
- •Өнеш зақымдалулары және аурулары. (11 тест)
- •2.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы. (12 тест)
- •3. Өңеш және асқазан ісіктері (11 тест)
- •3.Өңеш обыры
- •5. Кардия ахалазиясы
- •1.Кардия ахалазиясы
- •4.Өңеш дивертикулы
- •3. Гастростомия
- •4.Өта.Холецистит (12 тест)
- •5. Жедел және созылмалы панкреатит (12 тестов)
- •6. Тоқ ішек ісіктері (11 тест)
- •1. Дивертикул
- •1. Дивертикул
- •7. Тік ішек аурулары (12 тест)
- •8. Жедел аппендицит (12 тест)
- •9. Жедел ішек өтімсіздігі (12 тест)
- •10. Перитонит (12 тест)
- •11. Іштің сыртқы жарықтары (12 тест)
- •12. Варикозды ауру. Аяқтың тромбофлебиттері (12 тест)
- •13. Артерияның бітелу аурулары (12 тест)
- •14. Өкпе және плевра аурулары (11 тест)
- •1. Бронхоскопия
- •15.Ішкі органдардың паразитарлы аурулары. (11 тест)
- •4. Бронхоскопия
3. Өңеш және асқазан ісіктері (11 тест)
1. Ауруханаға 78 жасар науқас түсті, тексеру барысында өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің трахеяға дейін өскен және баурырға метастазданған ісік анықталды. Жұтыну кезінде сұйықтықты жұту қиындық тудырады. Бұл жағдайдағы орындалуы тиіс әрекет қандай және неге?
1.ісікті бұждау, себебі өңештен астың өтпеуі бар
2.ісіктің эндоскопиялық реканализациясы, себебі дисфагия бар
3. эзофагостома
4. гастростома
5. еюностома, себебі өтімсіздік бар
4
(Ауырлық)═3
2. 4 ай бұрын басталған дисфагияға айқын жүдеуге шағымданған 60 жастағы науқаста аяқ астынан тамақ және сұйықтық қабылдағаннан кейін төс артында ауырсыну, жөтел, цианоз пайда болған. Диагнозыңызды нақтылаңыз?
1.бронхқа астың түсуі мен регургитацияны шақыратын, кардиоспазм
2. бронхты басатын, өңеш дивертикулы
3.физикалық күштемемен шақырылған, стенокардия
4.өңеш просветін жабатын, өңеш полипы
5.эзофаготрахеальды жыланкөз дамыған өңеш обыры
5
(Ауырлық)═2
3.50 жастағы науқаста өңештің көкірек бөлігінде обыр анықталған.Рентгенологиялық тексеруде: зақымдалған аймақтың 8 см-ге дейін созылуы, жұтыну кезінде оның омыртқа денесіне қарай ығысуы, дене қалпының өзгерісі шектелген. Компьютерлік томография мәліметтері бойынша аздаған аймақтық, метастаздар анықталған, шеткері метастаздар жоқ. Гистологиялық зерттеу қорытындысы – жалпақ клеткалы обыр. Жалпы жағдайы: салыстырмалы түрде қанағаттанарлық, дене бітімі астеникалық, ауру барысында 15 кг-ға жүдеген. Қосымша аурулары анықталмаған. Емдік тактика қандай болуы тиіс?
1.сәулелі терапия, метастазды және гистологиялық зерттеуді ескере отырып операция көрсетілмеген
2. гастростома салу, 3-6 айдан соң өңешке жіңішке және тоқ ішектермен пластика жасау
3.Добромыслов-Торек операциясы, 3-6 айдан соң өңешке жіңішке және тоқ ішектермен пластика жасау
4. Льюис операциясы (бірмезгілді эзофаго-гастроанастомозбен өңеш резекциясы)
5.обырды бұждау және артынан эндопротездеу
3
(Ауырлық)═2
4.40 жасар науқасты бір жыл бойы қатты тағамды қабылдағанда жұтудың қиындауы, жұту кезінде жөтел және төс артындағы ауырсыну мазалайды, осыған байланысты тек қана сұйық тағамды қабылдаған. 2 ай бұрын бір ретті кенеттен жұтудың жеңілдегенін айтады, тағам толығымен өткен, түскі асты іше алды. Бірақ аздаған жақсару сезімінен кейін, жағдайы қайтадан нашарлап кетті, аталған шағымдар күшейе түсті. Оған қоса әлсіздік, шаршағыштық, салмақ жоғалту сияқты белгілер пайда болды. Сіздің болжам диагнозыңыз?
1.асқазанның ойық жара ауруы
2.өңештің диафрагмалық саңылауының грыжасы, эзофагитпен асқынуы
3.Өңеш обыры
4.жедел гастрит
5. Кардия ахалазиясы
3
(Ауырлық)═2
5.Дисфагиясы бар 50 жасар науқастың өңештің құрсақтық бөлімін рентгенологиялық зертегенде локальды ассиметриялық тарылу анықталды. Тарылған жердің контуры айқын емес, тарылу аймағындағы өңеш қабырғасы қалыңдаған, тырысқан, перистальтика жоқ, шырышты қабат қатпарлары тегістелген. Тарылу үстінде өңештің ассиметриялық супрастенотикалық кеңею байқалады. Зақымдалған аймақ жұту кезінде және дене қалпын өзгерткенде ығыспайды. Өңештің абдоминальды сегменті ұзарған, асқазанның газды көпіршігі сақталған. Ацетилхолинді және карбохолинді тест – теріс. Өңештің қандай ауруы жайында ойлауға болады?