Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shyntas дурыс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
483 Кб
Скачать
☆

3.2 Кәмелетке толмағандар еңбегін қорғауды жүзеге асыру шаралары

Балалар мәселесі ұлттық міндеттердің басым бағыты саналады. Бұл мәселенің өз шешімін табуына дені сау, білімге негіздеген,әр бала өзі қалаған маман бола алатын, бәсекелестікке қабілетті қоғамның құрылуы тікелей тәуелді.Бүгінде балаларды қорғау саясаты қабылданған мыңжылдық Декларациясын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда; ХЕҰ негізін салған Конвенция мен еліміздің статегиялық-бағдарламалық құжаттарын Қазақстан бекітуіне байланысты, халықаралық міндеттер жүктелді.42

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап-ақ, балаларды қорғау және балалар еңбегіне қарсы күрес жүргізудің мемлекеттік саясатын халықаралық деңгейде заңы шығарушы билік қабылдаған міндеттемелерге негіздеген. Қазақстан Республикасы балалар құқығы туралы (1989) БҰҰ-ның Конвенциясын, №138 және №182 ХЕҰ Конвенциясын, сондай -ақ балалар құқығы, балалар саудасы, балалар жезөкшелігі мен порнографиясы (2000ж) бойынша Конвенцияның қосымша қаулылырын бекітті; БҰҰ-ның адам саудасы, әсіресе әйел-бала саудасын тоқтату, жазалау туралы қаулысы (2000ж);еліміз балалар құқығы туралы, балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы туралы Конвенцияға қосымша қаулы қабылдады. Балаларда ересектерде сияқты,физикалық, ақыл-естің толыққандылығы жоқ екенін есерсек, олар үлкендерге тән қызметті жүзеге асыра алмайды. Балалар еңбегі баланың әлеуметтік дамуына, физиалық жағына зиян келтіріп қана қоймай, адам ресурстарының дамуы мен жалпы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Ұлттық Заң шығарушы орган балалар еңбегін пайдалануды шектеу және балалар еңбегінің ауыр түрлері мен қанау туралы арнайы каулы шығаруды қарастыруда.43

Халықаралық тәжірибенің есебінше балалар еңбегінің ауыр түрлерін ескеру мен жою жұмыстарында төмендегі шаралар қолданылыды.

- кедейлікпен күрес;

- білім алудың қол жетімді болуын қамтамасыз ету;

- қанаушылыққа ұшыраған балаларды анықтау, оңалту және көмек көрсету;

- балаларды қорғау мен балалар еңбегінің ауыр түрлерін ескеру, анықтау мәселелері бойынша тұрғындардың ақпарат алуын жақсарту;

- заң бұзушылыққа жауапкершілікті артыру, заң талаптарының орындалуын қатаң бақылау;

Бүгінде әлемде балалар еңбегі күрделі мәселелердің бірі болып отыр, миллиондаған бала дамуы мен білім алуына кедергі келтіретін, сондай-ақ болашақта өмір сүру мүмкіндігінен айыратын еңбеке араласқан;олардың көпшілігі физикалық және психологиялық жағынан айықпас зиян келтіретін, тіпті, өмірлеріне қауіпті балалар еңбегінің ауыр түрлеріне тартылған. Балалар төмендегі жеңіл жұмыстарға атсалысуына болады. Ата-анасына үй шаруасына көмектесу және отбасылық жұмыстарды орындау сондай-ақ өзінің қалта ақшасын табу мақсатында демалыс уақыты мен мектептегі сабағынына дейінгі, немесе кейінгі бірнеше сағат көлемінде жасөспірімдердің еңбекпен шұғылдануы - балаларды тәрбиелеу элементі болып қарастырылады, сонымен қатар ол, кәсіптік базалық машық алып, қоғамға бейімделуіне көмектеседі.Бұл өзін-өзі құру мен өзіне деген сенімділікті артырып, сонымен қоса отбасылық бюжет пен өз болашағына салым жасаудың мүмкіндігі. Бұл балалар еңбегіне саналмайды. «Балалар еңбегі" ұғымына психологиялық, физикалық, әлеуметтік -адамгершілік қатнастарға зиян келтіретін және қауіпті, ақылы әрі ақысыз жұмыстар кіреді. Халықаралық, ұлттық заңдармен тыйым салынған,орындалуы балалар өміріне қауіпті,әрі зиян келтіретін қызметтер балалар еңбегі болып қарастырылады. Олар балаларды оқу мүмкіндігінен айыратын, немесе оларға мектептегі сабақтары,үйдегі міндеттермен қоса өздеріне қосымша жұмыс жүктеп,отбасынан жекешеленіп басқа жерлерде жүріп істеуге мәжбүрлейтін жұмыстар.44

1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Халықаралық еңбек ұйымының мүшелігіне қабылданып, негізге алынған қағидалардың бірі балалар еңбегіне тосқауыл қоюға қатысты болған ХЕҰ-ның қаулысына сәйкес қағидаларды орындап, жүзеге асыруды м өзіне міндеттеді. Қазақстан Республикасы негізге алынған ХЕҰ-ның №182 «Балалар еңбегінің ауыр түрлері туралы», № 138 «Жұмысқа қабылдаудағы ең төменгі жас шамасы туралы» конвенцияларды қабылдап бекіткен.45

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан балалар еңбегімен күрес бойынша Ұлтттық Үйлестіру Кеңесі жұмыс істейді. (№173-б 31.03.2006жылғы Министр Бұйрығы). Бұйрыққа сәйкес Кеңес Вице-министрдің басшылығымен әр жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Кеңес әлеуметтік серіктестер өкілдерінен-Қоғамдық мекемелер бірлестігі, ҚР Жұмыс берушілер Конфедерациясы мен ҚР Кәсіподақтар Федерациясы, Мемлекеттік органдарнан (ҚР БҒМ, ҚР ДСМ ҚР ІІМ, ҚР Бас прокуратурасы,ҚР адам құқығы бойынша өкілетті ақпарат,Отбасы және гендрлік саясат бойынша комиссия), ҰАК (Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы, «Родник» атты балалар мен әйелдерді бейімдеу және оңалту әлеуметтік-психологиялық орталығы, «Забота» дағдарыс орталығы, «Зияткерлік еңбек әйелдердің одағы» Қоғамдық бірлестігі) тұрады. Кеңестің міндеті- елімізде БЕНТ-ін тоқтату жұмыстарын үйлестіру,ақпарат тарату, жауапты органдар мен ұйымдарға басшылықты беру әрі саяси қолдау көрсету. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008-жылдың желтоқсанында бекіткен.

2009-2011жылдарға арналған Қазақстан Республикасында балалар еңбегіне тосқауыл қою және халықаралық №182 конвенцияның орындалуы бойынша біріккен, жаңа жұмыс жоспарының бағыттарына төмендегілер кіреді:

-БЕНТ бойынша ақпараттық базаны құру;

-Ақпарат алу мен таратуды жоғарлату;

Балаларды БЕНТ-нен босату және оңалту, қанаудың алдын алуға бағытталған іс-қимыл мен Үйлестіру Кеңесініеің күштерін біріктіру;

-Заң мен саясатты жетілдіре түсу, оның орындалуын бақылау;

-Аймықтық бағдарламалар құрамы.

ХЕҰ мен XБЕТБ (Халықаралық Еңбек Ұйымы мен балалар еңбегіне тосқауыл қою Халықаралық Бағдарламасы) жобасы аясында еңбекті қорғау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми — зерттеу институты жанынан 2007 жылдың наурызында балалар еңбегінің ауыр түрлері мәселес бойынша Ұлттық ақпараттық-ресурстық орталық құрылды.

Орталық елімізде балалар еңбегі мәселесі бойынша ақпарат жинақтаумен, мамандар мен халыққа ақпарат жеткізумен айналысады.

«Балалар еңбегі және қанау-мәселелер мен құқықтық сұрақтар» атты 4 оқыту тобының семинар-тренингіне мемлекеттік еңбек инспекторлары, кәмелетке толмағандар іс бойынша инспекторлар, әлеуметтік қызметкерлер, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аймақтық мамандары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатыстырылды.46

2008 жылы балалар еңбегі мәселесіне арналған веб-сайт іске қосылды, мұнан қызығушы тұлғалар мәліметтемен (құқықтық-нормативтік құжаттар, ХЕҰ-ның басылымдары, зерттеу, серіктестер туралы ақпараттар, конференция мен семинарлардың материалдары және т. б.) таныса алады. Орталық балалар еңбегімен күрес мәселесі бойынша ҚР ЕХӘҚМ жанындағы Ұлтттық Үйлестіру Кеңес Ұйымының жұмысына атсалысып, басқада серіктестердің ұйымдастыратын балалар еңбегін тоқтату іс-шараларына қатысады.47

Халықаралық Еңбек Ұйымы балалар еңбегі ауыр түрлерінің тізімін жасамайды, десекте, ауылшаруашылығы құрлыс, ауыр өнеркәсіп сияқты балалар үшін аса қауіпті жұмыс түрлеріне жатқызылады. ХЕҰ балалар еңбегіне тосқауыл қою бойынша Халықаралық бағдарлама тәжірибесінде 18-ге толмаған жасөспірімдерді мақта және темекі өсіруге тартпау қажеттілігі мойындалған.

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасына жақын шет елдерден еңбекке тарту үшін балалар әкелу фактілері тіркелуде. Шетел азаматтарының балаларын еңбекке тарту негізінен, ауылшаруашылығына Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта және темекі өндірісіне пайдалану фактілері бар. Қазақстан Республикасында басқа орта азиялық аймақтармен салыстырғанда тыныштықтың болуы (әлеуметтік-экономикалық жағынан) біздің елімізге кәмелетке толмаған жасөспірімдердің шекаралас елдерден жұмыс іздеп келуінде шешуші, негізгі фактор болып отыр. Аталмыш мемлекеттерден Қазақстанға балалардың еш бақылаусыз өтудің негізгі себебі- «мүлтіксіз шекара». Еңбекке қану мақсатында балаларды заңсыз әкелудің тағы бір себебі, кәмелетке толмаған шетелдіктерді елімізге әкелу тәртібі, уақыты бойынша Қазақстан Республикасы көші-қон заңының кемшіл тұстарының бар екендігінде болып отыр.48

Ауылшаруашылығына мигрант балаларды тарту, еңбекке қанау мәселесі халықаралық және құқық қорғау ұйымдарының назарын аударуда. Олардың мәліметтеріне сәйкес, мынадай аспектілер жұмыс уақытының ұзақтығы, демалыстың болмауы, тамақтану және тұрмыс жағдайының нашарлығы, үзіліс, жұмыс киімдерінің болмауы, медициналық көмектің қол жетімсіз болуы алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл күрделі мәселе ұлттық деңгейде алаңдаушылық туғызып отырғандығын атап көрсетпесе болмайды. Бұл мәселе барлық әлеуметтік серіктестік деңгейінде талқылануға тиіс, қатаң шаралар қабылдануы қажет.

БЕНТ-ін тоқтату мақсатына бөгет тудыратын ең басым бағыт балалар еңбегін жасырын әрі көлеңкелі салада пайдалану болып отыр. Қазақстанда аталмыш мәселе бойынша статистика мен анық мәліметтердің болмауы балалар еңбегін пайдалану мәселесін шешу жолында күрдегі кедергі тудыруда. Елімізде бұрынырақта өткізілген тура зерттеулер мен рейдтер жалпы алғанда, Қазақстан байынша балалар еңбегін пайдаланудың барлық аймақтары мен экономика салалары бойынша толық жағдайды суреттей алмайды. Дәлдікке негіздеп, жағдайды саралайтын статистика бұл салада жоқ.Сонымен бірге, жұмыс істейтін балалардың жағдайына шынайы баға беруде, жасырын түрде балалар еңбегінін көлеңкелі салада пайдалану қиындық туып отыр. Осыған байланысты 2010жылы Еңбек министрлігі ХЕҰ-ы статистика бойынша ақпарат және мониторинг бағдарламасына Қазақстанға балалар еңбегін статистикалық зерттеу үшін әдіснамалық, техникалық әрі қаржылай қолдау көрсету қажет екендігі ұсынысымен шықты.49

Статистика органдарынан түсетін толыққанды ақпарат кәмелетке толмағандарға ұйымдар бойынша жұмыс берушілерді тексеріп бақылауға, мемлекеттік инспекторларға жұмыстарын жоспарлауға, сондай-ақ кәмелетке толмаған жұмыскерлерін жасыратын жұмыс берушілерді анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР статистика агентігінің мәліметінше, 2011 жылдан бастап, 15-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың еңбекке араласуы бойынша статистикалық ақпарат жинақталып отырады. Эканомакалық белсенділік пен жас шамасы ахуалы, жұмыс басшылық ахуалы, тұрғындардың негізгі жұмыста әлеуметтік қорғалуы, қызмет атқаратын халық санын қызмет түрлеріне бөлу, тұрғындардың аптасына орындайтын жұмыс сағатын, өндіріс түрі бойынша жұмыс орыны, жас шамасы, жынысы, сияқты барлық мәліметтерге қол жетімді болады.50

Өзекті мәселе елімізде балалар еңбегін бақылау жүйесін ынталандыру болып табылады. XЕҰ мен XБЕТБ-сы " балалар еңбегін ұйымдастыру мен өткізу бойынша басшылық бақылау мониторингі" атты жоба құрастырып шығарды. Жоба балалар еңбегінің шарттары бөлімдерімен, кәмелетке толмағандар орындайтын жеңіл жұмыс түрлерімен толықтырылады.

Қоғамның ақпаратылығын жоғарлату жұмысын жалғастыру қажет, кейде тіпті, БЕНТ-і бойынша, оның көлемі, ахуалы, бала мен қоғамға әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық, ұлттық заңнамалық актілер туралы бірнеше жергілікті атқарушы билік органдарының құқықтық сауатсыздығы орын алған. Кәмелетке толмағандардың еңбек саласына тартылу мәселесі Еңбек кодексінде көрсетілген. Қазақстан Республикасы Еңбек заңының негізгі қағидаларының бірі балалар еңбегінің ауыр түрлерін тоқтату болып отыр.

Балаларды жыныстық қатынасқа негіздейтін, немесе қылмыстық жұмыстарға тартатын қоғамға қарсы әрекеттерден қорғау ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы балаларды қорғау туралы» №345 2002жыл 8 тамыз заңында қарастырылған. Осыған сәйкес, балалар еңбегін өндірісте немесе алькогольді, темекі өнімдерін өндіруде, зиянды немесе жұмыс жағдайы ауыр физикалық жұмыстарға пайдалануға тыйым салынған. Балаларды сонымен қатар, жезөкшелікке тарту, психотроптық күшілігі жоғары немесе улы заттар дайындау, анаша өнімдерін дайындау, сату, немесе осыған қатысты жұмыстарға, әскери немесе қарулы қақтығыстарға қатысуға пайдалануға тыйым салынған.51

Қазақстан Респубикасының «балалар құқығы туралы» заңына сәйкес, заңсыз шекарадан өткізіп,пайдалану мақсаты мен әдісіне қарай балаларды ұрлау мен сату әрекетін ескертуді, сондай-ақ оларды тұрақты тұруға елге оралтуды мемлекет өз міндетіне алады. Қазақстан 2003 жылы XЕҰ №182 Конвенциясын бекітіп, елімізде балалар еңбегінің ауыр түрлерімен күрес бойынша стратегия құрастыру мен жүзеге асыру міндетін өзіне жүктеді.Бағдарлама ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және басқада шешуші әлеуметтік серіктестердің (министрліктер мен ведомствалар, жергілікті билік органдар, кәсіподақ, жұмыс берушілер ұйымы, ҰАК, мектептер, коледж, лицейлер, денсаулық сақтау органдары және т.б.) қолдауымен енгізіледі.

Бағдарлама жұмысының басым бағыты: балалар еңбегін ауылшаруашылығы (бірінші кезекте мақта мен темекі өсіруде) мен қаланың негізгісекторы саналмайтын (көше балаларын қауіпті әрі зиянды балалар жұмысы- базалда ауыр заттарды тасу,жанаржағармай станцияларында , қылмыстық орталарға тарту, және т.б.) жұмыстарға пайдалану.

Бағдарлама мақсаты әлеуметтік серіктестердің балалар еңбегі ауыр түрлерімен күрес бойынша тиімді әрекеттерді әзірлеуді және іске асыруды мобилдендіру болып табылады. Бағдарлама балалар еңбектің ауыр түрлеріне тартылғанда қанауды ескертуге, оларды қорғауға, қанауды жойып балаларды сауықтыруға (жұмыс істейтін балалар мен ата-аналарына көмек көрсетуге әлеуметтік жобалар, ақпараттық, білім жобалары, мамандарға тақырыптық тренингтер және т.б.) бағытталған. 52

Қазіргі таңда қазақстандық заңың аясында балалар еңбегінің ауыр түрлеріне байланысты төмендегі заң бұзушылық түрлеріне қылмыстық жауапкершілік қарастырылған: кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту, (ҚК 131бап); кәмелетке толмағандарды жезөкшеліке, қаңғыбастықпен бұзақылыққа тарту (ҚК 132-бап); кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін (ҚК 133-юап); асырап алушысы немесе қамқоршысы құқықтарын асыра пайдалану (ҚК 139-бап); еңбек заңының бұзылуы, құқылы әрі заңды мүдделі азаматтарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға айтарлықтай зиян келтіру (ҚК 148-бапа); еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы, абайсыздық себебінен денсаулыққа ауыр немесе орта ауыр зақым келтіру немесе адам өлімі (ҚК 152-бап). Өз кезегінде әкімшілік заң бұзушылық туралы Кодексте: еңбек заңының бұзылуынан, балаларды жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жас шамасынан бастап, (ӘҚК-87бап),; еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесінің бұзылуынан, ауыр физикалық жұмыстарға және зиянды жұмыстарға (аса зиянды) еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға 18-ге толмағандарды тартудан бастап, (ӘҚК 89-бап);әкімшілік заң бұзушылықтардан, балалар еңбегігің ауыр түрлеріне байланысты, (ӘҚК 111-1бап); эротикалық құрамдағы өнімдерді пайдалануға кәмелетке толмағандарды тартқаны үшін (ӘҚК 115-бап) жауапкершілікке тартылады. Сондықтан, қортындылай келе Қазақстанда еңбек саласында балалар құқығының бұзылуы түрлерімен күресетін мықты құқықтық база бар деп айтуға болады.53

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігімен ҚР-ның заңнамалық актілеріне балалардың қараусыз қалғандарын оңалту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзыушылықты ескерту бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы Кодекстің 112-бабына 2001жылдың 30 қаңтарынан бастаптөменгі өзгерту енгізілді. «Түнгі үақыттағы ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардан рұқсатнама сұрау». Демек, 23:00-06.00 уақыт аралығында заңды тұлғалардың немесе олардың орынын алмастырушы өкілдердің алып жүруінсіз кәмелетке толмағандар ойын-сауық мекемелеріне жіберілсе,ойын-сауық орындарының заңды тұлғаларына бес он көлемінде, сауда-саттық ұйымы саналмайтын немесе шағын және орта кәсіпкерлік басшыларына жиырма бес отыздың көлемінде, үлкен кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларға қырық пен елуге дейінгі көлемде бір айлық көрсеткіш негізінде айыппұл салынады. Заң 2009 жылы10 маусымда қабылданған.

ҚР-сы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «18-ге толмаған жұмыскерлердің таситын жүгінің шектелген мөлшері мен оларды еңбекке қабылдауға тыйым салатын жұмыс тізіміне» жаңартулар мен толықтырулар енгізілді. Мысалға кәмелетке толмағандарды опиын, темекі, мақта өсіру еңбегіне қабылдауға, пестицид пен гербецидті қолданудағы барлық жұмыстармен айналысуға, түнгі клубтарда, кабарда, мейрамханалар мен сыра, темекі т.б. өнімдерді әрі шарапты сақтау мен сатуға байланысты барлық жұмыстарға қабылдауға тыйым салу.

2009-2011жылдардағы басты келісімге сәйкес 31 жақты тармақ 2010-2011жылдарда балалар еңбегігің ауыр түлеріне тосқауыл қою бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді міндеттейді.

Балалар еңбегінің ауыр түрлеріне тосқауыл қою әлеуметтік серіктестер мен жалпы қоғамды тартып, тұрақты күресуді талап етеді. Мына, бәсекелесті әлемде кез-келген елдің гүлденуі, ондағы адам ресурсының сапасына тәуелді.

3.3 Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік және экономикалық қанаудан қорғау

Бала құқықтарына қатысты бала еңбегін қанаудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «ҚР балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында «баланы экономикалық қанау» ұғымы енгізілген және баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы бекітілген.

Халықаралық Еңбек Ұйымының 1973 жылғы N 138 "Жұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi жас туралы" (Женева,1973 жылдың 26 маусымы) Конвенциясының және Халықаралық Еңбек Ұйымының N 182 "Бала еңбегiнiң ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы" (Женева, 1999 жылдың 17 маусымы) Конвенциясының Ережелері «Кейбір заңнамалық актілерге еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 Қазақстан Республикасы Заңына имплементацияланған.54

Мысалы, заңнамалық актінің 30-бабына сәйкес: «Еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтармен ғана жасасуға рұқсат етiледi. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен еңбек шарты жасасу мүмкін болады: 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, 15 жасқа толған азаматтармен; 2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен; 3) кинемотография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және орындауға қатысу үшін, осы баптың 2 тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін» деп белгіленген.

«Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар деп белгіленген. Аталған баптың 4 тармақшасында баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауiптi жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.

Ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған азаматтардың еңбегін пайдалануға болмайтын өндірістер мен жұмыстар тізімі Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылы 31 шілдедегі № 185-ө бұйрығымен бекітілген.55

Қоғамды ақпараттандыру мақсатында бала еңбегін қанау бойынша жыл сайын «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты Ұлттық ақпараттандыру кампаниясы ұйымдастырылады. Компания барысында республикада бала еңбегін қанауға қарсы профилактикалық рейдтер, бала еңбегінің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандармен әңгімелесу, буклеттер, жадынамалар таратылады, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, байқаулар және концерттер ұйымдастырылады.Кампания жұмысы барысында жыл сайын 300 мыңнан астам балалар мен ересектердің қатысуымен төрт мыңнан астам іс шаралар ұйымдастырылады.

2009 жылдан бастап балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша бірлескен жұмыс жоспары және Қазақстан Республикасында 2009-2011 жылдардағы Халықаралық Еңбек Ұйымының №182 Халықаралық конвенциясы іске асырылуда.

2009 жылы Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында мақта, темекі алқабында жұмыс істеген 900 бала, 2010 жылы - 532 бала еңбегінің фактілері анықталған.

2010 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек берушілердің ҚР еңбек заңнамаларының орындалуы бойынша 18,0 мың тексерістер жүргізілді. Әрбір тексерісте мемлекеттік еңбек инспекторлары бала еңбегін заңсыз пайдалануға назар аударды

Тексеріс қорытындысы бойынша бала еңбегін пайдаланған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.56

Қазақстан Республикасы өзіне халықаралық міндетті алып, XЕҰ-ның №182 «балалар еңбегінің ең нашар түрлері" және №138 «жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жас шамасы» конвенция қаулылырының орындалуын, балалар құқығыг қорғау бойынша әліде жұмыстар атқарыла бермек. Мәселенің маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, 2008жылы елімізде балалар еңбегімен күресакциясы кең көлемде қолға алынды. Акция аясында, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар мен бақылаушы органдардың қатысуымен балалар еңбегін әртүрлі экономика саласындағы ұйымдарда пайдалану фактілері бойынша жоспарлап әрі кешенді тексеріс жүргізілді.57

Жоспар төмендегідей іс-шаралардың өткізілуін қарастырады:

- «Қазақстанда балалар еңбегі мәселесі- еңбекті қорғау контексінде» тақырыбындағы халықаралық семинар Тараз қ;

- әр түрлі экономика саласындағы өндірістер мен ұйымдарда (тұрмыстық қызмет көрсету, көлік, жанаржағармай құю, көлік жуу қызметтері,ауылшаруашылық (темекі, мақта, көкөніс) және көтерме базар) кәсіподақ пен бақылаушы органдардың қатысуымен кешенді тексеріс;

- әлеуметтік серіктестердің қатысумен дөңгелек үстелдер, БАҚ-ның назарын аудару;

- еңбек заңы нормалары мен кең көлемді акцияның өткізілу міндеттерін халыққа жеткізу әрі насихаттау.

Рейд тексерісі барысында Қазақстанда негізігі балалар еңбегі пайдаланылады:

- автокөлік жууда, ылғалдылықтың жоғары,ал қоршаған ортаның температурасы төмен жағдайда;

- Қолмен, арбамен қала базарларында көлікке жүк тасымалдау, тиеу,әрі түсіру жұмыстарына;

- жекеменшік сауда нүктелерінде:

- Ауылшаруашылық жұмыстарына (әсіресе, темекі мен мақта өндіруге байланысты);

- Жанаржағармай станцияларында жағармай құюшы ретінде, кейде түнгі жұмыс уақытында.

Жалпы, республикада мемлекеттік инспекторлардың прокуратура органдарымен бірлескен тексерісі барысында білім, денсаулық сақтау, бойынша кешенді тексерістерде балалар еңбегін пайдаланудың заң бұзушылықтары тіркеліп, әкімшілік айыппұл төлеушілер анықталып, 1,754 мың теңгеден астам айыппұл төленді.

6-7 қараша 2008 жылы Тараз қаласында XЕҰ-ның өкілдері, ҚР парламентінің депутаттары, мемлкеттік орган басшылары, әлеуметтік серіктестер мен Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан еңбек инспекциясы басшыларының қатысуымен «қазақстанда балалар еңбегі мәселесі-еңбекті қорғау контекісінде» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Семинар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қонғау министрлігімен ұйымдастырылып, 2008 жылғы балалар еңбегінің ауыр түлерімен күрес бойынша кең көлемді акцияны өткізу іс-шараларының жоспары негізінде XЕҰ-мен ортақ сәйкестендіріліп өткізілген. Семинар қортындысы бойынша қарар қабылданды.

Xалықаралық Еңбек Ұйымы (XЕҰ), Xалықаралық балалар еңбегіне тосқауыл бағдарламасымен (XЕҰ-XБЕТБ), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, балар құқығын қорғау комитеті,Алматы қаласы балалар құқығын қорғау департаменті, "Зияткерлік еңбек әйелдерінің одағы" қоғамдық бірлестігі, XЕҰ-на 90-жыл, және балалар еңбегіне қарсы бірінші Конвенцияның қабылданғанына 90-жыл толуына орай «Қазақстан: 2005-2008жылдардағы XЕҰ мен XБЕТБ ұлттық серіктестердің жұмысы» атты семинар 5-9 мамыр 2009жылы «Алатау» шипажайында өткізілді.Семинар мақсаты-Қазақстанда XЕҰ мен XБЕТБ ұлттық серіктестердің жұмыстарын қортындылау. Семинар аясында балалар мен халықты балалар еңбегінің ауыр түрлері, бойынша ақпараттандыру,балалар еңбегінің ауыр түлерін ескерту жұмыстары бойынша барлық аймықтардан есептер алынды. Семинарға Қазақстан облыстарының балалар құқығын қорғау бойынша департаменттері, осы мәселемен айналысатын әлеуметтік және құқық қорғау министрліктері мен ведомостволары, ҰАК қатыстырылды.

21-22 мамыр 2009жылы Алматыда Xалықаралық Еңбек Ұйымы «Шекарасыз балалық" қоғамдық бірлестігімен біріге отырып, «Қазақстанда БЕНТ-не тосқауыл қою: тоқта, балалар еңбегіне дабыл СКРИМ білім пакетінің көмегімен серіктестік мүмкіндігінің жоғарлауы» атты XЕҰ мен Қазақстанда XБЕТ бағдарламасы аясында семинар-тренинг өткізді. Семинар жұмысына ЮНЕСКО өкілдері, балалар құқығы бойынша аймақтық департаменттер, ішкі істер департаменттері мен қоғамдық ұйымдар қатысты.

Семинар мақсаты-"тоқта, балалар еңбегіне дабыл» СКРИМ жаңа білім пакетін пайдалана отырып, балалар еңбегін ескерту және алдын алу бойынша жаңа формалары мен жұмыс әдістері негізінде мамандарды тәжірибелік машыққа оқыту. Аталған білім пакеті мамандарға балалар еңбегін түсінуге әрі хабардар болуға көмектесу үшін құрастырылған болатын. «СКРИМ» сөзі «білімге, өнер мен БАҚ-қа байланысты бабалар құқығына қолдау көрсету» болып ажыратылады. Білім пакеті 18 модульден тұрады.

13 қараша 2009жылы ҚР-сы жұмысберушілер бірлестігінің Атқарушы дирекциясы кеңсесінде XЕҰ-ның техникалық көмегімен «Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығында балалар еңбегін жоюда бұмыс берушілердің ролі" атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Негізгі басым талқылауда Оңтүстік Қазақстандағы мақта өндірісінде балалар еңбегін қысқарту мәселесі болды.

20 қараша 2009жылы Санкт-Петербург қаласында балалар еңбегі бойынша XЕҰ-ның «балаларға мүмкіндік берейік" жобасында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан XЕҰ-ы өкілдері, сондай-ақ Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша аудандық, әкімшілік-әлеуметтік орталықтардың қатысуымен халықаралық конференция болып өтті. Конференцияға қатысушылар тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша бастамалар аясында балалар еңбегінің ауыр түрлерімен күрес бойынша Санкт-Петербург пен Ленинград облыстары балалар еңбегі мәселесінің зеріттелуі,балаларды оңалту бойынша модульдер мен жобалар нәтижелері, жалпы, Санкт-Петербург саясатымен таныстырылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]