- •1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»
- •Әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •Дипломдық жобаның жалпы ережелері
- •Дипломдық жобаны дайындауға жетекшілік
- •Дипломдық жобаның мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
- •Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
- •Дипломдық жобаның мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар
- •2 Дипломдық жобаның мәтінін жазу тәртібі
- •Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері.
- •3 Блок- кесте элементтерінің белгіленуі
- •4 Дипломдық жобаның түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
- •5 Дипломдық жобаны қорғау және бағалау тәртібі
- •Қосымша а Титул бетті рәсімдеу үлгісі
- •Қосымша в "Мазмұны" бөлімінің рәсімделуі Мазмұны
- •Қосымша г " Қолданылған әдебиеттер тізімі " бөлімінің рәсімделуі Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша д Дипломдық жобаға пікір жазу бланкісі
Дипломдық жобаның жалпы ережелері
Дипломдық жоба оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылыған болса.
Дипломдық жоба мынадай мақсатта әзірленеді:
Мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени арнаудағы міндеттерді шешуде қолдану:
Өз бетінше жұмыс жүргізе алу дағдысын дамыту және өңдеу үстіндегі мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде ғылыми зерттеу мен эксприменттеу әдістемесін меңгеру:
Студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайларында өз бетінше жұмыс жүргізуге дайындығын және кәсіби құзырлық деңгейін анықтау;
Дипломдық жобаны дайындауға жетекшілік
Дипломдық жоба жетекшісі:
Диломдық жобаға тапсырма береді;
Студентке дипломдықтың жобалануы орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;
Студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;
Оның барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;
Дипломдық жобаның барлық тарауының көлемін белгілейді және дипломдық жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.
Әрбір дипломдық жоба бойынша жеке студентпен келісе отырып, жетекші белгіленген форма бойынша дипломдық тапсырмасын жасайды.
Дипломдық жобасының тақырыбы студент атына бекітіліп және дипломдық тапсырмасы жасалғаннан кейін, жетекші, дипломдық жобаны дайындауға тікелей, үнемі жетекшілік жасайды және оны орындау кестесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады: дайын болған дипломдық жоба жекелеген тарауларын оқиды; материалдың мазмұны, баяндау жалғастығы, нақты тәжірибелік материалды динау, жинақтау, жүйелеу және әдістемелік өңдеу бойынша стуеднтке кеңес береді: студентпен бірге туындаған сұрақтарды талқылайды; қосымша әдебиеттер және жаңадан қабылданған заңнамалық актілерді, бекітілген нормативтік құжаттарды және т.б. ұсынады.
Дипломдық жобаның мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
Дипломдық жобаның мазмұны белгілі бір тәртіпте әзірленген оның құрама бөліктерінің тізбесін (Кіріспе, тараулар, Қорытынды және т.б.) және дипломдық жобада ашылуы тиіс негізгі сұрақтарды білдіреді.
Дипломдық жоюаның жоспарын жасағанға дейін студентке жұмыстың мазмұнын айқындау мақсатында аталған тақырып бойынша ақпараттардың негізгі көздерімен танысуға кеңес беріледі.
Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
Зерттеу тақырыбына жататын ақпарат көздерін байыпты және шығармашылықпен зерделеу дипломдық жобаны ойдағыдай жазылуына оң ықпал етеді.
Студент ақпарат көздерін зерделеуге дипломдық жобаны тақырыбын таңдап, бекітілгеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол дипломдық жоба үшін таңдап алынған сәйкес зерттеу пәнінің қазіргі жағдайын зерделеуі тиіс.
Зерделенге дейін студент пәндер бойынша бағдарламаларда ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуы тиіс.
