Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психиатрия kaz,,, - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.63 Mб
Скачать

8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер

Психикалық процестердің көмегімен біздің санамызда бізден тыс және бізге бағынышсыз обьективті шындық бейнеленеді - қоршаған орта мен біздер осы шындықтың бөлігі болып саналамыз. Психикалық үрдіс арқасында әлемді танимыз: сезім мүшелерінің көмегімен қабылдау акты бойынша заттар мен құбылыстарды санамызда бейнелейміз; ойлау үрдісі арқылы заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстарды, нақты заңдылықтарды білемі; есте сақтау үрдісі арқылы осы ақпараттар бекітіледі, одан әрі таным дамуына ықпал етеді. Осылайша қабылдау, ойлау, есте сақтау таным үрдістерін құрайды. Сыртқы дүниеге және ондағы барлық өзгерістерге біздің көзқарасымыз- эмоция психикалық қызметтің бөлігі болып саналады. Психикаға ерікті құбылыстар жатады: зейін, тілек, әуестік, мимика, пантомимика, адамның жеке және толық іс-әрекеті. Күрделі психикалық үрдістердің құрылымдық элементтері және бір мезгілде әлемді бейнелеу сатылары да осындай.

Таным динамикасын сипаттайтын осы стадияларда психология ғылымында психикалық акт ретінде зерттелген категориялармен сәйкестікті табуға болады. Бұл ең алдымен қоршаған ортаны “шынайы пайымдау” немесе танымдық сезім заттар мен құбылыстарды жанама немесе сезімдік тану, заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдау; сонымен қатар – «абстрактылы ойлау», немесе айналадағыны рационалды тану; ең аяғында, адам қызметі, таным дұрыстығы критериясы ретіндегі «тәжірибе» болып табылады.

Бейнелеудің ең жоғарғы формасы – сана деп аталады.

Сана дегеніміз - адамның психикалық қызметінің арнайы формасы. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынаспен, адамның әлеуметтік болмысымен детерминирленген.

Психикалық үрдістердің даму ерекшеліктері, олардың күші, қозғалғыштығы, бағыты әрбір адамның биологиялық қасиеті мен социальді тәжірибесімен анықталады. Адамдағы биологиялық және социальды арақатынас біртұтас, қайталанбас жеке тұлға құрайды. Тұлға мінез-құлық, темперамент, қабілет, ұстанымдарды сипаттайды.

Қалыпты жағдайда психикалық дені сау адамның барлық психикалық үрдістері гармониялы түрде байланысты, қоршаған ортаға адекватты және айналадағы болып жатқан оқиғаларды дұрыс бейнелейді. Психикалық ауруларда бұл байланыстылық бұзылады, жеке психикалық акт зардап шегеді немесе патологиялық үрдіс психикалық қызметті түгел қамтиды. Өте ауыр психикалық аурулар адамның тұлғалық қасиетін бұзады.

Симптомдардың информативтілігі

Психикалық ауруларды анықтауда маңызды ақпаратты психикалық бұзылыстардың клиникалық белгілерін, оның симптомдарын ескере отырып, талдағанда алуға болады. Симптомдар аурудың туындысы, бір бөлігі болып саналады. Олар ауру туғызатын себептер мен патогенетикалық механизмдер әсерінен пайда болады. Ерекшеліктері бойынша симптомдар аурудың жалпы және жеке қасиеттерін сипаттайды.

Симптомдар динамикасы ауру дамуының тарихын құрады. Симптомдардың қалыптасу заңдылықтары, мазмұны, жиынтықтары, терапиялық әрекеттерге сезімталдығы туралы білімім психикалық ауруларды сәтті диагностикалап қоймай, олардың ағымы мен аяқталуы жөнінде пікір жасауға мүмкіндік береді.

Симптомдардың ақпараттық көлемі бірдей емес. Мысалы, галлюцинацияны алсақ, ол өте үлкен ақпараттық жүктемеге болып табылады. Галлюцинация психикалық аурудың қандай-да бір сатысында клиникалық көріністі басып тастауы мүмкін. Ойлау қарқынының жылдамдауы немесе баяулауы, қимылдық қозулар, зейін зорығуы және басқа да белгілер жеке дара жүрмейді. Олар өздеріне байланысты аурудың белгілерімен байланысып, комплекс құрамында қаралады.

Симптомдардың диагностикалық маңызы, оның арнайылық деңгейімен сипатталады. Зейін зорығуы тәрізді симптоммен салыстырғанда галлюцинация арнайы болып келеді және ақпараттылық дәрежесі жоғары. Зейін зорығуы, ұйқысыздық, бас ауыруы, тітіркенгіштік, көңіл-күй төмендеуі және басқа белгілер психикалық ауруларда ғана емес, сонымен бірге соматикалық, неврологиялық аураларда да кездеседі. Ал галлюцинация тек шектеулі психикалық аурулар қатарына тән.

Жағдайдың индивидуальды ерекшеліктеріне жақын болған сайын, симптомдардың арнайылық дәрежесі және диагностикалық мәні соғұрлым жоғары. Кез-келген жалпылама симптомның арнайылығы төмен; бұл жағдайда аурудың белгілі бір түрі туралы айту қиын. Нақты аурудың өзіне тән симптомдарының клиникалық көрінісі, өзіндік ерекшеліктері, сипаты болғандықтан, осы белгілерді танып, білу арқылы ауруларды ажыратамыз. Мысалы: неврастенияда, маникальды–депрессивті психозда, церебральды атеросклерозда да науқас ұйқысыздыққа шағым айтады. Алайда, бұл аурулардың ұйықтамау себебі әрқалай. Неврастенияға тітіркенген әлсіздік, шыдамсыздық және басқа да белгілердің пайда болуын анықтайтын ішкі тежеудің жеткіліксіздігі тән. Тежелу реакциясының әлсіздігіне байланысты ұйқы беткей болады, ауру болмашы тітіркендіргіш әсерінен түні бойы жиі оянады. Сондықтан адам дұрыс тыныға алмай, таңертең тұрғанда басы ауырып, ұйықтай алмағанына және айналадағы болып жатқанның бәрін естіп жатқандығына шағым айтады.

Маникальды – депрессивті психозбен науқас депрессия сатысында түні бойы көз ілмейді. Оларды бір минут болсын ауыр күйзелістен құтыла алмайды: өткен өмірі қателіктерге толы, қазіргі өмірі азапты, болашағын перспективсіз көреді. Түнімен азаптанған науқас осы жағдайынан шығар жол таба алмайды, өмірден кеткісі келеді. Анестетикалық депрессиямен ауру түнімен ұйықтап, оянғанда өзін түнімен ұйықтай алмағандай сезінеді. Бұл ауруда ұйқысыздықтан да басқа тою, ашығу сезімі, қуаныш, қайғы сезімдері жоғалады; кейде олар өз денесін де сезбейтінін айтады. Церебральды атеросклерозбен ауруға барлық психикалық үрдістердің әлсіреуі тән, ол назардың тұрақсыздығы, ес жеткіліксіздігі, жан әлсіздігімен көрінеді. Зорығу реакциялар инерттілігімен бірге жүреді, бұл кезде науқас күн деңгейінде болған оқиғалар, әңгімелер әсерінен ұйықтай алмайды. Көзі ілініп барып, 2 – 3 сағаттан кейін ұйқы механизмінің қажуына байланысты оянып кетеді. Қайтадан ұйықтауға тырысады. Ақырында таңғы 6 -7 шамасында көзі ілініп, іле-шала сағат шырылынан оянып кетеді.

Жоғарыда келтірілген мысалдардан мынаны байқауға болады, бірдей психопатологиялық симптомдар әр ауруда әртүрлі болады, өйткені патогенезінде айырмашылық бар.