Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
марк_зерттеу_шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.02 Кб
Скачать

14.Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі.

Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі – ерекше ұйымдастырылатын және тұлғаның толық немесе жеке жақтарын зертеуде қолданылатын тестілі материал. Бұл әдістің негізгі қызметінде проекция механизмі бар. Бұл механизмді алғаш З.Фрейд тапты және ол өз сезімдерін,қалауларын жазу процесі ретінде сипатталды. Проекция түсінілмейтін мінез ұстанады және адамның шынайы ұмтылысы мен әлеуметтік нормалар,бағалаулар арасындағы қарама-қайшылықтардың болуын жеңілдетеді, қорғаныс функциясын атқарады. «Проективті» терминін 1939ж сол кезде танымал болған барлық әдістер ретінің мағынасы ретінде Френк (американдық психолог) енгізді. Аталған құрылымдар негізінде қазіргі уақытта толықтырулармен қолданылып жүрген олардың классификациясын жасап шығарды.

Проективті әдіс бөлінеді:

Конститутивті, ұсынылған стимулдарды міндетті түрде құрылымдау, яғни мағынасы бойынша бөлу ( бұлттар тесті, Роршахтың қара дақтары тесті)

Интерпретативті-интерпретация, кейбір жағдайдың түсініктемесі

Конструктивті, тіркелген бөлшектерден бір бүтінді қалыптастыру (Әлем тесті).

Катартикалық (грек тілінен тазарту), арнайы шарттарда ұйымдастырылған ойын арқылы анықталған идеяны, сезімді шығару(психодрамма, проективті ойын).

Аддитивті(толықтырушы әдіс), мұнда әңгіме, сөйлем және т.б жалғастыру талап етіледі ( «Аяқталмаған сөйлемдер », Юнга ассоциативті тест).

Шығармашылық өнімдерін талдау, негізінен сурет салуда ( « Үй , Терек , Адам », «Мүлдем кездеспейтін жануарлар»).

Экспресті үйрену, әңгімелесу ерекшелігін талдау (Мира-и-Лопеца әдісі)

Импрессивті, бір стимулдарды өзгеге үлкен қажеттілік ретінде қолдануға негізделген.Психологиялық зерттеудің мұндай түрлерінде,тестілеу секілді, сауанама респондентке маңызды мәселені өте қиын анықтайды және толықтай өзін көрсетпейді. Сондықтан алынған нәтижелер саналы сендірулермен шектеледі. Бұл мәселе алдын алу шараларын жүргізу амалдарының және онда қолданылатын материалдардың ерекше ұйымдастырылуына байланысты проективті әдісте шешіледі.Проективті әдістің спецификасы (ерекшелігі): Ұсынылған стимулды материалдың немесе құрылымның бір ыңғайлы еместігі.Зерттеуші мағынасыз материалды өзіне жақын мағынада обьективті түрде бөледі.Экспериментатор жағынан бағалаудың жоқтығы және материал анықсыздығының салдарынан өз әрекетінің «дұрыс» немесе «қателігін» бағалай алмауы. Зерттеуші социумның, эксперминтатордың талаптарына сай келу қажеттілігінен еркін болады.Бұл өз кезегінде ашықтыққа және роекция механизмін қалыптастыру шарттарына қажеттілікті тудырады.Толықтай тұлғаны зерттеуге бағытталуы. Проективті әдіс тұлғаның бөлек функциясын сипаттамайды, сондықтан оларды ынталандырушы және интеллектуалды зерттеу сфераларына бөлуге болмайды.

15.Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі

Маркетингтік зерттеуді жүргізу кезеңінің ең маңызды да шешім қабылдауға негіз болар этапы жинақталған ақпараттарды талдау болып табылады. Жинақталған бірінші және екінші ретті ақпараттарды өңдеп талдау арнайы көрсеткіштер, талаптар ,көрсеткіштерді есептеу бағдарламалары арқылы жүргізіліп,талданады.Сол сияқты маркетингтік зерттеудегі ақпараттарды талдау процесі анықталған кезеңдерден тұрады:

Мәліметтер талдауы:

  • үйрену,

  • мәліметтерді жинау және өңдеу,

  • қажетсіз мәліметтерді жою.

Ақпаратты талдау процесі:

  • Ақпараттарды өңдеу және ұсыну. Өте қажетті кезең болғанымен жеткіліксіз;

  • Қалыпты жағдайдан ауытқуларды іздеу;

  • Гипотеза шығару;

  • Ұсыныстарды қалыптастыру.

Білікті маркетингтік зерттеулер және есеп беру мынадай талаптарға жауап беруі керек:

  • Маркетингтік зерттеулер талдаудың және болжаудың ғылыми әдістерін пайдаланып, мұқият бақылау және жорамалды нақты анықтау арқылы өткізілуі қажет.

  • Зерттеу кезінде туындаған кейбір жағдайлар мен мәселелер творчестволық түрде шешілуі тиісті.

  • Ақпаратты жинау мен талдауда тек бір ғана әдісті емес, әр түрлі әдістерді араластырып қолдану қажет.

  • Зерттеу және есеп беру анықталмаған жағдайларды айқындайды.

  • Зерттеу мен ақпаратты талдауға кеткен шығындар, оның нәтижелерінің маркетинг мамандары үшін құнды болуымен өтелуі керек.