- •Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырықша жүйесі ретінде.
- •2. Халықаралық құқықтың қалыптасу кезеңдері
- •3. Халықаралық құқықтың кодификациясы. Бұұ және басқа халықаралық ұйымдардың ролі.
- •4.Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •6.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •12. 30.05.2005 Жылғы қр «Халықаралық келісім-шарттар туралы” Заңына қысқаша сипаттама.
- •25. Бұұ әрекеттерінің негізгі бағыттары.
- •29 .Қр 1991 ж. «Азаматтық туралы» Заңы, 1993,1995 ж.Ж. Енгізілген өзгертулер мен қосымшалармен.
- •30. Қос азаматтық. Азаматтығы жоқтық.
- •31. Шетелдіктердің құқықтық режимінің негізгі түрлері.
- •32. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.
- •33. Қазақстан Республикасы - бұұ мүшесі.
- •34. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында стратегиялық бағыты.
- •35. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, Қазақстандағы халықаралық-құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
- •69)Мемлекеттердің бұұ-дағы және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері.
- •70)Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы.
- •78 Халықаралық экономикалық құқық: ұғымы, қалыптасуы.
- •79 Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •80 Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаттары мен қағидаттары.
- •81 Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдар.
- •82 Халықаралық экономикалық шарттар ұғымы, оның түрлері және жүйесі.
- •83 Әскери қақтығыстардың құқықтық салдары, уақыт бойынша әрекет етуі, әрекет ету аясы.
35. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, Қазақстандағы халықаралық-құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
Қалыптасуы и дамуы!Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістгі болып табылады. Ол мемлекетердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты. Алғаш рет адамзат қоғамының дамуында халықаралық құқық б.з.д. IV аяғында -III басында мың жылдықтарда алғашқы құл иеленушілік мемлекеттер пайда бола бастаған кезде Ежелгі Шығыста, Египетте, Ежелгі Қос өзен аңғарындағы мемлекеттердің қарым-қатынастарда қалыптаса бастады. Олардың арасындағы қатынастар әдет-ғұрыптар арқылы реттелді. Сонымен қатар жазбаша халықаралық шарттар пайда бола бастады. Осындай ежелгі шарттардың бірі б.з.д. ХХІІІғ. Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның арасындағы жасалған шарт болып табылады. Жазбаша шарттардың классикалық мысалы ретінде бейбіт және одақтық шарттар түріне жатқызуға болатын хеттік-египеттік шартты (б.з.д. ХІІІ ғ. ) атауға болады. Екі мемлекетте әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға, бір-біріне ішкі және сыртқы жаулармен күресте көмектесуге, екі мемлекеттің де қшқын құлдарын ұстап беруге көмектесуге міндеттенді. Б.з.д. ІІ-І ғғ. халықаралық құқықтың элементтері Қытай мен Үндістанның, кейіннен Ежелгі Элладаның (Грецияның) және Ежелгі Римнің территорияларында пайда бола бастады. Үндістандағы Ману заңдары елдер арасында елшілік қатынастарды орнату, елшілердің функциялары туралы, шет мемлекеттердің елшілеріне қол сұғылмаушылық туралы ережелерден тұрды. Бұл заңдар рақымшылық сұраған әскери тұтқындарға, жаралыларға адамгершілікпен қарауды талап етті. Осы заңдар жинағының негізгі ойларының бірі – бейбіт тұрғындарды қырып-жою емес, тек әскери қарсыласын жеңу болып табылады. Соғыстың ізгілік нормалары Қытайдың көне құжаты – б.з.д. ҮІІ ғ. белгіленген «Әскери өнер туралы Трактатта» белгіленген. Өз қызметтерімен мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды бекіткен, сапарға шығатын Қытай елшілері қол сұғушылықты иеленді. Осы кезеңдегі мемлекеттерге өздерінің арасындағы дау-жанжалдарды шешетін халықаралық сот институты таныс еді. Ежелгі Грецияның полистері (қала-мемлекеттері) елшілер арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасады. Диплом деп аталатын тақтайшаларда елшілерге келіссөздер жүргізуге құқық беретін мазмұндағы мәтіндер болды. Осы тақтайшалардың атынан «дипломатия», «диплом» сөздері пайда болды.Елшілерге қол сұғылмаушылыққа кепіл берілді. Халықаралық –құқықтық элементке Ежелгі Грецияда пайда болған және шетелдіктерге қамқорлықты білдіретін проксения институтын жатқызуға болады.
Тәуелсіздік;Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті.атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды. 1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөнінлегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.
Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады: а) мемлекеттер арасындағы қатынастар; б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар.
Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
36)Мемлекеттік және халықаралық құқықтардың қатынасы: дуалистік және монистік теориялар
37 Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары: ұғымы және оларды топтастыру
Мемлекеттердің мінез-тәртібін реттейтін көптеген нормалардың арасында негіз қалаушы нормалар бар. Бұл нормаларды сақтамай ешқандай мемлекет және халықаралық құқықтың басқа субъектілері де қалыпты қарым-қатынас жасап, өмір сүре алмайды. Осындай нормаларды қағидалар деп атайды. Мемлекет халықаралық құқықта басқа субъектілерге қатысты өзінің сыртқы саясатында қағидаларға қатал бағынуы керектілігі, ішкі заңдарды қағидаларға сәйкестендіру қажеттілігі негізгі қоғамның міндеттілігін білдіреді.
Негізгі қағидалардың кейбіреулері көне заманнан бері өмір сүріп, халықаралық құқықтың бастауы болған. Бірақ олардың барлығы халықаралық түрінде тек қана 1945 ж. БҰҰ Жарғысында құрылып, жазылған. Ал содан кейін 1970ж. БҰҰ БА-мен ''БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекетаралық достық қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияда'' жүйеленіп, келісімді талқыға түсіп, кодификацияланған.
қазіргі заман халықаралық құқықта ресми түрде 10 қағида бекітілген.
Оларды 3 топқа бөлуге болады:
1) Халықаралық ынтымақтастық қағидалары;
2) Халыұаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары;
3)Адам, ұлт және халықтардың құқықтарын қорғау қағидалары
38) мемлекеттердің егемендің теңдік қағидасы:ұғымы, дамуы, мазмұны
Ең алдымен, егеменді теңдік элементтерінің бірі - әрбір мемлекеттің заңи теңдік құқығы аталған. Егеменді теңдікті мойындау, мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтеу - мемлекеттердің әлемдік аренада бейбіт қатар өмір сүру саясатының басты элементі болып табылады. Осы қағиданы халықаралық құқықтың негізгі қағидалар жүйесіне енгізу бейбітшілікті сүйетін күштердің халықаралық қауіпсіздік үшін күресінің үлкен жетістігі болып есептеледі. Қазіргі заманның басты мақсаты - осы қағидалардың халықаралық проблемаларды шешу барысында сақталуын қамтамасыз ету. Бұл қағиданы халықаралық құқықта «тең алдында тең билік көрсете алмайды» деп атайды [1].
Егеменді (дербес) теңдік қағидасының негізі мемлекеттің иммунитеті. Әлемдік заң әдебиеттерінде және тәжірибеде мемлекет иммунитетін абсолюттік және шектеулік (функционалдық) деп бөледі. Абсолюттік иммунитет – бұл барлық егеменді мемлекеттерге және оның барлық қызметіне таралатын иммунитет. Мемлекет иммунитетінің бірнеше түрі бар.
39)Халықтармен ұлттардың өзін-өзі билеу қағидасы және ұлттық егемендіктері
40 Мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы қағидасы: ұғымы, қалыптасуы және дамуы
Мемлекеттердің ынтымақтастық қағидасы. БҰҰ Жарғысын құрайтын нормалар жүйесінде мемлекеттердің ынтымақтастығының идеясы негізгі болып табылады. Жарғының бірінші бабы ұйымның басты мақсаттарын айта отырып, осы ұйымның '' халықтардың мақсаттарына жету жолындағы ұлттар келісімнің орталығы болуы керек.''
1993 ж. халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларациясы осы қағиданың мағынасын келесідей ашады:
Халықаралық ынтымақтастықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында мемлекеттер халықаралық қатынастарда әр түрлі салаларында қарым-қатынас жасауы міндетті;
Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық олардың экономиколық, саяси және әлеуметтік айырмашылықтарынан тәуелсіз жүру керек;
Бүкіл әлем экономикасының дамуы жолында мемлекеттер ынтымақтасуы керек, әсіресе дамкшы елдерде.
1975 ж. Бүкілеуропалық Кеңестің Қорытынды акті Еуропадағы жағдайға сай осы қағиданы қолданады.
41 Адамдардың құқықтарымен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
1948 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтары туралы Жалпы Декларациясын қабылдады. Содан кейін БҰҰ аумағында адам құқықтары туралы халықаралық пактілердің дайындалуы басталды. Олар 1966 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған. Халықаралық құқықта адам құқықтарын құрметтеу қағидасының мазмұны:
Барлық мемлекеттер өз территориясындағы барлық адамдардың (тұлғалардың) негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге міндетті;
Тіл, дін, жан, расса белгілері бойынша қандайда бір дискриминацияларды мемлекеттер болдырмау керек;
Мемлекеттер жалпы адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге көмектесуге және осы мақсатқа жетуде ынтымақтасуға міндетті.
Адам құқықтарын барлық жерде құрметтеуден әлемдік өркениеттің келешегі тәуелді. Жалпы, халықаралық деңггейде адам құқықтарын құрметтеу жолында көп шаралар жасалынды. Бірақ үлкен маңыз алатын ұлттық деңгейде бұл шаралар аздау. Бірқатар елдерде адам құқықтары жөнінде нормалар конституциялық бекіткен.
42 Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы: ұғымы,қалыптасуы және дамуы
Бұл қағида халықаралық құқық сияқты өте көне. Рим заманынан бері оны ''пакта сунт серванда'' /келісімдер орындалуы керек/ деп латынша атаған.
Мемлекеттер БҰҰ Жарғысына сай өз міндеттерін атқаруға міндетті;
Мемлекеттер боақа келісімдер бойынша міндеттердің ішіне тек қана БҰҰ Жарғысына сай болатын міндеттерді атқаруға тиісті;
Егер БҰҰЖарғысы бойынша мемлекеттердің міндеті басқа келісім міндетімен қарама-қайшылыққа келсе, онда Жарғы бойынша мемлекеттердің міндеті заңды болып табылады., ал басқа міндет –заңсыз.
Қағида міндеттеден біржақты бас тарту мен қайта қарауға жол бермейді. Әдеттегідей, діни-саяси негіздер шығарылған тек 1945 ж., БҰҰ Жарғысының қабылдануымен осы айрықшылыұта жалпы критерий пайда болды. Бұл қағида БҰҰ Жарғысына сай емес міндеттерге таралмайды.
44. Мемлекеттік егемендік ұғымы және оның белгілері, мемелкеттің егемендігі және ішкі құзіреті
Мемелекеттік егемендік - (фр. souverainete - жоғарғы билік) – мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. Сыртқы саясатта әр мемлекет өзге мемлекеттің егемендігін ескермей тұра алмайды. Сондықтан егемендік пен тәуелсіздікті өзара құрметтеу принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтағы негізгі мәселе болып табылады. Оның басты шарты - тәуелсіз мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайының ерекшеліктеріне, халық саны мен аумағының көлеміне және т.б. жағдайларына қарамастан, бір-бірімен тең дәрежеде қарым-қатынастар жасасып, араласуы. Бұл принциптер БҰҰ жарғысында және бірқатар халықаралық келісімдерде бекітілген. Халықаралық қатынастарда мемлекеттер бір-бірімен ықпалдасу кезінде өздерінің іс-әрекеттерін егемендікті құрметтеу қағидаттарының белгілі бір ережелеріне бағындырады. Мұндай ережелер келісім жасалған сәттен бастап әлгі мемлекеттер үшін міндеттілік сипат алып, халықаралық құқық нормаларына айналады. Сонымен қатар егемендік сол мемлекетті құрап отырған ұлттың саяси билігін қорғауы тиіс.
Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар.
Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды) субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі болып олардың - құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.
45. Халықаралық құқық субъектілері – мемлекеттердің түрлері
Халықаралық құқықтың субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.
Мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады. Халықаралық құқық субъектілік мемлекетке өзінің өмір сүру кезінен бастап тән.
Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы), ереже бойынша, заңды және жеке тұлға қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы мекемелерінде, осылай, парламитарлық одақ БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық субъектіліктің барлық элементтері болмайды.
Халықаралық үкіметаралық ұйымдарда егемендік болмайды, өз территориясы, тұрғыны мемлекеттің өзге де атрибуттары болмайды. Олар халықаралық құқыққа сәйкес келісімшарт негізінде егеменді субъектілерінен құрылады және құрылтай құжаттарнда бектілген нақты құзырлықтары болады. Осы құрылтай құжаттарға қатысты 1969 ж. халықаралық келісім шарт құқықғы туралы Вена Конвенциясы әрекет етеді.
47. Халықаралық құқық субъектілері – халықаралық ұйымдар түрелері
Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі. Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтың субъектілерінің жеке бір тобы болып табылады және бұл тек халықаралық үкімет аралық ұйымдар, яғни халықаралық құқықтың алғашқы субъектілері туындатқан ұйымдар. Үкімет аралық емес халықаралық ұйымдар, (дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясы), ереже бойынша, заңды және жеке тұлға қрылды және «шетелдік элементі бар» қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Осындай ұйымдардың Жарғылары үкіметаралық ұйымдардың Жарғыларымен айырмшылығы халықаралық келісім шарт болып табылады. Бірақта бұндай ұйымдар үкіметаралық ұйымдарда кеңес беруші халықаралық мәртебесі берілуі мүмкін, мысалы, БҰҰ-да және оның арнайы мекемелерінде, осылай, парламментарилық одақ БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінде бірінші категориялы мәртебеге ие. Бірақта үкімет аралық емес ұйымдар халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды және де үкмет аралық ұйымдардан айырмашылығы, халықаралық құқықтық субъектіліктің барлық элементтері болмайды.
Халықаралық үйымдар - мемлекеттердің немесе олардың қүрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, әртүрлі мемлекеттердің атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің әртүрлі (саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми-техникалық және т.б.) салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін қүрылады және халықаралық әріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. Халықаралық үйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол үлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мәселелердің, трансүлттық міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жүмылдырудың объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бүқаралық халықаралық үйымдар - 1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест және Бірінші интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған Халықаралық жүмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық үкіметаралық үйым -1874 ж. қүрылған Жалпы пошталық одақ. Халықаралық үйымдардың қүрылуына түрткі болған I және II дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін элем оның зардабын талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 ж. Ұлттар Лигасы қүрылды. 1945 ж. Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт күшейген жаһандану процестері, оған сәйкес әртүрлі елдер мен халықтардың өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың қүрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында әлемде қызметі, мақсат-міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған мың халықаралық үйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық үйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық үйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде қүрылып, қызмет етеді.
Олар:
Біріккен Ұлттар Ұйымы (1945),
Халықаралық валюта қоры (1945),
Бүкіләлемдік сауда ұйымы (1995),
Солтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949),
'Мұнай экспорттаушыелдер үйымы (ОПЕК, 1960) және т.б.
Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке түлғаларды біріктіреді, үкіметаралық үйымдарға қарағанда, халықаралық қүқық субъектісі болып танылмайды. Олардың ішіндегі ықпалдылары: *Парламентаралық одақ (1889),
Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894),
Рим клубы (1968),
Гринпис (1971) және т.б.
48. Мемелкет тәріздес құрылымдар халықарлық құқықтың субъектісі. Олардың құқықсубъектілігінің көлемі және шегі
Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Ерекше саяси-аумақтық құрылымдарға «Еркін қалалар», Батыс Берлин мен қазіргі кезде Ватикан жатқызылып жүр. Халықаралық құқықтың аталмыш субъектілері көптеген халықаралық конференцияларға қатысады, көптарапты конвенциялардың қатысушысы болып табылады.
Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық құқықтың тарихы арнайы келісімшарттармен ерекше саяси - территориялық құрылымдардың мәртебесін белгілегендігін көрсетеді. Бұларға «ерікті қалалар», Батыс Берлин және қазіргі уақыттағы Ватикан, Мальтика ордені жатады. «Ерікті қалалар». 1815 жылғы Вена Трактатына сәйкес «ерікті қала» болып жарияланған және 1846 жылға дейін өмір сүрген Краков қаласы; 1919 жылғы Версаль бейбіт келісімшартымен құрылған Данциг (1920 – 1939жж.) болды; «ерікті Триест территориясын» құруға қадамдар жасалды, бірақ ол табыссыз болды. Кейіннен бұл территория Италия мен Югославияның құрамына кірді. Батыс Берлиннің мәртебесі 1971ж. 03 қыркүйектегі КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасындағы 4- жақты келісіммен реттелді. Осындай мемлекет тәрізді құрылымның болуы ГДР мен ГФР өмір сүруімен түсіндірілді. 1971 жылғы келісімнің ережелеріне сәйкес Батыс Берлин дербес жеке саяси бірлік болды. Германияның құрылуымен бұл субъект өзінің өмір сүруін тоқтатты. Ватикан. Халықаралық актілерде Ватикан «қасиетті тақ» (святой престол) деп аталды. Ватикан – мемлекет –қала. Ватиканның халықаралық құқықтың субъектісі ретіндегі ерекше мәртебесі 1984 жылғы Италиямен келісімнің негізінде белгіленді. Ватикан халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, көптеген мемлекеттермен байланыс жасайды. БҰҰ мүшесі болып табылмайды, өйткені БҰҰ тек мемлекеттер ғана мүше болып кіреді, бірақ оның онда тұрақты байқаушылары бар. Халықаралық конференцияларға, көпжақты конвенцияларға белсенді түрде қатысады; католик елдерінде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер аша алады. Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық және аймақтық деңгейде халықаралық келісімшарттарда берілген құқықтардың көлемінің ұлғаюына байланысты жеке тұғалар халықаралық құқықтың субъектісі болды. Халықаралық құқықтың негізгі субъектілері болып табылатын мемлекеттер арасындағы өзара қарым- қатынастарды реттеуге бағытталған халықаралық құқықтың нормалары индивидтер орындау үшін арналған. Сонымен қатар, жеке адамның (личность) құқықтық жағдайына ықпал ете отырып, осы құқық нормалары мемлекеттерді индивидтердің нақты мәртебесін қамтамасыз етуге міндеттейді.
52. Шарттар жасауға құқыққабілеттілік. Шарттардағы тараптар. Халықаралық шарттар түрлері. Шарт және үшінші мемлекеттер.
Халықаралық шартпен байланысты мәселелер, қазіргі кезде негізгі үш келісімдермен реттеледі- 1969 жылөы Халықаралық шарттар құқығының Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар құқығы жайлы Вена Конвенциясымен, сондай-ақ 1978 жылғы халықаралық шарттарға қатысты, мемлекеттердің құқыққа иеленушілік жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледі. Олардың ішіндегі ең маңызды бірі болып, 1969 жылғы Конвенция танылады. Осы құжатқа сәйкес халықаралық шарт деп- мемлекеттер арасындағы жазбаша түрде бекітіліп мұндай келісімнің бір құжатта не бірнеше өзара байланысы бар құжаттарда бар болуына, не оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқықпен реттелінетін- халықаралық келісім түсіндірілуі мүмкін. Халықаралық шарттағы жақтар тек халықаралық құқық субъектілері ғана бола алады, сонымен бірге мемлекеттер осыған шектеусіз қатыса алады. Халықаралық шарт, екі-жақтың келісімін белгілі мәселелері бойынша білдіреді, басқаша айтқанда, заңды міндеттіліктің оған, екі-жақтың келтіруімен жүзеге асуы қажет, демек барлық жақтарымен келтірілуі қажет. Егер де халықаралық шарттың немесе оның қандай да бір бөліміне қатысты жақтардың келісіміне негізделінген күдік болған жағдайында, сол шарттың заңды әрекетін дауға салып шешуге болады. Тағы да бір айта кететін жағдай, мемлекеттер өз тәртібін, сондай-ақ өзінің ішкі мемлекеттік заңдарының актілеріне сәйкес, халықаралық шартты дайындау, бекіту, оны орындау мен заңды күшінің тоқтатылуына қатысты мемлекет атынан қызметті жүзеге асыруға құзыреті бар органдар мен жақтардың тәртібін қалыптастыра алады. Халықаралық шарттар мен оларды бекітуші мемлекеттер, сол не өзге мемлекеттің ұлттық құқығына бағынышты бола алмайды. Мемлекеттер мен жеке тұлғалар арасындағы шарттар (халықаралық ұйымдар арасындағы шарттар сирек жүреді), шетел заңды және жеке тұлғалары, халықаралық жеке құқық сферасына тән нәрсе. Сондай-ақ оларды халықаралық шарттар ретінде мойындау мәселесінің өзі, өте жиі байқалады. Біріншіден- pacta sunt servanda қағидасына,(яғни- "шарттар орындалуы тиіс" дегенін білдіреді). Осындай шарттан туындайтын даулар да, аталған мемлекеттің ұлттық соттарында емес, өзге жолдармен шешілуі қажет. Үстем етуші пікірге сай, осы тараудың авторының өзі бғліп көрсетіп отырғандай, мұндай секілді шарттар, қайткенмен де халықаралық болып саналмауы қажет. Біржақты пікірге бұл мәселе бойынша, әлі де болса өз мақсатына жете қойған емес. Оның күрделілігі, мемлекеттердің "интернационалдандырылған" деп аталатын жеке тұлғалармен шарттарының әртүрлі болып келуімен күшейе түседі. Жоғарыдағы шарттары бойынша оларға қолданылатын құқық, сондай-ақ олардан пайда болатын құқылы қатынастар үшін- халықаралық түрі болып табылады немесе былайша делінетін "құқықтың жалпы қағидалары немесе тек осы шарттың ғана нормалары болып табылады (бір жақтың ұлттық құқығы емес
63. Дипломатиялық корпус
Дипломатиялық корпус - Бұл ұғым тар мағынада да және кең мағынада да қолданылады. Тар мағынада мекендік мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жиынтығын білдіреді; кең мағынады – бұл дипломатиялық өкілдіктер басшыларының, олардың отбасы мүшелерінің және дипломатиялық персоалдың толық құрамын білдіреді.
берілген мемлекетте аккредиттелген шетел дипломатиялық өкілдіктері басшыларының жиынтығы;
дипломатиялық өкілдіктердің барлық дипломатиялық қызметкерлері және олардың отбасыларының мүшелері.
66)Дипломатиялық өкілді қайтару тәртібі
Дипломатиялық өкілдік басшылары 3 сынып:Елші,уәкіл,іске сенімді деп ерекше тәртіппен тағайындалады.Бұл әр мемлекеттің өх аумағында белгілі бір тұлғаны шет мемлекеттің дипломаттиялық өкілдігінің басшысы ретінде қабылдауға немесе қабылдамауға егеменді құқыққа ие болуына байланысты сондықтан аккредиттеуші мемлекет қабылдаушы мемлекеттің үкіметінен белгілі бір нақты тұлғаны дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындалуына келісімін сұрайды.Қолдаушы мемлекеттің белгілі бір тұлғны дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындалуына келісімі агреман деп аталады.Агреманды сұрау тәртібі халықаралық құқықтың жұрт таныған нормасы болып табылады.Агреман алған тұлға persona grata ретінде қарастырады.Егер тұлға қабылдаушы мемлекеттің үкіметі үшін белгісіз бір себептермен тиімсіз әне бас тартқан болса,онда тұлға persona non grata деп саналады.Мемлекет агреман беруден бас тарта алады және оның себебін түсіндіруге міндетті емес.Дипломатиялық өкілдіктің басшысы өз тағайындалған мемлекетке сапар шегер алдында сеенім грамотасын,ал іске сенімді адам сенім хат алады.
