Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби білім беру КЕШЕН СПП-211дж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.82 Кб
Скачать

Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:

  1. Кәсіби оқыту принциптері

  2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері

1. Кәсіби оқыту принциптері

Кәсіби білім беру жағдайында жалпы дидактикалық принциптер мен оларды жүзеге асыру ерекшеліктері.

Кәсіптік білім беру саласында оқытудың екі түрлі принциптері қарастырылады: жалпы-дидактикалық және тек кәсіптік оқытуға ғана тән арнайы принциптер.

Себебі, қоғамдық прогресс пен ғылымның дамуы ықпалынан, оқытудың жаңа заңдылықтарының талабынан және озат тәжірибелердің жинақталуынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі

Кәсіптік оқу орындарының, оқу үрдісінде қолданылып жүрген жалпы дидактикалық принциптер мыналар:

  • оқытудың ғылымилығы мен қолжетімдігі;

  • оқытудың көрнекілігі және ғылыми – техниалық ойлаудың дамуы;

  • инженер – педагогтың басшылығы негізінде оқушылардың саналы шығармашылық әрекеті;

  • оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі;

  • оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу;

  • теорияның ғылыммен, практикамен және өндіріспен байланысы;

  • білім, білік және дағдының берік орнығуы;

Кәсіби оқыту принциптерінің ерекшеліктері

Оқытудың жалпы педагогикалық принциптеріне қоса кәсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мен табысқа жетуі инженер – педагог қызметкерлердің кәсіби оқыту принциптерін сақтай білуі мен тек оларға тән мына ерекшеліктер де бар. Ол мына принциптер:

  1. Жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндерді кәсіби бағыттау принципі: Бұл принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы техникалық және арнайы нәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс.

Сондықтан оқытушылардың жасайтын кәсіптік оқыту бағдарламаларының мазмұны бір мақсатты көздейді.

  1. Оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік принципі. Бұл «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәндеріне ғана тән. Ол оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс.

  2. Оқу үрдісі кезінде кәсіби қызметті модельдеу принципі. Кәсіби қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады.

Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар кіреді:

  • жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу;

  • жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу;

  • тиісті міндеттерді орындау үшін жалпы кәсіптік, жалпы технологиялық және арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру.