Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка норма контроль.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.33 Кб
Скачать

4 Дипломдық жобаның түпкілікті нұсқасын рәсімдеу

Дипломдық жоба түпкілікті нұсқасында компьютерде басылған болуы тиіс.

Дипломдық жобаның көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 60-100 бетін құрауы тиіс.

Мәтінде жаңа жолдар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы шегініс 1 см құрауы тиіс.

Студент дипломдық жобаның титул бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді.

Мұқабаның ішкі жағында дипломдық жобаның рецензия (сын пікір) жазылады.

Дипломдық жобаның соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі, оның төменгі жағында тегі мен дипломдық жобаны аяқтаған күні (күні, айы және жылы) көрсетіле отырып, дипломдық жазған студенттің қолы қойылады.

Рецензия

Қорғауға табыс еткен дипломдық жұмыс рецензияға жіберіледі.

Пікір жазушылар ретінде басқа оқу орындарның профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.

Пікір жазушылардың базалық жоғарғы білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын дипломдық жобаның профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Пікір жазушы дипломдық жобаңа жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілгін біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының орын алуы, мәселелердің шешілу ж»не зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі немесе квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Дипломдық жобаны қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Дипломдық жобаң (жобаны) қорғау ақпараттық- коммуникациялық технологиялар төңірегіндегі жетістіктерді және қазіргі техникалық құралдар базасында мультимедиялық презентациялар түрінде электронды қорларды қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.

5 Дипломдық жобаны қорғау және бағалау тәртібі

Дипломдық жобаны қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу ережесімен анықталады.

Дипломдық жобаны қорғау білім беретін пәндер бойынша циклдік әдістемелік комиссияның (ЦЭК) ортасында белгіленген уақытта өткізіледі.

Дипломдық жобаны (жобаны) қорғау студенттердің, оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға жетекшілері, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар шақырылады.

Дипломдық жобаны қорғауға студент тыңғылықты дайындалуға тиіс: баяндамасының тезистерін жазып, көрнекі материалдарды (кестелер, сызбалар, диаграммалар) дайындап, жеке парақта белгілі теориялық және тәжірибелік маңыздылығы бар, дипломдық жобанда қозғалған негізгі қағидалардың мазмұнын жазады.

Аттестациялық комиссиясының алдында дипломдық жобаны қорғау келесі тәртіпте өткізіледі: студент дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттерін қысқа және айқын сипаттап, оның маңызды қағидаларын баяндап, өз қорытындылары мен ұсыныстарын келтіріп, негіздейді. Баяндама үшін студентке 15 минуттан кем емес уақыт беріледі.

Дипломдық қорғап тұрған студентке комиссия төрағасы және оның мүшелері немесе отырғандардың кез келгені сұрақ қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ нақты жауап қайыруға тиісті.

Дипломдық жобаны бағалау жабық отырысында баллдық – рейтингттік әріптік жүйе бойынша анықталып, қорғау біткеннен кейін сол күні комиссия төрағасы жариялайды.