- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
Оқушылардың кәсіби – практикалық дайындығы (өндірістік оқыту) мына төмендегі компоненттерді қамтиды:
оқушыларды оқу шеберханаларында, зертханаларда, полигонда және шаруашылық учаскелерінде оқыту;
оларды өндірістік я шаруашылық жағдайында жақындастырып, жұмыс орнында мамандығына бейімдеу;
өндірістік практиканы кәсіпорын, ұйым, не шаруашылықта ұйымдастыру.
Оқушылардың өндірістік оқыту мен өндірістік практикасына басшылық жасау мына заңдылықтарға сүйеніп жүргізіледі:
Мұнда оқу тәрбие – жұмысы мен өндірістік оқыту қатар жүргізіледі. «Оқу мен тәрбие – егіз» ұстанымы ұдайы басшылыққа алынып отырады. Дидактикалық және өндірістік міндеттер өзара байланыста басты мақсат жолына жұмылдырылады.
Өндірістік оқыту мен практиканы басқару төмендегідей иерархиялық құрылымға ие:
1 – ші деңгей – оқу орнының директоры;
2 – ші деңгей – директордың оқу өндірістік жұмыстар жөнінідегі орынбасары;
3- ші деңгей – кәсіптік мектептің аға шебері;
4 – ші деңгей – белгілі бір топтық өндірістік оқыту шебері;
5 – ші деңгей – оқу тобы;
6 – шы деңгей – оқу бригадасы ұжымы.
3. Өндірісте практикалық оқыту барысында басқарудың мына жүйесі де жұмыс істейді:
- өндірістік оқыту шебері – тәләмгер – оқушы;
- өндірістік оқыту шебері – бригадир – оқушы;
- өндірістік оқыту шебері – учаскі шебері – оқу бригадирі – оқушылар т.б.
4. Осы келтірілген құрылым үлгісіндегі әрбір субъекті өз деңгейіндегі құзыреттілікке сәйкес басқару циклын іске асырады, жоспарлайды, ұйымдастырады, бақылайды, талдау және есеп жұмыстарын жүргізеді. Енді осы айтылған өндірістік практиканың басқару құрылымына кеңінен тоқталайық: оқушыларды өндірістік оқыту мен практикасын басқаруды жоспарлау - бұл оқу орнының перспектикалық, жылдық және ағымдағы жұмыс жоспарларын жасап, оған дайындық алдын – ала жүргізіледі. Осы жоспарлар негізінде топтық оқу - өндірістік жоспары, өндірістік оқытудың сабақ жоспары, оқу - өндірістік жұмыстар тізімдемесі жасалынады.
Оқушылардың өндірістік оқыту мен практикасын ұйымдастыруға мыналар кіреді:
Оқытудың материалдық – техникалық базасын дайындау;
Оқу топтарына өндірістік оқыту шеберлерін іріктеу және бекіту, оларды оқу бағдарламаларымен, тиісті техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
Оқу шеберханасында сабақ кестесін жасау;
Өндірістік объектілердегі өндірістік практика жұмысын ұйымдастыру;
Оқушылардың оқу - өндірістік қызметіне сұраныс әзірлеу;
Оқу - өндірістік процестердің материалдық – техникалық базасын жасақтау, құрал – жабдықтармен, шикізаттармен, полуфабрикаттармен т.б. материалдармен қамтамасыз ету;
Өндірістің алдыңғы қатардағы жұмысшыларының, заттарының (новаторлар) іс – тәжірибесін оқып, үйрену;
Оқушыларды жұмысқа жеке – жеке бөлу;
Бітіруші біліктілік жұмыстарына қажет үлгі сынақ ұйымдастыру қызметін әзірлеу және өткізу.
Өндірістік оқытудың толық мазмұнын іске асыру үшін басшылар басқарудың басқада тәсілдерін кешенді түрде жүзеге асыра білуі керек, олар: өндірістік оқыту практикасын реттеу, ішкі бақылау жұмысы, есеп пен талдау. Бұл жағдайларда өндірістік оқыту шебері арнайы тіркеу журналын жүргізеді, ал оқушылар өндірістік оқу мен практикаға арналған күнделік жүргізеді.
Өндірістік оқыту үрдісі, ондағы әдіс – тәсілдерді өткен тарауларда қарастырғанбыз.
