
- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
Шығармашылық жұмыс - адам қызметінің жемісі, ол материалдық және рухани игіліктердің саналы жаңа көрінісі.
Адам шығармашылық жұмыспен шұғылданған кезде оның бойындағы барлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік, пайымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктеріғ, әсіресе, қиял арқылы ойлау процесі шығармышылық жұмыста өз нәтижесін береді.
Техникалық шығармашылық – бұл тиімді әрі жаңашыл техникалық нысандарды жасау, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген құралы.
Кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығының нәтижелері – жеке тұлғаның саналы шығармашылық жұмыстарының кешенді сипаты болып, оны дамытудың негізгі жолдары:
ойлау белсенділігі;
практикалық жұмыстарды орындауда білім мен икемділікті шыңдауға апаратын жол;
міндеттерді өздігінен шеше алуға;
еңбексүйгіштік қабілетін дамытуға;
өнертапқыштық қасиетін қалыптастырады.
Оқушылар мен өндірістік оқыту шебері, үйірме жетекшілеріне әрбір оқушының творчестволық мүмкіндігінің деңгейін анықтайтын мынадай көрсеткіш келтіріледі:
I – деңгей. Оқушылар техникалық құжат бойынша сызбаларға аздаған өзгерістер енгізу арқылы деталдар орнын өзгертіп бұйым дайындай алады.
II – деңгей. Техникалық құжат бойынша сызбаларға өзінше өзгерту жасап, құрастыруды жетілдіріп, өнім жасай алады.
III – деңгей. Өнімді оқушылар технологиялық процестерді түпнұсқасын сақтай отырып, жетілдіре алады.
IV – деңгей. Оқушы өз жетекшісінің ұсынысы бойынша технологиялық процестерді өзі құрастырып, өнім дайындай алады.
V – деңгей. Оқушы өздігінен бұйым сызбаларын негіздеп, идечларын өнертапқыштық жолмен жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
Техникалық шығармашылық түрлері:
өнертапқыштар бригадасы;
техникалық үйірме;
шығармашылық тапсырма;
оқушылар конструкторлық бюросы;
бітіру алдындағы өндірістік практика;
ғылыми жетістіктер көрмесіне топ саяхат.
Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
Инженер – педагогтық кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері мына бағыттарда жүргізілуі тиіс:
Кәсіби оқуға алғашқы кіріскен күннен бастап шығармашылық жұмысқа қызығушылығын арттыру;
Олардың бойында өз ісіне деген берік сенімділік қалыптастыру;
Жаңа ақпарат көздерін тауып, ғылым негіздерін өз бетінше жүйелі жинауға үйрету.
Жеке тұлғалық шығармашылық белсенділігінің көзін ашу, одан нәр алуға баулу.
Жаңа технологиялық тәсілдерді игерген сайын,шебер оқушы қабілетін лайық жаңа шеберлік көкдиегіне қарай бағыттау ізденіске жетелеу;
Жағдаяттық қиындықтарды отбасымен бірлесіп шешу ( материалдар, құралдар, қаражат көздері, уақыт т.б.)
Әрбір жұмыста я өнімде жатпай тұрған бөлшекті я технологиялық процесті жете білу, аңғару, оны өзінше ой елегінен өткізу;
Техникалық үйірмелердің конструкторлық қызметінде ой бөлісу, пікір алысу, жобасын дәлелдеу;
Оқушыларды сыни ойлауға үйрету, кез – келген бұйымды жетілдіру мүмкіндігі бар екенін ұғындыру, өз кәсіби білім кеңістігін, кәсіби шеберлік деңгейіне жеткізіп, өнертапқыштық жолында өз ізденісін түпкі нәтижеге дейін апару қасиетін қалыптастыру.
Жеке демек, тұлғаның саналық қасиеттері оны белгілі кәсіп саласы аймағындағы қызметінде айқындалып, ашыла түседі. Мысалы:радиоэлектоника аспаптарын (РЭА) жөндеуші шебердің бойына тән өзіндік кәсіби қасиеттері: тұрақтылық, жинақылық, ізденімпаздық, дәл анықтай білу, білім тереңдігі, хабардарлығы т.б. Ал, инженер – педагогика тән сапалы кәсіби қасиеттер: шыншылдық, әділдік, талап ете білушілік, адамгершілік, ұстамдылық, жұртпен тіл таба білушілік т.б. Әрбір сөз соңында айтарымыз жеке тұлға белгілі бір техникалық үйірмелерге қатысып, өз идеяларын жүзеге асыру үшін, ұдайы ізденісте, өз білім қорын танымдық қабілетін ақпарат көдері арқылы үнемі толықтырып отырғандағы кәсіби шеберлік шыңына жете алады.