
- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті, жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде, біліктілігін көтеруде білім мазмұны мен оқу үрісін оқушылардың өздігінен үйрендіре жұмылдыру. өндірістің даму болашағын түсіну, бағытын білу, практикалық мәселелерді пайымдап шеше білу, ой - өрісінің кеңдігі шығармашылық қабілетін сол іске жұмылдыра білуіне байланысты. Принцип мақсаты тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны иновациялық түрде дамытып, техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерін тиімді жетілдіруінде болып отыр.
Кәсіби оқытудың модульдік принципі
Модульдік оқытудың мәні, оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатына жету. Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрде беріліп, әлеуметтік сұранысқа орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске асыру оқушының барлық іс – қимыл әрекетін біртұтас етіп, кәсіби деңгейін дамыта оқытатын дәрежеге бағыттап, жеткізуді қамтамасыз етеді.
Осы айтылған оқыту принциптерін жүйелі түрде сақтап, іске асырған инженер – педагог өз қызметінде шәкірттеріне дидактикалық, тәрбиелік және дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі мен жалпы білім беретін мектептегі өз тәжірибеңізге сүйене отырып, мына сұрақтарға жауап беріңіз:
Кәсіби оқытудың политехникалық принципі бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде қолданыла ма?.
Модульдеп оқыту принципін практикада қалай іске асырылуға болады? Егер сіз оқу орнының директоры болсаңыз, өз педагогтарыңызға арнаулы пәндерді оқытуда модульдеу принципін қолдануға кеңес берер ме едіңіз?.
Кәсіби оқытуда экономикалық тиімділікке ұқсас принцип бар ма?
Педагогикалық процесті компьютерлендіру принципі, кәсіби оқыту принципін сипаттай ма?.
2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс - әрекетінің бір жолы.
Оқыту әдістері деп оқу – тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс - әрекеттерінің тәсілдері.
Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы бір ізділікпен іс - әрекет жасайтын инженер – педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр – сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.
Дидактикалық міндетерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс - әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн.
Іс - әрекет – бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі.
Инженерлік психологияда іс - әрекеттің мына түрлері бар:
пәндік – практикалық;
пәндік - ойлау;
практикалық белгілеу;
ойлау белгілері арқылы.
Пәндік – практикалық іс - әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәңге ие.
Пәндік – ойлау іс - әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады.
Практикалық белгілеу іс - әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген. (түрлі есептрді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау т.б).
Ойлау белгілері іс - әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда сақтау қызметін алға қояды. (жадта ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте сақтау, ой жүгірту т.б).
Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақтың белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық қимыл - әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс - әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады. Оны мына кестеден көреміз:
Мақсат
Мазмұн
Пән
аралық байланыс
Қызмет
түрі
Сабақ
түрі
Міндеттер
Әрекетті
қалыптастыру түрлері
Оқытушының
дайындық деңгейі
Оқытушының
дайындық деңгейі
Оқыту
тәсілдері
Оқу
тәсілдері
Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік – техникалық пәндер циклі бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі. (Мысалы: автокөлік құралдарын жүргізуге үйретіп, балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен бөлшектерді жинау, құрастыру т.б.).
Оқушылардың танымдық іс - әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:
Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы.
Іздену (шығырмашылық) арқылы.
Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің, басшылығымен игереді.
Іздену әдістері оқушыларды білізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.
Ақпарат көздері арқылы оқыту әдістерін түрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:
1. Сөйлеу әрекеті арқылы:
- Әңгімелеу;
- Түсіндіру;
- Лекция;
- Сұхбаттасу;
- Оқулық мәтінімен жұмыс;
- Дыбыс жазу таспаларын пайдалану;
- Нұсқау беру;
2. Көрнекілік:
- Демонстрациялау;
- Оқушының өзіндік бақылауы;
3. Практикалық;
- Жаттығу;
- Өндірістік – техникалық есептерді шешу;
- Зертханалық – сарамандық жұмыстар.
Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлер бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі – осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі.