Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби білім беру КЕШЕН СПП-211дж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.82 Кб
Скачать

2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері

Педагогикалық жүйе – бұл көптеген құрылымдық және қызметтік компоненттердің өзара үйлесімділігінен тұратын және оларды бір мақсатқа жұмылдырған, яғни болашақ жеткіншектер мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеуді көздейтін жүйе.

Педагогикалық жүйенің қызметі мен қалыптасуының алғы шарттары мына төмендегідей:

  1. Педагогикалық жүйе қоғамның белгілі бір топтарын (балаларды, жеткішектерді,ересектерді) тәрбиелеу мен оқыту қажеттігі туындаған жағдайда пайда болды. Басқаша айтқанда, педагогикалық жүйе қажетті анықталған адамдар тобына білім беруді мақсат еткенде ғана пайда болады.

  2. Педагогикалық жүйе қоғамда айқындалған ақпараттық білім кеңістігінін игере алатын топтар пайда болғанда ғана туындайды.

  3. Педагогикалық жүйе белгілі бір оқушылардың мақсатына жететін педагогикалық әсердің құралдары, әдістері мен формалары табылған жағдайда ғана, оларды игеру мүмкіндігінен туындайды.

  4. Педагогикалық жүйені іске асыру үшін білім алушылар белгілі бір топқа бірігіп, яғни оқушылар тобын құрастыруы керек.

  5. Педагогикалық жүйеде оқушыларды білім нәрімен сусындататын, тиісті педагогикалық және психологиялық ілімі бар, олармен жұмыс істей алатын әдіс – тәсілдер негізін игерген, алдына мақсат қоя білетін педагогтар болуы қажет.

  6. Педагогикалық жүйе, сайып келгенде, қоғамдағы белгілі бір топ өкілдерінің әлеуметтік сұранысын қанағаттандыруы қажет және бұл оның түрлі нәтижесі болуы тиіс.

Бұл қоғамдық компоненттер – оның негізгі базалық сипаттамасы, олардың үйлесімділігі оны басқа салалардан өзгешелендіріп тұрады.

Ол компоненттер: оқу ақпараты, мақсаты, педагогикалық байланыс тәсілдері, оқушылар, педагогтар.

Төменгі сұлбада педагогикалық жүйенің компоненттерінің өзара байланыстылығы көрсетілген.

Білім мақсаты және эталоны

Білім берудегі түпкі нәтиже

Білім мазмұны

Оқыту мен тәрбиелеу әдістері

Педагог (инженер – педагог)

Оқушы

(Студент, тыңдаушы)

Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің бір саласы.

Кәсіптік мектеп – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны.

Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие.

Кәсіптік мектептің құрылымдық компонентері, педагогикалық жүйесі іспеттес (жоғарыдағы сұлбаға назар сал).

Оның мақсаты – азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даяарлау және кәсіптік біліктілігін көтеру.

Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми – техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.

Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы – оқушыларға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет. Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және басқа да жолдармен берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді.

Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына – жалпы білім беретін орта мектептегіден басқа оқу құрал жабдықтарымен қатар (машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар, аспаптар т.б.) нақты заттық бөлшектер, кескіндер, макеттер сондай – ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу тренажерлері де жатады.

Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп саласына қызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар.

Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін – 1,5 жыл. Бұл жөнінде кейінгі тарауларда «Кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» және «Тәрбие жұмысының ерекшеліктері» деген тақырыптарда толығырақ сипаттама беріледі.

Кәсіптік мектеп педагогы – бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық меңгерген инженер – педагог.