- •Мазмұны
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
- •1.1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты
- •1.2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері
- •1.3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы
- •Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі
- •2.1 Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •2.2 Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері
- •3.Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.1 Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу
- •3.2 Кәмелетке толмағандар еңбегін қорғауды жүзеге асыру шаралары
- •3.4 Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама
1.1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты
Заңды табиғаты бойынша кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі – бұл азаматтың субъективтік құқығы. Бұл құқық басқа құқықтардан өзінің мазмұнымен ерекшеленеді: тұлғаның өзінің іс - әрекеттерімен құқықтарды иеленуі мен міндеттерді жүктеуін және сонымен қатар, бұл құқыққа қоршаған барлық азаматтар оның бұзылуына жол бермеу міндеттілігін білдіреді [1].
Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл ой мен еріктің болуына, өзінің іс әрекетттерін саналы түрде сізініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол он сегіз жасқа жеткенде басталады де көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толмағандардың толық дәржеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады. Атап айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмілелер жасау қабілеті) және басқа заңды іс әрекеттер жасау қабілеттерін, сондай ақ азаматтық құқық бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін әрекет қабілеттілік ұғымы қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс әрекеттер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс әрекеттер жасау заңдық қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.
Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.
Әрекет қабілеттілік негіздері болып көп жағдайларда адамдардың ақыл ес мүмкіндіктерінің даму деңгейі табылады. Мәселен, О.С.Иоффе әрекет қабілеттілікті «Заңда бекітілген, адамдардың өздерінің жүзеге асыратын әрекеттер мәнін түсінудің нақты мүмкіндіктеріне сүйену және өздеріне осы әрекеттер әкелуі мүмкін салдарға толық есеп беру» деп айқындайды.
Бірақ, өздерінің әрекеттерінің мәнін түсіну бұл интеллект саласының басымдылығы. Интелелктуалдық мүмкіндіктердің дамуы маңызды дәрежеде алған білімнің деңгейіне байланысты болады. Азаматтық құқықтық әрекет қабілетілік мәні интеллекте ғана болады, сонымен қатар ерік білдіру процессінен, адам еркінен, оның ерік білідіруінен құралады және біздің пікірімізше азаматтардың әрекет қабілеттілігінің негізін құрайды. Адамның ақыл-есінің даму деңгейі болмасада, егер ол психикалық дені сау болса, оның он сегіз жасқа жетуі, оның азаматтық құқықтық қатынастарда ерік білдіруі толық деп санауға мүмкіндік береді. Азаматтық құқықтық қатынастар субъектісі болып табылуының негізгі себептері болып әрекет қабілеттінің мәміле жасауы табылады. Ал, мәмілелер – бұл ерікті акт, О.С.Иоффе белгілегендей «оған жалпы ерікті актіні сипаттайтын барлық психологиялық сәттер тән» . Интелектуалдық мүмкіндіктердің дамуы ерік білдірудің дамуында қамтиды. Бірақ, азаматтық құқық субъектісінің ерік білдіруінің өзі әрекет қабілеттіге сипатты болып табылады. Ерік білдірудің дамуы тәрбиелеу мәселесіне де кіреді. Бірақ, егер азаматтық құқық әдістері арқылы тәрбиелеу мәселесіне қарасақ, онда тәрбиелеу өсіп келе шатқан болашақ буынның әрекет қабілеттілігін дамыту болып табылады. Оның ерік білдіру мүмкіндігін дамытуда нәтижесінде әлеуметтік қоғамның пайдалы мүшесі болып табылатын жас адамды қалыптастыратын тәрбие мәні қамтылады. Сондықтан толық әрекет қабілеттілік бірден емес, біртіндеп пайда болады. Оған әрекет қабілеттіліктің «жиналуы» себепкер болады. Тұлғада толық көлемдегі әрекет қабілеттілік беру алдында, заңшығарушы кәмелетке толмағанды белгілі бір жасқа жеткеннен кейін ішінара азаматтық әрекет қабілеттілікті иелелендіреді. Осы жасқа жетпеген тұлғалар әрекет қабілетсіз деп аталады. Сонымен, азаматтарды кәмелетке толғандар және кәмелетке толмағандар деп бөлу азаматтық құқыққа сай әрекет қабілеттіліктін белгілі бір дәрежеде болуына және болмауына – толық немесе ішінара әрекет қабілеттіктің болуына байланысты [2].
Ішінара әрекет қабілеттілік сонымен қатар, шектеулі әрекет қабілеттілік деп аталады. Бұл терминді кәмелетке толмағандардың ішінара әрекет қабілеттіліктері пайда болатын жас мөлшері, Кеңестік Одақтың азаматтық заңдарыменде, одақтық республикалардың азаматтық заңнамаларымен де белгіленуі мүмкіндігін қамтитын Негіздер ұстанған. Бірақ, цивилистік терминология көзқарасынан, біздің пікірімізше артықшылық «ішінара әрекет қабілеттілікке» беру қажет. Себебі, психикалық дені сау жас адамның белгілі бір жасқа жеткеннен кейін заңшығарушы оның бұрыңғыға қарағанда үлкен көлемде азаматтық айналымға қатысу үшін жеткілікті ерік білдіру қасиетін таниды. Заң шығарушы бұл жерде шектемейді, құқықтарын азайтпайды, керісінше, кәмелетке толмағанды бұрын иеленбеген жаңа қасиеттерін таниды.
Сондықтан, Н.М.Ершовтың кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу олардың кәмелетке толмау фактісі негізінде пайда болады деген пікірімен келісуге болмайды. Керісінше, ішінара әрекет қабілеттілік заңшығарушының кәмелетке толмағанның белгі жасқа жету фактісін оның ерік білдіру қасиетінің жетілгенін дәлелдейтін факт ретінде және кәмелетке толу жасының жақындау фактісі ретінде тануына байланысты туындайды және соған байланысты осындай кәмелетке толмаған белгілі бір дәрежеде әрекет қабілеттілік иелендіріледі. Әрине, бұл ішінара әрекет қабілеттілік толық әрекет қабілеттілікке өте жақын. Сондықтан, «ішінара әрекет қабілетілік» термині «шектеулі әрекет қабілеттілік» терминіне қарағанда пайдалануға тиімді. Сонымен қатар, «шектеулі әрекет қабілеттілік» азаматтық құқықта бар болған әрекет қабілеттілікті қысқарту немесе тоқтату немесе оның мүлде болмауы орын алған жағдайларға тән. Бұл, мысалға, бұл азаматтық заңнамалар бойынша спирттік, наркотикалық және басқа да зиянды заттарды пайдалану нәтижесінде отбасын материалдық ауыр жағдайларға қойған кезде орын алады. Әрекет қабілеттілікті шектеу сонымен қатар, психикалық ауруға шалдыққан ішінара әрекет қабілетті тұлғаға қатысты да болуы мүмкін. «Ішінара әрекет қабілеттілік» терминің кейбір цивилист-ғалымдар өз еңбектерінде пайдаланған – С.И.Вильнянский, О.С.Иоффе, в.Г.Вердников, А.Ю.Кабалкин және басқалар. Ішінара әрекет қабілеттілікпен бірге, кейбір цивилист – ғалым, авторлар «шектеулі әрекет қабілеттілік» терминін пайдаланған. Мәселен, С.Н.Братусь, Ю.С.Черновый және басқалар.
Біздің азаматтық заңнамаларымызда, ішінара әрекет қабілеттілік термині қолданылмаған, тек оған тән құқықтық жағдайды иеленетін әрекет қабілеттілік сипатталған.
Ішінара әрекет қабілеттілікті азаматтық құқықтық реттеу оның қай жастан бастап туындайтыны туралы сауалға байланысты. Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамалары бойынша ішінара әрекет қабілеттілік он төрт жастан басталады. Бұрынғы КСРО кейбір елдерінде ішінара әрекет қабілеттілік он бес жастан басталады (Ресей Федерациясында, Латвия Республикасында).
Сонымен, біздің азаматтық заңнама кәмелетке толмағандарды екі топқа бөліп қарастырады: жасөспірімдер – он төрт жасқа дейіңгілер және ішінара әрекет қабілеттілер – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.
