
- •1Қазіргі бақ-тың шартты түрде жіктелуі.
- •2Қазақстандағы ақпарат агенттіктері туралы.
- •3. Қазақ әдебиеті газетінің тарихы.
- •6. Қр “Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы.
- •7. Балалар басылымдары және оған қойылатын талаптар.
- •8. Сұхбат материалдарын жасау жолдары
- •9. Комментарий дегеніміз не?
- •10. Мақала және оны жазу процесі.
- •11. Шолу
- •12. Сараптама жазуда ескеретін мәселелер.
- •13. Журналистің ақпарат жинау кезеңіндегі жауапкершілігі.
- •14. Тақырып қою – тапқырлық.
- •18. Газеттің тілі мен стилі туралы түсінік
- •2О.Стиль және оның түрлері.
- •21.Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •21. Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын талаптар.
- •22. Қазақ журналистикасындағы тың тақырыптар.
- •23. Баспасөздегі тіл мәдениеті мәселелері. (ақпарат аздау...)
- •24.Бүгінгі қазақ басылымдарының тың айдарлары мен тұрақты беттерінің ерекшеліктері.
- •25. Баспасөздегі жарнама материалдарының тілі мен стилі.
- •26. Очеркі жазудың тәсілі.
- •Сараптаманың басты ерекшелігі.
- •3О. Корреспонденция туралы түсінік
- •31. Редактор мен автордың шығармашылық байланысы дегеніміз не?
- •32. Авторлық этика дегенді қалай түсінесіз?
- •33. Газет редакторы және оның міндеті.
- •34. Редакциялаудың тар және кең мағынадағы мәні.
- •35. Сөйлеу мен жазу тілінің ерекшеліктері.
- •37. Мәтінді жазғанда қандай сақтық шаралары керек?
- •38. Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.
- •4О. Балалар басылымының тілдік ерекшеліктері.
- •41. Әдеби көркем анықтамалықтардың түрлері мен оларды редакциялау аспектісі және редакция алқасының қажеттілігі?
- •42. Сұхбат жүргізу тәсілдері.
- •Құқықтық-сараптамалық мәселелердің баспасөзде көрініс табуы
- •Өнер, әдебиет, мәдениет тақырыбының жазылуы.
- •45 Сөз толғау, сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі дегеніміз не?
- •47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
- •49 Жасөспірімдер баспасөзі.
- •5О Белгілі бір жазушы немесе журналистің тілдік, стилдік ерекшеліктерін зерттеу.
- •51 Аймақтық басылымдар және олардың тарихы.
- •53. Жастар баспасөзінің тілі мен стилі.
- •54. Тіл қисыны дегенді қалай түсінесің?
- •55. Энциклопедиялық басылымдардың шығу тарихы (отандық және әлемдік энциклпедиялар бойынша).
- •56. Алғашқы мерзімді басылымдардың пайда болу тарихы.
- •58 «Түркістан» газетінің өнер-мәдениет мәселелерін жазудағы шеберлігі.
- •59 Микроредакциялау және макроредакциялау дегеніміз не?
- •61 Қазіргі қазақ баспасөзінің проблемалары мен публицистикалық жазбаларының тақырыптық ерекшеліктері.
- •62. Журналистке қойылатын талаптар мен міндеттер
- •63. Қоғамдық пікірдің ұлттық санаға әсері.
- •64. Спорт тақырыбында жазатын журналист шеберлігі.
- •67 Отандық зерттеуші-ғалымдардың сұхбатты жіктеуі.
- •68. Баспасөз бостандығы және журналист.
- •69 «Егемен Қазақстан» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •Көркем публицистикалық жанрлар (журналистика) – журналистикадағы ең әдемі жанрлардың бірі. [1]
- •71 Қазақ журналистерінің шеберлік мектебінің қалыптасуына негіз болған басты критерийлер.
- •72Еліміздегі ғылыми-танымдық басылымдар және олардың көтерер жүгі.
- •73 Кешегі Кеңес Одағы кезеңіндегі журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті, ауқымды салалары.
- •74“Ұлан” газетіндегі материалдардың жанрлық ерекшеліктері.
- •75Қазіргі отандық баспасөздің жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеудегі ізденістері.
- •78 «Айқын» газетінде экономикалық мәселелердің көрініс табуы.
- •79. Баспасөздегі сұхбат түрлеріне шолу жасау.
- •80. Баспасөз және мемлекеттік тіл мәселесі.
- •83. Журналист және тақырып
- •84. Қазақстандағы бүгінгі газет-журналдардың жіктелуі.
- •85. Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.
- •86. Бас редактор және оның атқаратын қызметі
- •87. Ғылыми басылымдар жарияланымдарының танымдық негіздері.
- •88 Жас журналистер жазбаларының ерекшелік сипаттары. Бұл дұрыс емес шығар!!!
- •89 «Алаш айнасы» газетінің ерекшеліктері, айдарлары?
- •9О Журналистиканың қазіргі жай-күйі, проблемалары.
- •91 Онлайн-басылымдар және олардың ерекшеліктері.
47 Баспасөздегі спорт тақырыбы.
Спорт тақырыбы қай басылымның да шырайын келтіре алады. Сондықтан осы тақырыпты жазуға қойылатын талапты көтерген жөн. Спорт тақырыбы, әлемдік сайыстар мен ойындардан репортаждар баспасөздерде де жүйелі жазылып жүр. Осы тұрғыда басылымның тұрақты оқырманы ретінде айтайын дегенім – құрғақ, қызыл сөздер көбірек кетіп қалады. Нақтылық жетіспейді. Спорт тақырыбы мейлінше ақпараттық ықшамдылықты, дәлдікті керек етеді деген ойдамын. Кейде газет тілшілері жазған ұзақ-сонар суреттемелерден іздегенімді, яғни жарыстың нақты нәтижелері мен көрсеткіштерін қапелімде таба алмай қара терге түсемін. Сондықтан мұндай мәліметтердің қысқа да нұсқа берілу үлгілері ойластырылса екен. Сонда оқырмандар қызығушылығы одан әрі артып, олар спорттық нәтижелерді іздеп интернетке, басқа да басылымдарға жүгірмес еді. Спортқа арнайы бет беріп отырса деген тілекті де айта кетсем деймін.
48 Қыз-келіншектер басылымының көтерер жүгі.
Бүгінде күн сайын дүниеге жаңа басылым келіп жатса жаңалық емес, алайда сөзі түзу, салиқалы ой айтатын, оқырманына қай жағынан алып қарағанда да берер тағылымы мол журнал ашылса – жақсылық.
"Ас болсын" жорналы қазақтың қыз - келіншектеріне арналған басылым. Бұл басылым жас келіншектер мен қыздарды ас дайындауға баулып, үй тағамдарын меңгеруге үйретеді. Бұл басылымда түрлі тағамдарды қалай дайындау қажеттігі және мәзірі бейнелеген. Осы басылым арқылы қазақтың әрбір қыз - келіншектері өз бетінше тағам жасауды меңгере алады.
Өткен жылы Республика күніне орай республикалық “Дәуір” полиграфиялық баспа кешені “Ару жан” деп аталатын қоғамдық әйелдер журналын жарыққа шығарған-ды. Содан бері оқырмандар қолына бұл журналдың төрт нөмірі тиіп үлгерді. Өз оқырманын тауып алмай, тұшымды дүние жасамай тұрып “сүйіншілетуді” жөн көрмеген журнал ұжымы жуырда ғана “Ару жан” журналының тұсауын кесті.
Мұқабасы көркем, мазмұны терең журналдың тұсаукесеріне еліміздің өнер жұлдыздары, зиялы қауым өкілдері, әр салада кәсіпқойлығымен аты шыққан қыз-келіншектер жиналып, жылы лебіздерін білдірді.
Еліміз әйелдердің көкейкесті мәселелерін көтеріп, олардың жоғын жоқтайтын басылымдарға, әрине, кенде емес. Әсіресе, орыс тілінде жарық көретін журналдар жеткілікті.
Қарап отырсақ, қазақстандық әйелдер еуропалықтарға да, азиялықтарға да жатпайды. Сонау ықылым замандардан бері Шығыста гендерлік теңдік қазақтікіндей болмағанын кім жоққа шығарады. Журнал беттері мұсылмандықтың иманды жолынан да аттап кетпей, өркениеттің де көшінен қалмай, адамзаттың өркендеуінде өз үлестерін қосып, қоғамның түрлі саласында қолтаңбасын қалдырып жүрген қазақ қыздары мен қазақстандық қыз-келіншектердің табыстары мен түрлі тағдырларына толы.
Журнал әлемге әйгілі әйелдердің өміріне арналған айдарларға, өмірден алынған тағылымдық оқиғалар мен кеңестерге толы.
Жас ұжым тақырып таңдау мен материалдарды беру тәсіліне барынша кәсіпқойлықпен де келгені байқалады. Әйтпесе, бүгінгі бәсеке мықты заманда көптің көлеңкесінде қалып қою қаупін жақсы ұққан жаңа журналда тосын тақырыптар да жеткілікті.