Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психиатрия kaz,,, - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.63 Mб
Скачать

Шокты емдеу әдістері

Тырысулық терапия. Тырысулық терапияны психиатрияда 1935 жылдан бастап қолдана бастады. Әдістің авторы венгерлік психиатр Медуна шизофрения мен эпилепсия сыйыспайды, эпилепсиялық бастама шизофрениялық симптоматиканы ығыстырып шығаруы керек деген пікірді ұстанды. Ол уақытта сана жоғалуымен эпилептиформды ұстамалар камфораны көп мөлшерде бұлшық етке енгізумен (майдағы 10-нан 40 мл-ге дейінгі 20% ерітіндіні) шақырылды, кейін – тамырға коразолдың 10% 3-5 мл ерітіндісін енгізу арқылы шақырды. Медикаментозды тырысулық терапия әдісінің кемшілігі конвульсант мөлшерін анықтау қиындығы: мидың тырысулық дайындығы жылдам өзгереді,препарат мөлшері жжеткіліксіз немесе шамадан тыс болып, бір немесе бірнеше ұстамалардың немесе эпилепсиялық статус дамуымен улану белгілері пайда болуы мүмкін. 1937 жылдан бастап электро тырысулық терапия (ЭТЖ) қолданыла бастады. Бұл әдісті Черлетти ұсынды. Кернелісі 60-тан 130 Вт дейінгі 0.3-0.9 с экспозициямен ауыспалы тоқты қолданады. Электродтарды самай маңайына орналастырады, эпилептиформды ұстама тоқтың әсіренен кейін бірден дамиды. Емдеу курсы 1-3-тен 12-15 тырысулық ұстамаға дейін болуы мүмкін.

Электро тырысулық терапияны қолдануға көрсеткіштер созылыңқы (бір жылдан артық) депрессивті жағдайлар, терапияға резистентті ступор жағдайлары, гипертоксикалық шизофрения ұстамалары болып табылады. ЭТЖ соматикалық аурулары жоқ науқастарға тағайындалады. Емдеу алдында науқасты терапевт толық тексеруі керек, қажет болған жағдайда тірек-қозғалыс аппаратының дертін жоққа шығару үшін хирург тексеруінен де өтуі керек. ЭТЖ көмегімен депрессивті ұстаманы тоқтатып қана қоймай, ауруды қолайлы бағытқа өзгертуге болады.

Инсулинді шокты терапия. Бұл емдеу әдісі инсулинді кома шақыру арқылы жүргізіледі. Әдісті 1935 жылы австриялық психиатр М. Закель ұсынған болатын. Емдік әсерін психикаға инсулиннің тікелей әсері емес, ол арқылы туындайтын жағдайлармен (гипогликемия, кома) байланыстырады. Бейспецификалық стрессті әсер ету эффекті елеулі рөль атқарады деп есептеледі. Науқастарды соматикалық тексеру тырысулық терапия жүргізгендегідей мұқият жүргізіледі, өйткені гипогликемия жағдайында жиі эпилептиформды ұстамалар болады. Емдеу әрбір науқасқа сәйкес инсулиннің коматозды дозасы негізінде жүргізіледі. Бірінші кома ұзақтығы – 5-10 мин дейін, кейін – 30-40 мин дейін. Бір ем курсына коматозды жағдай саны – 15-40. Терапияға көрсеткіштер ұзаққа созылмаған және продуктивті психопатологиялық симптоматикамен, ұстама тәрізді ағымға бейім шизофрения жағдайлары болып табылады. Соматикалық және инфекциялық аурулар, артық дене массасы терапияға қарсы көрсеткіш болып табылады.

Атропиндік комалармен терапия. Бұл ем ЭТЖ және инсулиндік коматозды терапия сияқты кең қолданыс тапқан жоқ, өйткені ол тәжірибеге кеш енгізілді (психотропты препараттардың кеңінен қолданысқа енуінен бірнеше жыл ғана бұрын), сонымен бірге бұл емді жүргізудің техникалық қиындықтары бар. Атропинді сеанстан сеансқа жоғарылай түсетін дозаларда 50-300 мг мөлшерлерде инъекция түрінде енгізеді. Команы физостигмин немесе галантаминмен қайтарады. Емдеу курсы 5-15 комадан тұрады. Көрсеткіші инсулиндік коматозды терапиядағыдай. Шизофрениялық үрдіс шеңберіндегі тұрақты жабысқақтықтар және ритуалдар кезінде тиімді әсер көрсеткені бақыланған.