Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби білім беру КЕШЕН СПП-211дж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.82 Кб
Скачать

Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:

  1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері

  2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері

1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері

Кәсіптік мектептегі педагогикалық ұжым мына 2 үлкен топқа бөлінеді:

  1. Өндірістік оқыту шебері – оқушыларды практикалық (өндірістік) оқыту жұмыстарымен щұғылданады;

  2. Оқытушылар теориялық білімді игертіп, мына салаларға бөлінеді:

а) арнайы пәдер оқытушысы;

ә) жалпытехникалық пәндер оқытушысы;

б) жалпы білім беретін пәндер оқытушысы;

Инженер – педагог қызметкерлердің ерекшеліктері:

Кәсіптік мектептің педагогтық қызметкерлер қатарында базалық психологиялық және педагогиканың дайындығы жоқ кадрлармен қоса, базалық педагогикалық білімі бар қызметкерлерде жұмыс істейді. Жеке инженер – педагог мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын бітіріп келгендер, мемлекеттік университеттердің педагогика факультетін аяқтағандар, индустриалды – педагогикалық академиясы түлектері т.б. Сондықтан тәрбиенің түпкі мақсатына жетуде түрлі әдістермен тәрбиелеу құралдарын пайдалануда өзара түсіністіктің жоқтығында кездеседі. Егер жоғарғы оқу орнын бітірген педагог шәкірттерін ғылым негіздерін тереңдетіп оқытқысы келсе, педагогикалық білімі жоқ, орта буын кадрлар күнделікті тұрмыстық тіршіліктер ауқымынан шыға алмайды.

  1. Инженер – педагог қызметкерлердің психологиялық – педагогикалық дайындығының деңгейі әртүрлі екендігі (бір – екі айлық дайындық курсын бітіргендер, индустриалды – педагогикалық колледж, инженер – педагог факультетін, жоғарғы оқу орнын бітіргендер). Демек, кәсіптік мектеп оқушыларына тәрбие мен білім беруде түрлі деңгейдегі ғылыми – теориялық дайындықпен келген оқытушылар жиі кездеседі.

  2. Олардың айырмашылығы тек білім мазмұны емес, жалпы мәдени деңгейінде де байқалады. Нәтижесі: әлеуметтік, кәсіби және жеке өмірлік құндылықтар түсінігінде көзқарастарының әртүрлігі.

  3. Ұзақ жылдар кәсіптік мектеп контингентімен жұмыс істеген мұғалімдер де иедагогикалық қарым – қатынас мәдениеті төмендейді, өйткені жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қарағанда, бұларда көбінесе тәртібі ауытқыған оқушылар келетінін жоғарыда айтып өткенбіз. Нәтижесі: жұмыстардағы әріптестердің бәрі бірдей оқушыларға үлгі бола бермейді.

  4. Кәсіптік мектеп оқушыларына бірыңғай басшылықтың жоқтығы: оқыту шебері мен үйлесім жоқтығы, куратор басшылық жасайды. Нәтижесі: бірыңғай педагогикалық талап принципін практикада іске асыруға кедергі келтіреді. Сондықтан кәсіптік білім жүйесіндегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар.

2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері

Кәсіптік білім беру орындарында тәрбие жұмысын жүргізудің мына төмендегідей ерекшеліктері бар:

  • Кәсіптік мектеп оқушылары, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қарағанда, әрбір топ күні ұзақ мұғалім бақылауында болады, онда небәрі 2 – 3 инженер – педагог пен оқытушы, куратор ғана жұмыс істейді;

  • Өндірістік оқыту жұмысымен ерекшеленген кәсіптік мектептерде курстан курсқа өткен сайын оның өндірістік сипаты күрделене түседі.

  • Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысы көбінесе оларды түзету және қайта тәрбиелеу жұмыстарымен тығыз байланыстырыла жүгізіледі.

  • Мұнда өндірістік оқыту мен өндірістік практика кезінде еңбек ұжымының тәрбиесін, оның әсер ету факторларында есепке алған жөн;

  • Сондай – ақ кәсіптік – мектептің инженер – педагогикалық ұжымы мен контингент ерекшеліктерін есепке ала отырып, жоғарыда айтылғандармен кешенді жұмыс жүйесі жүргізілуі тиіс. Енді осы кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысының ерекшеліктерін болашақ оқытушыларға үйрету мақсатында оның ұйымдастыру әдістемесін қарастыралық. Егер орта кәсіптік оқу орындарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы кураторлар пән оқытушылары болса, бастауыш кәсіптік мектептерде бұл жұмыстар өндірістік оқыту шеберлеріне де жүктелуі мүмкін.