Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА готовый шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.58 Кб
Скачать

87. Қызбаның 3 кезеңінде клиникалық көріністері және сырқаттың күтімі.

Қызба дегеніміз дене қызуының көтерілуі. Жылу реттегіш және патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде пайда болады. Қызбаның 3 кезеңі болады.

І кезең дене қызуының көтеріле бастау кезеңі.

Белгілері: науқастың денесі тітіркенеді, түршігеді, терісі құс еттенеді, еріні көгеріп, аяқ қолы жансызданып тоңады, басы ауырып әлсірейді, көңіл күйі нашарлайды

Көрсетілетін көмек: Сырқаттың аяғына жылытқыш қою, қою тәтті шәй беру, қымтап жабу, желорай болдырмау, Сырқаттың барлық физиологиялық қызмет атқаруын қадағалау.

ІІ кезең- қызудың өте жоғары көтерілуі немесе шарықтау кезеңі.

Белгілері:Аузынан ыстық леп шығады, шөлдейді, еріні кеберсіп жарылады, қатты әлсізденіп, денесі, аяқ қолы сырқырап ауырады. Дене қызуы тым жоғарылағанда сандырақтап, елес болуы мүмкін.

Көрсетілетін көмек:Жедел дәрігерді шақыру, Бұл кезеңде сырқатты жалғыз қалдыру оте қауіпті. Ол төсегінен атып тұрып құлап түсуі, терезеден қарғып кетуі мүмкін. Сырқатқа жеке күзет орнату, үнемі бақылауда устау қажет. Шешідіріп үстіне жеңіл жайма жабу. Басына, күре тамырлар отетін жеріне салқын компресс (2 ас қасық сірке қышқылы 0,5 л су), басына тұсына мұзды мұйық іліп қою. Көп мөлшерде сұйықтық беру. Жалпы жағдайын қадағалау, күре тамырының соғуын (пульс), қан қысымын бақылау.5-6 рет шағындап қоймалжың, тез сіңіретін, каллориясы жоғары, дәруменді тағам беру. Ауыз қуысының күтімін жасау, ерні жарылған жағдайда май жағу, дәрігердің белгілеулерін орындап негізгі ауруын емдеу.

ІІІ кезеңқызбаның төмендеу кезеңі. Ол 2ге бөлінеді: кризистік және лизистік.

Кризистік– дене температурасының күрт төмендеуі – жоғарыдан томен өте тез (40-тан 36˚С қа дейін)түсуі. Шұғыл шаралар жүргізуді талап етеді. Бұл қан тамыры тонусының кенет төмендеінен, қан қысымының азаюынан, тамырдың нашар соғуы салдарынан болады.

Белгілері:Қызудың кенеттен төмендеуі, тердің шамадан тыс болініп, организмнің әлсіреуіне соқтырады. Аяқ қолдары суиды, еріндері көгереді.

Көрсетілетін көмек: Дәрігерді шақыру оның белгілеулері бойынша күре тамыр қысымын көтеретін дәрілер егу (кофеин, мезатон 1%) , сырқаттың аяқ қолына жылытқыш қойып,қымтап жабу. Коп тердеуіне байланысты сырқатты құрағата сүртеді, іш киімдерін ауыстырады, төсек жаймаларын ауыстыру.

Лизистік-дене қызуының біртіндеп төмендеуі.

Белгілері:тері шып – шып терлейді. Әлсірейді, науқас қызуы төмендегенсоң ұйықтап кетеді.

Көрсетілетін көмек: Оятуға болмайды, ұйқы күшті қалпына келтіреді. Қызба кезінде науқас терісіне ерекше күтім қажет. Ойылуды алдын алу шараларын жасау қажет.

Қызбаны тіркеу үшін қызба дәптері сандық түрде,қызба парағы графикалық түрде сызуға онда сырқат фамилиясы, өлшеу күні мен уақыты көрсетілген. Оны науқастың стационарлық науқастың медициналық картасына салып кояды, әрбір өлшеуді нүктемен белгілеу қажет. Нүктелерді түзі сызықпен қосу кезінде температуралық қисық сызықтар пайда болады, олар стационарда жатқан сырқаттың барлық кезіндегі қызуының өзгеріп отырғанан көрсетеді.