Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
партфолио.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199.28 Кб
Скачать
  1. Дәптерді қолдану ережесі:

  • Дәптерге жазылған жұмыстарға назар аудар , қарап шық;

  • Әр түрлі жұмыстарды қарай отырып , өз қателеріңе талдау жаса;

Пайдалы кеңестер

Өз мінез-құлқыңды қалай қалыптастыру керек

Шығыстың мақалы балай дейді: «Іс-ірекетіңді тұрақтасаң – әдетіңді қалыптастырасың , әдетіңді тұрақтасаң – мінезіңді қалыптастырасың, мінезіңді тұрақтасаң – тағдырыңды қалыптастырасың»

Жақсы әдеттер мінезіңді тәрбиелеуге көмектеседі, оны әр адам өзінше қалыптастыра алады. Әдет туындайды, қатты ұстанады да қайталана береді.

Әдет туындаса, оған қандай да бір талап туындауы мүмкін. Сондай күшті әдет болса егер, онда ол қайталана береді. Қандай жаман әдеттен, қандай жақсы әдетке көшуге болады? Сіздің өміріңе кедергі жасайтын мінездер сізде бар, одан құтылу үшін, мықты күресе білу керек.

Мықты күрес – қиындықты жеңу үшін еңбек ету, алға қойған мақсат және онымен күресе білу. Ұлы адамдар өз әдеттерін жою үшін, ғылымдағы өз жетістіктерін тәжірибелі түрде қолдана отырып, оны денсаулықпен басқа да жан-жақты қызметтермен жиі байланыстырды.

Өз қызығушылығың және икемділігіңді қалай реттейсің.

  1. Біздің алға қойған мақсатымыз жүзеге асыруға тиіспіз.

  2. Бізге іш пыстырар жұмысты қолға алған кезде не болады?Біз оны алдын ала жалықтыратын жұмыс екенін білдік. Цырктағы жағдай сияқты , мысалы клоун шықты , бірақ біз күліп жатырмыз , себебі оның бізді күлдіретінін білеміз. Біз бұл құрылымды өзгертуге болады. Ендеше бірінші ретте , біз өзімізді ішкі дүнеимізде бұл жұмысқа деген қызығушылықты тудыра білу керек.

  3. Бір ғана ұмтылыс аз. Өзіңде ол жұмысқа деген икемділігіңді оятып (психологиялық даярлықтан кейін ол жеңіл болар еді) және бұрынғыға қарағанда тиянақты, мұқият орындау керек. Себебі , ұқыптылық ол – жұмыспен шұғылданудың негізгі қағидасы. Егер зейініңді , назарыңды сол жұмысқа аудара алмасаң , ол саған жалықтырар жұмыс болып көрінеді....т.б.

Қызығушылық бұл - :

  • Ата-анаңа өзіңнің қатысыңды байланысыңды көрсете біл. Олар жұмыстан шаршайды , үй қызметінде шаршауы мүмкін. Олардың көңілін таба біл. Бұл қарым-қатынас пен татулықты нығайтады.

  • Ата-анаңмен дұрыс тіл табыса біл – бұл , сенің олармен ренжісу мен келіспеушілік туындамауына бірден –бір жол.

  • Ата-анаңнан балалық шағы мен олардың ата-анасымен қарым -қатынасы туралы сұрап біл. Ол ендігі кезетте , сенің оларды терең түсінуге қажет.

  • Есіңде болсын , кейде ата-аналардың мүлдем көңіл-күйі жоқ болатын кездер болады. Бұл кезде сен , үйде шулы кештер ұйымдастырма , тыныштық болсын.

  • Сенің өмірің мен тағдырыңа қатысты мәселені шешуге байланысты жағдайда олар сенімен бала сияқты қарым-қатынас жасаса , онда сен мұны дұрыс санамасаң - оларға өзіңнің барлық мәселені шешуде өз шешіміңді жасауға , ер жетіп қалғаның жөнінде айтып түсінісуіңе болады.

  • Ата-анаңның көмегі мен кеңесінің саған әр қашан керек екенін олардың сезінуіне , түсініп білуіне мүмкіндік бер. Бұл отбасында жақсы қарым-қатынасты туғызуға себепші болады.

  • Ата-анаңа өз өміріңде болып жатқан жағдайлар жайлы айтып , ойыңмен бөліс , пікірлес. Ата-анаңмен сырласа біл.

  • Адамның сыры - ертеме-кешпе мәлім болары рас. Ендеше , ата-анаңды алдамауға тырыс.

  • Өзің ойланып көрші не болуы мүмкін еді, егер де саған барлығын өз еркіңе беріп қойған жағдайда,осындай кезде ата-анаң тосқауыл қойса өте дұрыс болар еді.

  • Егер де ұрсысып қалған жағдайда және сен өзіңді кінәлі сезінсең, барлық күш-жігеріңді жинап, бірінші болып қадам жасауың қажет.

  • Үй жұмысымен айналысу кезінде, оның өзі өмірге деген өзіндік дайындықты қажет етеді. Бұған өте жақсы түсіністікпен қарау қажет.

  • Егер де сен уақытынан кешігіп бара жатқан болсаң, ата-анаңды міндетті түрде ескетуің қажет.

  • Жазғырулар туралы. Ата-аналарың сендерді мадақтамай қоюы және жолдастарыңнан айыруларына болады. Ұсақ-түйек нәрселерден болып, осындай жағдайларға тап болуың мүмкін деп ойлайсың ба? Осындай жағдайлардан болып ата-ананың төзімі таусылады.Ата-аналар тек сенің қауіпсіздігіңді ойлайды.

  • Саған және сенің достарыңа деген көзқарасын ата-анаңнан сұрап көр.Мүмкін сол кезде саған ата-аналарыңның мінезі қылығы түсінікті болар.

  • Егер сен жолдастырыңа не мұғалімге ашулансаң, не екі алғаныңа мұңайсаңда, сол ашуыңды ата-анаңа көрсетпе. Бұл түсініспеушілік кикілжіңге әкеліп соқтыруы мүмкін.

4. Қызығушылықты туғызу үшін қанша уақыт керек. Теориялық негізінде

Сенің қылықтарыңның ішіндегі біреуі жағымды әдет болуы мүмкін. Психологтардың бақылауы бойынша кейбір әдеттердің қалыптасуына үш апта керек. Ең ыңғайлысы сенің әдетің алғашқы жетістікке жеткеніңше жалғасуы керек.

5. Қызығушылық пен бейімділік тек жұмыс барысында ғана қалыптасады.

Сондықтан қызығушылықтың оянуын күтіп отырмай, әр түрлі жұмыстарға кірісіп кет. Сонда ғана қызығушылық пен бейімділікке қол жеткізесің.

Егер қызығушылық пен бейімділік өмірлік жоспарыңа байланысты болса,

Онда олар кәсіби болып келеді. Ол өзіңнің жеке басыңа тиімді.

Егер сенің ата-анаң ажырасуға шешім қабылдаса – бұл әрине ыңғайсыз жағдай. Сенің ата-анаңның өзіндік ой-пікірі бар. Олар өз шешімдерін өздері қабылдауы керек. Уақыт өте адамдардың мінез құлқы өзгеріп тұратын болғандықтан , оларды кінәлауға болмайды., олар бір-біріне деген сыйластықты жоғалтқан. Есіңе сақта: ата-анаң сенен болып ажырасып жатқан жоқ! Сен бұған кінәлі емессің!