- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, лекциялар, зертханалық – сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық, семинарлар, экскурсиялар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
Өндірістік оқыту: оқу шеберханасындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсету аясындағы еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны, диплом алдындағы практика т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтар: факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары т.б.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру: коллеквиумдер, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференциялар, біліктілік байқау жұмыстары.
2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
Сабақ – оқу – тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Сабақ беру – білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс - әрекетінің түрі. Оқу – оқушылардың нақты білім алып, біліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс. Ол оқушылардың есін, зейінін елестеуін (қиялын), ойлауын дамытуды, жан – жақты тәрбиелеуін қамтамасыз етеді. Сабақты дұрыс ұйымдастыру оқушылардың үздіксіз өз бетімен білім және тәрбие алуды қажетсінуін туындатады.Оқудың сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер құрамына, олардың теориялық және педагогикалық дайындығына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу іс - әрекетінің свиталауына (мотивтеріне), оқуға олардың қатынасына тәуелді болады. Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер – педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей тұрақты топтарға, я топшаларға, бригадаларға біріктіріп, оларға кәсіп саласынан, белгілі бір мерзім ішінде, ақпарат береді.
Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан:
Теориялық оқыту сабағы;
Практикалық оқыту сабағы.
Теориялық оқыту сабағы оқушыларға болашақ кәсіби – еңбек қызметін жүзеге асыруда ғылыми – теориялық білім мен парасатты білік, дағдылық қабілеттіліктерін жетілдіруге арналған оқу үрдісі. Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі.
Жаңа білім негіздерін игеру;
Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;
Қайталама – жалпылау;
Бақылау – тексеру;
Аралас сабақтар т.б.
Теориялық оқыту үрдісінде негізінен аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады. Мұнда сабқтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымы болады.
Ұйымдастыру құрылымына мыналар кіреді:
Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын орындауын тексеру;
Оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;
Жаңа сабақ түсіндіру;
Жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
Жаңа сабақ материалдарын бекіту;
Сабақты қорытындылау;
Үйге тапсырма.
Сабақтың дидактикалық құрылымы мына 3 элементті қамтиды:
Тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі;
Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру;
Білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу;
Білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру;
Бұл құрылымды ары қарай мына 3 бөлікке бөлуге болады:
Логикалық – психологиялық;
Мотивациялық;
Әдістемелік.
