
- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
Қоғамдық пайдалы еңбек ұжымды біріктіретін негізгі құрал. Ол арқылы мына нәтижелер алуға болады:
жұмыс нәтижесіне қанағаттану;
қиындықты жеңе білу;
бірлескен жемісті еңбек нәтижесін қуанышын бөлісу,
топтың әр мүшесінің қатысу деңгейін анықтау т.с.с.;
Негізгі қоғамдық пайдалы еңбек түрлері мыналар:
жалпы мектептік кезекшілікті атқару,
топқа бөлінген аймақты тазарту;
ауыл шаруашылық науқанды жұмыстарға ат салысу;
сенбіліктер мен жаппай аудандық, қалалық іс – шараларға қатысу т.с.с.
Білім алу – студенттер үшін негізгі қызмет. Оқытудың жаппай, топтық және жеке түрлерін ұштастырып отыруды қалайтын дидактикалық талапқа сәйкес әрбір нақты жағдайда оқыту сипатының тиімді деңгейін табу қажет. Оқушыға жеке тұлға ретінде өзіндік тұрғыдан қарау сабақта, өндірістік оқуды ұйымдастыруда жүзеге асырылады. Бұл мұғалімнің оқушылардың оқу іс - әрекеттерін, қоғамдық және еңбектік белсенділіктерін, оқуға ынтасын, жұмысшы біліктілігін қалыптастыру т.б. қабілеттерін байқау, талдау әдістерімен зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Оқушыға не студентке өзіндік тұрғысынан қарау оған берілетін оқу тапсырмаларының көлемі мен күрделілігін жіктеуден, ол тапсырмаларды орындауда оған берілетін өз бетінше әрекеттердің деңгейлілігінен, тіпті бірде мадақтау, бірде талапты күшейту және басқа да оқу себептерінің сипатынан көрінеді. Оқушыларды тәрбиелеу арқылы оның білімге қызығушылығын арнайы түсіндіру жұмыстары арқылы мынандай қоғамдық түрлері қамтылады:
ұжым арасындағы достық, жолдастық қарым – қатынас құралы- әңгіме не лекция;
оқушылардың ғылыми конференциясы;
пікірталас, дебат өткізу;
фильмдер, пьессалар көру.
Осы аталған жүйенің орындалуын мына сұлба арқылы көруге болады:
Кәсіптік
мектеп дене тәрбиесі жетекшісі
Кәсіптік
мектеп кәсіподақ комитеті
Дәріс № 15. Оқушылар ұжымын қалыптастыру кезеңдері. Кәсіптік білім мекемесінің әкімшілігі
Дәріс жоспары:
Оқушылар ұжымының қалыптастыру кезеңдері
Кәсіптік білім әкімшілігі
1. Оқушылар ұжымының қалыптастыру кезеңдері
Жеке тұлғаны, адамды өмірге, белгілі бір ұжым арқылы кәсіпке баулып қалыптастыру барысы – объективті қасиеттілік. Адам тұлғасын жан – жақты және үйлесімді дамыта отырып, оның қоғам алдындағы борышын орындау, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыру үшін оның бойында еңбек сүйгіштік, рухани, құқықтық, күш – қуаттың саналарды, өзіндік іс әрекеттерді жеке қасиеттері арқылы дамытып, тұлғаның жан – жақты үйлесімді дамуын жүзеге асырады. Оқушыларды оқытудағы саналылығы, тәрбиелілігі олардың белсенділігімен тығыз байланысты. Белсенділік танымдық іс - әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, бойындағы жеке ерекшелік қасиеттерін қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Саналылық пен белсенділіктің, демек, өзін - өзі, басқара білудің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде, қоғамдық сұраныс қажет етіп отырған замана талабына лайық нәтижені пайдалана білуі болып отыр. Тәрбиелену және білімді игеру, кәсіби біліктілікті қалыптастыру барысында қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады. Жаппай оқыту, тәрбиелеу жұмыстары оқушылар ұжымы және топтарға бөлу арқылы жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар ұжымы жас ерекшеліктеріне қарай сыныпқа бөлінсе, кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандық саласына қарай топтарға бөлінеді. Мұндай білім алушылар , тыңдаушылар ұжымын арнаулы және жоғарғы оқу орнында оқушылар я студенттер контингентті деп атайды. Бұл әлеуметтік бірлік мына төмендегі жағдайларды жүзеге асырғанда ғана ұжымдық міндетін атқара алады.
Белгілі бір нәтижеге бағытталған мақсат пен іс - әрекет негізінде ұйымдасады;
Ұжым мен әрбір жеке адам арасындағы мақсаттың өзара үйлесімділігі;
Ұжым мен оның әрбір мүще арасындағы өзара жауапкершілік;
Барлық ұжым мүшелерінің өзара теңдігі мен өздері сайлап алған басшыларына бағыныштылығы;
Әрбір ұжым мүшелерінің жеке қасиеттерін дамыту алғышарттарының болуы;
Ұжымдық іс - әрекет қызметіне оның көпшілік бөлігінің қанағаттануы;
Ұжымның барлық мүшелері бірігіп шығарған өнімінің теңдей бөлінуі;
Басқа ұжымдармен (оқу орны басшылық ұжымы, кәсіподақ, жастар ұйымы т.б.) өзара мақсатқа жұмылдырылған сыйластық қарым – қатынаста болуы;
Кәсіптік мектептің жалпы әкімшілік ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен өзара тиімді қарым – қатынас орнатуы. Оның қалыптасу кезеңдері бар (сатылары).
Бірінші саты Мұндай жағдайдағы талап негізінен оқушыларға тек педагогтар ғана қояды. Мұғалім педагогикалық талаптарға дұрыс жауап бере алатын, білімге қызығушылығы бар оқушылар мен оқу топтарын анықтай алады. Бұл оқушылар мен топтар келешекте белсенділік танытып, ұжым ұйытқысы болуы мүмкін. Егер олар тәртіпті болып, топта оқытушы мен шеберлер, кураторлар талаптары орындалатын болса, топтық белсенділері оларды қолдап, жақсы жетістіктерге жетер болса, онда бұл саты өз деңгейінде қала береді.
Екінші саты Оқу тобының белсенділері педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, қалған оқушыларды да өз қатарына тартып, жетелейтін болса, онда бұл ұжым ұйымдасқан барлық қажетті нәрселерді өздері шеше алатын өмірге бейім, жоғары мақсаттарға қол жеткізе алатын ұжым. Берік сенімге ие болуда өзін - өзі тәрбиелеу мен өз бетімен білім алып, ғылыми мақсатқа жетуде мүмкіндігі мол екендігін айқындайды.
2. Кәсіптік білім әкімшілігі
Кәсіптік білім беру оқу орындарында оқушылардың өзін - өзі басқаруы оқу – тәрбие жұмысын жетілдіруге септігін тигізетіні рас, дегенмен ол әкімшілік басқару жүйесіне тәуелді. Оның өзіне тән бірнеше себептері бар.
Біріншіден, оқу орнының әкімшілігінің жауапкершілігі барлық басқару құрылымдарынан, оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жауапкершлігі әлдеқайда жоғары тұрады. Өзін - өзі басқару жүйесінде топ белсенділері жіберген кемшіліктері үшін лауазымнан айырылса да студент болып қала береді. Ал әкімшіліктің басшы қызметкерлері өз жұмысындағы кемшіліктері үшін ақшалай сыйақыдан, лауазымдық қызметтен, қалаберді жұмысынан да айырылуы мүмкін.
Екіншіден, оқу орны әкімшілігін басқару тәжірибесі жаңадан сайланған топ белсенділеріне қарағанда молырақ.
Үшіншіден, белсенді топ мүшелері қазіргі заң күші бар актілерді өздерінің жас ерекшелігіне байланысты пайдалана алмайды, ал әкімшіліктің бұған құқы бар.
Кәсіптік мектеп директоры оқушылардың өзін - өзі басқару органына жалпы басшылық жасайды. Ол мына 3 бағыттағы қызметті іске асырады:
Әлеуметтік – бағдарлы;
Педагогикалық бағытта;
Әкімшілік бағытта;
Әлеуметтік – бағдарлы қызметті жүзеге асыра отырып, оқу орны директоры белсенді топқа да, инженер – педагогикалық ұжымға да өзін - өзі басқарудың қажет екеніні, оның кәсіби қызмет аясында рөліне мән беруі тиіс. Әсіресе, оқу бітірген соң түлектердің өндірісті, кәсіпорынды, аудан, қала, облыс көлемінде басқаруды жетілдіруге, өз бизнесі мен кәсіпкерлікті дамытудың перспективаларын болжай білуге үйретуі тиіс.
Педагогикалық – бағыттағы қызметі барысында директор оқушылардың өзін - өзі басқаруда топ белсенділерінің сайланбалы жүйесін жетілдіру арқылы оны тәрбиелеу, жұмысқа қызығушылығын арттырады. Ұжымды басқаруда қоғамда болып жатқан өзгерістер тұрғысынан теориялық және практикалық өзгешеліктер енгізуге шақыруы тиіс.
Әкімшілік бағыттағы қызметте директор оқушылардың өзін - өзі басқару процесінің біртұтас жүйесін ендіруді қолға алуы керек. Онда әрбір белсенді топ мүшелерінің міндеттері мен құқықтық нормалары нақты белгіленіп, жоспар бойынша жүруі тиіс. Бұл істе инженер – педагог пен өндірістік оқыту шебері, педагогикалық ұжым оқушыларының өзін - өзі басқару процесіне жан – жақты көмек көрсетуі қажет. Олардың жұмыс қорытындысы белгілі бір мақсат жолындағы түпкі нәтижеге бағытталуы тиіс. Директор мен педагогикалық ұжымға өзін - өзі басқару жүйесінде негізгі көмекші қол ұшын беретін қоғамдық ұйым – кәсіподақ ұйымы болуы тиіс. Ол директордың, басқа да қызметкерлердің өзін - өзі басқаруда қызметтік құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Өзара түсіністік жағдайында бір мақсатқа жету үшін бұл қажет фактор.
Директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары өзін - өзі басқару органдарына әдістемелік көмек көрсету ісімен шұғылданады.
Тәрбиелеу – оқушыларды білімге, қоғамдық еңбекке және басқа да пайдалы іс - әрекетке, көптеген әлеуметтік қызметтерді орындауға дайындайды. Тәрбиелеу деп сонымен қатар басты мақсат жолында өзін - өзі бағыттап, бағдар беру, басқара білу оны үйлестіре білу іс - әрекетін айтамыз. Топ жетекшісі, өндірістік оқыту шебері оқушылармен түрлі тәрбиелі іс – шаралар ұйымдастырады, олардың әрекеттеріне белсенді топ арқылы ықпал жасайды, дамытады. Оларды өздерімен тең дәрежеде сезінуі тиіс. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, аға шебер өзін - өзі басқару органын өздерінің күнделікті оқу - өндірістік жұмыстарын ұйымдастыруда пайдаланады. Шешімдерді жүзеге асыруда оларды орталықтандырып, бірігіп атқаруға жұмылдырады. Оқушылардың өзін -өзі басқару ісін жетілдіруде, кәсіптік мектеп әкімшілігіне міндетті түрде арнайы білім мазмұнын қажет етеді. Олар:
оқушылар ұжымын қалыптастыру теориясы;
өзін - өзі басқарудың теориялық негіздері;
оқушылардың сайланбалы белсенді топтарымен жұмыс істеудің әдістемелік негіздері;
педагогикалық басшылықты оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымымен келістіру тәсілдері;
оқушылар белсенділігін арттырып, өзін - өзі басқару ісіне жұмылдырудың психологиялық ерекшеліктерін.
Осы мәліметтер мен білім негіздеріне сүйене отырып, әкімшілік мүшелерінің мынадай арнайы икемділігі болуы қажет.
педагогтар мен оқушылардың өзін - өзі басқару жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін айқындай алу мүмкіндігі;
болашақ кәсіп иелерінің жеке сапалық қасиеттерін қалыптастыратын қызметке бағыттай білу;
өз қызметін жоспарлай, ұйымдастыру талдау және бақылау әдістеріне көмек бере білу қабілеті;
өзін - өзі басқару, педагогтар және ата – аналар ұйымдары жұмыстарын үйлестіре білу қабілеті.
Оқушылардың сайланбалы белсенді тобының тиімді ұйымдастыруды кәсіптік мектеп, курс, оқу топтары бойынша атқара білуі керек.
Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымы өз алдына дербес ұйым емес. Ол ұдайы бағыт – бағдар беруді, қоғам талабына орай жетілдіруді, сөйтіп, педагогикалық ынтымақтастық аясында ортақ мақсатқа бірлесіп сенімділікпен күш – жігер жұмсауымызды талап етеді.