- •Мазмұны
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •1.1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты
- •1.2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері
- •1.3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы
- •2.1 Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •2.2 Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •3.Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.1 Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.2 Кәмелетке толмағандар еңбегін қорғауды жүзеге асыру шаралары
- •3.4 Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
2.2 Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері
Әрбір қоғамның өмірінде маңызды орынды, материалдық өндірістен басқа, рухани өмірде алады. Адам туғанынан бастап ғылым мен мәдениет туындыларын ойлау, жасау, шығару қабілетіне ие. Мұндай қызмет нәтижеслері әрбір халықтың, мемлекеттің және толығымен адамзаттың рухани және интеллектуалдық потенциалын құрайды және көбейтеді.
Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы дұрыс саяси экономикалық саясатпен қатар, қоғамның өзінің алдына қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл энергиятасушылары мен шикізат шығару ғана сүйенбей, ғылыми терең және күрделі өндірістерді дамытуды, дүниежүзілік технологиялық еңбектің бөлінуінде өзінің орнын табуды қажет ететін Қазақстан үшін елеулі маңызды болып табылады.19
Өздерінің азаматтары мен фирмаларының осындай интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің туындылары, мәселен, әуен мен өлең, көркем фильм мен кітаптар, күрделі химикалық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тамақ қоспалары, экономикалық, экологиялық таза технологиялар, интегралды микротәсімдер мен электоронды есептеуіш машина үшін қолданылатын бағдарламмалық өнімдер саудасы жоғары дамыған елдердің негізгі табыс көзіне айналуда. Мысалы, АҚШ қатысты, бұл көрсеткіш өте жоғары, Мәселен, АҚШ-та мыңдаған түрлі бизнес бағыттары ішінде, табысы жағынан бесінші орында шоу-инструкция тұр, ол жылсайын сексен миллиард АҚШ долларын әкелуде. Кейбір бағалаулар бойынша осындай интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерін, мәселен, патентті, тауар белгісін, авторлық құқықты заңсыз пайдаланудың өзінен ғана бүкіл дүниежүзі бойынша Құрама Штаттардың жоғалтқан табыстарының мөлшерін шамамен екі жүз миллиард АҚШ долларын құрайды.
Интеллектуалдық меншікке деген көзқарас мемлекеттің басқа мемлекеттермен жүргізетін сауда-саттықтың қарқындығы мен көлеміне әсер етеді. Мәселен, Пират аталған мемлекет (интеллектуалдық меншікті бұзушыларға қарсы әшқандай шара қолданбайтын мемлекет) халықаралық интеллектуалдық меншік альянсымен осындай мемлекеттер тізіміне еңгізілген, АҚШ пен сауда-саттықта ең қолайлы режимнан айырылады.20
Интеллектуалдық меншікке деген құқықты қорғау дәрежесі мемлекеттің өркениеттігін және құқықтық тәртіппен заңдылығын көрсетеді.
Сонымен қатар, кез-келген тұлға жасына, психикалық дәрежесіне, азаматтығына және тағы басқа мінездемесіне қарамастан мәдени және ғылым туындыларын ойлап-табуға, құрастыруға қабілетті. Бірақ олар табиғатпен берілген қасиетті әртүрлі көлемде пайдаланады. Қарқынды ойлап-табушы тұлғалар өз туындыларын заңды қорғауды қажет етеді.
Бұл рухани туындыларды заңды түрде реттейтін интеллектуалдық меншік құқығы мемлекеттіміздің заң жүйесінде жаңа болып табылады. Бұрынғы заң жүйеміз бұндай ұғымды білмеген. Себебі, КСРО-да да Кеңестік Қазақ Республикасындла да интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мемлекетке немесе мемлекеттік ұйымдардың құзыретінде болған. Термин «интеллектуалдық меншік құқығы» республикалармен 31 мамыр 1991 жылғы КСРО-ның Заң негіздерінде еңгізілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің «Интеллектуалдық меншік» деп аталатын 125 бабында азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдеріне ерекше құқығы танылады делінген. Қазіргі құқықтық қатынаста Қазақстан Республикасындағы заңнамамен белгіленген интеллектуалдық меншіктің түсінігі осылайша танылған.21
Интеллектуалдық меншік құқығы деп – интеллектуалдық меншік объектілерін өз қалауы бойынша тыйым салынбаған тәсілдермен пайдалануға, оған билік етудегі (негізінен толығымен немесе ішінара өз құқығын басқа тұлғаға беру тағы басқалар) иесінің мүліктік құқығы болып саналады. Осы айтылған заңнамада бекітілген айрықша құқықтар мен оларды барынша жүзеге асыруына жағдайлар жасауды талап етеді. Сондықтан, оларды нормативтік құқықтық актілермен бекітіп қою жеткіліксіз. Ю.Г.Басин, А.П.Сергеева тағы басқа ғалымдардың айтуынша құқықтарды қорғау –ол тек бұзылған құқықтарды қорғаудан тұрмайды, сонымен қатар күнделікті жүзеге асырылу барысында да қорғалуы қажет деп көрсеткен.
Жалпы интеллектуалдық шығармашылық қызмет адам жасынан туәлсіз айналысуға толық мүмкіндік беретін экономиканың маңызды саласы. Ондай кәмелетке толған адамдармен бірдей тең дәрежеде кәмелетке толмағандарда қызмет атқара алады. 22
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес, кәмелетке толмағандар интеллектуалдық меншік құқығының объектілерінің кез келген түрін шығаруға құқылы. Оларға интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне ғылыми, әдебиет және өнер туындылары, орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру, өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросызба топологиялары, ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс кұпиялары (ноу хау) және интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету) және тауарлар мен қызмет көрсетудің басқа да дараландыру құралдары жатады.
Кәмелетке толмағандардың интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты құқықтары оларды құру фактісінің күшімен не заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінде туындайды.
Интеллектуалдық меншік құқығын реттейтін тиісті заң актілері мен оны зерттейтін заң әдебиеттеріне сәйкес, интеллектуалдық меншік құқығының жүйесін үшке бөлуге болады. Олар: авторлық құқық, сабақтас құқық және патеттік құқық.
Кәмелетке толмағандардың интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты құқықтары екі негіз бойынша пайда болады. Оның біріншісі бойынша, объектіні құру фактіснің күшінің өзі жеткілікті. Оларға, ең бастысы құрылған объектінің формасы болып табылады, ал оның мазмұны емес. Бұларға, әдебиет, ғылым, өнер туындылары жатады. Екінші құқық пайда болу түрі бойынша, уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі қажет және соның нәтижесі негізінде пайда болады. Оларға өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модель, селекциялық жетістіктер жатады. Бірақ, бұларға да, оларды құру фактісі де маңызды. Себебі қорғау құжаты берілгенге дейін өнертабыс авторы белгілі құқыққа ие болады (мысалы, көрмеге қоюға, ол туралы ақпарат беруге және тағы басқа). Дегенмен, автор толық өнертабысқа деген құқықты қорғау құжатын алғанан кейін ие болады.23
Кәмелетке толмағандардың интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне қатысты белгілі құқық жүйесі қалыптасқан. Оларды екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топты интеллектуалдық меншік құқық объектілеріне қатысты кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтарын құраса, екінші топты интеллектуалдық меншік құқық объектілеріне қатысты кәмелетке толмағандардың мүліктік емес жеке құқықтар құрайды. Мүліктік емес жеке құқықтардың бірінші бөлігін интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары ретінде кәмелетке толмағандардың ие болу жатады, яғни авторлық құқық. Оған тиесілі жеке мүліктік емес құқықтар ешкімге берілмейді, иеліктен алынбайды. Оның мүліктік құқықтары басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады.
Бұл жерде кәмелетке толмаған азаматтар туынды авторы деп танылады.
Мүліктік емес жеке құқықтарға ең алдыменен, кәмелетке толмаған азаматтың туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның ішінде, егер іс жүзінде мүмкін болса, туынды кез – келген жағдайда оның даналарына автордың есімін тиіс-ті түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы. Бұл құқық автордың иелегінен айырылмайды және басқа адамға мұра бойынша да, шарт негізінде де берілмейді. Тек автордың өзі ғана авторлық құқықты жүзеге асырады, ол қайтыс болғаннан кейін авторлық құқық тоқтатылады, ал оның мұрагерлерінің құқықты қорғауға ғана құзыреті болады. Бұндай құқықты жүзеге асыру үшін туындының қандай негіз (жеке автодың ниетімен бе, әлде жұмысберушінің тапсырмасы бойынша) көзделіп шығарылғандығы, және ол жарияланды не жарияланбадыма ықпал етпейді. Құқықтың қолданылу мерзімі шектелмейді. Туындының авторы ретінде басқа адамның өзін танытуы немесе үшінші бір тұлғаны туындының бір бөлігінің авторы деп танытуы авторлық құқық бұзушылық болып табылады. Бұндай жағдайды «плагит»деп атайды. Авторлық құқық – бұл абсолюттік құқық, яғни ешқандай тұлға бұл туындының авторы атанбауына міндетті. «Плагит» фактісі орын алғанда, заң бұзушының кінәсінін, дәрежесі ескерілмейді. Мәселен, баспа, авторы дұрыс жазылмаған (яғни басқа адамның аты жазылған жағдайда) публикацияны басып шығарма, ол жалған мәлімет бергені үшін кінәсіне қарамастан толық жауап береді.24
Туындыны пайдаланылған кез-келген жағдайда оның даналарына автордың шын есімінің орнына лақап есімін, бүркеншік есімін көрсету және соны талап ету немесе есімін көрсетуден бас тарту құқығын, яғни жасырындық құқығы интеллектуалдық меншік құқық объектілеріне жеке мүліктік емес құқықтардың екінші түрін құрайды және автордың есімі аталу құқығы деп аталады.
Көптеген әдебиет, өнер туындыларының авторлары шын есімін пайдаланбайды. Мәселен, Абай Құнанбаей, Шокан Уәлиханов, Максим Горький, Демьян Бедный және тағы басқалар.
Автормен таңдап алынған есімін белгілеу әдіс - туындыны ішінара немесе толық пайдалану кемінде барлық тұлғалармен сақталуы қажет. Бұл есім, ешқандай бұрмалаусыз барлық туынды даналарында немесе цитаталарда жазылуы тиіс.
Туындыға қол сұқпау, туындыны кез-келген жолмен бүлдірмеу, бұрмаламау немесе өзге жолмен өзгертпеу, сондай-ақ автордың ар-ожданына, яки беделіне нұқсан келтіре алатын басқа да кез-келген қол сүғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы, автордың беделін қорлау құқығы деп аталады.
Автордан басқа адам немесе автордың келісімінсіз ешкім туындыға ешқандай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы жоқ. Автор туындыға қол сұғушылықтан, туынды тақырыбын қоса, қорғай алады. Яғни- оның келісімінсіз ешкім туындыны қосымша бейнелермен, алғы сөзбен, соңғы сөзбен, түсіндірмелермен толықтыра алмайды.
Жеке мүліктік емес құқықтардың тағы бір түрін туындыны халыққа тарату құқығы құрайды. Автор кез - келген уақытта, кез-келген әдіспен, кез-келген баспа арқылы немесе басқа жолдармен өз туындысын жариялауға және оны жариялағаннан кейін қайтарып алуға құқылы. Бұрын қабылданған шешімінен пайдаланушыға келтірілген зиян, соның ішінде оның айрылып қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешімінен бас тартуға құқығы бар, яғни кері қайтарып алу құқығы. Егер туынды жарияланып кеткен болса, автор оны кері қайтарып алатыны туралы жария түрде хабарлауға міндетті. Бұл ретте ол туындының бұрын дайындалған даналарын өз есебінен қайтарып алуға құқылы.25
Сонымен қатар, автор туындыны жариялауға және жарыққа шығаруға құқылы. Бұл құқық автордың келісімен жариялау, көпшілік алдында орындау, қандай да бір болмасын өзге әдіспен эфирге туындыны жалпы көпшілікке алдына алғаш рет жеткізетін іс-әрекетті жүзеге асыру болып табылады. Яғни жариялау үшінші тұлға мен жүзеге асырылуы, бірақ автордың келісімімен. Тек автор ғана туындыны жариялау сәтін белгілейді, себебі, тек ол ғана туындының қандай дәрежеде дайын екенін біледі.
Туынды авторының немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы бар. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары мынадай әрекеттерді жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын білдіреді:
Біріншіден, туындыны қайта шығару, яғни туындының немесе фонограмманың, өнеркәсіптік меншік объектісінің бір немесе одан көп данасын кез келген материалдық нысанда, соның ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында дайындау, сондай ақ уақытша немесе тұрақты сақтау үшін электрондық, санын қоса, оптикалық немесе өзге де машинамен оқылатын нысанда жазып алу.
Екіншіден, туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдіспен тарату, сату, жалға өткізу, көпшілікке уақытша пайдалануға беру және басқалар, яғни тарату құқығы.
Үшіншіден, тарату мақсатында туынды даналарын, соның ішінде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесінің рұқсатымен дайындалған даналарын импортау, яғни импортқа әкелу құқығы.
Төртіншіден, туындыны жария көрсету, кадрлар, әртүрлі таспалар арқылы жария көрсетуді жүзеге асыру, туындыны жария орындау, би, ән, ойын, понтомималар арқылы жүзеге асыру. Фильм, фонограмма түрінде болуы да мүмкін. Туындыны жария хабарлау, туындыны жалпы жұртшылық назарына арнап хабарлау, соның ішінде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау.
Бесіншіден, жалпы жұрттық назараны арнап эфирде алғашқы және кейінгі хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирге хабарлау. Жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және кейінгі хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау.
Алтыншыдан, туындыны аудару және қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу құқықтары.
Жетіншіден, қала құрылысы, сәулет, безендіру жобасын іс жүзінде асыру. Егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматтық айналымға түсірілсе, онда оларды автордың келісімінсіз және сыйақы төлемей одан әрі таратуға жол беріледі. Туындының түпнұсқасы немесе даналарын жалға беру және көпшілікке жалға беру арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншік құқығына қарамастан ноталық мәтін түріндегі музыкалық туындының, фонограммаға түсірілген туындының, дыбыс бейнежазу туындысының, деректер базасының, ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқықтар иесіне беріледі.
Бұл мүліктік құқықтарды шектеулер, егер мұндай шектеулер туындыны дұрыс пайдалануға орынсыз зиян келтірмей, автордың заңды мүдделеріне негізсіз қысым жасамайтын болса ғана жүзеге асырылады.
Жалпы кәмелетке толмағандардың интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтарын қорғау мәселесі – заңгерлер сирек тартып жүрген тақырып.
