
- •Өнеш зақымдалулары және аурулары. (11 тест)
- •2.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы. (12 тест)
- •3. Өңеш және асқазан ісіктері (11 тест)
- •3.Өңеш обыры
- •5. Кардия ахалазиясы
- •1.Кардия ахалазиясы
- •4.Өңеш дивертикулы
- •3. Гастростомия
- •4.Өта.Холецистит (12 тест)
- •5. Жедел және созылмалы панкреатит (12 тестов)
- •6. Тоқ ішек ісіктері (11 тест)
- •1. Дивертикул
- •1. Дивертикул
- •7. Тік ішек аурулары (12 тест)
- •8. Жедел аппендицит (12 тест)
- •9. Жедел ішек өтімсіздігі (12 тест)
- •10. Перитонит (12 тест)
- •11. Іштің сыртқы жарықтары (12 тест)
- •12. Варикозды ауру. Аяқтың тромбофлебиттері (12 тест)
- •13. Артерияның бітелу аурулары (12 тест)
- •14. Өкпе және плевра аурулары (11 тест)
- •1. Бронхоскопия
- •15.Ішкі органдардың паразитарлы аурулары. (11 тест)
- •4. Бронхоскопия
11. Іштің сыртқы жарықтары (12 тест)
1. Хирургиялық бөлімге іштің төменгі бөлімі мен санның медиальді бетіндегі ауырсынуларға шағымданған 35 жастағы В. науқас түсті. Қарап тексергенде: іші кепкен, ішпердені тітіркендіру симптомы оң. Шат байламынан төмен ауырсынатын томпайма анықталды. Науқас қысылған сан жарығы диагнозымен операцияға алынды. Қысылған жарықтарда жарық қабын алғаннан кейінгі хирург әеркеттерінің кезектілігін көрсетіңіз:
1. жарық қабын ашу, жарық ішіндегілерінің фиксациясы, жарық қақпаларын тілу, жарық ішіндегілердің тіршілікке қабілеттігін тексеру
2. жарық қабын ашу, жарық қақпаларын тілу, жарық ішіндегілердің тіршілікке қабілеттігін тексеру
3. жарық қабын ашу, жарық қақпаларын тілу, жарық ішіндегілерін құрсақ қуысына енгізу
4. жарық қабын ашу, жарық ішіндегілерінің фиксациясы, жарық ішіндегілердің тіршілікке қабілеттігін тексеру
5. жарық қабын ашу, жарық сұйықтығын жою, жарық қақпаларын тілу, жарық ішіндегілерін құрсақ қуысына енгізу
1
(Ауырлық)═2
2.13. Ауруханаға 18 жасар Х. есімді науқас ауру басталғаннан 6 сағаттан соң қысылған шат жарығы клиникасымен түсті. Жедел түрде операцияға алынды, жарық қабы түбінен ашылды. Жарық ішінде қалыпты түстегі, перистальтикасы белсенді жіңішке ішектің екі ілмегі анықталды. Жарықтық қақпаны тілгеннен кейін жарық ішіндегілер құрсақ қуысының ішіне қарай енгізілді. Жарық қабы мойын аймағынан байланып, кесіліп алынып тасталды. Шат каналының пластикасы, теріге тігістер салынды. Операциядан кейінгі кезеңде интоксикация дамуы үдей берді. Жайылған перитониттің белгілері пайда болғандықтан орталықты лапаротомия жүргізілді. Алдыңғы жарықты тілумен байланысты асқынудың дамуына не себеп болғанын көрсетіңіз:
1.себебі, странгулярлы жүлгеде ішектің микроперфорациясы болды
2. себебі, құрсақ қуысының жарықтық сұйықтықпен инфицирленуі болды
3. себебі, құрсақ қуысына енгізу кезінде ішектің зақымдалуы болды
4. себебі, ішектің ішкі ілмектерінің қысылуы мен некрозы болды
5.себебі,ішек қабырғасының қабырғаалдылық (Рихтерлік) қысылуы және кейіннен ішек некрозы болды
4
(Ауырлық)═3
3.Неге операциядан кейінгі кезеңде жарықтар түзілуі мүмкін?
1.Ішектің парезі себебінен, операциядан кейінгі кезеңде құсу
2.Жараның іріңдеуі,тампонадасы,құрсақ бұлшық еттерінің иннервациясының бұзылуы себебінен
3.Назогастральді зондты ерте алып тастау себебінен, операциядан кейінгі кезеңде ерте активация
4.Кеуде клеткасы ағзаларының сәйкес патологиясы себебінен
5.Құрсақ қуысындағы жабысу процесі себебінен
2
(Ауырлық)═3
4. Артық тамақтанатын және гиперстеникалық дене бітімді науқас операциядан кейінгі құрсақ жарығына байланысты жоспарлы операцияға алынды. Жарық көлемі 25x30 см, түзетуге жарамды. Операция алдылық зерттеу және дайындау әдістерін көрсетіңіз:
1. стандарты зерттеу (қан және зәр жалпы анализдері, ЭКГ, қан тобын және Rh-факторды, қант мөлшерін, қан ұюшылығы)
2. стандарты зерттеу + спирометрия
3. ешқандай қосымша зерттеу керек емес
4. асқазан рентгеноскопиясы + спирометрия + стандарты зерттеу
5.асқазан рентгеноскопиясы + спирометрия + стандарты зерттеу + түзетілген жара кезінде бандаж кию .
5
(Ауырлық)═2
5. Неге «Оң жақтық тура орына келетін туғаннан шап-ұмалық жарық» диагнозы қате болады?
1.Себебі,тура жарықтар негізінен екіжақты болады және ұмаға түседі
2. Себебі,тура жарықтар туғаннан пайда болмайды және ұмаға түсе алмайды
3. Себебі,тура жарықтар қысылмайды
4.Себебі, шап-ұмалық жарықтар түзетілетін болмайды
5.Себебі,түзетілетін жарықтар туғаннан пйда болмайды
2
(Ауырлық)═3
6. Науқасқа қысылған шаттық жарыққа байланысты операция жасалғанда жарықтық қапта ешқандай нәрсе анықталмаған. Қап қабырғалары гиперемияланған, іш қуысынан іріңді-серозды сұйықтық түсіп тұрады. Хирург әрекеті:
1.шат каналыныың пластикасымен бірге жарықты типтік тілу
2. жарық қақпаларының пластикасын жасамай құрсақ қуысын жарық қабы арқылы дренаждау
3. жарықты тілу мен пластика + құрсақ қабырғасының жеке тесу арқылы микроирригатор өткізу
4. орталық лапаротомия, құрсақ қуысы ревизиясы
6. құрсақ қуысы ревизиясын жасау үшін жарықтық қап арқылы жолды кеңейту
4
(Ауырлық)═2
7. Түзетілмейтін үлкен шаттық жарығы бар 70 жастағы науқаста мынадай шағымдар бар: 4 күн бойы созылмалы іш қатуы, іштің кебуі, үлкен дәреттің болмауы және соңғы тәулікте бір реттік құсу. Газдар шығады. Объективті: перистальтика күшейген, жарықтық томпақ ауздап ауырсынады, жарық аймағында «жөтел итерілісі» синдромы оң. Тік ішекті саусақпен зерттегенде тік ішектің «нәжістік тастармен» бітелгендігі анықталды. Болжам диагноз қойыңыз.
1.Қысылған шаттық жарық
2. Перитонит
3. Перфоративті ойық жара
4. Копростаз
5. Жедел орхит
4
(Ауырлық)═2
8. Түзетілмейтін үлкен шаттық жарығы бар 70 жастағы науқаста мынадай шағымдар бар: 4 күн бойы созылмалы іш қатуы, іштің кебуі, үлкен дәреттің болмауы және соңғы тәулікте бір реттік құсу. Газдар шығады. Объективті: перистальтика күшейген, жарықтық томпақ ауздап ауырсынады, жарық аймағында «жөтел итерілісі» синдромы оң. Тік ішекті саусақпен зерттегенде тік ішектің «нәжістік тастармен» бітелгендігі анықталды. Сіздің емдік тактикаңыз қандай және неге?
1. жедел операция,себебі науқаста жарықтың асқынуы
2. жарықты түзету,науқас жасын және сәйкес патологияны ескере отырып
3. динамикалық бақылау,себебі перитониттің белгілері жоқ
4. тазарту клизмаларын тағайындау,себебі науқаста копростаз
5. іш жүргізетін препараттар тағайындау,себебі науқастың үлкен дәреті жүрмей қалған
4
(Ауырлық)═3
9.Іштің ақ сызығының жарығы неге кіндіктен жоғары орналасады?
1.Іштің алдыңғы қабырғасының иннервациясы мен қанайналымының ерекшелігіне байланысты
2. Құрсақтың алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің апоневрозы себебінен және кіндіктен жоғары көлденең фасция тура бұлшық еттерінің футлярын түзеді,оларды бір-бірінен ажырата тұра.
3.Іштің ақ сызығының туа біткен дефектілері себебінен
4.Себебі,құрсақ қуысының жоғарғы және төменгі бөліктеріндегі құрсақішілік қысымның әртүрлілігі алдыңғы құрсақ қабырғасының әлсіз жерінде дефектінің түзілуіне әкеледі
5.Тура бұлшық еттердің анатомиялық әлсіздіктерінің күшіне байланысты
2
(Ауырлық)═3
10. Неге іштің жарығы бар науқастардың операцияларын жоспарлы түрде жүргізу керек?
1.Себебі, жаншылған жарықтар кезінде оперативті емнің көлемі ұлғаяды
2.Себебі,шұғыл араласу кезінде операциядан кейінгі жоғары летальділік
3.Себебі,жоспарланған оперативті ем нәтижесінде,операциядан кейінгі асқынулар аз болады
4. Себебі,шұғыл араласуларда сәйкес аурулар есепке алынбайды
5. Себебі,шұғыл араласулардағы операцияларда жиі аурудың рецидив беруіне әкеледі
2
(Ауырлық)═3
11. Түзетілмейтін шаттық жарығы бар 45 жасар науқас 3 тәулік бойында жарық маңындағы ауырысуға, жарық көлемінің ұлғаюына, терісінің қызаруы мен қатаюына, дене температурасының 39°С-қа дейін көтерілуіне, қызбаға шағымданады. Обективті: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, іші аздап қатайған, ауырсынусыз, жарықтық томпақ қатты ауырсынады, терісі ісінген және гиперемияланған. Ары қарай емдеу тактикасы қандай болуы керек?
1. динамикалық бақылау
2. жедел операция
3. жарықты түзетуге тырысу
4. антибактериальді терапия
5. жоспарлы операция – жарықты тілу
2
(Ауырлық)═2
12. Ауруханаға 18 жасар Х. есімді науқас ауыр ағаш көтергеннен кейін пайда болған оң жақ мықын аймағындағы қатты ауырсынуларға шағымданумен түсті. Бір ретті құсу болған. Ұстамалардың басталғанын 6 сағат болған. Анамнезінде: өздігінен түзетілген жарықтардың болғаны анықталды. Құрсақ қуысы ағзаларында басқа патология анықталмады. Оң жақ мықын аймағын қарап тексеру кезінде құрсақ қуысына енгізуге келмейтін жарықтық томпақ анықталды. Пальпациялағанда шұрылдайды. Іш бұлшықеттері қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қысылған шат жарығы диагнозын нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізілу қажеттігін көрсетіңіз:
1.құрсақ қуысының бақылау рентгенографиясы және лапароскопия,
2.асқазанды контрастты зерттеу және құрсақ қуысының рентгенографиясы
3.Дуглас қалтасының пункциясы, Жалпы қан анлизі
4.лапароскопия, ирригография
5.жалпы қан және зәр анализдері
1
(Ауырлық)═2