- •Мазмұны:
- •Анкета «Қысқаша өзім жайлы»
- •Тест «Мен кіммін? Мен қандаймын?»
- •«Мен өмірде неге талпынам , мақсатым?»
- •Анкета «Сен кімсің?»
- •«Мен және менің болашағым»
- •«Мен не үшін оқимын?»
- •Нәтижелер
- •Ресми құжаттар
- •Белсенділікке бағытталған шығармашылық жұмыстар
- •Ереже , нұсқау , пайдалы кеңестер
- •. Ереже . «Рефератпен қалай жұмыс істеу керек»
- •2. Ереже Сабақ үстіндегі жетістіктерім
- •Ескету Кітапханаға саяхат.
- •Ескерту Шығарманы қалай жазу керек.
- •Ескерту Кітаппен жұмыс істеу
- •Ереже Өлеңді қалай жаттау керек
- •Ескерту Дәптермен жұмыс
- •Дәптерді толтыру
- •Дәптерді жүргізу:
- •Дәптерді қолдану ережесі:
- •Өз мінез-құлқыңды қалай қалыптастыру керек
- •Өз қызығушылығың және икемділігіңді қалай реттейсің.
- •Мектеп және сен
Ереже Өлеңді қалай жаттау керек
Өлеңді бірнеше күн бұрын жаттаған дұрыс.
Өлеңді мұқият оқы. Өлең саған қандай ой салды? Автордың жазғаны бойынша жеткізуге тырыс.
Өлеңді 2-3 рет оқи отырып , есте сақтауға жағдай жаса. (кітапқа қарауға болады)
Есте сақтауға қиындау тұстарына незар аудар. Қағазға схема түрінде немесе нақты сөздермен , суреттермен көз алдыңа қойып , сол арқылы жаттауыңа болады. (яғни , сурет арқылы елестете отырып, немесе сөздерді пайдаланып)
Егер өлеңді жатау саған қиынға түссе , оны жолдар бойынша жатта: Бірінші жолды , сосын бірінші мен екіншіні , бірінші және екінші , үшінші жол т.б.)
Кітапты қоя тұр. Кешкісін үй жұмыстарын орындап болған соң , демалып , өлеңді қайталап айтып көр.
Өлеңді күнде ата-анаңа немесе достарыңа 1-2 рет айтып көр.
Сабаққа барар алдында , сол күні өлеңді таңертең мектепке бармас бұрын айтып көр.
Ескерту Дәптермен жұмыс
Дәптердің маңызы туралы ойланып көрдіңбе? Ол не үшін қажет? Дәптерге оқушылар сынып жұмысын және үй жұмысын орындайды: мұғалім дәптерлерді тексере отырып , баға қояды; дәптерде сабақ тақырыбына байланысты негізгі мағлұматтар белгіленеді;
Әрине , дәптерді мұғалімнің талабына сай сыртынан бастап дұрыстап толтырып , дұрыс ұстау керек. «Бұлар маған таныс және түсінікті» - деп жауап берсең , сен әрқашанда қателеспейсің.
Бір оқушы былай деген екен:
«Дәптерді жақсы көр , ол саған көмектеседі»
Расында да дәптерді дұрыс толтырылып , таза және ұқыпты ұстасаң , ол саған үйде және сабақтада көмектесіп қана қоймайды , қиын кезде көңіл-күйіңді көтере алады. Дәптерді қарай отырып сен өтілген материалдарды еске түсіре аласың ; өз қаталеріңді тағы бір рет көре отырып ,енді ондай қателік жібермеуге тырысасың ....
Дәптеріңе досыңдай қара , дәптер - сенің айнаң ! Саған жоғарғы сынып оқушыларының дәптерді толтыру мен ұстау туралы кеңестері де қажет болады.
Дәптерді толтыру
Дәптерді тыста (оған арнайы тысты қолдан), оны дұрыстап толтыр;
Көк қаламмен толтыр .
Мұғалімнің талабына сай толтыр.
Дәптерді жүргізу:
Барлық жұмыстарды ұқыпты орында (соның ішінде суреттер мен сызбаларды )
Дәптерге артық белгі мен жазу жазба (сабақ тақырыбына сай емес болса)
Дәптерге дақ түсірмей , умаждамай ұста ; қаламмен жазғанды өшіргішпен өшірмеуге тырыс;
Дұрыстап ойлап , талдап дәптерге сауатты жаз;
Сабақ тақырыбына байланысты барлық анықтамаларды жаз;
Жазғанды тексеріп , және қателерді таба біл:
Жұмысты басынан аяғына дейін және керісінше тексер; әрбір сөзді буындап оқы;
Сөздің жазылуын тексеруде дұрыс-терісін анықтай алмасаң , ережені еске түсір;
Егер қате жіберіп алсаң оған қианламй – ақ қой , - қарындашпен ұқыптап сыз.
Қателермен жұмыс жаса (қателерге талдау жасау)
Өзіңе сенімді болмасаң , алдымен параққа жазып көр
Алдымен ойлан , сосын жаз
