Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЛИНИКА готовый шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251.58 Кб
Скачать

52. Кейбір дәрілік заттарды еңгізу ерекшеліктері (инсулин, бициллин, майлы ерітінділер)

Иньекция –дәрі дәрмек заттарды тканьдерге жіберу.

Артықшылығы:жылдам әсер етеді;дозаның дәлдігі

Инсулинді енгізі ережесі мен техникасы.

1.Инсулин единицада дозаланады. Инсулин тері асытан тамақтанудан 30 мин бұрын еңг-ді.инсулин флакон-да 5 мл-ден шығарылады.

2.1 мл-де 40 не/се 80 ЕД инсулин бар

3.Флакон сыртынан атын анықтап оқу.

4. Арнайы инсулин шприцтерін қолдану.

5.Дәрігер нұсқауын нақты дозалау.

6.Инсулин иньек-ң орнын ауыстырып отыру керек.

7.Жай және ұзақ уақытқа арналған инсулинді бір шприцтен қосып енгізуге болмайды.

8.Инсулин шприцтерін дезинфекция жасауда сода қосуға болмайды.

Инсулинді енгізер алдында спиртпен суртеміз сурткенде сприттің кебуін күтеміз, және шприцтін инесін кебу мақтамен суртеміз, спирт тигізуге болмайды. Инсулин иньекциясының орнын ауыстырып отыру керек. Бицилинді енгізерде ауада ұзақ ұстап тұруға болмайды өйткені қатып қалады. Иненің ұшында кристалданып қатады. Емделуші инъекцияға дайын болуы к/к. Емдел-нің көзінше абайлап ерітеміз, флаконда аз көпіршік-р пайба болуын қадағалаймыз.б/е терең еңгізіп, поршенді тартып көр, шприцте қан жоғын тексеру, егу жасаған жерге жылытқыш қою. Майлы ерітінді-ді көк тамырға еңгізуге болмайды. Майлы ерітіндіні бұлшық ет аймағына, бөксенің, мықынның сыртқы жағы, кейде иықтың 1/3 бөлігіне (сыртқы үстіңгі бөлігіне) енгізіледі.Көк тамырға май ерітіндісі тамшысы түскен жағдайда өте қауіпті асқыну-майлы эмболия болады. Егер май артерияға түссе, ол оның бітелуін туғызады, қоршаған ұлпа-дың қоректенуін бұзады және дене бөлігінде некроз п.б. Май к/т-ға түскен жағдайда ол қанмен бірге өкпе тамыр-ына түсіп, бітелуін туғызады және қатты тұншығу ұстамасын туғызады, емделуші өліп кетуі мүмкін. Сон-н қатар, май ұлпа-да өте баяу сорылады.

Егу алдында майлы еріт-сі бар ампуланы - 37 градус дейін жылыту керек (су моншасында) Су- 38-39 градус болуы керек. Майлы еріт-ні теріге н/е б/е-ке еңгізгеннен кейін поршенді өзіне қарай тартып көру к/к. Егер шприцке қан бармаса, дәріні ақырын еңгізуге болады. Егу жасаған жерге жылытқыш н/е жылыту компресс қою к/к. Себ/і ол майлы еріт-нің тез таралуын қамтамасыз етеді.

53. Клизма туралы түсінік. Тазалау клизмасын қою іс-әрекеті. Көрсеткіштері, кері көрсеткіштері.

Клизма деп диагоностикалау және емдеу мақсатында әр түрлі сұйықтықтарды тік ішек арқылы енгізуді айтады. Босату клизма-ы: тазалау, сифондық; Босаңсыту клиз-ы: майлы, гипертониялық; Дәрілік кли-ы: микроклизма, тамшы.

Тазалау клизмасы д/з тоқ ішектің төменгі жағын емдеу ж/е диагноз қою мақсатымен түрлі сұйықтықтар енгізу.

Көрсеткіш-і: Тоқ ішектің төменгі бөліміндегі кідіріп қалған нәжісті жібіту және шығару үшін, тазалау клизмасын іш қату кезінде, улану кезінде токсикалық заттарды шығару үшін, операция және босанар алдында, ас қорыту жолдарын рентгендік және тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу алдында, дәрілік клизманы жүргізер алдында қолданады.

Қарсы көрсеткіш-і: Тоқ ішектің шырышты қабатының жедел қабыну аурулары және эрозиялы-жаралары, іш қуысының кейбір жедел хирургиялық аурулары (жедел аппендицит, жедел перитонит, асқазан-ішектен қан кету, іш қуысындағы мүшелерге операция жасағаннан кейінгі бірінші күні, жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі)

Тазалау клизмасын қою

Тазалау клизмасы жүргізу үшін резеңкелі Эсмарх кружкасын (ұшында тесігі бар сыйымдылығы 1-2 л) қолданады, оған ұштығы бар ұзындығы 1,5 метр резеңкелі түтікшені жалғайды. Түтікшенің ұшында кружкадан судың ағуын реттейтін шүмегі болады.

Клизма қою үшін қолданатын судың температуасы

Ересек адамға тазалау клизмасын қою үшін 1—1,5 л жылы су қажет (25—35 °С). Егер тоқ ішектің жиырылуын күшейту қажет болса (атониялық іш қату кезінде), онда неғұрлым төменгі темпертуардағы суды қолдануға болады. (12—20 °С). Керісінше, егер ішектің бұлшықет қабатын босаңсыту қажет болса (спастикалық іш қату кезінде), онда 37—42 °С суды қолданады. Тазалау клизмасының әсерін күшейту үшін кейде 2-3 ас қасық глицирин немесе өсімдік майын немесе балаларға арналған сабынның бір ас қасықтай мөлшерін суда ерітеді.

Эсмарх круж-на су құй. Резеңке түтіктегі вентильді ашып, судың ағымымен ішіндегі ауаны шығару вентилін жабыңыз. Кружканы штативке іліп, қысқыштың басына вазелин май жақ. Клеенка төселген кушеткаға науқасты сол жақ қырына тізесін кіндігне дейін бүгіп жатқыз. Сол қолдың екінші, үшінші саусақтарымен науқастың құйрығын ашып, ал оң қолмен майланған ұштықты айналдыра отырып тік ішекке 10-12 см тереңдікке енгізеді. Алдымен (алғашқы 3—4 см) ұштықты науқастың кіндігіне қарай бағыттап, сосын омыртқаға қатарластырып 8-10 см. тереңдікте еңгіз. Ішекке су баяу баратындай етіп, винтильді ақырын аш. Егер су ішекке бармай қалса ұштықты тереңірек енгізіп, судың ағысын күшейтіңіз. Керісінше, тоқ ішектің бойымен ауырсыну сезімі байқалса, судың ағысын бәсеңдетеді. Вентильді жауып, ұштықты ақырын шығарыңыз. Суды енгізуді аяқтаған соң науқасқа 5-10 минут бойы үлкен дәретке отырмауын сұраңыз. Тоқ ішектің перистальтикасының күшеюінен оның төменгі бөлімі нәжіс массасынан тазартылады. Қолданған ұштықтарды сабынды суға жуып, қайнатады.

54. Асқазан ішек жолы мен бүйректі рентгенологиялық зерттеу әдістері, Асқаз-н рент-к зерт-ң маңызы зор, мейіркештің мақсаты – қарын мен ішектегінің бәрін ж/е газдарды шығару,Зерттеу қарсаңында газдар пайда болмас үшін науқас құнарсыз тамақ жемеуі к/к, Зерттеу алдында таңертең ж/е кешке,зерттеу басталмастан кем дегенде 2 сағ бұрын ішекті 1 л жылы сумен клизма салып тазал-ды,Зерт-у кез-де іш жүргізетін дәрілер беруге болм-ды,себ-і одан іш кебеді,асқаз-да сұйық көп болса оны 1-неше күн бойы жуу к/к, зерт-ге сырқатты таңертең ашқарынға тазалау клизмасынан кейін жібереді, газы көп болса қайттан клизма жас-ды. Қуысты мүшелерді рентгензерттеу контрастты заттарды қолданумен жүзеге асады. Ас қорыту жолдарын зерттеу үшін барий сульфат рентгенконтрастты заттар қолданылады. Құрамында йод бар контрастты заттар аллергиялық асқынуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан егуден алдын аллергоанамнез жинап, сезімталдыққа сынама жүргізу қажет. Асқазанды рентгендік зерттеуге науқасты дайындау. Мейірбикенің іс -әрекеті: 1. Ас қорыту жүйесінің қызметін сақтау үшін шлаксыз тағам ішу керек. 2-3 күн қара нан, картоп жемеуін науқасқа түсіндіру қажет. 2. Тексеру аш қарынға жүргізілетінін ескертіп, кешкі тағам сағат 19-00 кеш ішілмеуі және жеңіл болуы қажет. 3. Зерттеу алдында таңертең және кешке зерттеуден 2 сағат бұрын тазалау клизмасы жасалады. 4. Өзімен бірге сүлгі болуы керек.(терісін,сілекейін сүртуге). 5. Науқасты рентген кабинетіне апару, контраст зат-барий сульфат 150-200 мл ішуге беріледі. 2/Бүйректің жатқан орнын,көлемін ,ісігін, анықтау үшін рентг-к зерт-р жүрг-і,Бүйрек пен несеп шығару жолд-на рентг-к зерттеу үшін контрасты йоды бар заттар сергозин, уротраст, трийотраст, верогнаст т,б қолд-ды. Рентгенологиялық зерттеу:  Жиі бүйрек және зәр шығару жолдарының шолу рентгенографиясы,тамыр ішілік урография жүргізіледі. Науқасты бүйректің жалпы рентгенограммасына және урографияға дайындау. 1. Зерттеуге ас қорыту жүйесінің қызметін сақтау үшін шлаксыз тағам ішу керек. Қара нан, сүт, жеміс-жидек, көкөніс жеуге болмайды. Ақ нан, пісірілген ет пен балық, ірімшік, қаймақ жеуге болады. 2. Метеоризм кезінде дәрігердің тағайындауымен белсендірілген көмір беріледі. Зерттеуден 18-20 сағат алдын тамақ ішу тиім салынады. 3. Кешке сағат 22-де және таңертең зерттеуден 1,5-2 сағат алдын тазалау клизмасы жүргізіледі. 4. Зерттеуден алдын тамақ ішуге, су, дәрі қабылдауға, темекі тартуға болмайды. Зерттеу алдында қуық босатылады. 5. Науқасты рентген кабинетке апару. 6. Рентген кабинетте дәрігердің тағайындаумен 20-40-60 мл  рентгеноконтрастты зат тамырға жәй енгізіледі.  Ескерту: құрамында йод бар контрасты заттар кері әсер, кейде коллапс және шок беруі мүмкін. Құрамында йод бар контрасты заттардың антидоты болып 30% тиосульфат натрий ерітіндісі есептеледі.