Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shyntas дурыс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
483 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Жұмыс бойынша қысқаша тұжырымдар:

Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады. Атап айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмелелер жасау қабілеті) және басқа заңды іс әрекеттер жасау қабілеттерін, сондай ақ азаматтық құқық бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін әрекет қабілеттілік ұғымы қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс әрекеттер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс әрекеттер жасау заңдық қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.

Біздің азаматтық заңнама кәмелетке толмағандарды екі топқа бөліп қарастырады: жасөспірімдер – он төрт жасқа дейіңгілер және ішінара әрекет қабілеттілер – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Он төрт жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ана-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін де осылар жауап береді. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға, сондай – ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.

Бұл арада, он төрт жасқа жетепеген адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс. Біріншіден, мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы болуға тиіс. Екіншіден, олар кәмелетке томағанның жасына, яғни оның психикалық даму деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс. Үшіншіден, он төрт жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық – түлікті несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады.

Заңда қандай мәмілелерді ұсақ деп есептеуге болатын және қандай мәмілелерді оларды жасайтын кәмелетке толмағанның жасына сай келеді деуге болатын жалпы өлшемдерді белгілеу мүмкін емес. Сондықтан мұндай өлшемдер әрбір нақты жағдайда бағалаушы сипатта болады, ал бағалауды, әдетте, бастапқы кезде кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтын адамның өзі жүргізеді. Жасалған мәміленің ұсақ екені және оның кәмелетке толмағанның жасына сай келетін жөнінде дау туатын жағдайда – дау сот арқылы шешіледі. Сот бұл жағдайда, сот тәжірибесіне жүгінеді, ал сот тәжірибесі біздің мемлекетімізде құқық қайнар көзі болып табылмайды. Сол себепті біздің пікірімізше, ұсақ мәмілелерді анықтау талаптары заң нормаларымен анықталуы жөн болар еді.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетті деп есептеледі. Олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін жауап береді.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер мәмілелер жасау туралы жалпы ережелер бойынша, ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне дербес билік етуге құқылы, он төрт жастан он сегіз жасқа дейнгі балалар өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.

Он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған азаматтардың азаматтық заңнама бойынша бірілетін құқықтарын кеңейту қажет. Олар еңбек заңдары бойынша он бес жастан бастап еңбек қатынастарының субъектісі бола алады, сол себепті олардың өздерінің тапқан табыстарының көлемінде мәміле жасасу еркіндіктерін кеңейту қажет.

Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психиалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмағандықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін.

Азаматтық кодекс нормаларына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.

Жүйкесінің бұзылуына байланысты азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануды Азаматтық с жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен сот қана шеше алады және бұл азаматқа қорғаншылық белгілеу үшін негіз болады.

Экономиканың маңызды саласы болып табылатын кәсіпкерлік саласында кәмелекте толмағандарда өз үлестерін қоса отырып, өздеріне белігілі бір дәрежеде, заңмен белгіленген құқықтық негізде жеке кәсіпкерлікпен де айналысуына құқығы бар. Заң бойынша кәмелетке томаған он бес жастағы азаматтарға еңбек етулеріне құқық берілген. Осыған сәйкес, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлер он бес жасқа толған азаматтарды өзеріне жалданбалы қызметкер, серіктес ретінде алуы мүмкін. Немесе кәмелетке толмаған он бес жасқа толған азаматтың өзі, дербес кәсіпкерлікпен айналысуы мүмкін.

Жалпы интеллектуалдық шығармашылық қызмет адам жасынан туәлсіз айналысуға толық мүмкіндік беретін экономиканың маңызды саласы. Ондай кәмелетке толған адамдармен бірдей тең дәрежеде кәмелетке толмағандарда қызмет атқара алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес, кәмелетке толмағандар интеллектуалдық меншік құқығының объектілерінің кез келген түрін шығаруға құқылы. Оларға интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.

Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайды. Олар тек кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамдар болуға тиіс.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын – қорғаншыларды арнайы мемлекеттік қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындайды.

Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары (асырап алушылары) жоқ болса неесе олар кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқара алмаса, кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау үшін қамқоршылар мен қорғаншылар тағайындалады. Қамқоршылар мен қорғаншыларды тағайындау тәртібін, олардың атқаратын қызметін, құқықтары мен міндеттерін заңдар белгілейді.

Алға қойған міндеттерді шешуді бағалау. Кәмелетке толмағандардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайын анықтау және де тиісті азаматтық құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында жалпы маңызды мәліметтерді аштым деп ойлаймын.

Зерттеу мақсатына орай келесі міндеттерді орындалуына келсем:

  • кәмелетке толмағандар еңбегінің түсінігін аштым;

  • кәмелетке толмағандардың еңбек құқық субъектілерінен айырмашылықтарына тоқталдым;

  • кәмелетке толмағандар еңбегінің құқықтық мәртебесінің элементтерін айқындадым;

  • кәмелетке толмағандар еңбегі қызметін ұйымдастыру, қызмет ерекшеліктерін нақтыладым;

  • кәмелетке толмағандар еңбегін мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайда даму бағыттарын сараладым;

  • кәмелетке толмағандар еңбегінің құқықтық жағдайына қатысты құқықтық реттеу мәселелерін айқындау және оларды шешу, заңдылықтарды жетілдіру жолдарын қарастырдым.

Жұмыстың нәтижелерін нақты қолдануға қатысты ұсынылымдар мен көрсетілімдер.

Кәмелетке толмағандар қылмыcтылығымен күреcте одан cақтану шараларына баcымдық берілуі керек. Әлеуметтік cақтандыру жүйеcі cоңғы жылдары біраз босаңcып қалғанмен ол олқылықты қылмыcтық-құқықтық тәcілдер арқылы толықтыруға болады. Олардың жүйесі тәcілдерінің екі тобынан тұрады:

  1. кәмелетке толғандарға қолданылатын қылмыcтық-құқықтық тәcілдер (кәмелетке толмағанды қылмысқа итергендік үшін жауаптылық); 2) кәмелетке толмағандарға қолданылатын қылмыcтық-құқықтық тәcілдер (қылмыcтық заңды наcихаттау, реcми алдын ала еcкерту, баcталған қылмыcты аяқтаудан өз еркімен баc тартуға түрткі болу, шын өкінуге түрткі болу, бақылауға алу).

Кәмелетке толмағанның қылмыc немесе өзгедей қоғамға қайшы әрекеттер жаcауына түрткі болатын немеcе түрткі бола алатын қылмыcтардың қоғамға қауіптілігі жоғары, олар айыптының қылмыcтық жауапкершілігіне әcер етуі тиіc. Кәмелетке толмағанның өнегелік дамуына ұқыпты қарау әрбір азаматтың қоғамдық борышы, Конcтитуцияда бекіту жолымен оған құқықтық форма берген жөн.

Кәмелетке толмағандардың денсаулығы мен өміріне қажетті жағдаймен қамтамасыз етуде және тәрбие беруде отбасының құқықтық жауапкершілігін арттыру керекпіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]