
- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
Психологиялық бағыттар
Ғылыми психологияның пайда болу уақытынан бастап-ақ идеалистік және материалистік көзқарастағы әр түрлі психологиялық мектептер пайда болды. Әртүрлі ғылыми-практикалық міндеттермен айналысуына қарамастан психиатрия және психология бір-біріне жақын мамандықтар. Әрқилы психологиялық мектептердің өкілдерімен жасалған көптеген методикалар психикалық ауруларды зерттеуде, ал теоретикалық концепцияларда – жеке психопатологиялық көріністерді түсінуде қолданыс тапты.
Бірақ, ереже бойынша, психологиялық концепциялар психиатриялық мектептер үшін жалғыз теориялық негіз болып саналмайды. Өйткені психология мен психиатрия психика көріністерінің әртүрлі сапалық жағдайларымен байланысты болып келеді.
Психодинамикалық психиатрияның теориялық-методикалық негізі болған өзекті психология концепциясы ерекше. Өзекті психологияның пайда болуы француз психиатры Месмер атымен байланысты. Өткен ғасырдың басында Шелингтің, Ницшенің идеалистік концепциясы, «әлемдік жан» бар екендігін және адамдарды иррационалды күштердің басқаратынын уағыздаған философтардың концепциясы кең таралды.
«Магнетикалық сомнабулизм» (гипноздың көмегімен болатын ерекше жағдай) «әлемдік жанмен» қатынастың тәсілі ретінде қаралды. Өткен ғасырдың ортасында өзекті психология дамуы дағдарысқа ұшырады. Әлем жанымен және иррационалдық күштермен байланысты магнетизм идеясы «гипноз» түсінігіне ауысты (терминді ағылшын ғалымы Дж.Брэдом енгізді).
Өзекті психология З.Фрейдтің коцепциясынан жалғасын тапты. З.Фрейд концепциясында адамның жүріс-тұрысында иррационалдық күштерге басты рөл берілді. Адамның психикалық сферасы нақты ғылыми дәлелдемелерге сүйенбей-ақ мынандай деңгейлерге бөлінді: санадан тыс «Мен» және «менен жоғары» (сверх - Я) немесе «ол» («оно») «эго», «супер-эго». Санадан тыс жағдай адамды басқаратын иррационалдық күштердің қоры болып табылады. Бастапқыда З. Фрейд бұл күштерді ең алдымен сексуалды ынтамен байланыстырды. Қоғамдағы моральды-этикалық принциптерге қарама-қайшы тұлғаның тілектері мен оның орындалмауы арасындағы тұлғаішілік шиеленіс - «комплекс» түсінігін енгізді. Бұның мысалы эдип комплексі бола алады (мифологияға сүйенсек патша Эдип өзінің әкесін өлтіріп, өз анасына үйленеді)- балалардың қарама-қарсы жыныстағы ата-анаға үйірлігі және басқа ата-анадан өзінің қарсыласын көруі.
Санаға бағынбайтын тілектер бет перделі түрде ерекше түс көрулер және ассоциациялар ретінде санаға енуі мүмкін. Кейінірек бұл санаға бағынбайтын тілектер мен әуестіктерге З.Фрейд агрессия және өлімге талпынысты қосты. Барлық психикалық және көптеген соматикалық ауруларды З.Фрейд және оның ізбасарлары адамда комплекстің болуымен, «эго» әлсіздігімен байланыстырады. Бұл бұзылыстарды емдеуде психоанализ ұсынылды - яғни, комплекстерді анықтап, психоаналитик көмегімен науқастың оларға қарсы тұруы. Арнайы зерттеулердің қорытындысы бойынша, психоаналитикалық терапия басқа психотерапиялық емдеу тәсілдерімен салыстырғанда ешқандай артықшылығын көрсете алмады. Фрейд концепциясы бойынша қоғамның социальды, мәдени және діни салалары түсіндірілді, оның ізбасарлары адекватты психологиялық және патопсихологиялық белгілердің айырмашылықтарын көрмеді, олардың түсінігінше екі жағдайдың да негізінде сол бір механизмдер жатыр, олар: конфликттер (шиеленістер), тұлғаның өзге құрылымдарымен әсерлесетін санаға бағынбайтын күштер. Грек философ –идеалисті Платонның жан туралы ойы З.Фрейдтің адамның психикалық сферасы жөніндегі схемасымен сәйкес келеді. Платон ілімі бойынша адам жаны үш бөлікке бөлінеді. Бұл бөліктер ИД (сана астылық), «эго» және «суперэго» тәрізді психикалық сфералармен (Фрейд бойынша) өте ұқсас болып келеді. Дегенмен, Платонның Фрейдтан ерекшелігі адамда рационалдықтың иррационалдықтан басымдылығын айқын көрсетіп бергендігінде. Бұл тағы да З.Фрейдтің концепциясының идеалистік бағытқа бағытталғанын көрсетеді.
З.Фрейдтің концепциясы өз отанында кең түрде танымал болған жоқ. Мұнда Э.Крепелиннің нозологиялық принциптегі клиникалық психиатриясы жоғарғы орынға көтерілді. Ал, З.Фрейдтің концепциясы АҚШ-та дәріс оқуына байланысты, кең түрде танымал болды. Американдықтарға бұл концепция олардың мүддесін қорғайтын болғандықтан, америка қоғамының идеясына сәйкес келгендіктен тез көтерілуіне себеп болды. Сонымен қатар З.Фрейд концепциясы және психоанализ жеке жұмыс жасайтын дәрігерлерге табыс көзі болды, себебі психоанализбен емдеу ұзақ бірнеше айлар мен жылдарға созылатын еді.
З.Фрейд концепциясы өзінің бұлдырлы құрлысымен және претензиялығымен өзінің бағыттастарының арасында да сынға тап болды, әсіресе сынға қатты ұшырағаны - эдип комплексі болды. З.Фрейд концепциясына ғылыми теория қалпын беру үшін оған әр түрлі толықтырулар енгізілді. АҚШ-та З.Фрейд концепциясы іс жүзінде психиатрияның психодинамикалық теориясына тасымалданды. Олар фрейдизм өкілдері сияқты, сананың және «Меннің» әртүрлі саласын көрсетті: саналы және санадан тыс «Мен», және «менен жоғары». Ерекше мағынаны олар баланың превербальды кезеңіндегі эмоционалды өміріне берді, олардың ойынша санадан тыс сфераның құрылуында бұл үлкен рөл алады.
Авторлар, өздерінің концепциясын психодинамикалық деп атай отырып, психикалық дамудың динамикалық принципін, сонымен қатар, эмоциональды принципті де теріске шығарды. Олар неліктен балалық шақта қалыптасқан эмоционалды реакцияның немесе күйзелістердің қандай-да бір түрі уақыт өте түзелмейтіндігіне қандай-да болмасын түсініктеме бермеді. Авторлар эмоциональды көріністерді тұлғаның психикалық қасиеттерінің жалпы жиынтығынан тыс қарастырды. Қорқыныш, үрей, мазасыздық, сенімсіздік сияқты эмоциональды күйзелістердің патогенді рөліне акцент жасау арқылы, психодинамикалық концепцияның, инстинктивті өмір сүру саналы өмір сүруден басым деп нақты айтқан фрейдизммен методологиялық бірлігін дәлелдеді. Психикалық аурулар, жүріс-тұрыс ауытқулары тұлғаның өмірлік ситуациялармен күресу мүмкінсіздігі деп түсіндірілді, ал тұлға әлсіздіктерінің тамыры эмоционалдық тәжірибеде жатыр делінді. Психодинамикалық психиатрия фрейдизмнен метеодологиялық ортақ болып табылады, тек комплекстердің құрылу сипаты және шарты бойынша ғана ажыратылады. Ол көптеген шетел, әсіресе батыста кең қолданыс тапты.
Материалистік психология және патопсихология дамуында маңызды саты болып психикалық және соматикалық өзара қатынастың механизмін ашу болды. И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың құрған рефлекс концепциясы психикалық және соматикалық арақатынасты, сонымен қатар ми қызметінің бейнелеу қызметін түсіндіруде және оқуда жаңа ғылыми-методологиялық тәсіл ашты. С.Л.Рубинштейн бойынша (1957) психикалық қызметті рефлекторлы сипатта түсіну – психикалық қызметті ми қызметімен байланыстырушы міндетті звено болып табылады. Ми қызметін рефлекторлық сипатта қарастыру екі фундаменталды (психика және ми қызметі) жағдай тұтасталады.
Психиатрияда клиникалық және патопсихологиялық профильдегі қарқынды зерттеулермен қатар психикалық бұзылыстарға тән мидағы, науқас ағзасындағы нақты материалдық өзгерістерді анықтауда үнемі әртүрлі әдістер қолданылып отырды. Бұл бағыт биологиялық психиатрия деп аталады.