Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби білім беру КЕШЕН СПП-211дж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.82 Кб
Скачать

2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі

Қазақстан Республикасында мына төмендегі оқу орындары жоғарғы білімді жүзеге асырады. Университеттер, академиялар, институттар мен оларға теңестірілгендер (консерваториялар, жоғарғы мектеп, жоғарғы училище). Жоғарғы оқу орындары тиісті лицензиясына сәйкес жалпы орта білім, бастауыш және орта кәсіптік білім негізінде білім беру бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Жоғарғы оқу орнының құрамына біртұтас оқу және ғылыми - өндірістік кешен ретінде қызмет атқара алатын заңды тұлғалық мәртебесі бар құрылымдар да кіруі мүмкін. Медициналық жоғарғы оқу орындарында өз алдына жеке клиникалық базасы болып, ол Қазақстан Республикасы Заңдылықтарына қайшы келмейтін қаржы көздері арқылы қызмет ете алады. Қазақстан Республикасында жоғарғы кәсіби білім берудің мына төмендегі құрылымдары белгіленген:

  • жоғарғы базалық білім (бакалавриат), оқу мерзімі 4 жыл, оны бітіргендерге «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі. Жоғары ғылыми – педагогикалық білім алғысы келетіндер үшін оқу мерзімі әр түрлі болуы мүмкін: оқу мерзімі жоғарғы базалық білім негізінде – 2 жыл, арнайы жоғары білім бойынша – 1 жыл. Оларға «Магистр» академиялық дәрежесі беріледі.

  • жоғарғы арнайы білім, оқу мерзімі 4 жылдан кем емес, қорытынды аттестатция бойынша оларға «жоғары білікті маман» атағы беріледі. Жоғары медициналық білім берудің кейбір мамандықтары бойынша, оқу мерзімі 7 жылды құрайды, оқу жылы интернатураны бітірумен аяқталады. Интернатурадан өтпеген бітірушілер, клиникалық практикаға жіберілмейді. Университеттер мен академиялар білім беру саласы бойынша орталық атқару органдары келісімі мен жоғарғы кәсіби білімнің белгіленген нақты бір мамандықтары бойынша кадр дайындаумен айналысады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп саласы не ұқсас мамандықтар бойынша қысқа мерзімде жеделдетілген бағдарламалар мен жоғарғы кәсіптік білім ала алады. Сондай – ақ жоғарғы кәсіптік білімі бар азаматтар арқылы негізде қысқа мерзімде екінші жоғары кәсіптік білім алуға мүмкіндігі бар. Көп сатылы жоғары кәсіптік білім беру мекемесінің құрылымы туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Жоғарғы оқу орны өзінің ғылыми жұмыстарында Қазақстан Республикасының заңдылықтарын басшылыққа алады. Жоғарғы оқу орнындағы тәрбие жұмыстары студенттердің оқу, ғылыми, шығармашылық және өндірістік бірлестіктері және оқытушылар мен қызметкер арқылы ортақ мақсатқа жұмылдырыла жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.

Жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім үздіксіз білім беру жүйесінің жоғарғы сатысы болып табылады және ол жоғары білікті ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрлар дайындауда өз алдына белгілі бір мақсат қояды. Азаматтардың жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім алуы үшін арнайы жоғары білікті мамандығы мен академиялық «Магистр» дәрежесі болуы керек. Медицина саласында ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрларды дайындау клиникалық ординатураларда, аспирантурада, адъюниктурада жоғарғы оқу орнының докторунтурасында, ғылыми – зерттеу мекемелерінде, сондай – ақ ғылым кандидаттарын аға ғылыми қызметкер, ізденуші есебінде жұмысқа алу арқылы жүргізіледі. Оқу мерзімі аспирантура мен адъюнктурада күндізгі бөлімде 3 жылға дейін, сырттан оқыту бөлімі үшін 4 жыл, ал «Магистр» дәрежесі барлар үшін тиісінше 2-3 жыл көлемінде Ассистентурадағы өтіл мерзімі күндізгі бөлімде 2 жыл, сырттай бөлімде 3 жылдан аспауы керек. Докторантура мерзімі 3 жыл, ал аға ғылыми қызметкерлерді докторлық диссертациясын қорғау мерзімі 2 жыл. Жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру туралы Ережесі Қазақстан Республикасы білім беру саласы бойынша орталық атқарушы орган бекітеді.