Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shyntas дурыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.82 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ 5

  1. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі туралы жалпы сипаттама

    1. 1.1 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің заңды табиғаты 9

    2. 1.2 Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігінің ерекшеліктері 11

    3. 1.3 Кәмелетке толмағандардың отбасындағы құқықтық жағдайы 16

  1. Кәмелетке толмағандардың азаматтық айналымдағы әрекет қабілеттілігі

2.1Кәмелетке толмағандардың кәсіпкерлік қызметпен айналысу ерекшеліктері 18

    1. 2.2 Кәмелетке толмағандарың интелелктуалдық шығармашылық қызметпен айналысу ерекшеліктері 24

  1. Кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу

3.1 Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша кәмелетке толмағандардың еңбегін құқықтық реттеу 30

3.2 Кәмелетке толмағандар еңбегін қорғауды жүзеге асыру шаралары 45

3.3 Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік және экономикалық қанаудан

қорғау 51

3.4 Кәмелетке толмағандар мүдделерін қорғаншылары мен қамқоршылардың қорғауы 55

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі қатысушылары болып жеке тұлғалар табылады. Жеке тұлғалар кәмелетке толған және кәмелетке толмаған адамдардан құралады. Кәмелетке толмаған адамдар – бұл біздің мемлекетіміздің болашағы және олардың құқықтық жағдайы құқық саласының маңызды мәселелерінің бірі болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекетін басты қазынасы болып адам, оның құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері табылады. Адамдардың белгілі бір құқықтары мен міндеттері оның тумысынан беріледі және ол адамдардың құқық қабілеттілігін құрайды. Ал, кейбір құқықтарды адамдар өздерінің іс-әрекеттері негізінде иеленеді және олардың нәтижесінде белгілі бір міндеттерді жүктейді. Азаматтардың өздерінің еріктері бойынша, ешкімнің мәжбүрлеуінсіз құқықтарды иелену және өздеріне міндеттерді жүктеу мүмкіндіктері әрекет қабілеттілікті құрайды.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі заң бойынша олардың өздерінің іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтар иелену мен азаматтық міндеттерді жүктеу мүмкіндігімен айқындалады. Әрекет қабілетті болу – жеке өзі (өкілі арқылы) түрлі заңды әрекеттер: шарттар жасасу, сенімхаттар беру және тағы басқа маңызды әрекеттерді жүзеге асыруды, сондай – ақ келтірілген мүліктік зиян бойынша жауап беруді (бөтен адам мүлкінінің зақымданғаны немесе жойылғаны) және шарттық пен басқа да міндеттемелердің орындамағаны үшін жауапкершілікті көтеруді білдіреді.

Осыдан әрекет қабілеттілік біріншіден, шарт жасасу мүмкіншілігін (шарт жасасу мүмкіндігі), екіншіден, заңсыз іс - әрекеттер үшін жауапкершілікті көтеру мүмкіншілігін (жауап беру мүмкіндігі) деп есептеу қажет.

Бірақ, азаматтардың әрекет қабілеттілігіне заң бойынша берілген анықтамасында азаматтардың өздеріндегі азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі мүмкіндіктері туралы айтылмайды. Бұл жағдайы аталмыш норманы жетілмеген деп есептеуге мүмкіндік береді, себебі, егер азамат азаматқа дербес құқық иеленуге мүмкіндік берілсе, оған ол құқықты жүзеге асыруына да мүмкіндік беру қажет.

Аталған категория маңыздылығы әрекет қабілеттіліктің экономикалық айналымда, шаруашылық өмірде азаматтардың қарқынды түрде қатысуын, өздерінің мүліктік құқықтарын жүзеге асыруын заңды қамтамасыз етумен айқындалады. Сондықтан, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі олардың қазіргі нарық экономика талаптарымен жүргізілетін мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар саласындағы «суверенитетін» еркіндігін заңды білдіру құралы болып табылады.

Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі оның жасына және ақыл-есіне байланысты айқындалады. Азаматтың ақыл-есі дұрыс, он сегіз жасқа жетуі оның толық әрекет қабілеттілігін білдіреді. Бірақ, кәмелетке толмағандардың белгілі бір категориясында әрекет қабілеттіліктің бір бөлігі болады және ол «ішінара әрекет қабілеттілік» деп аталады. Кәмелетке толмағандар да біздің нарық экономикасына көшкен қоғамымызда да білегілі бір әрекеттерді жүзеге асырады және ол көп жағдайда, материалдық құндылықтарға байланысты болады. Осы кезде пайда болатын қатынастардағы кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайын анықтау өте маңызды. Себебі, олар орын алатын қатынастардың көпшілігін талаптарын өздерінің білімдерінің аздығына, жастарының төмендігіне сәйкес түсінбеуі мүмкін. Сол себепті олардың іс-әрекеттеріне заң нормалары бойынша шектеу қойылған. Ол шектеулер, олардың ата-аналарының, асырап алушыларының, қорғаншылар мен қамқоршыларының қосымша келісімін қажет етумен, олардың қосымша жауапкершілігімен қамтылады. Міне, осындай өзекті мәселені ғылыми-теориялық негізде барынша жан-жақты қарастыру болып табылады.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап-ақ, кәмелетке толмағандарды қорғау және балалар еңбегіне қарсы күрес жүргізудің мемлекеттік саясатын халықаралық деңгейде заңы шығарушы билік қабылдаған міндеттемелерге негіздеген. Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандар құқығы туралы (1989) БҰҰ-ның Конвенциясын, №138 және №182 ХЕҰ Конвенциясын, сондай -ақ кәмелетке толмағандар құқығы, кәмелетке толмағандар саудасы, кәмелетке толмағандар жезөкшелігі мен порнографиясы (2000ж) бойынша Конвенцияның қосымша қаулылырын бекітті; БҰҰ-ның адам саудасы, әсіресе әйел-бала саудасын тоқтату, жазалау туралы қаулысы (2000ж);еліміз балалар құқығы туралы, балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуы туралы Конвенцияға қосымша қаулы қабылдады.

Кәмелетке толмағандар қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестіріледі, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында Еңбек Кодексінде белгіленген қосымша кепілдіктерді пайдаланады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтық жағдайын анықтау және де тиісті азаматтық құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында жалпы маңызды мәліметтерді ашу болып табылады. Осы мәселелерді толығырақ қамту мақсатында мына мән жайларға сүйенемін.

Зерттеу мақсатына орай келесі міндеттерді орындау көзделіп отыр:

  • кәмелетке толмағандардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін көрсету;

  • кәмелетке толмағандардың еңбегінің құқықтық мәртебесінің элементтерін айқындау;

  • кәмелетке толмағандардың еңбегі қызметін ұйымдастыру, қызмет ерекшеліктерін нақтылау;

  • кәмелетке толмағандардың еңбегін мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайда даму бағыттарын саралау;

  • кәмелетке толмағандардың еңбегінің құқықтық жағдайына қатысты құқықтық реттеу мәселелерін айқындау және оларды шешу, заңдылықтарды жетілдіру жолдарын табу.

Зерттеу объектісі. Кәмелетке толмағандар еңбегінің құқықтық жағдайын саралау нәтижесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар, мемлекеттің зайырлы сипаты мен азаматтардың заң алдында теңдігі қағидаттарына негізделген кәмелетке толмағандардың еңбегін мемлекет тарапынан құқықтық реттеу мен нотариустардың қоғамдағы орны.

Зерттеу пәні. Кәмелетке толмағандардың еңбегін, құқықтық жағдайын реттейтін құқықтық нормалар. Міне осы жағдайларды толықтай ашу барысында балалар еңбегінің құқықтық жағдайын реттейтін негізгі заңдарды басшылыққа алдым. Оларға негізгі ата заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы №2337 заң күші бар Жарлығы, Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 10 наурыздағы 1993 ж. N 186 Қаулысы, «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы №136 қаулысы, сонымен қатар «Шетелдік азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кету тәртіптерін қолдану және шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағындағы заңсыз көші-қонының алдын алу және жолын кесу жөніндегі ішкі істер органдарының жедел – қызметтік жұмысын ұйымдастыру туралы Нұсқаулық» және т.б нормативтік құқықтық актілер.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Осы аталған тақырыпты кеңінен ашып, толық әлі жан жақты талқылау мақсатында Қазақстандық және Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектерін пайдаландым. Атап айтар болсақ, Ө.Қ.Қопабаев «Шетелдердің конституциялық құқығы», А.С. Абельдинов «Коституционное право зарубежных стран», Б.А.Страшун «Иностранные граждане в Республике Казахстан» (права, ответственность, налогообложение доходов), В.И.Скала, Б.В.Скала, О.Кагазов, Межибовская И.В, Мухамеджанов Э.Б «Международные договоры, ратифицированные Республикой Казахстан, в сфере обеспечения прав, основных свобод человека, охраны труда, миграционной политики», Төлеуғалиев Ғ, т.б. Сонымен қатар Қазақстандық заңгерлердің ғылыми мақалаларында басшылыққа алдым. Д.Кайназарова «Правовое положение иностранных граждан в Республике Казахстан», Б. Мысқақов «Шекараны жасырын аттаған шетелдік азаматтар», А.Ш.Тулешов «Противодействие незаконному пребыванию иностранных граждан в Республике Казахстан - задача государственной важности», Б.Е.Макулбаев «Закон един для всех, иностранцы не исключение», Тотай Ерімбетов «Шетелдік тұлғаларға қатысты іс жүргізу тәртібі», Г.Жарасбаева «Некоторые правовые проблемы миграции населения».

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеу әдістемелік және теориялық негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер құрайды. Заңдылық пен құқықтық мемлекетті қарастырылуда диалектикалық әдіс басым қолданылды.

Жалпы ғылыми әдістердің ішінен логикалық, тарихи, жүйелік, әлеуметтік әдістер қолданылды. Қарастырылып отырған мәселесің басты және жүйе құрастырушы аспектілерін талдау және сомдау әдістері де қолданылды.

Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырылып талдауға өз кезегінде орайлы орын берілді. Кеңестік кездегі және қазіргі кездегі кәмелетке толмағандардың орнын анықтап, салыстыру арқылы мәндік және мазмұндық ерекшеліктерін ашуда салыстырмалы әдіс қолданылды.

Жұмыста заң әдебиеттерімен қатар философиялық, әлеуметтік, еңбектер, баспасөз материалдары, интернеттік ақпараттар пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысының кәмелетке толмағандар еңбегі туралы заңдылықтарды реформалаудың қазіргі жағдайында құқықтық жағдайын кешенді және жүйелі зерттеу болып табылатындығымен айқындалады. Еліміздің балалар еңбегін қорғау саласы тәжірибе жинақтауда, құқықтық реформа жалғасуда және заңдар жетілдіруде. Алайда, бұл салада әлі де жетілмеген тұстар бар.

Дипломдық жұмысты жазу барысында тәжірибелік негіз ретінде осы саланы реттейтін нормативтік құқықтық актілерді және қазақстандық заңгер-ғалымдардың ғылыми еңбектері және монографиялары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі – студент қойылған ғылыми зерттеу мәселелерінің шешімін табу арқылы көздеген мақсатқа жету қисындылығына сәйкес құрылды. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]