Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби білім беру КЕШЕН СПП-211дж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.82 Кб
Скачать

Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.

Қазіргі ғылымның дамуы оны дифференциялау және интеграциялау үрдісімен сипатталады. Ғылымның дифференциялануы деп кейбір ғылым салаларының өзі дербес ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болуы. Ғылымның тоғысында олардың құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып, зерттеудің ортақ ғылыми әдіс – тәсілдері саралана түсуін интеграциялану десек болады. Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ, соңғы кезде ғылымның дифференциялануы арқылы педагогиканың мына салалары даралық сипат бере бастады:

  • мектеп алды педагогикасы;

  • жасөспірімдер педагогикасы;

  • жалпы білім беретін мектеп педагогикасы;

  • кәсіптік педагогика (кәсіптік мектептер педагогикасы);

  • мектептану (білім және оқу – тәрбие мекемелерін басқару); т.б

Осыған орай кәсіптік педагогиканың да өз салалары қалыптаса бастады.

  • бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік мектептер мен лицейлердегі тәрбие мен оқыту мәселелерімен шұғылданады);

  • орта кәсіптік білім беру педагогикасы (колледждердегі тәрбие және оқу мәселелерімен айналысады);

  • жағары білім педагогикасы (институт, университет және академияларда тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысады).

Атап кету керек, кәсіптік педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп, жалпы педагогика аясында қала алмайды.Оның қалыптасуы, техниканың, ғылымның, экономика мен өндірістің өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіптік педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды:

  • жалпы және педагогикалық психология;

  • инженерлік психология ;

  • еңбек психологиясы;

  • еңбек физиологиясы;

  • акмеология (кәсіптік шеберлік шыңына жету туралы ғылым)

Бұдан басқа кәсіптік педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға да арқа сүйейді.

Кәсіптік педагогиканың пәндік зерттеу нысандары мыналар:

  1. Кәсіптік мектептердегі тәрбиенің мақсаты мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы педагогика арасында сабақтаса жүргізілудің тиімділігін зерттеу;

  2. Кәсіптік білім мазмұны;

  3. Жеке тұлғаға ғылыми – техникалық білімнің және кәсіптік біліктілік дағдыларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін меңгерту;

  4. Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу – тәрбие үрдісін басқару.

Жоғарыдағы аталған мәселелерді тұжырымдай келе, кәсіптік педагогика саласына мынадай анықтама беруге болады.

Кәсіптік педагогика – жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттейтін, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыратын ғылымының негізгі саласының бірі.

2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары

Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары (кәсіптік білім, кәсіптік оқыту және кәсіптік тәрбие) мен оның басты ұғымдары (кәсіп, мамандық, біліктілік және құзыреттілік,құзырлылық) оның тезаурусын құрайды.

Кәсіптік педагогиканың негізгі категорияларын анықтайық.

Кәсіптік білім – бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі.

Кәсіптік оқыту – бұл оқушы мен инженер – педагогтың кәсіп бойынша ғылыми – техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс - әрекеті.

Кәсіптік тәрбие – оқушы мен инженер – педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін - өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығын қамтитын әлеуметтік құбылыс.

Кәсіптік педагогика негізгі ұғымына жататындар: кәсіп, мамандық, біліктілік, құзыреттілік және құзырлылық болып табылады.Енді осыларға жеке анықтама берейік:

Кәсіп – қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы.Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие.Мысалы: слесарь кәсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь – құрастырушы; слесарь – жөндеуші және аспапшы – слесарь т.б. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие болады.

Мамандық – белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызыметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.

Кейбір кәсіп саласындағы мамандық қызметінде мамандандыру процесіде жүргізіледі. Мысалы: дәрігер кәсібінің оташы мамандығы және оның нейрохиругия (бас сүйекке операция жасаушы) бойынша маманданады .Сөйтіп, мамандық – кәсіп қызметіне қарағанда ұғымы тар, ол мамандану – мамандыққа қарағанда әлдеқайда тар ұғым.

Біліктілік – бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласын атқаруға тиісті дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз – кісіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.

Академик В.С. Леднев кәсіптік даярлықтық біліктілік деңгейін мына төмендегідей етіп көрсетеді:

0 – дік деңгейі – біліктілігі жоқ жұмысшылар;

1 – ші деңгей – жұмысшы мамандар;

2 ші деңгей – орта дәрежелі мамандар (техниктер)

3 – ші деңгей – жоғары дәрежелі мамандар.(инженерлер,

дәрігерлер, мұғалімдер)

4- деңгей – ғылыми дәрежелі мамандар(ғылым саласы бойынша кандидаттар мен докторлар)

Жұмысшы мамандығының кәсіптік біліктілігі игеру деңгейінің тиісті разрядтары арқылы белгіленеді. 2 – 3 ші деңгейдегі мамандар біліктілігін санат класқа бөлу орныны анықтайды. Мысалы, 1 – ші санатты мұғалім, жоғары санатты дәрігер, 3 ші санатты заңгер.

Белілі бір кәсіп, не мамандық саласы бойынша дайындық деңгейі кәсіптік біліктілік сипаты арқылы айқындалады.

Біліктілік сипаттамасы – тиісті кәсіп саласы бойынша мамандардың білім, білік және дағдысын белгілейтін мемлекеттік құжат. Жұмысшылардың кәсіптік біліктілігі 2 нәрсе арқылы сипатталады.Кәсіп саласы бойынша білім деңгейін анықтау үщін «білуі тиіс» нәрселер мен білік пен дағдыға байланысты «істей алатын» нәрселер. Мұның барлығы бірыңғай тарифты – біліктілік анықтамасында белгіленіп, жинақталған.

Құзыр – белгі бір кәсіптік таным саласы бойынша шешім шығаруға лауазымдық құқы бар маман.

Құзыреттілік – тиісті кәсіп саласы бойынша білім, білік және дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан, оны саналы атқара алатын маманның қабілеттілігі.