
- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
Бейімділік – белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға оқушыларда пайда болатын бағыттылық нышаны. Оқушы не студенттің таңдамалы белсенділігімен, оның өз еңбегіне тұлғалық берілгендігімен сипатталады, толық еңбек, оқу, кез – келген шығармашылық іс - әрекетінің маңызды шарты ретінде қаралады. Іс - әрекет – қабілеттердің дамуына тәуелді. Бейімділік пен көшбасшы болу қандай іс - әрекетпен айналасуына, оның қарқыны мен шеңберіне, көпшілікті артына ерте алу қасиетіне қарай айқындалады. Оқытушының, тәрбиешінің не топ жетекшісінің міндеті оқушыға өз бойындағы ерекшелігі мен бейімділігін көріп, анықтау, белгілі шешімге келуіне көмектесу және олардың дамуына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі таңда педагогикалық процесте басшылықтың, оны таңдаудың демократиялық принциптері алға шығып отыр. Сондықтан да, оқушылар активін дұрыс орналастырып, олардың күш – жігерін белгілі бір мақсат жұмылдыру қажеттілігі туындап отырғаны белгілі. Жастар – үлкен күш. Тек оларға сенім арта білу керек. Сенім атауы адамның берік көзқарастарын, жүріс – тұрыс тәртібінің межелетін, ой – мақсаттарын іске асыру мүддесіне сай педагогикалық және басқада тәрбиелеу жолдарындағы негізгі әдіс. Ол әртүрлі деңгейде жүзеге асады. Бұл әрекет ең алдымен түсіндіру, дәлелді ақыл – кеңес беру арқылы немесе ұжымдық өнеге арқасында және саяси белсенді іс - әрекет арқылы іске асырылады.
Сенімділік ғылыми білімнің дәлдігіне сүйенеді, адамның қабылдаған, қажет екендігін терең түсінген идеяға немесе іске тұлғаның көтеріңкі көңіл күй сезімімен қатынасы арқылы көшбасшылық қабілеті беки түскенін көрсетеді. Оған логикалық қорытындылар, тұжырымдамалар, коммуникативтік қатынастар арқылы қол жетеді. Кәсіптік мектепке алғаш келген оқушыларға ұжымымен тіл табысу қиынға түседі. Себебі, бейтаныс оқушылар, түрлі ұжымдар мен аймақтардан келген, балалардың білім деңгейі әркелкі, белсенділік қабілеттілігі әлі байқалмаған. Осы жағдайда сөз жоқ, олар үшін шебердің не оқытушының, тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі, такты, ұйымдастырушылық қабілеті өте қажет. Оларды алғашқы сәттен бастап өзін - өзі басқару процесіне жұмылдыра білу керек. Ұжымды тез арада зерттеп, алдымен топ белсенділеріне лайық оқушыларды таңдай білу керек. Осы қызметтердің негізгі кезеңдеріне тоқталайық:
Оқу тобы ұжымын зерделеу, тану. Оқытудың өндірістік шебері мен топ жетекшісі тарапынан мына жұмыстар атқарылуы тиіс.
Әрбір оқушы не қабылданған студенттің жеке іс қағаздарымен танысып болған соң, олардың ата – анасымен, өздерімен сұхбаттасу арқылы мына көрсеткіштер бойынша топтың сапалық құрамына мінездеме жасауға болады.
1. Топтағы оқушылардың жалпы даму деңгейін зерттеу үшін:
оларды топшалар бойынша деңгейлеп бөліп, олардың басым бағыттарын айқындау;
олардың осы кәсіп саласын таңдау себебіне назар аудару;
оларды үлгерім, білім сапасы т.б. қасиеттеріне қарай жіктеу.
оларды тәрбие ортасы мен тәрбиешілік сипатына қарай бөлу;
олардың қоғамдық жұмысқа қызығушылығын, егер бұрын істесе атқару мүмкіндігін зерттеу.
Топтың бірігушілік қабілетін зерттеу үшін:
топ ішінен жікке бөліну мүмкіндігі бар ма, соны білу;
олардың өзара әсері мен сипаттамасы қалай екенін білу;
жалпы топтағы істерге қарым – қатынасы қалай екенін білу;
жалпы мектеп бойынша атқарылатын жұмыстарға көзқарасы, қатысуы қалай екенін білу;
топтың жетістіктері мен кемшіліктерінеқалай қабылдауын білу.
Топтың ұйымшылдық сипатын анықтау үшін:
тапсырылған істі ұжым болып ұйымдаса атқара алуы қалай екенін білу;
жұмысты өзара бөліп атқару қабілеттілігі қалай екенін білу;
өзін - өзі басқару процессін жүзеге асыру деңгейі қалай екенін білу.
Топ оқушылары арасындағы қоғамдық пікірді білу үшін:
қандай істерге қолдау білдіреді, ал, қандай істерді көпшілік талқысына ұсынатынын білу;
қоғамдық пікірді білдірудің негізгі түрі қандай екенін білу;
топ арасындағы сын мен өзара сынға қалай қарайтынын білу.
5. Топ арасындағы достық, сыйластық ұғымдарының қалыптасуы үшін:
бір – біріне қарым – қатынастың басым түрлерін назар аудару;
олар ынтымақтаса шеше алуына назар аудару;
бір – біріне талап қоя біле ме, қойса қандай түрде екенін білу;
өзара көмек көрсетуі қандай екендігін анықтау;
достарының жетістіктері мен кемшіліктеріне көзқарасы қалай екендігін білу.
Топ оқушыларының топ белсенділеріне көзқарасын білу үшін:
топ белсенділерінің топ алдындағы беделіне назар аудару қажет;
ұжымды басқаруда олардың істі атқарудағы өзіндік дәрежесін білу;
топ белсенділерінің топ жетекшісі, педагогикалық ұжым және мектеп әкімшілігімен қарым – қатынасының дәрежесін білу қажет.
Топ ұжымының жалпы педагогикалық ұжыммен байланысын зерттеу үшін:
жалпы мектептік іс – шараларға қатысу қажет;
кәсіптік мектеп пен басқа топтардағы істерден хабардар болу керек;
топ белсенділігі мен атқарылған істер сапасын талдау қажет;
қоғамдық, оқу – тәрбие процесін, демалу мен тұрмыс жағдайларын жетілдіруге қажет.