
- •Мазмұны
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •1.1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты
- •1.2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері
- •1.3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •2.1 Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •2.2 Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •3.Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.1 Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.2 Кәмелетке толмағандар еңбегін қорғауды жүзеге асыру шаралары
- •3.4 Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері
Азаматтың әрекет қабілеттілігінің оның ақыл ойы мен ерік жігері күйімен байланысты, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың ақыл ойы мен ерік жігерінің жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу тікелей заң актілерімен жүзеге асырылады, ал кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу заң актілерінде көзделеген жағдайларда тек сот арқылы шешіледі [3].
Қазақстан заңдары адам он сегіз жасқа жеткенде толық көлемде әрекет қабілеттілігі пайда болатынын туралы жалпы ережеден бір ғана ерекшелік белгілейді: заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
«Неке және отбасы туралы» 1998 жыл 17 желтоқсандағы Заңының 13 бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс жүзінде некеге тұруы (бірге тұруы) ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді.
Қазақстан Республикасының заңдары құқықты теңеу (эмансипация) интитуты дегенді, мысалы, Ресей Федерациясы Азаматтық кодексінде көрсеткендей, құзіретті мемлекеттік органның шешімімен кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау дегенді білмейді. Алайда Рессей Федерациясының Азаматтық кодексі секілді, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтар кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктерге жол береді. Мұндай ерекшеліктердің азаматтық қатынастардың кейбір салаларына ғана қатысы бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
Қазақстан Республикасы психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке толмаған азаматтарды он төрт жасқа жетпегендерге және он төрттен он сегізге дейінгілерге бөле отырып, олардың әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін белгілейді.
Он төрт жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін де осылар жауап береді.
Заң он төрт жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеледен кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға, сондай – ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп түсіну керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын, қала көлігінде жүру билеттерін және тағы сол сияқтыларды сатып алу тұрмыстық ұсақ мәмілелерге жатады. Бұл арада, он төрт жасқа жетепеген адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс. Біріншіден, мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы болуға тиіс. Екіншіден, олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикалық даму деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс. Мысалы, екі жасар, жеті және он үш жастағы балалардың психикалық даму деңгейі түрлеше болатыны айқын. Екі жасар бала өзінің психикалық даму деңгейі бойынша тіпті өте ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алмайды, ал жеті жасар бала да тұмыстық ұсақ мәмілелерді (мысалы, сіріңке сатып алуды) жасай алмайтыны түсінікті. Бұл мәмілелердің құны аз ғана болғанымен, сіріңкенің ерекше қасиеті бар – оны пайдалану қауіпті болғандықтан, баланың қолына беруге болмайды. Бұл жастағы балалар, әдетте, сатушылар немесе тіпті тұрмыстық ұсақ мәмілелер бойынша сыйға тартушылар бола алмайды. Үшіншіден, он төрт жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық – түлікті несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады [].
Заңда қандай мәмілелерді ұсақ деп есептеуге болатын және қандай мәмілелерді оларды жасайтын кәмелетке толмағанның жасына сай келеді деуге болатын жалпы өлшемдерді белгілеу мүмкін емес. Сондықтан мұндай өлшемдер әрбір нақты жағдайда бағалаушы сипатта болады, ал бағалауды, әдетте, бастапқы кезде кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтын адамның өзі жүргізеді. Жасалған мәміленің ұсақ екені және оның кәмелетке толмағанның жасына сай келетін жөнінде дау туатын жағдайда – дау сот арқылы шешіледі.
Ресей Федерациясы Азаматтық кодексінде он төрт жасқа жетпегендердің әрекет қабілеттілігі туралы мәселе шешілетінін атап көрсеткен жөн. Мұнда алты дан он төрт дейнгі жас балалар тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасай алады. Олар, осымен қатар, нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін пайданы тегін алуға бағытталған, сондай ақ белгілі бір мақсаттар үшін немесе еркін билік етуі үшін заңды өнімдері немесе олардың келісімдерді жасауға құқылы. Заңның бұлайша тұжырымдауы кәмелетке толмағанның нақты мәміле жасау кезіндегі әрекет қабілеттілігін бағалауда айтарлықтай қиындықтар туғызатын болып көрінеді [].
Он төрт жасқа жетпеген кәмелетке толмағандардан өзгеше, олардың әрекет қабілеттілігі шектеулі болса да, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетті деп есептеледі. Заңның жалпы ережесі бойынша, олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс.
Заң құжаттарында кәмелетке толмағандар жасайтын және олар үшін жасалатын мәмілелерге қорғаншылық және қамқоршылық жасау органының алдын ала келісімі талап етілетін жағдайлар да белгіленуі мүмкін. Әдетте, мүлікті иеліктен шығару (мысалы, пәтерді сату) жөніндегі аса маңызды мұндай жағдайлар отбасы заңдарында көзделеді.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін жауап береді.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер мәмілелер жасау туралы жалпы ережелер бойынша, ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне дербес билік етуге құқылы, он төрт жастан он сегіз жасқа дейнгі балалар өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне, мысалы әдеби шығармашыларына, өнертабыстрына дербес билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы [].
Көрсетілген жағдайларда он төрт жастан он сегіз жасқа дейіңгілердің әрекет қабілеттілігін ұлғайту олардың әрекет қабілеттілігін кәмелетке толмағандармен теңестіреді. Кәмелетке толмағандардың өздерінің табыстарына немесе өздері жасаған интеллектуалық меншік нысандарына билік ету жөніндегі әрекет қабілеттілігін шектеу олардың кіріс келтіретін қызметпен айналысу немесе кәмелетке толмағандардың психикалық толысуының айтарлықтай жоғары деңгейін көрсететін интеллектуалдық меншік нысандарын жасау ынталарын тұншықтыруға әкеп соққан болар еді. Көрсетілген жағдайларда кәмелетке толмағанадар тарапынан теріс әрекеттер (мысалы, кірістерді ысырап ету) байқалатын реттерде, азаматтық кодекс қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдарының кәмелетке толмағандардың тиісті құқықтарын шектеуіне немесе тіпті мұндай құқықтарынан айыруға рұқсат етеді.
Кәмелекте толмағандардың құқықтық мәртебесінің құрамдас элементтері болып олардың азаматтық құқықтық қатынастарда дербес қатысуы табылады. Олардың әрекет қабілеттілігі толық емес (ішірана) әрекет қабілеттілік деп аталады. Бұл жерде «толық емес әрекет қабілеттілікті» және «шектелген әрекет қабілеттілікті» ажыратып, шектеуге тек толық әрекет қабілеттілікті болатындығын белгілеу қажет. Әрекет қабілеттілікті тек заңмен қаратытырылған жағдайда сот тәртібімен ғана шектелуі мүмкін.1
Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмағандықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін.
Азаматтық кодекс нормаларына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін.
Жүйке ауруы да, ақыл – естің кемдігі аурушаң күйіге байлансты болса да, азаматың туған сәтінен басталады. Өз әрекеттерінің маңызын түсіну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айрылуға әкеп соқтыратын жүйкенің бұзылуы ғана азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуші рөл атқарады.
Жүйкесінің бұзылуына байланысты азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануды Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен сот қана шеше алады және бұл азаматқа қорғаншылық белгілеу үшін негіз болады.
Соттың шешімімен жүйкесінің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз танылған кәмелетке толмаған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өздерінің әрекеттері үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды.
Әрекетке қабілетсіз азамат айыққанда немесе денсаулығы айтарлықтай оңалғанда, ол соттың шешімімен әрекетке қабілетті деп танылады да, оған белгіленген қамқоршылық алынып тасталады.2
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектеуі мүмкін. Бұл шектеу кәмелетке толмаған неке құрған азаматтарға да қолданылады.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынған азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу үшін мұндай салынудың нәтижесінде отбасы мүшелерінің санына қарамастан, оның отбасы материалдық ауыр жағдайға тап болатыны шешуші рөл атқарады. Егер азаматтың отбасы болмай, тек өзін ғана материалдық ауыр жағдайға қоятын болса, онда бұл оның әрекет қабілеттілігін шектеулі деп тануға негіз бола алмайды. Азаматтың материалдық тіршілік дейгейінің айтарлықтай төмендеуін, сондай – ақ көрсетілген теріс әрекеттердің салдарынан бұл деңгейді көтерудің мүмкін еместігін спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынатын азамат отбасының материалдық ауыр жағдайы деп түсіну керек.3
Сот арқылы әркетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматқа қорғаншылық белгіленеді. Мұндай азамат қорғаншылының келісімімен ғана тұрмыстық ұсақ мәмілелерден басқа мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жалақы, стипендия, зайнетақы, өзге де кіріс түрлерін алуға және оларға билік етуге құқылы.
Азаматтың спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынуы тоқтатылған соң соттың шешімімен азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу және оған қамқоршылық белгілеу алынып тасталады.
Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану және мұндай шектеулерді алып тастау тәртібі азаматтық іс жүргізу кодексі арқылы анықталады.