Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.22 Кб
Скачать

30. Қос азаматтық. Азаматтығы жоқтық.

Қос азаматтық — белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады.

Қос азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті Билік органдарының депутаттарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысқан жағдайда екі ұшты ахуалға түскен болар еді. Өйткені олардың әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі мемлекеттің азаматы. Ал ол мемлекеттердің мүдделері қайшы келіп қалу мүмкін. Сонда осы екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын азаматтың алдында екі елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды. Тағы бір мәселе әскери қызмет атқаруға қатыстылықтан туындайды.Бипатрид өз Отанын қорғауға міндетті. Ал оның отаны – екеу. Егер өзі азаматы болған екі ел бір-бірімен жауласар шақ туса, сонда ол осы екі елдің біреуінің ғана жағына шығуы керек. Мұндай ахуал қос азаматтығы бар адамның алдына елеулі мәселелер тартуы мүмкін.

 6-бап. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың                құқықтық жағдайы

       Конституцияда , заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттердi мойнына алады. 

14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан                 Республикасы азаматтығын алуы

      Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жерi бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. 

31. Шетелдіктердің құқықтық режимінің негізгі түрлері.

Шетелдіктердің құқықтық режимі-келген мемлекеттің ұлттық заңнамасы және халықаралық шарттармен бекітілген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Режимнің бірнеше негізгі түрлері бар; Келудің ұлттық режимі- шетелдік азаматтарға осы мемлекеттің азаматтары пайдаланатын құқықтар, бостандықтардың берілуі. Көпшілік мемлекеттердің конституциясына сәйкес шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар сол мемлекеттердің азаматтарымен тең дәрежеде құқықтары қолданады және міндет жүктеледі. Преференциальды режим-бір мемлекеттің басқа мемлекеттің азаматына үшінші мемлекетке таратылмай берілетін ерекше жеңілдікті экономикалық режим. Аса қолайлы режим-үшінші мемлекеттің азаматтары пайдаланатын және аса қолайлы болып табылатын режимді қолданатын мемлекеттердің әрқайсысының азаматтарына берілуі. Реторсия режим бір мемлекеттің басқа мемлекеттің дискриминациялық шараларына жауап ретінде шетел азаматарының құқықтары мен бостандықтарын шектейтиіе шаралар. Артықшылық режим капитуляция режимімен байланысты шығыс еуропа мемлекеттерінің шетел азаматтарына өз азаматтарына қарағанда берілетін құқықтардан көп құқықтардың берілуі.

32. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.

Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары.Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады

1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.

2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар. Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар. Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. Жалпы алғанда, халықаралық құқықсубьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады. Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғащқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]