жарақаттанып, әлде әскери дайындық кезінде өліп қалды ма» деп уайымдайды, осы ойларының негізсіздігін біле тұра, оларды жеңе алмайтындығын айтады. Көңіл- күйі түсіңкі, тұнжырап отырады. Интеллекті сақталған. Қабылдау бұзылыстары байқалмайды. Науқас өз жағдайына сын көзбен қарайды. «Тыныштандырғыш ем» жүргізуді өтінеді.
Истериялық психопатия.
Истериялық психопатия сыртқы эффектке бағытталған, ерекше жүріс-тұрыспен және истериялық реакциялармен көрінеді. Истериялық жүріс-тұрыс формасы театральдылықпен, жасандылықпен, өзіне тән емес қабілеттер мен қасиеттерді иемденіп өз әрекетін пайдалы жағынан көрсетумен немесе өзі басты, жиі ерлік іс жасаушы рөлде болатын әртүрлі болмаған оқиғаларды ойдан шығарумен сипаталады. Жиі ситуацияға және науқастың ұстанымына байланысты жүріс-тұрыстың истериялық формасы жеңіл өзгеріске ұшырайды. Егер белгілі бір ситуацияда ыңғайлы және ұтымды болып табылса, науқастар өздеріне аяушылық сезімін шақыру үшін өздерін аса қарапайым көрсетеді. Оларға әрқашан өздеріне көңіл аудартуға талпыныс тән, ерекше бет-әлпетімен, жесттерімен, киім киісімен өздеріне қажет рөлге сәйкестенеді. Бұл адамдар көпшіл, өзгелермен жеңіл танысады. Олардың қызығушылықтары мен үйірліктері тұрақсыз болып келеді. Оның барлығы олардың эгоцентриялық ұстанымдарына қаншалықты дәрежеде сәйкес келетіндігіне байланысты. Истериялық тұлғалар ұзаққа созылатын қатаң жағдайларға көне алмайды, олардың қызығушылығы беткей сипатта, ал өзге адамдарға үйірлік және лояльдылық сезімі өздерінің қызығушылықтарына қарсы қайшылық туғанға дейін жалғасады. Истериялық психопатиямен науқастардағы тұлға аралық қатынастарды түзудегі мұндай принциптер мен мотивтер жиі жанұяда және жұмыс орнында қақтығыстар туындауына және оларда декомпенсация дамуына және адаптацияның бұзылуына алып келеді. Олар шектен тыс аффективті реакцияларға бейім болады. Декомпенсация кезінде әртүрлі истериялық көріністер бақыланады: истериялық афазия, афония, естен танулар, әртүрлі ұстамалар, блефароспазм және т.б.
Науқас З., 25 жаста манекен-қыз. Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Әкесі үлкен кәсіпорын жетекшісі; эмоциональды суық, жігерлі адам. Анасы ұстамсыз, эксцентриялы тұлға, бұрын – балет әртісі болған, қазіргі уақытта - үйде. Анасының жүктілігі мерзімінде, босануы жеңіл өткен. Науқас бала кезінде ерке болып, үйде тәрбиеленген. Бала кезінде жиі ауыратын, өзінің бүкіл талап-тілегін орындайтын әжесінің сүйіктісі болған. Мектепке барғанға дейін оқи алған, көптеген әндер мен тақпақтар білетін болған. Бастапқы сыныпта жақсы оқыған. Тақта алдында жауап бергенді ұнатып, балалар үйірмелеріне белсене араласатын болған. Басқа балалардың сәттіліктеріне қызғанышпен қараған. 2-ші сыныпта дос қызын мұғалім мақтағанда жылап жіберген. Науқасты үйде ылғи еркелететін. Әкесі қызының тәрбиесіне көңіл бөлмеген, тек ылғи командировкадан оралған кезде қызына ойыншық, киім, әртүрлі тәттілерді көп мөлшерде сыйлайтын. Қыз мектепте қоғамдық жұмыстарды белсенді түрде атқарып, класста староста болған және би үйірмесіне қатысып, қалалық курстарда ағылшын тілін оқыған. Жоғарғы класстарға көшкенде мінез-құлқы өзгере бастайды. Мұғалімдермен дөрекі сөйлесіп, сабаққа қатыспай, шашын ашық түске боятып, темекі тарта бастайды. Ылғи сыныптастарының ортасында (жұлдыздай) ерекше болып жүруді ұнататын. Мұғалімдердің ескертулеріне аффективті реакциялар қайтарады. Бір күні бүкіл класстың көз алдында күнделігін жыртып, келесі күні оқытушының көз алдында сынып журналын терезеден далаға лақтырып, мектеп директорына бар деген талапқа қатты күліп, есікті тас жауып кетеді. Дос қыздарына өзінің шетелдік жастар ансамбілінің әншісімен танысқандығын әңгімелеп, жазда сонымен бірге гострольге баратынын айтқан. Шет елден оның әкеліп берген мардымсыз сыйлықтарын достарына көрсетіп олардың керемет, бейғам өмір салты туралы әңгімелеуді ұнатқан.
Үйінде анасынан және әжесінен қымбат киім алып беруді сұраған, жұмсауға көп ақша алған. Қарсы болған жағдайда қатты ренжіп жылап, айқайлайтын болған. Екі рет әкесімен ұрысқаннан кейін үйінен қашып кетіп, дос қызының үйіне қонып жүрген. Мектеп бітірген соң науқас шет тілдер институтына барып, конкурстан құлап қалған. Бірақ онысын басқалардан жасырған. Оларға шетелде жұмыс істеуге дайындайтын арнайы курста оқитынын айтқан, ал өзі сол кезеңде әмбебап дүкенде бақылаушы болып жұмыс істеген.
18 жасында өзінен 15 жас үлкен офицерге тұрмысқа шыққан. Жанұялық өмірінде жолы болмады. Алғашқы уақытта үй тұрмысында болған, тек күйеуінің табысымен күнелткен. Содан соң шет тілдер институтына түскен. Бала сүймеген, яғни «әуелі өзім үшін өмір сүру керек» деген. 2 жыл өткен соң күйеуін алыс аймаққа қызметке ауыстырған, ал науқас оқуымды жалғастырамын деп сылтауратып, күйеуіне ілеспей қалады. Басқа бүреуге ғашық болып, жарты жыл уақыт өткен соң ажырасуға арыз берген. Бос уақытын жастармен театрда, ресторанда өткізетін болған. Үлгерімі нашар болғандықтан институттан шығарылған. Екінші рет тұрмыс құрған. Модельдер үйіне маникен-қыз болып жұмысқа орналасқан.
Екінші күйеуімен де жараспаған; ұрыс-керіс жиі жанұяның материалды қамтамасыздығына байланысты болып тұрған. Бір қайшылық кезінде науқас білегін бірнеше рет пышақпен кесіп, айқайлап, дәлізге жүгіріп шыққан. Көршілері жедел жәрдем шақырып, психиатриялық ауруханаға жеткізілген.
Соматикалық жағдайы: дене бітімі нормастеникалы, дене салмағы төмен. Оң және сол білегінің төменгі үштен бір бөлігінде 4-5 см көлемде тілімдер бар. Ішкі мүшелерінде патологиялық өзгеріс жоқ.
Неврологиялық жағдайы: ОЖЖ-нің органикалық бұзылысының белгілері айқындалмайды. Краниограмма және көз түбін зерттегенде өзгеріс жоқ.
Психикалық жағдайы: мәнерлі, басын жиі артқа қарай шалқайтады, саусақ ұштарымен самайын қысады, бетін алақанымен жабады және т.б. жас көрінеді, ұқыпты киінген. Әдемі таранып алған. Ашық түстермен боянады.
Сұхбаттасқанда жылдам сөйлейді, әңгіме барысына орай даусын күшейтіп, бәсеңдетіп өзгертіп отырады. Тыңдаушының реакциясын үнемі бақылап отырады. өзіне аяныш сезімін тудыруға тырысады. Суицидальды әрекетінің себептерін көзіне жас алып әңгімелейді. Барлығына күйеуін кінәлайды, үнемі «ренжітіп, ізіне түсіп, қинаған». Кезекті ұрыс-керіс кезінде күйеуінен «ажырасамын» деген сөзді естіген кезде, «өмір сүргім келмей кетті» дейді. Сұхбаттасу кезінде үнемі шашын түзеп, орамалының ұшын тістеп отырады. Интеллект сақталған. Ойлауы бейнелі, эмотивті, көбіне нақты. Көру есте сақтауы жақсы. Ауруғанаға тез үйренісіп кетті. Көңіл-күйі көтеріліп, ауруханадан шыққысы келмейді. Туыстары және күйеуі келген жағдайда демонстративті түрде көңілі түсіп кетеді және бұл өмірде маған еш нәрсе керек емес деп мәлімдеді. Олар кеткеннен кейін адекватты және әзіл-қалжыңға тез араласады. Күйеуімен татуласқаннан кейін ауруханадан шығарылды.
Жоғарыда психопатияның жиі кездесетін нұсқалары келтірілді. Төменде жеке авторлармен ажыратылған психопатияның басқа да формалары аталып өтеді.
Астениялық психопатия
Психопатияның бұл түрінің басты белгісі, атауына сәйкес жоғары шаршағыштық, бір іске ұзақ уақыт дейін қоя алмау болып табылады. Бұл науқастарда жұмыс үрдісінде шаршағыштық тез дамиды, зейін бұзылады, еңбекке қабілеті төмендейді. Суретлеген қасиеттер сыртқы тітіркендіргіштерге қатысты әсершілдікпен, көңіл күйдің лабильділігімен қоса жүреді. Осылайша, қандай-да бір жағымсыз жайт олардың көңіл-күйін ұзақ уақытқа бұзады. Астениялық психопатияның жиі кездесетін варианты ипохондриялық болып табылады (П.Б.Ганнушкин бойынша).
Мұндай науқастар өзінің денсаулығы үшін үнемі үрейлену жағдайында болады. Жылдам қажу белгісін олар жасырын сырқаттың көрінісі деп есептейді, олар әр уақытта өзінің ішкі сезімдеріне жоғары назар аударады, ішкі дүниесіне құлақ салады.
Психопатиялардың аффективті типтері
Тұлғада аффекттің қандай түрінің басым болуына қарай аффективті психопатиялардың екі түрін бөледі: дистимиялық және гипертимиялық. Дистимиялық тұлға өмірге біршама пессимисттік көзқараспен ерекшеленеді, айналасындағылардың көңілденуі мен шаттықтарын жаратпайды және өздері өте сирек қуаныш сезіміне бөленеді. Сонымен қатар кез-келген сәтсіздік пен бақытсыздық оларға, басқаларға қарағанда күштірек әсер етеді.
Мұндай тұлғалар өзін-өзі мезі етуге және өзі мен айналадағыларға да сенімсіз көзқарасқа бейім келеді.
Гипертимиялық тұлға әрқашан белсенді, ширақ, көңілі көтеріңкі, сөзшең болады, өмірге оптимистік тұрғыдан қарайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, әртүрлі үйірмелер мен секцияларды жүргізеді. Жұмыста - «коллективтің сүйіктісі».
Тұрақсыз психопатиялар.
Тұрақсыз психопатиямен адамдар еріктік қасиеттерінің жетіспеушілігімен ерекшеленеді, олар өте сенгіш, байсалды өмірлік маңызды ұстанымдары болмайды. Олар бір күндік өмірлерін ғана ойлайды, ешқашан бастаған ісін аяғына дейін жеткізбейді. Сырттан тұрақты көмек беріп, және жүріс-тұрысын бақылап отырғанда, олар компенсацияланып, шамалы болса да өмірге бейімделе алады. Өз биліктері өздерінде болып, олар салтанатты өмір сүріп, антисоциальды топтарға жеңіл қосылады, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс қолданады және т.с.с.
Жоғарыда аталған психопатия түрлері шамалы схема тәрізді берілді. Психопатияның бөлек таза формалары сирек кездеседі. Көбінесе аралас, яғни психопатияның нақты түріне тән негізгі белгілермен қатар, оған тән емес белгілердің қатар жүретін түрлері жиі байқалады. Психопатияның бөлек формаларының арасындағы жақындықты байқауға болады. Психопатияның қозғыш формасы мен истериялық формасына, психастениялық пен шизоидты психопатияға ортақ көріністер байқалады, истериялық және параноидты психопатия белгілерінің бірге кездесуі өте сирек.
Акцентирленген тұлғалар
Неміс психиатры К. Леонгардпен акцентирленген деп аталған жағдайлар да жеке варианттарға бөлінеді. Олардың кейбіреулері психопатияның танымал формаларын еске түсіреді. Олардың негізгі белгілері сәйкес психопатиялардың редуцирленген белгерін еске түсіруі мүмкін. Басқа жағдайлар өзінің белгілеріне қарай психопатиялардың белгілі формаларынан ерекшеленеді. Сонымен акцентирленген тұлғалардың истериялық психопатиямен ұқсастығы бар. Олар театральдылыққа, айналасындағылардың көңілін өздеріне аудартуға және т.б. бейім. Бірақ бұл белгілер оларда аса анық емес және тұлғаның жалпы дисгормониясы аз байқалады. Акцентирленген жағдайлардың басқа варианттары психопатияның белгілі формаларына сәйкес келе бермейді, бірақ олардың ішінен тұлғалық дисгормония белгілерін табуға болады: ригидтілік, басқаруға көнбеушілік және т.б. Акцентуация жағдайында акцентирленудің әртүрлі типінің белгілерінен тұратын аралас варианттары жиі кездеседі.
Акцентирленген тұлға патологиялық күйдегі адамдарға жатпайды, психопатиямен салыстырғанда өмірге жеңіл бейімделеді, және олардың бейімделуі тұрақты, бірақ қолайсыз жағдайларда оларда да декомпенсация жағдайы, сонымен бірге патологиялық күй дамуы мүмкін. Патологиялық даму кезінде акцентуацияның жеке типтері және оның даму сипаты арасында корреляция бар.
Этиология және патогенезі
Психопатияның патогенезі мен этиологиясын зерттеу оларды суреттеу кезеңінен басталды. Зерттеуде екі негізгі бағыт анықталды. Психопатия бір жағынан, тұлғаның конституциональды типімен байланысты, ал екінші жағынан - психопатия дамуындағы әртүрлі сыртқы факторлар әсерінің мәнін анықтау арқылы қарастырылды. Психопатияға тұлғаның конституциональды қасиеттерінің көрінісі ретінде көзқарас олардың тұқым қуалаушылықпен байланыстылығына негізделді. Мұндай концепцияның пайда болуына ХХ ғ. басындағы тұлғаның конституциональды ерекшеліктері жөніндегі ілімнің дамуы, жеке конституциональды типтер мен эндогенді психикалық аурулардың арасындағы байланысты табуға, конституция типін тұлғаның психикалық қорымен байланыстыруға бағытталған талпыныстар септік етті. Дегенмен мұндай концепция психопатия дамуының тікелей механизмдерін айқындамады, ал адамның психикалық ерекшеліктерінің оның дене бітімімен байланыстылығы жөніндегі пікір қолдау таппады.
Психопатияны зерттеуде сыртқа орта факторларын бағалау екі бағытта жүргізілді. Батыс мамандары Фрейд теориясын ұстанды, олар сыртқы факторларды тұлғаның санаға бағынбайтын, санадан тыс конфликттерінің күшеюі үшін сылтау, ал психопатияның психопатологиялық көріністері - тұлғаның қорғаныс механизмі және адаптация тәсілі деп қарастырды. Бұл механизм жүріс-тұрыстың криминальды формаларын түсіндіруде де қолданылады. Криминальды жүріс-тұрыспен тұлғалар олармен психопатияның антисоциальды түрі деп аталады. Психопатияның антисоциальды формасын жеке қарау элементарлы әдістемелік және ғылыми талапқа сәйкес келмейді. Жүріс-тұрыстың жеке аспектіне сүйеніп арнайы форманы бөлу мүмкін емес, өйткені антисоциальды жүріс-тұрыс көптеген себептерге байланысты болуы мүмкін.
Психопатияның мәнін зерттеуде отандық психиатрлар аралас ғылымның соңғы жетістіктеріне, әсіресе нейрофизиология іліміне сүйенді. Адам жүріс-тұрысының нейрофизиологиялық негізін және оны зерттеу жолдарын түсіну үшін Павлов И.П. ілімі және оның оқушыларының зерттеулері жаңа перспективалар ашты. Тұлғаның дисгормониялы, психопатиялық қалыптасуын ОЖЖ-нің даму ақауларымен байланырды. Бірқатар зерттеулер пренатальды кезеңде әсер ететін көптеген экзогенді факторлар жиі, бертін келе психопатиялық тұлға қалыптасуына алып келетіндігін көрсетті. Психопатиялық көріністермен қатар ОЖЖ зақымдануының айқын белгілерімен жағдайлар, органикалық психопатия деп аталады.
Тұлғаның қалыптасуына барлық жағдайда тұқым қуалаушылық және басқа да факторлар әсер етеді. Оларға ең алдымен психологиялық, және де әртүрлі постнатальдық қияндылықтарды жатқызуға болады. Тұлғаның дисгармониялы дамуы факторлар жиынтығының әсерімен анықталады. Мұндай комплексті әсердің эффекті көпжақты болуы мүмкін. Бұл әр фактордың патогенділік дәрежесіне, тұлғаның қандай-да бір дисгармониялық сипатының түзілуіндегі олардың әсерінің мәніне байланысты. Арнайы зерттеулер ОЖЖ-нің пре - және постнатальды деффектілерімен тұлғалардағы жүріс-тұрыстың патологиялық формалары жиі, ол адамдар жайсыз психологиялық жағдайда тәрбиеленгенде дамитындығын көрсетті. Сонымен қатар баланың психологиялық климаты жайлы жанұяда дамуы дефект компенсациясына ықпал етті. Зерттеулермен толық емес жанұя, жанұядағы ауыр конфликтті ситуация жағдайында тәрбиеленгендер арасында салыстырмалы түрде психопатиямен адамдардың пайызы жоғары екендігі көрсетілді. Бала мінезінің ерекшеліктері қалыптасуы үшін ата-анасының баласымен тікелей өзара қатынастарының маңызы зор. Баланы шамадан тыс қорғаштау психастениялық белгілердің дамуына, «жанұя кумирі» типі бойынша тәрбиелеу истериялық белгілердің дамуына септігін тигізеді. Баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін елемеу, эмоциональды жылылық танытпау, «Золушка» типі бойынша тәрбиелеу астениялық белгілердің, аффективті қозғыштықтың және т.б. түзілуіне алып келеді. Осындай токсико-органикалық, генетикалық, психологиялық факторлардың тұлға дамуына әсер етуі оның психологиялық қасиеттерінің бірінің гипертрофиясын, ал екіншілерінің тежелуін туындатуы мүмкін, нәтижесінде дисгармониялы тұлға қалыптасады. Психопатия түзілуінде осы аталған факторлардың қатыстылық дәрежесін анықтау жиі қиындық тудырады. Жайсыз психологиялық факторлардың (жанұяішілік қатынастар) басым әсерін ескере отырып шеткі, жүре пайда болған психопатиялар; түзілуінде негізгі рөлді тұқым қуалаушылық алатын - ядролық, конституциональды (О.В.Кербиков) - психопатиялар ажыратылды.
Психопатияның нейрофизиологиялық негізін түсіндіруде И.П.Павловтың жоғарғы жүйке қызметінің типтері және бейнелік және абстрактылы ойлауға байланысты бірінші және екінші сигналдық жүйенің үйлесімді қызметі жөніндегі еңбегі маңызды орын алады. Осы мәліметтерге сүйеніп психопатияның жеке формаларына түсініктеме берілді: психастениялық және истериялық. Психастениялық түрі екінші сигналдық жүйе басымдығымен жоғарғы жүйке қызметінің жағдайы қыртыс асты аймағының белсенділігінің және бірінші сигналдық жүйенің салыстырмалы әлсіздігімен сипатталады. ОЖЖ-нің структуралық-функциональды құрылымы қызметінің мұндай арақатынасы абстрактылы ойлау басымдылығына, шынайылықпен байланыстың әлсіреуіне, өз әрекеттеріне сенімсіздікке әкеп соқтырады.
Истерия кезінде қыртыс асты және бірінші сигналды жүйенің басым болуы айқын эмоциональдылықты және қоршаған ортаны, шынайылықты қабылдаудың бейнелі сипатын байқатады. Жоғары аффективті қызуқандылық психопатияның истериялық формасымен адамдардың ойлау және жүріс-тұрысында көрініс береді.
Психопатияны зерттеудің басқа жолдары Батыста, әсіресе АҚШ пен Англияда - психодинамикалық. Фрейдизмнің методологиялық позициясы бойынша құрылған осы концепцияға сәйкес психопатиялық мінез-құлық дамудың ерте сатыларына фиксацияланумен байланысты. Бұл механизмдердің түзілуі жанұяда бала мен ата-анасының ерекше ара-қатынасының нәтижесінде пайда болады. Фиксацияны, комплекстер мен қорғаныстық психологиялық механизмдерді тудыратын генетикалық факторлар бар, олар психопатологиялық көрініс түрінде немесе криминальдық жүріс-тұрыс ретінде көрінеді.
Дегенмен осы болжамдар ғылыми аргументациясыз ой шомытатын психологиялық жол арқылы айқындалады. Бұл жағдайда тұлғаның патологиялық түзілуінің негізгі көзі болып табылатын жанұя әлеуметтік жағдайдан тыс және жанұяның психикалық климатына жалпы әлеуметтік ықпалды ескермей жеке қарастырылады.
Дифференциальды диагностика
Психопатиялық күйлердің жеке формаларын анықтау үлкен қиындықтар тудырмайды. Өйткені олардың көріністері тұлға аралық қарым-қатынастар кезінде байқалады, немесе оларды айналасындағы кісілер ылғи байқап жүреді. Оларға ең алдымен психопатияның истериялық және қозғыш түрлерін жатқызуға болады. Психопатияның паранойяльді формасын, соның ішінде паранойяльды дамуды анықтау қиынға түседі. Олардың күдіктенулері мен үйірліктерінің негізсіздігін дәлелдеу жеңіл емес. Оқиғалар бұрмаланған түрде сол адамның өзімен дамытылады. Бірақ олар шындық оқиғаларға өте жақын болады, объективті ақпарат болмаған жағдайда сенім тудырады. Бұл адамдар көптеген адамдардың аяушылығы мен қолдауына қол жеткізеді.Уақыт өте келе патологиялық трактовка жүйесі кеңейіп, күрделенеді, жаңа бейнелермен, оқиғалармен толықтырылады. Бірақ психоздар кезіндегі сандырақтық идеялардан айырмашылығы бұл патологиялық түзілістер нақты жағдайлармен байланысты, шынайылықпен айқын қарама-қайшылығы жоқ. Паранойяльды жүйелер тұрақты, көптеген жылдар бойы сақталады. Сонымен қатар олар уақыт өте олардың туындауына себеп болған жағдайдың өзгеруіне қарай коррекцияланады және дезактуализацияланады. Психопатияның бұл түpiнiң диагностикасы үшін тұлғаның типологиялық ерекшеліктері маңызды орын алады.
Психопатияның шизоидты және психастениялық формаларының диагностикасы едәуір қиындықтар туғызады. Психопатияның бұл түрімен науқастар қоршаған ортаға қиыншылықтар тудырмайды. Шизоидты формасымен науқастар айналасындағылармен араласуды керек етпесе, екінші формасымен науқастар қатынасқа түсуге ұмтылғандарымен, өздерінің шешім қабылдай алмау және сенімсіздіктеріне байланысты одан алшақтап жүреді.бқл тұлғалық ерекшеліктер психикалық дені сау аамдарға да тән. Бұл жерде олардың айқындылық дәрежесін анықтау қажет.
Тұлға жағдайын психопатиялық деп бағалау критериларына ең алдымен өмірге адекватты бейімделуге кедергі жасайтын тұлғалық бейнелерді жатқызу керек. Психопатияның жеке формаларын квалификациялау үшін науқас анамнезінің үлкен маңызы бар, себебі ол олардың психикалық ерекшеліктерін ашады. Психопатияны квалификациялау және анықтау кезінде осы топ бұзылыстарына толық сай келетін белгілерге, және де жеке формаларына тән критерияларға сүйену керек.
Психопатиялардың дерттен айырмашылығы ол тұлғаның бұрмаланған дисгормониялық варианты болып табылады, мұнда психопатиялық белгілер тұлға және оның құрылымымен байланысты. Психопатия салыстырмалы түрде ерте білінеді. Тұлға түзілісі жүретін жaсөcпіpім кезеңде психопатияны анықтауға болады. Оның нeгiзгi epeкшeліктері адамның ерте балалық шағында анықталады. Психопатияның бұл варианттары олардың ядролық түріне жатады. Кейде психопатия қолайсыз жағдайларға және күйзелістерге байланысты ересек жас кезеңінде де басталады. Патологиялық көpiнicтердің бұл варианттары тұлғаның патологиялық дамуы деп аталады.
Психопатияны басқа аурулар кезінде дамитын психопатия тәрізді жағдайлардан айыру қиындық тудырады. Көптеген эндогенді және экзогенді aурулар өздерінің даму сатыларында психопатияға ұқсас симптомдармен көрініс береді. Бұл симптомдарды психопатия тәрізді симптомдар деп атайды. Дұрыс диагноз қоюға осы психопатия тәрізді симптоматиканың негізгі ауру дамуының бip сатысы болып табылуы септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл симптоматика нeгiзгi аурудың басқа да белгілерімен қатар жүреді. Егер cөз экзогенді-токсико-органикалық аурулар жайлы болса, белгілі бip кезеңінде ОЖЖ органикалық зақымдануы, интеллектуальды-мнестикалық бузылыс белгілері көpiнic беруі мүмкін. Эндогенді аурулар кeзiндe, соның ішінде шизофренияда, психопатия тәрізді симптоматика ремиссия кезеңінде байқалуы мүмкін, оның алдында айқын психотикалық жағдай көрініс береді. Шизофренияның психопатия тәрізді бастамасын психопатиядан айыру ерекше қиындық тудырады. Бұл кезде шизофренияға тән жүріс-тұрыс адекватсыздығы, оғаш мінез-құлық тәрізді бастапқы тұлғалық өзгepістердi, шизофрения дамуының бастапқы кезеңдеріне тән басқа да симптомдарды анықтау көмектеседі.
Профилактикасы мен емі
Психопатия емі көптеген қиындықтар тудырады. Анық айтқанымыздай психопатия ауру емес. Егер ауруларды емдеуде нeгiзгi мақсат дертті үрдісті басу және мүмкін болатын көріністерін жою болатын болса, психопатия кезінде науқастың тұлғалық құрылымын қайта қалыптастыру, сыртқы ортамен қарым-қатынас түзудің принциптерін дұрыс түciнyдi іске асыру болып табылады. Бipaқ біз қолданатын психотропты препараттар тек психопатияның белгілі бip көріністеріне ғана әсер етеді.
Көптеген психопатиялық жағдайлар құрамында әртүрлі аффективті бұзылыстар маңызды орын алады. Психотропты препараттарды аффективті патологияны басу үшін немесе эмоциональды көріністерді қадағалау үшін тағайындау олардың симптоматикасының ерекшеліктері мен науқастың жағдайына жалпы әсерін ескере отырып жүргізілуі керек. Депрессивті бұзылыстар кезінде антидепрессанттар қолданылады, ал үрейлі жағдайларда - транквилизаторларды қолданады, депрессия белгілерінің айқын үрей белгілерімен бірге жүруі жағдайында - антидепрессанттар мен нейролептиктер комбинациясы беріледі. Психопатияға терең депрессиялық күй тән болмағандықтан жеңіл антидепрессанттар тағайындалады. Психопатия кезінде ұйқы бұзылысы жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда транквилизаторларды колдану арқылы ұйқыны қалпына келтіруге болады. Егер тиімділік көрсетпесе ұйықтататын дәрілер тағайындалады. Паранойяльды реакциялар кезінде нейролептиктер колданған жөн. Ал егер паранойяльды реакциялар аффективті реакциямен бірге жүрсе комбинацияланған ем қолдану керек. Психопатия емі үшін психотропты препарат таңдағанда кең спектрлі антипсихопатикалық дәрілерді қолданған жөн. Мұндай препаратқа неулептил жатады. Психотропты терапияның маңызы психопатияның декомпенсациясы, психопатиялық және невротикалық көріністер күшейген жағдайда арта түседі.
Мамандардың жалпы қолдауы бойынша, психопатия емінде негізгі рөлді психотерапия алуы керек. Тек психотерапия көмегімен тұлға құрылымын өзгертуге, өзінің «Мені» туралы пікірін түзетуге және тұлға аралық дұрыс байланыс құру жолын табуға болады. Психотерапия әртүрлі - индивидуальды және коллективті болуы мүмкін. Психотерапияның әр түрінің өзінше артықшылықтары бар. Коллективті психотерапияға жағдайы жақсарған адамдар да қатысуға болады. Олардың мысалдары басқа науқастар үшін оң және ынталандырушы әсер етеді. Емдеудің екі түрі - дәрілік және психотерапияны бip-бipiнe қарсы қоюға болмайды. Олар үйлестіріліп, дұрыс қолданғанда емдік әсері күшейеді.
Шетелдегі психопатияның шығу тегіне психодинамикалық көзқарасқа байланысты олардың емі психоанализ көмегімен жүргізіледі. Мұндай емнің мақсаты – санаға бағынбайтын комплекстерді табу, науқастардың оларға жауабын қамтамасыз ету, жүріс-тұрысты түзету болып табылады. Психоанализ индивидуальды айлап және жылдап өткізіледі. Психодрама да осындай мақсатта колданылады. Науқастың дертті комплекстерге жауап реакциясын шақыру мақсатында арнайы көріністер ұйымдастырылып, науқас өзі қатысушы немесе көрермен болады. Оң нәтиже емнің ерекше тәсілдеріне байланысты емес, оның дертінің пайда болу механизмін анықтауға бағытталған науқасқа аударылған зейінге байланысты.
Психопатия профилактикасының тиімділігі қоғам өмірінің жалпы әлеуметтік шарттарына, және де арнайы психогигиеналық және медициналық шаралардың жүргізілуіне байланысты. Тұлға әртүрлі әлеуметтік орталық факторлардың активті әсерінің нәтижесінде түзіледі. Ерте сатыда - бұл жанұя, балабақша, мектеп, институт және т.б, болып табылады.
Кеңестік денсаулық сақтау өзінің алғашқы құрылған жылдарында психопатия профилактикасын ең нeгiзгi міндет деп жариялады. Coның ішінде психопатияның біріншілік профилактикасының мақсаттарына сәйкес келетін ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша; пре - және постнатальді зақымдану жағдайларының алдын алу; баланың психикалық және физикалық дұрыс дамуына жағдай жасау шаралары маңызды мәнге ие болды. Психопатияның біріншілік профилактикасында балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін оптимальды психологиялық климат құру мақсатында психологиялық және педагогикалық әсер ету шараларына айрықша мән берілді. Ерте балалық шақта жанұяның, жанұяішілік қарым-қатынастың әсері ерекше. Бала бірқалыпты, жылы эмоциональды қатынас жағдайында өсуі керек.
Сәбидің психикалық даму дәрежесіне қарай оған ата-анасының өзара қарым-қатынасы әсер ете бастайды. Ата-ананың арасындағы жиі болатын жанжал сәби психикасында терең із қалдырады. Жиі олар жүріс-тұрысымен және мәнерлерімен ата-анасына еліктей бастайды.
Сонымен қатар ата-анасының сәбиге деген қарым- қатынасьның да маңазы зор. Бала өмірінің алғашқы жылдарында белсенділік, тәуелсіздік таныта бастайды: бір нәрсе жасауға, әкелуге тырысады және т.б. Ата-анасы баласы бір нәрсеге ұшырап қалмас үшін, және т.б. мақсаттармен, оның талпынысын басып тастайды. Кейінірек бұл жағдай оның мінез-құлқында әрекетсіздікке әкелуі мүмкін. Баланың үнемі «неге» деген сұрағына мән бермеу баланы сенімсіздікке және толымсыздыққа тәрбиелейді.
Жасөспірімдермен қатынасқа ерекше зейін қою керек. Бұл жаста балада айтарлықтай психикалық қайта құрылулар болады. Түзіліп келе жатқан тұлға ретінде өзіндік «Менін» саналы түсіне бастайды. Бұл үрдіс өзіндік «Менін» дәлелдеу талпыныстарымен жүреді. Жиі бұл ата-ана кеңестерін елемеумен, олармен қатынаста керіскіштікпен және дөрекілікпен көрінеді. Мұндай психикалық дисгармония жағдайы акселерация құбылыстарымен асқына түседі. Акселерация кезінде күшті физикалық даму және техникалық прогресс жағдайында қалыптасумен қатар жасөспірімдер үлкен көлемді ақпаратты игереді. Сонымен қатар жеке өмірлік тәжірибесінің болмауы өздерінің іс-әрекеттерінің әлеуметтік мәнін бұрыс болжауға алып келеді. Бұл жерде өсу дерті деп аталатын кезеңді өткеруге көмектесетін, жасөспірімдердің тұлғалық дисгармониясын одан әрі тереңдетпес үшін ата-ана мен ересектердің жасөспірімдермен арасындағы қарым-қатынасының жақсы ойластырылған жүйесі қажет. Ата-анасының, педагогтардың және ересектердің еңбектері қажет нәтиже бермеген жағдайда дәрігер - психиатрға көрінген дұрыс.
Екіншілік, үшіншілік профилактика деп атауға болатын профилактиканың тағы бір аспекті тұлға дисгормониясы күшеюнің, декомпенсация дамуының алдын алуды, тұлғалық ақауларды компенсациялауға көмек беруді және максимальды әлеуметтік адаптацияны қамтамасыз етуді көздейді. Психопатияның екіншілік және үшіншілік профилактикасын жүргізу бойынша шаралар арнайы білімді қажет етеді. Бұл жерде тұлғаның дисгармониялық көріністерінің ерекшеліктерін және осы белгілердің күшеюіне әкелетін жағдайларды анықтай білу керек. Алдын алушы немесе сүйемелдеуші психотерапия қажет. Соңғысының құрамында жанұялық психотерапия болуы керек, оның мақсаты - жанұя ішілік қарым-қатынастарды нормализациялау болып табылады. Науқастың әлеуметтік реабилитациясында оның профессиональды бағдарына негізгі рөл беріледі. Науқастарға еңбектік кеңестер бергенде науқастың тек білімін, профессиональды бағдарын ғана емес, сонымен қатар мінез-құлық ерекшелігін де ескерген жөн. Кейде адамның мінез ерекшеліктері қызмет профилімен сыйымсыз болады. Мұндайда профилактикалық мақсатта науқасқа қызметін өзгертуге кеңес беру керек.
Психопатиялар кезіндегі еңбектік және соттық-психиатриялық сараптама
Психопатиямен зардап шегетін адамдар, ереже бойынша еңбекке қабілетті. Психопатия кезіндегі еңбекке жарамдылық мәселесі декомпенсация кезеңінде көтеріледі. Бірақ бұл бұзылыстар, ереже бойынша, уақытша сипат алады. Тек паранойяльды психопатиялар еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылуына алып келе алады.
Психопатия формасына сәйкес психопатиялық тұлғаларда еңбектің кейбір түрі мен жағдайы олардың әлеуметтік бейімделулеріне көмектессе, ал екінші бір түрлері – бұзады. Ереже бойынша олар қатардағы әскер қызметіне жарамсыз, ал қатардан тыс әскер қызметіне жарамды болып табылады. Соттық-психиатрия сараптамасы кезінде психопатиямен науқастар қабілетті болып танылады және қылмыстық іске жауапкершілікке тартылады. Тек тұлғаның терең психопатиялық өзгерістерінде, яғни күйі психотикалық жағдайға теңестірілгенде қабілетсіз деп танылуы мүмкін.