
- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
Кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарды кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер – педагог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алуы.
Кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағыттталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың, дәрігерлердің, инженер – педагогтардың, жанұяның, еңбек ұжымдарының бірлескен іс - әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми – теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр.
Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:
Оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:
Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру;
Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету;
Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру;
Кәсіптік бейімделу.
Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру – оқушыларды түрлі еңбек қызметтерімен, кәсіп ерекшеліктері олардың нарық жағдайы мен әлемдік өркениетте даму бағыттарымен, ел, аймақ, экономикасына тигізетін әсері, рөлі туралы мәліметтер беру.
Қоғамдық пайдалы өнімді еңбек түрлеріне жас жеткіншектерді баулу. Түрлі жұмыстарды атқаруға баланың икемділігін байқау, жеке қасиеттерін тәрбиелеу арқылы, өнімді еңбекке үйрету. Оларға практикалық жұмыстар кезінде өз бетінше еркіндік беріп, шығармашылыққа баулу.
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер. Мұндағы басты нәрсе – кәсіп таңдауды негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттерінің кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру:
Өз бетінше мамандық таңдай алмаған оқушылар;
Мамандық таңдауда ата – аналармен келісе алмаған жастар;
Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі келген жасөспірімдер;
Тәртібі нашар, толқу үстінде жүрген жеткіншектер.
Кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрі:
Ақпаратты – анықтамалы;
Психологиялық – педагогикалық;
Медициналық тұрғыдан;
Кәсіби бейімделу - өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оқу кезінде сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру. Бұл қасиеттер:
Кәсіпке қызығушылығына;
Еңбек мазмұнына;
Жанұя әсеріне;
Қызмет ортасына байланысты болады.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы жүргізіледі.
4-6 сыныптағы жеткіншектер өмірлік және кәсіби идеялары оянып адамгершілік сананың енді қалыптаса бастаған кезеңімен сипатталады.
7-9 сынып оқушыларында өз мүмкіндіктерін, кәсіби маңызды қасиеттерін өздігінше бағалай алатын, сол жолда білім алу мен ізденуді жалғастыратын кезең.
10-11 сыныптағы оқушылар нақты мамандықты таңдап, икемділігі мен дағдыны қалыптастыра бастауы қажет.
Кәсіптік бағдар беруде пайдаланылатын ақпарат көздері мен әдістері:
Сөз арқылы, ауызша;
Көрнекі құралдармен;
Практикалық;
Сабақтан тыс уақытта берілетін тәрбие жұмыстарында кәсіби бағдар берудің түрлері мен әдістері:
Әгімелеу (таныстыру және бағыттау ).
Сол мамандық иелері мен ұстаздарымен кездесу.
Оқушылардың мамандық туралы жазған шығармалары мен рефераттары.
Байқаулар, викториналар т.б.