Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби білім беру КЕШЕН СПП-211дж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.82 Кб
Скачать

Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:

  1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері

  2. Білімді бақылаудың объективті әдістері

  3. Педагогикалық тестілеу

1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.

Кәсіптік білім беретін орта және жоғары оқу орындарында білім беруді бақылауды ұйымдастыру, қазіргі қолданылып жүрген заңдылақтарға негізделген.

Жалпы жеке адам әрекет жасау үшін тәжірибені игеруі қажет, яғни қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі керек. Осы жағдайда ғана объективті білім, білік және дағдылық қасиеттер тәжірибеге айналып, субъективті құралын құрайды. Күнделікті тәжірибенің шектеулілігі жеке адамды адамзаттың қоғамдық – тарихи іс - әрекетіне ендіру арқылы кеңейтіледі. Осы іс - әрекетте жеке адам өткен ұрпақтардың объективтендірілген тәжірибесін игеріп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің дамуына ықпал ете отырып, оны байытуы тиіс. Сондықтан, кәсіби оқытуда білім, білік және дағдылық қасиеттерді жеке тұлға бойына сіңіріп, оны қадағалау, дамыту мәселесі басты орынға ие.

Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.

Қазақстан Республикасы оқу орындарындағы білім сапасын тексеру Мемлекеттік бақылаудың орталық және жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

Жалпы бақылаудың мына төмендегі жүйелеріне тоқталмақпыз:

  1. Білім берудің деңгейі мен түрі, оқу мерзіміне қарай білім сапасын тексерудің тестілеу, есеп шығару, өндірістік, курстық жұмыстар, біліктілік тапсырмалары, практика бойынша есеп, іскерлік ойын мен дөңгелек үстел т.б. сияқты түрлері бар. Оқу жоспарына кіретін бақылау жұмыстары пәнді оқыту сағаттарының сеніміне кіреді.

  2. Кәсіптік дайындық деңгейі әрбір жарты жылда бір рет тексеріліп отырады, ал жыл соңында оқу мерзімі бір жылдық топтарға кезеңдік атестация жүргізіледі. Аттестация кезінде білім алушылар кәсіп саласы бойынша емтихан тапсырып тиісті (разряд, класс, санат) біліктілікке ие болады.

  3. Кезеңдік аттестация жыл соңында, оқушылардың кәсіп саласына байланысты, өз бетінше орындаған өнеркәсіптік тапсырмалары, тиісті біліктілік деңгейіне сәйкестігі негізінде оқу - өндірістік шеберхананаларында, зертханаларда, полигондарда, оқу орнының шаруашылықтарында, олар болмаған жағдайда өндірістегі жұмыс орындарында жүгізіледі. Кезеңдік аттестацияны өткізуге арнайы аттестациялық комиссия құрылып, оқу орны арнайы бұйрық шығарып, оған директор басшылық жасайды. Комиссия құрамына өндірістік оқыту шеберлері, өнеркісіп өкілдері, техникалық қадағалау органдары қызметкерлері, оқытушылар кіруі мүмкін. Курс толық өтілген соң, бітіруші біліктілік емтихандарын тапсырады.

  4. Бітірушінің біліктілік емтихандары білім алушылардың мамандығы бойынша олардың дайындығын анықтау (класс, разряд, санат) мақсатында жүргізіледі.

  5. Біліктілік емтихандары алу барысында оқушылардан алған білім, білік және дағдылары олардың кәсіптік сипаттама талаптарын ескере жасалған өндірістік тапсырмалар беру арқылы алынады.

  6. Білім алушыларға біліктілік емтихандарының түрін таңдауына құқық беріледі. Ол жазбаша біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар немесе шығармашылық (өнертапқыштық), практикалық жұмыстар болуы мүмкін.

  7. Біліктілік сынақ жұмыстары өндірістік практиканың соңғы кезеңінде өткізіледі. Өндірістік жұмыстарды бағалау кезінде емтихан комиссиясының мүшелері бұйым сапасына, жұмыстың талапқа сай орындалуына, оның мерзіміне және оқушылардың жұмысты атқару икемділігі мен дағдысына, еңбек қауіпсіздігі шаралары мен гигеналық нормаларды сақтауына мән береді.

  8. Білім берудің мемлекеттік стандарттарының орындалуы мен білім саласын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық атқару органдарының білім саласы бойынша белгілеген ережелері мен тәртіптері бойынша жүргізіледі. Олар емтихан өткізу туралы, курстан курсқа көшіру туралы, кезеңдік аттестация мен оқу орнын бітіру туралы нұсқауларда анықталған.

Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.