
- •А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Тарих-педагогика факультеті
- •Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
- •«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
- •Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
- •Кәсіптік педагогика – педагогика ғылымының бір тармағы және оқу пәні.
- •2. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
- •Дәріс № 2. Кәсіптік білім негізін қалыптастыру. Кәсіптік білімді басқару теориясы. Дәріс жоспары:
- •1. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
- •Осы қағидаларға сүйене отырып, мына төмендегі кестеден автомат пен адамның қызмет атқара алатын ұқсастықтарын салыстыруға болады.
- •2. Педагогикалық жүйе мен оның құрылымдық компоненттері
- •Білім мақсаты және эталоны
- •Білім берудегі түпкі нәтиже
- •Білім мазмұны
- •Оқыту мен тәрбиелеу әдістері
- •Педагог (инженер – педагог)
- •(Студент, тыңдаушы)
- •3. Кәсіптік білімді басқару теориясы
- •Дәріс № 3. Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйелерінің құрылысы Дәріс жоспары:
- •1. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйелері
- •2. Қазақстан Республикасының жоғарғы мектебі
- •Қазақстан Республикасында жоғарғы білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- •Дәріс № 4. Білікті жұмысшыларды дайындаудың теориялық негіздері мен практикасы Дәріс жоспары:
- •1. Мәселе бойынша ғылыми көзқарас
- •Жұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау.
- •2. Кәсіптік шеберлікті жетілдірудің акмеологиялық негіздері
- •Дәріс № 5. Кәсіби оқыту дидактикасы. Кәсіптік білім мазмұны Дәріс жоспары:
- •1.Білім мазмұны сипаттамасы
- •2. Білім стандартын әзірлеу методологиясы
- •Дәріс № 6. Кәсіби оқыту принциптері, оқытудың әдіс-тәсілдері Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіби оқыту принциптері
- •Кәсіби оқытудың модульдік принципі
- •2. Кәсіби оқытудың әдістері мен тәсілдері
- •І. Теориялық оқытудың әдістері.
- •Іі. Өндірістік оқыту әдістері.
- •Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары
- •Кәсіптік – техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады.
- •2. Сабақ – оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы
- •Дәріс № 8. Кәсіптік оқу орнындағы білім сапасын диагностикалау Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік білімдегі бақылау түрлері
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
- •2. Білімді бақылаудың объективті әдістері
- •3. Педагогикалық тестілеу
- •Дәріс № 9. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Дәріс жоспары:
- •1. Тәрбие заңдылықтары мен қағидалары
- •2. Тәрбе принциптері
- •Дәріс № 10. Кәсіптік мектептің оқушылар ұжымы Дәріс жоспары:
- •1. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері
- •2. Кәсіптік білім жүйесіндегі оқушыларды тәрбиелеудің ерекшеліктері
- •Дәріс № 11. Кәсіптік мектептегі кәсіби бағдар жұмысын ұйымдастыру Дәріс жоспары:
- •1. Кәсіптік бағдар жүесінің сипаты
- •2. Шығармашылық іс-әрекетінің дамыту ерекшелігі
- •Техникалық шығармашылық түрлері:
- •Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістері.
- •Дәріс № 12. Кәсіптік оқыту үрдісіндегі педагогикалық менеджмент Дәріс жоспары:
- •1. Педагогикалық менеджменттің қызметі
- •2. Менеджердің қызметтік принциптері
- •Дәріс № 13. Оқушылардың теориялық және практикалық сабақтарына басшылық жасау Дәріс жоспары:
- •1. Теориялық білім беру процесін басқару
- •2. Практикалық сабақтарға басшылық жасау
- •Дәріс № 14. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы Дәріс жоспары:
- •1. Өзін-өзі басқару органы құрылымы
- •2. Өзін-өзі басқарудағы өндірістік оқу шеберінің рөлі
- •Оқу тобында өзін -өзі басқаруды ұйымдастыру мен ұжымды қалыптастыру мәселелері.
Ф-ӘД-001/026
А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Тарих-педагогика факультеті
Жалпы педагогика және этнопедагогика кафедрасы
«Кәсіби білім беру педагогикасы» пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мамандық аты, шифры: 5В010300 – Педагогика және психология
Оқу формасы: күндізгі
Курс: 2 Семестр 3 Тобы: СПП-211дж
|
Силлабусты құрастырған: п.ғ.к., доцент.м.а Рысбекова Айман
Мекен жайы, тел және Е-mail: Түркістан қаласы 20 үй 19 пәтер.
87770953407; s.s.4@ilt.ru
Кафедрадағы жұмыс уақыты. 9.00 - 17.00
СӨЖ қабылдау мен кеңес беру күндері, уақыты және орны:
Бейсенбі, сағат 10.00-11.00, N 7 оқу ғимараты 100 ауд.
Түркістан - 2013
Лекция тезистері Дәріс № 1. Тақырыбы: «Кәсіптік педагогика негіздері. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары» Дәріс жоспары:
Кәсіптік педагогика туралы ұғым
Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары
1. Кәсіптік педагогика туралы ұғым
Кәсіптік педагогика – жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде енді өркендеп, дамып келе жатқан жас ғылым. Жалпы педагогика атауы ескі грек сөзінен «пайдос» - бала және «аго» - жетелеу ұғымын береді. Сөзбе – сөз аударғанда «бала жетелеу» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Грецияда педагог деп өз қожайынының баласын мектепке жетектеп апарып, әкелетін құлды айтқан. Ал мектепте дәріс беретін құлды ғалым деп атаған.
Бертін келе педагогика сөзі қазіргі мәніне жақын «баланы өмірге жетелеуші» ғалым ретінде қалыптаса бастады, яғни оны оқытып, тәрбиелеп жаны мен рухын дамытатын өнер деп қалыптасты. Атақты адамдардың қасына оны тәрбиелеген ұстаздарының аты да қоса айтыла бастайтын болды. Бертін келе балаларды тәрбиелеу туралы ғылым да өзгешеленіп, дараланды.
Осылайша педагогика балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым ретінде қалыптаса бастады.
Педагогика туралы бұл көзқарас XX ғасырдың ортасына дейін сақталды. Тек соңғы онжылдықта ғана кәсіптік педагогикалық біліктілік тек балаларға ғана емес, оның үлкендерге де қажет екендігі сезіле басталды.
Қазіргі педагогиканың нақты және дәл анықтамасы – адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым екендігінде. Бұл жерде тәрбие сөзі кең мағынада берілген, ол: оқыту, білім беру, тәрбиелеу және жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.
Сөйтіп, «тәрбие» түсінігінің аясының кеңуі оның ғылым ретінде қалыптасқан бастапқы мағынасына қайшы келіп отыр.Сондықтан, әлемдік педагогика лексиконына жаңа термен:
«андрогогика» (грек сөзі «андрос» - ер, «аго» - жетелеу) немесе «антропогогика» - адам жетелеу деген ұғым пайда болды.
Кәсіптік педагогика немесе кәсіби білім беру педагогикасы деп, адам баласының жасын, білім деңгейін және оның еңбегі мен кәсіптік іс-әрекетінің сипатын ескермей-ақ, оның кәсіби даярлығын жетілдіруге қажет теориялық, практикалық білім жүйесі десе болады.
Бұл анықтама адам баласының қалыптасуына қажет жалпы білім жүйесіндегі кәсіптік даярлықтың рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.