
- •Өнеш зақымдалулары және аурулары. (11 тест)
- •2.Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы. (12 тест)
- •3. Өңеш және асқазан ісіктері (11 тест)
- •3.Өңеш обыры
- •5. Кардия ахалазиясы
- •1.Кардия ахалазиясы
- •4.Өңеш дивертикулы
- •3. Гастростомия
- •4.Өта.Холецистит (12 тест)
- •5. Жедел және созылмалы панкреатит (12 тестов)
- •6. Тоқ ішек ісіктері (11 тест)
- •1. Дивертикул
- •1. Дивертикул
- •7. Тік ішек аурулары (12 тест)
- •8. Жедел аппендицит (12 тест)
- •9. Жедел ішек өтімсіздігі (12 тест)
- •10. Перитонит (12 тест)
- •11. Іштің сыртқы жарықтары (12 тест)
- •12. Варикозды ауру. Аяқтың тромбофлебиттері (12 тест)
- •13. Артерияның бітелу аурулары (12 тест)
- •14. Өкпе және плевра аурулары (11 тест)
- •1. Бронхоскопия
- •15.Ішкі органдардың паразитарлы аурулары. (11 тест)
- •4. Бронхоскопия
СЕМЕЙ қ. ММУ. №2ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ
ЖМФ 5 КУРС СТУДЕНТТЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАУҒА АРНАЛҒАН
ХИРУРГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ЕСЕП
2011-2012 оқу жылы
Нозология және вариант бойынша есептер саны
№ |
Сабақ тақырыбы |
Вариант саны |
Жалпы есептер саны |
1. |
Өнеш зақымдалулары және аурулары. |
2 |
11 |
2. |
Асқазан және он екі елі шек ойық жара ауруы. |
3 |
12 |
3. |
Өнеш және асқазан ісіктері. |
2 |
11 |
4. |
Өт тас ауруы. Холецистит. |
3 |
12 |
5. |
Жедел және созылмалы панкреатит. |
2 |
12 |
6. |
Тоқ ішек ісіктері. |
2 |
11 |
7. |
Тік ішек аурулары. |
3 |
12 |
8. |
Жедел аппендицит. |
3 |
12 |
9. |
Жедел ішек өтімсіздігі |
2 |
12 |
10. |
Перитонит. |
2 |
12 |
11. |
Іштің сыртқы жарықтары. |
3 |
12 |
12. |
Варикозды ауру. Аяқ тромбофлебиттері. |
2 |
12 |
13. |
Артериялардың бітелмелі аурулары. Магистральді артериялардың тромбозы және эмболиясы. |
2 |
12 |
14. |
Өкпе және құрсақ қуысының аурулары. |
2 |
11 |
15. |
Іш қуысы ағзаларының паразитарлы аурулары. |
2 |
11 |
Жалпы саны: |
35 |
175 |
Өнеш зақымдалулары және аурулары. (11 тест)
1. 20 жастағы науқас 3 ай бұрын қателесіп каустикалық ас тұзы ерітіндісін ішіп қойған. Қазырғы уақытты лезде дамитын дисфагия байқалады. Рентгенологиялық зерттеуде өнеш орта бөлігінің тыртықтаушы тарылуы байқалады. Өнеш диаметрі 2-3 мм.-дан аспайды. Қандай ем түрі көрсетілген:
1.өнештің тарылған аймағын резекциялау
2.өнешті буждау
3.өнеш экстирпациясы
4.өнеш пластикасы (ащы немесе тоқ ішекпен, асқазанммен)
5. гастростомия
2
(Ауырлық)=1
2. Тұрақты және ұзақ уақыт ағымды кардиоспазм түрінде төменде аталған емнің қай түрі қолданылады?
1.медикаментозды
2. гипносуггестивті
3. кардиодилатация
4.операциялық
5.өнешті эндопротездау
3
(Ауырлық)=1
3. 58 жастағы науқаста тұрақты интенсивті төс артында ауырсыну, қосалқы қиналдыратын қыжыл және желінген тамақпен құсу байқалады. Ауырсыну жиі жауырын аралыққа және сол жақ иыққа беріледі. ЭКГ-да миокардтағы аздаған өзгерістер байқалады. Қандай зерттеу әдісін тағайындаған дұрыс деп ойлайсыз?
1. фонокардиография
2.асқазанды рентгенологиялық зерттеу
3. лапароскопия
4.қышқылды-сілтілі жағдайды тексеру
5.кеуде қуысын УДЗ
2
(Ауырлық)=2
4. Клиникаға ауыз қуысында жоғары мөлшерде сөл бөлінуіне, өңешіндегі тырналу сезіміне, жұтынудың қиындауына, жөтелге шағымдана 35 жастағы науқас түсті. Кейбір кезде тағам қабылдағаннан соң мойын аймағында ісіну және дисфагия байқалады.Тағамды жұту үшін мәжбүрлік жағдайға ауысуы қажет, сол кезде торсылдаған дыбыс естіледі және мойын аймағындағы ұлғаю жоғалады.
Болжамалы диагноз қойыңыз?
1.өнештің жоғарғы бөлігіндегі бөгде зат
2.өнештің жоғарғы бөлігіндегі ісік
3.мойын кистасы
4.өнешті-жұтқыншақты торсылдақ
5.өнешті-бронхиальді жыланкөз
4
(Ауырлық)=2
5. Тамақтануы қанағаттанарлық, эмоциональды тұрақты 47 жастағы науқас, дисфагия, қыжылға, эмоциональды стресс кезінде күшейе түсетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Төс артындағы ауырсыну бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады, және ол жақ сүйегіне, арқаға иррадиацияланады. Ауырсыну көбіне түнде және суық желге қарсы жүргенде пайда болады. Нитроглицерин ауырсынуды төмендетеді, кекіргеннен соң және ас содасын қабылдаған соң жағдайы жеңілдейтінін айтты. ЭКГ: патология жоқ. Өңеш рентгеноскопиясы: өзгеріссіз. Диагноз қойыңыз.
1.өңеш дивертикулы
2.кардия ахалазиясы
3.диафрагманың өңештік саңылауының грыжасы
4. стенокардия
5. диффузды эзофагоспазм
5
(Ауырлық)=2
6.Аурураханаға 42 жасар П. атты науқас түсті. Шағымдары: ас өтуінің қиындауы, тәулігіне 1 – 2 рет регургитацияның болуы, анда-санда төс артында ауырсынудың пайда болуы. Анамнезі бойынша 3 жылдай ауырады. Науқастың тамақтануы төмендеген, қан анализі қалыпты. Диагноз қойыңыз.
1.өңеш обыры
2.өңеш ахалазиясы
3.өңештің тыртықты стриктурасы
4. эзофагит
5. дивертикул
2
(Ауырлық)=2
7. 40 жастағы науқас жұтынғанда қатты тағамның өңеш арқылы өтуінің қиындауына шағымданады.Анамнезінде:1 жыл бұрын байқаусызда түсініксіз сұйықтық ішіп алды,дәрігерге қаралған жоқ,өз бетімен емделді.Бұл жағдайдағы негізгі емдеу әдісін атаңыз:
1.консервативті ем:спазмолитиктер,диета
2.өңеш пластикасы
3.өңешті буждау
4.кардиомиотомия
5.Добромыслов-Торека операциясы
3
(Ауырлық)=2
8. 58 жастағы науқас қатты тамақ жұтқан уақытта қиындықты байқағаннан бастап өзін 6 ай бойы ауырып жүрмін деп есептейді. 3 айдан кейін жауырынаралық аймақта ауырсыну, жалпы әлсіздік пайда болы. Науқас тек жартылай сұйық тағамдарды ғана қабылдай алады, 6 кг-ға жүдеген. Өңештің рентгенологиялық зерттеуі кезінде оның толу дефектісі есебінен ортаңғы 1/3 бөлігінің 6 см тарылуы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін сіздің алғашқы жүргізетін зерттеу әдісіңіз?
1. бронхоскопия
2.кеуде қуысының УДЗ-сы
3.биопсиямен бірге жүргізілетін эзофагоскопия
4.кеуде қуысының компьютерлік томографиясы
5. лапароскопия
3
(Ауырлық)=2
9.45 жастағы ер адам төс артындағы күйіп тұрғандай ауырсынуға, кекіруге және ұзақ уақыт созылатын қыжылға шағымданады. Бұл клиникалық көріністер триадасы қай патологияға тән? Болжам диагноз қойыңыз.
1. рефлюкс-эзофагит
2. диафрагманың өңештік саңылауының жарығы
3. кардиоспазм
4. эпифренальды дивертикул
5.өңештің тыртықты тарылуы
1
(Ауырлық)=2
10.Ауруханаға өңештің химиялық күйігімен науқас түсті. Осы патология кезінде клиникалық жағдайда көрсетілуі тиіс алғашқы жедел жәрдем комплексіне не кіреді?
1.антибиотиктер,спазмолитиктер,анальгетиктер,дезинтоксикациялық терапия
2.анальгетиктер, спазмолитиктер, асқазанды жуу, дезинтоксикациялық терапия, антибактериальды терапия, гормонотерапия, ерте бұждау
3.нейролептиктер,анальгетиктер,спазмолитиктер
4.анальгетиктер, спазмолитиктер, асқазанды жуу, жүректік препараттар, дезинтоксикациялық терапия, антибактериальды терапия, кеш бұждау
5.дезинтокасикациялық терапия, ерте бұждау
2
(Ауырлық)=2
11. Науқас 70жаста, соңғы 2айдағы толық сауығымен монотонды прогрессивті фондағы дисфагияға шағымданады. Рентгеноскопияда: барий кардиалды бөлікте біраз кідіргеннен кейін ақырындап асқазанға түседі. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін бірінші қолдану керек:
1.Биопсия мен фиброгастроскопия
2. Құрсақ қуысының томографиясы
3.УДЗ
4.Лапароскопия
5. рН-метрия
1