Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психиатрия kaz,,, - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.63 Mб
Скачать

Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау

Заттар мен құбылыстарды жіктеу, олардың табиғат пен қоғамдағы орналасу ретін максимальды бейнелейтін шынайылықты танудың жоғарғы формасы. Жүйе түзуші принципке сүйене отырып осы негізде бірігетін заттардың жалпы қасиеттері - түрлері, тегі, класстары және т.б. бірігеді. Әрбір диагностикалық үрдіс аурулар жіктелуінің қандай-да бір элементімен патологияның идентификациясымен аяқталуы керек.

Психиатрияда жіктеу әрекеттері психикалық бұзылыстар симптомдары, синдромдары және дерттің өзі жөніндегі ақпараттың жинақталу дәрежесіне қарай бірнеше рет жасалды. Дегенмен бұл жіктелулердің барлығы да соңғы уақытқа дейін синдромологиялық принципке сүйенді және жаратылыстанудың жинақтап-суреттеу кезеңіне сай келді. Тек ХІХ ғасырда жоғары білім дәрежесіне қол жеткізуге және табиғатты біртұтас зерттеу жолына көшуге байланысты - психиатрияда жаңа клинико-нозологиялық жіктеу тәсілін іске асыру мүмкін болды. Бұл дерттің басты психопатологиялық симптом немесе синдром негізінде емес, пайда болу ерекшелігі, ағымы және аяқталу ерекшеліктеріне сүйеніп жүйеленетінін білдіреді. Жаңа принципиальды жіктеуді ХІХ-ХХ ғасырда неміс психиатры Э. Крепелин жасады. Бұл жүйеде негізгі орынды аурудың себебі, немесе этиология алады, өйткені ол аурудың ағымы мен соңын көбірек анықтайды. Симптоматика көп рет өзгеріске ұшырауы мүмкін, бір дертте әрқилы болуы мүмкін, әртүрлі ауруларда бірдей көрініс беруі мүмкін. Сондықтан психопатологиялық симптоматиканы және басты синдромды бағалау жіктеуде екінші кезекті маңыздылыққа ие.

Э. Крепелин психикалық ауруларды шығу тегіне байланысты екі топқа бөлді: 1) сыртқы орта факторларымен шақырылған - экзогендік; 2) ағзаның өзіндегі ішкі себептерге байланысты - эндогендік. Экзогенді топқа жарақаттық, интоксикациялық және инфекциялық аурулар кіреді. Жарақаттық ауруларға физикалық, физико-химиялық және психикалық травмалармен шақырылған аурулар жатқызылды. Эндогенді аурулар тобына дизаденоидтық (эндокринопатиялар кезіндегі), ерте ақыл кемдігі (шизофрения нәтижесіндегі), инволюциялық және маниакальды-депрессивті психоздар, эпилепсия, неврастения, истерия, психопатиялар жатқызылды.

Э. Крепелин ұсынған жіктеудің маңызы өте жоғары, оның пайда болуын психиатрия дамуындағы негізгі дәуірдің бірі деп санайды, психиатрия тарихы осы дәуірмен нозологиялыққа дейін және нозологиялық дәуірлерге бөлінеді.

Психикалық бұзылыстардың нозологиялық бағыттағы жүйесіне РМҒА психикалық денсаулық Ғылыми орталығында жасалған жіктеу мысал бола алады (Снежневский А.В., 1983, Тиганов А.С., 1999).

ПСИХИКАЛЫҚ АУРУЛАР ЖІКТЕУІ

Эндогенді психикалық аурулар

Шизофрения

Аффективті аурулар

Аффективті психоздар (соның ішінде МДП)

Циклотимия

Дистимия

Шизоаффективті психоздар

Егде жас функциональды психоздары (соның ішінде инволюциялық депрессия және инволюциялық параноид)

Эндогенді - органикалық аурулар

Эпилепсия

Бас миының дегенеративті (атрофиялық) үрдістері

Альцгеймерлік типтегі деменция

Альцгеймер ауруы

Сенильді деменция

Жүйелік-органикалық аурулар

Пик ауруы

Гентингтон хореясы

Паркинсон ауруы

Егде жас психоздарының ерекше формалары

Жедел психоздар

Созылмалы галлюциноздар

Бас миының қантамырлық аурулары

Тұқым қуалайтын органикалық аурулар

Экзогенді - органикалық аурулар

Бас миы жарақаттары кезіндегі психикалық бұзылыстар

Бас миының ісіктері кезіндегі психикалық бұзылыстар

Бас миының инфекциялық-органикалық аурулары

Экзогенді психикалық бұзылыстар

Алкоголизм

Наркоманиялар мен токсикоманиялар

Симптоматикалық психоздар

Инфекциялық емес соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар

Инфекциялық соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар

Дәрілік заттармен, тұрмыстық және өндірістік токсикалық заттармен улану кезіндегі психикалық бұзылыстар

Психосоматикалық бұзылыстар

Психогенді аурулар

Реактивті психоздар

Жарақаттан кейінгі стресстік синдром

Шекаралық психикалық бұзылыстар

Невротикалық бұзылыстар

Үрейлі-фобиялық жағдайлар

Неврастения

Обсесситі-компульсивті бұзылыстар

Невротикалық деңгейдегі истериялық бұзылыстар

Тұлға бұзылыстары (психопатиялар)

Психикалық даму патологиясы

Кемақылдық

Психикалық дамудың артта қалуы

Психикалық дамудың бұрмалануы

Статистикалық, ғылыми, ұйымдастырулық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу кезінде диагностикалық тәсілді унификациялау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен халықаралық аурулар жіктеуі жасалды (ХАЖ). Қазіргі уақытта 10-қайта қарау ХАЖ – 10 қолданыста, мұнда психикалық және жүріс – тұрыс бұзылыстары 5 – ші (F) тарауда көрсетілген.

Бұл жіктеудің негізін қалаушылар бірінші кезекте тәжірбиелік қолайлылыққа және нақты маман-дәрігердің тәжірибесі мен теориялық көзқарастарына тәуелсіз нәтиженің өнімділігінің максимальды деңгейде болуына бағытталды. Бұл нақты анықтамасы жоқ, әр елде бірдей қабылданбайтын түсініктерді қолданудан бас тартуға мәжбүр етті. Сондықтан «эндогенді», «экзогенді», «невроз» және «психоз» тәрізді терминдер бұл жіктеуде қолданылмайды. «Ауру» термині кең мағыналы «бұзылыс» деген терминмен ауыстырылды. Жіктеудің әлеуметтік және тәжірбиелік бағыты психоактивті заттарды және алкагольді қолдануға байланысты шақырылған бұзылыстарды, олардың симптомдары өзге де органикалық аурулардан айырмашылығы аз болғанымен де жеке топқа бөлуді талап етті.

ХАЖ – 10 нозологиялық жіктеу идеяларын жалпы алғанда жоққа шығармайды: соның ішінде, қалыптасқан «шизофрения», «органикалық бұзылыстар», «стресске реакция» тәрізді нозологиялық бірліктер қолданылады. Бірақ этиопатогенетикалық принцип айтарлықтай келіспеушіліктер шақырмаған жағдайда ғана есепке алынады. Осылайша, олигофрения диагностикасында органикалық ақау есепке алынбайды, өйткені көп жағдайда оны анықтау қиынға соғады. Тек ХАЖ – 10-ң кейбір тарауларында бұзылыстар динамикасы (мысалы, шизофрения ағымының типі) келтіріледі. Жиі диагноз негізгі симптом мен синдромға негізделе отырып қойылады. Өйткені бір науқаста бірнеше психикалық сфера бұзылыстары болуы мүмкін, сондықтан бір уақытта бірнеше шифр қолдану мүмкіндігі бар. Жіктеудің толық текстінде болуы мүмкін және болмайтын белгілер критериялары толық сипатталған, олар қарама-қайшылық тудырмайды.

Жіктемеге енген әрбір диагноз латын әріптерінен тұратын шифр түрінде (психикалық бұзылыстар тарауында ол «F» әрпімен белгіленген) және бірнеше сандармен (4-ке дейін) белгілене алады. Осылайша, 10 000-ға дейін психикалық бұзылыстарды шифрлауға болады. Кейбір психиатрияда жиі кездесетін диагноздар F класына енгізілмеген (мысалы, эпилепсия [G 40], нейросифилис [A 52.1], интоксикациялар [T 36-T 65] )

ДДҰ ХАЖ – 10-ды теориялық жүйе ретінде қарастырмайды, сондықтан ХАЖ – 10-ң қайта өңдеуі белгілі бір психиатриялық мектептердің ғылыми білімі мен дәстүрінің даму дәрежесін көрсететін концептуальды жіктеудің орнын алмастырмайды.

Төменде ХАЖ-10-ның негізгі тарауларының қысқаша тізімі келтіріледі. Кейбір шифрлардағы жұлдызша (*) сәйкес санмен алмастырылуы мүмкін.

ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫС БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕУІ

(№№№№)

F0 Соматикалық бұзылыстармен қатар органикалық, психикалық бұзылыстар:

F00 – Альцгеймер ауруы

F01 – қантамырлық деменция

F02 – басқа деменция (Пик, Крейтцфельд-Якоб, Паркинсон ауруы, Гентингтон хореясы, ЖИТС және т.б.)

F03 – анықталмаған деменция

F04 – алкогольдік емес амнестикалық (корсаков) синдромы

F05 – алкогольдік емес делирий

F06 – өзге бұзылыстар (галлюциноз, сандырақ, кататония және т.б.)

F07 – тұлғаның органикалық бұзылысы

F09 – анықталмаған

F1 Психоактивті заттарды қолдану нәтижесіндегі психикалық және жүріс-тұрыстық бұзылыстар:

F10 – алкоголь

F11 – опиаттар

F12 – сора (конопля)

F13 – седативті және ұйқы шақыратын заттар

F14 – кокаин

F15 – психостимуляторлар және кофеин

F16 – галлюциногендер

F17 – темекі

F18 – ұшқыш еріткіштер

F19 – басқалар немесе жоғарыда аталғандардың бірлесуі

Бұзылыс сипаты 4-ші белгімен белгіленеді:

F1*.0 – жедел интоксикация

F1*.1 – зиянды салдармен

F1*.2 – тәуелділік синдромы

F1*.3 – тоқтату синдромы

F1*.4 – делирий

F1*.5 – басқа психоз

F1*.6 – амнестикалық (корсаков) синдром

F1*.7 – резидуальды психикалық бұзылыс (деменция, тұлға бұзылысы)

F1*.8 – басқалар

F1*.9 – анықталмаған

F2 Шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылыстар:

F20 – шизофрения, оның ішінде жеке формаларын бөледі:

F20.0 – параноидты

F20.1 – гебефренді

F20.2 – кататониялық

F20.3 – ажыратылмаған

F20.4 – постшизофрениялық депрессия

F20.5 – резидуальды

F20.6 – қарапайым

F20.8 – басқалары

F20.9 – анықталмаған

Сонымен қатар ағым типтерін ажыратады:

F20.*0 – үздіксіз

F20.*1 – эпизодты үдемелі ақаумен

F20.*2 – эпизодты тұрақты ақаумен

F20.*3 – эпизодты ремиттирлеуші

F20.*4 – толық емес ремиссия

F20.*5 – толық ремиссия

F20.*8 – басқа

F20.*9 – жылдан төмен бақылау кезеңі

F21 – шизотипті бұзылыс

F22 – созылмалы сандырақтық бұзылыстар

F23 – жедел және транзиторлы сандырақтық бұзылыстар

F24 – индуцирленген сандырақ

F25 – шизоаффективті психоздар

F28 – өзге органикалық емес психоздар

F29 –анықталмаған сандырақтық психоз

F3 Аффективті бұзылыстар:

F30 – маниакальды эпизод

F31 – биполярлы психоз

F32 – депрессивті эпизод

F33 – рекуррентті депрессивті бұзылыс

F34 – көңіл-күйдің созылмалы бұзылыстары

F38 – басқалар

F39 –анықталмаған

F4 Невротикалық, стресске байланысты және соматоформды бұзылыстар:

F40 – үрейлі-фобиялық бұзылыс

F41 – паникалық шабуылдар және басқа үрейлі жағдайлар

F42 – обсессивті-компульсивті бұзылыс

F43 – стресске реакция және адаптация бұзылысы

F44 – диссоциативті (конверсионды) бұзылыстар

F48 – неврастения, деперсонализация және басқалар

F49 –анықталмаған

F5 Физиологиялық бұзылыстармен және физикалық факторларға байланысты жүріс-тұрыстық синдромдар:

F50 – тағам қабылдау бұзылысы

F51 – органикалық емес ұйқы бұзылыстары

F52 – жыныстық дисфункция

F53 – босанудан кейінгі кезең бұзылыстары

F54 – психосоматикалық бұзылыстар

F55 – тәуелділік шақырмайтын заттарды шектен тыс қолдану

F59 – анықталмаған

F6 Жетілген тұлға және ересек адамдардағы жүріс-тұрыс бұзылыстары:

F60 – тұлғаның спецификалық бұзылыстары (психопатиялар), соның ішінде:

F60.0 – паранидты

F60.1 – шизоидты

F60.2 – диссоциальды

F60.3 – эмоциональды тұрақсыз

F60.4 – истериялық

F60.5 – ананкастты

F60.6 – үрейлі

F60.7 – тәуелді

F60.8 – басқалар

F60.9 – анықталмаған

F61 – тұлғаның аралас және өзге бұзылыстары

F62 – психожарақат, психикалық ауру және т.б. нәтижесіндегі тұлға өзгерістері

F63 – әдеттер мен әуестіктер бұзылыстары

F64 – жыныстық идентификация бұзылысы

F65 – сексуальды қалау бұзылысы

F66 – сексуальды даму және ориентация бұзылысы

F68 –басқалар

F69 – анықталмаған

F7 Кемақылдық:

F70 – жеңіл дәрежелі кемақылдық

F71 – орташа дәрежелі кемақылдық

F72 – ауыр дәрежелі кемақылдық

F73 – терең дәрежелі кемақылдық

F78 – басқа

F79 – анықталмаған

F8 Психологиялық даму бұзылысы:

F80 сөйлеу дамуының бұзылысы

F81 – мектептік дағдылар дамуының бұзылысы

F82 – қимылдық функциялар дамуының бұзылысы

F83 – дамудың аралас бұзылыстары

F84 – балалық аутизм және дамудың жалпы бұзылыстары

F88 – дамудың басқа бұзылыстары

F89 – анықталмаған

F9 Әдетте балалық және жасөспірімдік шақта басталатын жүріс-тұрыстық және эмоциональды бұзылыстар:

F90 – гиперкинетикалық бұзылыс

F91 – жүріс-тұрыс бұзылысы

F92 – жүріс-тұрыс пен эмоцияның аралас бұзылысы

F93 – үрейлі, фобиялық және басқа бұзылыстар

F94 – әлеуметтік функциялау бұзылысы

F95 – тикозды бұзылыстар

F98 – энурез, энкопрез, кекештену, тамақтану бұзылысы

F99 Анықталмаған психикалық бұзылыс