
- •Мазмұны
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •1.1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты
- •1.2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері
- •1.3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •2.1 Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •2.2 Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •3.Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.1 Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.2 Кәмелетке толмағандар еңбегін қорғауды жүзеге асыру шаралары
- •3.4 Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
2.1 Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері
Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең басты өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабылеті орта қалыптастырады, халықтың сатып алу қабылетін арттырады, сондай ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді.
Әлемнің көптеген елдіріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен бірге шағын және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.
Тәуелсіз кәсіпкерлер өздерінің санының көптігі жағынан әлеуметік экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік иелерінің көпқұрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер орта топтың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметті және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Әлемдік тәжірибені зерделей зерттегенде шағын бизнестің нарықтық экономикада жетекші сектор болып табылатындығын ақын аңғаруға болады. Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқындауда бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің алпыс және жетпіс пайызы шағын бизнестің үлесіне тиесілі болып келеді.8
Мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға ден қоюды ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпіліс береді. Ірі өндірістерге қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін де айту керек.
Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол, қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.9
Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай жасайды. Салалық жән аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.
Сондай – ақ, шағын кәсіпкерлік халықты жұмысқа орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді. Ірі өндіріс орындарында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Бір жағынан технологиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының жүргізіп жатқан нарық реформалары тауар мен қызметтің ерікті нарығын құруға, кәсіпкерлік қызмет саласын кеңейтумен нығайтуды қарастырады. Мұндай талаптарда мемлекет экономикасының негізгі қызмет етуші тұлғалары ретінде кәсіпкерлік қызмет болып табылады.10
Қазақстан Республикасының Конституциясында: әрбір адамда еркін кәсіпкерлік қызметке құқығы бар делінген. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес, кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталатын шаруашылық қызмет түрі:
ол өндіріс және өнім, қызмет, жұмыс нарығында ерікті сауда саттық арқылы пайда, табыс табуға бағытталған;
ол ынталы қызмет, яғни кәсіпкердің тиісті мүддесі мен оның таңдауы бойынша өз еркімен жүзеге асырылады. Басқарушы орган немесе тұлғаның қандай да бұйығы немесе тікелей белгілеуі бойынша жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет болмайды.
мұндай қызмет кәсіпкердің толық мүліктік меншігіне негізделеді. Ол кәсіпкердің мүліктік базасы болып табылады және кәсіпкер кәсіпкерліктің барысында бұл мүлікпен шығыстармен залалдарды толық тәуекелін көтереді;
кәсіпкер азаматтық құқықтық айналымда өз атынан қатысады.11
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына ЖОЛДАУЫ - «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолаудың он үшінші бағытты «Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс қимыл» деп аталады.
Міне, осындай маңызды салада кәмелекте толмағандарда өз үлестерін қоса отырып, өздеріне белігілі бір дәрежеде, заңмен белгіленген құқықтық негізде жеке кәсіпкерлікпен де айналысуына құқығы бар. Заң бойынша кәмелетке томаған он бес жастағы азаматтарға еңбек етулеріне құқық берілген. Осыған сәйкес, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлер он бес жасқа толған азаматтарды өзеріне жалданбалы қызметкер, серіктес ретінде алуы мүмкін. Немесе кәмелетке толмаған он бес жасқа толған азаматтың өзі, дербес кәсіпкерлікпен айналысуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік ретінде жеке тұлғаның (кәмелетке толмағндардың) бастамасымен, пайда табуға бағытталған, жеке тұлғаның (кәмелетке толмағандардың) меншігіне негізделген және жеке тұлға атынан, олардың тәуекелімен, олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын қызмет табылады. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып жеке тұлға және мемлекеттік емес заңды тұлғалар табылады. Кәмелетке толмаған балалар жеке тұлға болып табылады және заңды тұлғаның құрылтайшысы болуы мүмкін. Мәселен, өндіріс кооперативінің мүшесі ретінде он алты жасқа толған кәмелетке толмаған азамат бола алады, бірақ, ата анасының рұқсат етуімен. Сондай ақ акционерлік қоғам акционері ретінде және шаруашылық серктестіктің қатысушысы ретінде болуы мүмкін. Оған негіз ретінде көп жағдайларда мұраға акция немесе шаруашылық серіктестіктің үлесін алуы табылады. Олардың акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктегіндегі материалдық мүдделерін және құқықтарын олардық қорғаншылары мен қамқоршылары жүзеге асырады.12
Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
орта кәсіпкерлік субъектілеріне;
ірі кәсікерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.13
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Бірақ бұл талаптарды қанағаттандыратын кейбір кәсіпкерлік субъектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызуға заңмен тиім салынған. Оларға мыналар жатқызылады:
есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметті;
акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
лотереялар өткізуді;
ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметті;
сертификаттау, метрология және сапаны басқару саласындағы қызметті:
мұнай, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызметті;
радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызметті;
банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
аудиторлық қызметті;
бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды. 14
Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъектінің филиалдарының, өкілдіктері мен басқа да оқшау бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлері ескеріле отырып, айқындалады.
Жобары да белгіленген шарттардың бірі артық болып кеткен жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін көзделген жеңілдіктер қолданылмайды.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.15
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.16
Біріккен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерліктің мынадай нысандары бар:
ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздеріне тән құқықтары мен міндеттері болады. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәмелетке толмағандардың құқылы:
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бағасын дербес белгілеуге;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтеулі негізде қаражат (қарыз) беруге;
өзінің құқықтық қабілеті шегінде сыртқа экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға ;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына қатысуға;
бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселелері бойынша жүгінуге;
өз құықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;
жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына септігін тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқылы.17
Сондай ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәмелетке толмағандардың белгілі бір міндеттері де бар:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялауға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Шаруа (фермер) қожалығы ретінде бір шаңырақта бірлесіп еңбек етіп, ауылшаруашылығына арналған жерді игеріп, одан өнім алуға, өңдеуге, пайдалануға байланысты іс қимыл әрекеті болып табылады.
Шаруа (фермер) қожалығының субъектілері болып заңды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілер болмаған кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар табылады.18
Қазақстан Республикасы аграрлы мемлекет болып табылуына байланысты шаруа (фермер) қожалығының жеке кәсіпкерлік қызметін жаңдандыру, дамыту бағыттында атқаратын ролі зор болып келеді.