
- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен процестер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.
Педагогикалық құбылыстар деп – тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады.
Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білідіретін заңдылықтар жатады.
Тәрбиенің заңдылқтарына.
1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық.
Баланы ңөзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.
Олай болса, тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.
Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан:
Тәрбиенің мақсаттылығы;
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
Еңбек арқылы тәрбиелеу;
Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
Балалардың жас және дара ерекшеліктерін еспке алу,
Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы;
2. Тәрбе принциптері
Еліміздегі әрбір еңбеккер өз кәсібінің иесі, ол өмір сүру, жанұя берекесінің көзі болып,өзінің кәсіби біліктілігін, шеберлігін шыңдап, жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен меңгеріп, кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді ұйымдастыра білуі қажет. Әрбір тәжірибеші педагог өз тәрбиеленушілері мен біртұтас педагогикалық мақсатқа лайықтылық принципін жүзеге асыруға әрекеттенуі керек. Осы принциппен мазмұндас – жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу принципі бүгінгі таңда алдыңғы орынға шығып отыр. Өйткені, қазіргі қоғамда түрлі топтардың жіктеліп, әртүрлі партиялар мен саяси қозғалыстардың белсенділік танытып отырғаны белгілі.
Саясатқа араласу - әрбір азаматтың жеке ісі, мемлекет те кеңес дәуіріндегідей жеке жеткіншектердің саяси белсенділігіне тосқауыл болмауы керек. Бұл жерде адамдарды жікке бөліп, алауыздық туғызатын іріткі саясат емес, қайта оларды біріктіретін, ұлттық идеологияларға жататын, соған бағытталған Кешенді тәрбие жүйесі қажет – ақ. Қоғамды ізгілендіру принципінде тәрбиелеу жеке тұлғаның қызығушылығы мен ұжым арасындағы бірліктің ұйытқысы, одан барып адамның жеке қызметінің дамуы мен ұжымның тәрбиелік қызметіне ұштастыру идеясы басты орынға шығады.Қазіргі таңда педагогтар Ғылымды игеруді өз бетінше дамыту, үйрену принципіне аса назар аударуда. Оқыту процесі кезінде алған білімдері негізінде жеке тұлғаның өз бетінше қызмет етіп, шешім шығара білу еркіндігі, шығармашылыққа жол ашады, өз бастамаларын аяғына дейін қандай тосқауыл болса да, өз ұжымы арқылы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Бұл үшін ұлағатты ұстаздар, тәлімгерлер, жаңашыл педагогтар бастамасымен арнайы жүргізілген ұжымдық тәрбиелеу принципін негіз ұстаным ретінде мақсат етіп қою керек. Қорыта келе, қазіргі кәсіби педагогикада тәрбие принципінің негізгі бағыттары етіп мыналарды ұсынуға болады:
Тәрбиенің кәсіби бағытта жүргізілуі. Тәрбиенің барлық түрі, жүргізілетін іс – шаралар мазмұны жеке тұлғаның бойында болашақ кәсіп иесінің біліктілігі мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттерді жинақтау (адамдық, тәртіптілік, кеңпейілдідік, жауапкершілік т.б).
Тәрбиені өмірмен және еңбекке байланыстыра беру принципі – оқушыны өмірге бейімдеу, шығармашылық қызметке дайындау сияқты негізгі міндетті қамтиды.
Жеке тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу.
Оқушының жеке тұлғалық қасиетін бағалай отырып, оны талап ете білушілікке тәрбиелеу.
Оқушының бойындағы жағымды қасиеттеріне негіздеп тәрбиелеу. (сенім арту, өз бетінше шешім шығару, жақсы қасиеттерін дәріптеу т.б).
Жас ерекшеліктерімен жеке қасиеттерін есепке ала отырып, тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысының үйлесімді, тұрақты және жоспарлы түрде жүргізілуі.
Барлық педагогқа тән мына қағананы әрқашан есте ұстау: «Ұстаз - ешқашан ренжуге тиіс емес». Егер ұстаз ренжіп, көңілі қалып, ашуланатын болса, ол өзін - өзі ұстай алмайды, басқара алмай қалуы мүмкін, оқушы ұжымы алдында дәрменсіздік танылуы мүмкін.