
- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
Білім мазмұны сипаттамасы
Білім стандартын әзірлеу методологиясы
1.Білім мазмұны сипаттамасы
Орта кәсіптік мектептерде кәсби білім беру дегеніміз инжнер-педагогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, олардың теориялық білім негідерін,практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер денгейін қалыптастыру.
Білім мазмұны - бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс - әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Кез – келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін - өзі өмірдегі іс - әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі – олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым – қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс - әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс - әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді.
Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды:
тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет береді;
қазіргі заманғы техника, өндірісті механизациялау мен автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану, құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйретеді;
жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді;
еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді.
Жалпы техникалық дайындық – жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми – техникалық және әлеуметтік – экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік – техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электротехника», «Техникалық сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді.
Өндірістік оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл - әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі.
Практикалық біліктілік –еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс - әрекет орынды тәсілдерді таңдай – білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді.
Кәсіби дағды – кез – келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады.
Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:
қимыл дағдысы;
ойлау дағдысы;
сезім дағдысы.
Қимыл дағдыларында - жұмысшылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс - әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай – ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады.