
- •Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырықша жүйесі ретінде.
- •2. Халықаралық құқықтың қалыптасу кезеңдері
- •3. Халықаралық құқықтың кодификациясы. Бұұ және басқа халықаралық ұйымдардың ролі.
- •4.Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •6.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •12. 30.05.2005 Жылғы қр «Халықаралық келісім-шарттар туралы” Заңына қысқаша сипаттама.
- •25. Бұұ әрекеттерінің негізгі бағыттары.
- •29 .Қр 1991 ж. «Азаматтық туралы» Заңы, 1993,1995 ж.Ж. Енгізілген өзгертулер мен қосымшалармен.
- •30. Қос азаматтық. Азаматтығы жоқтық.
- •31. Шетелдіктердің құқықтық режимінің негізгі түрлері.
- •32. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.
- •33. Қазақстан Республикасы - бұұ мүшесі.
- •34. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында стратегиялық бағыты.
- •35. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, Қазақстандағы халықаралық-құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
- •69)Мемлекеттердің бұұ-дағы және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері.
- •70)Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы.
- •78 Халықаралық экономикалық құқық: ұғымы, қалыптасуы.
- •79 Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •80 Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаттары мен қағидаттары.
- •81 Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдар.
- •82 Халықаралық экономикалық шарттар ұғымы, оның түрлері және жүйесі.
- •83 Әскери қақтығыстардың құқықтық салдары, уақыт бойынша әрекет етуі, әрекет ету аясы.
34. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында стратегиялық бағыты.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.Ұлттық қауіпсіздік жүйесі сындарлы әрі қауіпсіз сыртқы және ішкі ортаны қалыптастыру бойынша белсенді іс-қимылдарға, елдің орнықты Дамуымен Қазақстанның мүдделерін өңірде және әлемде кешенді ілгерілету үшін қолда бар және әлеуетті мүмкіндіктерді пайдалануға бағдарланатын болады. Туындайтын қауіптерді алдын ала айқындау мен жою ұлттық Қауіпсіздіктің негізіне алынатын болады. Халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Есірткі трафигі мен заңсыз көші-қонның жолын кесуді қосаалғанда, Ауғанстанмен байланысты проблемалар кешеніншешугеқатысуқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында oрта мерзімді перспективаға арналған маңызды басымдық болып қала береді.Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесі түрленуінің аса маңызды бағыттарының бірі жаңақатерлер мен сын-тегеуріндерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ ден қоюдың барабар шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру болады