- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарын, оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл адам тану саласында жаңадан дамып келе жатқан жас ғылым саласы. Ол «акме» деген латын сөзінен алынған «шың» деген мағынаны білдіреді.
Пәннің зерттеу нысанасына мыналар жатады:
ересек адамдардың өз бетінше даму заңдылықтары;
Кәсіби шыңға я белгілі бір табысқа жету факторлары;
өзін -өзі тәрбиелеуге, білім беруге және бақылай білуіне үйретуге қызықтыру;
кәсіби шеберлік шыңына жету үшін ересек адамдардағы түзету, жетілдіру және қайта құра алатын қасиеттерді тиімді пайдалана білу;
Акмеология пәнінің нысанасы - ол ересек адамдарға өз кәсібін ғұмыр бойы жетілдіруге бағытталған проблемалар.
Олар:
Кәсіпке кірісу (оқу орнын таңдау);
Өз бетінше кәсіби қызметке кірісу;
Кәсіптік қызметте ұжыммен араласу;
Бір қалыпты жұмыс ырғағына еніп, кәсіп шыңын игеруге кірісу;
Қызмет құрылымындағы жас ерекшеліктерді ескерту;
Демек, акмеология ғылымы ересек адамдардың кәсіби оқытудағы басқару мәселелерін, оның жас ерекшелігіне әсерін,қызығушылығын, оны өз бетінше жетілдіру, шығармашылық қабілетін кәсіби қызметтің шарықтау шегіне дейін жеткізетін саланы зерттейтін ғылым болды. Авторлық қызмет жүйесі (АҚЖ) және оны қалыптастырудың негізгі заңдылықтары жоғарыда айтылғандағыдай кәсіби даяарлық процесінде білім, білік және дағдылық қасиеттерді қалыптастырумен қатар типтік кәсіби міндеттерді шешу тәжірибелері де жинақталады. Болашақ не жұмыс істеп жүрген мамандардың шығармашылық қабілетін өз бетінше жүзеге асырудың маңызды формалары жобалау, авторлық қызмет жүйесі (АҚЖ) тиімді әрі нақты құру арқылы кәсіпті өмір бойы игеру болып табылады. Жеке тұлғада кәсіпті игерудің шыңы – кәсіби шеберлік – яғни, кәсіби қызметте авторлық жүйені иемдену. АҚЖ – бұл субъектінің өзіне қажетті әрі түпкі қолжетілді мақсатына бағытталған жеке қасиеттерінің өз қызметі жолындағы өзара біртұтас байланысы, элементтердің бірлескен іс - әрекеті. Ол қандай нәтижеге жете алатынын өзі ғана шешеді. Авторлық қызмет жүйесінде субъектінің кәсіпті игеру бағыты, қабілеттілігі, жеке таланты, дарындылығы басқа салалармен байланыстыра қарым – қатынаста дамыта білушілігі жүзеге асады. Оның қысқа сұлбасын былай көрсетуге болады:
Кәсіби
қызметтің жаңа тәсілдері
А
Қ Ж
Креативті
(шығармашылық) қабілеттілік
Типтік
қызмет жүйесі
(ТҚЖ)
Жеке
іс-тәжірбесі
Білім
Дағды
Білік
АҚЖ - іс - әрекет жүйесі, оның басты факторы – нәтижеге қол жеткізу. Инженер – педагог қызметінде – оның алдына қандай мақсат қоя білуі мен түпкі нәтижеге қалай әрекет етеді, міне оның АҚЖ – сы сол болуы тиіс. Өкінішке орай, көптеген оқытушыларымыз ескі үрдістен шыға алмай, қабылдаған шешімдерді жүзеге асуына салғырт қарайды.
Тек, бірен – саран ұлағатты ұстаздар ғана субъектінің авторлық қызмет жүйесіне бағыт беріп, жобалауға көмектесе біледі. Білім алушының ықпалдастығының тиімді өлшемі, яғни өзін - өзі тәрбиелеу, басқара білу арқылы жаңа қызметтің жоғары нәтижелерге жету бағытын айқындау болып отыр.
Қазіргі таңда (Н. В. Кузьмин және оның жолын жалғастырушылар) оқытушылардың АҚЖ іс - әрекетін оқушылармен бірлесе, ықпалдастықпен шешуді қалыптастыратын мына негізгі заңдылықтары белгілілеп отыр:
өзін - өзі сынай білу заңдылығы;
өзін жоғарғы нәтижеге итермелеу заңдылығы;
технологиялық заңдылықтар;
орнықтылық заңдылығы;
тұтастық заңдылығы;
Бұл заңдылықтар түрлі деңгейдегі оқытушыларды қамтығандықтан, оларға тән жалпы сипаттамаларға да тоқталуды жөн көрдік.
Өзін - өзі сынай білу заңдылығы - бұл заңдылық кәсіби шеберлік деңгейіне жеткен әрбір азамат өз кәсіби қызметі мен жеке қасиеттеріне бақылау жасай алу қабілетіне ие. Кәсіптік мектеп оқушылары мен студенттеріне алдағы кәсібіне сыни көзқарас тұрғысынан қарап, оны өз бетінше дамытуға психологиялық жағынан дайындай бастауға баулу, тәрбиелеу, кәсіптің қыр – сырын жетік білетін ұлағатты ұстаздарға жүктелуі тиіс. Тәрбие құрамы ретінде білімдері мен істеріне оқытудың өзін - өзі бақылау және бағалай білу сияқты маңызды факторларын алуына болады.
